Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мәдениет жүйесіндегі ғылым
2.2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
2.3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың
алатын орны
2.4 Мәдениет пен өркениет
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

1. Қазақ Энциклопедиясы
2. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. — М., 1977.
3. Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
4. Ә. Наурызбаева, Н. Скалой. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1
5. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
6. Бердяев Н.А. Воля к жизни и воля к культуре. На переломе. — М., 1990. —
С. 78
7. Хамидов А. Шығыс және Батые: дүниелік қатынас және Дүниетаным
//«Шаһар». — 1993. — № 1
8. Н.Я. Данилевский - Ресей және Еуропа
9. Смысл и назначение истории. — М., 1971. — С. 32-33
10. Библер В. Итоги и замыслы (конспект фило1 софской логики культуры
//Вопросы философии. —1993. — № 5. С. 78
11. Бубер М. Два образа веры. — М., 1995. — С. 109
12. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. — Алматы, 1996. — 79-бет
13. Библер В. Культура. Диалог культуры//Вопросы философии, 1989. — №
6. — С. 38
14. Баткин Л. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. — М.,
1976. — С. 112
15. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне
арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мәдениет жүйесіндегі ғылым
2.2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
2.3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың
алатын орны
2.4 Мәдениет пен өркениет
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен мәдениет деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де мәдениет деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған екінші табиғат.
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Мәдениет жүйесіндегі ғылым
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы -- адамдағы Мендік. Одан сыртқа ерекше бір нүр -- азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам -- әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе -- адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады.
Мәдениет пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты - дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Философия күрделі және көп жақты құбылыс болып табылады. Сондықтан қоғамның рухани өміріндегі барлық байланыстар жүйесін ескеру керек. Философияны мәдени-тарихи құбылыс ретінде қарастыру оның мәселелерінің динамикалық кешенін, байланыстарын, функцияларын қамтуға көмек береді. Мәдениет тұрғысында адамдардың қоғамдық өмірі мәдени-тарихи құндылықтарды жеткізу, сақтау, бір бүтін процесс ретінде қалыптасады.
Философияның пайда болу уақытына адамзатпен көптеген дәстүрлі іс-әрекеттер дағдысы жинақталған. Философияның шығуы мәдениеттің қалыптасқан формаларын маңыздауға бағытталған екінші түрі, негізгісінің қоғамдық пайда болуы болып табылады. Сондықтан мәдениеттің барлық жағына айналған философиядағы ойлау тәсілі сыни-рефлексивті болып аталады.
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Мәдениет дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты культура мен натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның
еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру, даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикенмәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық -- адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды.
Жаңа заманда (XVII -- XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі -- буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда -- Толанд, Францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда -- Лессинг, Гете, Шиллер және тағы басқалары) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және тағы басқалары мәдениет пен өркениеттің даму барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: Мәдениеттің классикалық үлгісі ұғымы мәдениетті -- адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және тағы басқалары) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар мен қайта өрлеу дәуірінен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетінің шығармалары, саясатшылардың дүние жүзінің әр елдері жөніндегі суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы мәліметтері тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып, Ағартушылық дөуірінде адамзат мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды. Мәдениеттің мән-мағынасы табиғаттағы дүниежүзілік күштердің (құдайтағаланың құдіретін де ескергенде) батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, мәдениет -- адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ табиғат пен мәдениеттің гармониялық бірлігіне шүбө келтіру, оларды бірбіріне қарсы қою сарыны байқала бастады). (Әсіресе, Жан Жак Руссоның еңбектерінде). Руссо сол кездің өзінде-ақ ғылым мен өнердің адамдар табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін бүгінгі күнгі адамзат баласының тағдыры, яғни прогрестің кейбір қайғылы іздері, салдарлары айқын көрсетіп отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге ты-рысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың табиғи жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын альш, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Ол былай деп көрсетті: Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әрқашанда күреспен өткізеді. Күн тәртібінде қойылған бұл күрделі сұрақтар, келелі мәселелер төңірегінде айтылған бұл ойлар мен пікірлерге қарап Руссо өркениеттің рахатынан мүлде бас тартып, өткенге яғни тағылыққа қайта шақырған екен деген түсінік туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының қарама-қайшылықтары адамның алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өркениетке деген құлшыныс жолындағы тарихи қозғалысының қарама-қайшылықтарынан келіп туындайтынын көрсете білді. Қалай болғанда да Руссо жаңа ғана туындап келе жатқан буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, табиғи адам ретінде көне заманның тағы адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдық жағынан азғынданған өркениетті ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір сүрген адамзат қоғамдарының тазалығы мен адамгершілік қасиеттерін қарама-қарсы қойды.
Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі -- Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде адамзат баласының үздіксіз даму идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді -- құдайлар ғасыры, батырлар ғасыры және адамдар ғасыры.
Ұлы неміс философы Кант (1724 -- 1804) ақыл-ойға табынған. Француз ағартушылары дүниенің негізі ақиқат, қайырымдылық, сұлулық деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға әрекет жасады. Осы орайда Канттың мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды келісімді императив деп атады. Кант этикасының негізгі заңы бойынша -- адамға тек құрал деп қарау күнә болып саналады. Дәл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, мәдениет -- табиғаттан бостандық патшалығына барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы -- оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.
XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі -- ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832 -- 1917) болды. Ол мәдениет жөніндегі ғылым -- реформалар жөніндегі ғылым деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада -- білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады. Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет -- жеке адам мен бүкіл қоғамды, адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар бір-бірінен туындап жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бірі -- мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын діннің шығуының анимистік теориясын өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны кішкентай дін деп атаған) тағы (дикарь) философтың жанның қабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болган түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және тағы басқалары түсініксіз табиғат құбылыстары кішкентай діннің қалыптасуына әсерін тигізді.
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану -- мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы басқалары ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі -- қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, антропология мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар: 1) Қоғам мен адам-ның мәдени қалыптасуы (ағартушылық); 2) Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және тағы басқалары жиынтығы (бірлігі); 3) Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар жалпылама деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар әлеуметтік антропология әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал мәдени антропология деп аталатын антропологияның басты саласы -- психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге өкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруде және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша роль атқарып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz