Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша



1.Қазіргі кездегі ботаниканың тапсырмалары
2. өсімдк жасушаларының әртүрлілігі
3 өсімдік жасушаларының құрылысы
4 протопластың құрылысы
5.жасушалық қабықшаның химиялық құрамы
6 екінші ретті қабықшаның түзілуі
7 өсімдік жасушасының плазмодесмалары
8.жасушалық қабықшаның химиялық құрамы
9 екінші ретті қабықшаның түзілуі
10 өсімдік жасушасының плазмодесмалары
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель мен оның шәкірті және жақын досы Теофраст болған. Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарылған, олардың қатарына Еуропаның өсімдіктерінен басқа Шығыс елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан – жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылым зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларынан қоршаған ортаны және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе «Қызыл Кітапқа» енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.
Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты.
Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады. Өсімдіктердің морфологиясы – ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген мүшелерінің пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Органография – өсімдіктердің мүшелерінің, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді. Палинология - тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді.
Өсімдік жасушасының 3 негізгі бөліктері бар:
1 жасушаның сыртын қоршайтын, жасуша қабықшасы.
2 протопласт – жасушаның тірі құрамдас бөлігі.
3) вакуоль.
Протопласт – жасушаның белсенді құрамдас бөлігі.
Протопласт әртүрлі компоненттерге бөлінген органеллардан тұратын күрделі құрылым.
Жасуша органеллаларына ядро, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, микроденешіктер. Органеллалар гиалоплазмаға жинақталған.
Гиалоплазма органеллалармен жасушаның цитоплазмасын құрайды.
протопласт жасуша қабықшасынан сыртқы мембрана– плазмалеммамен, вакуолден – ішкі мембрана – тонопластпен бөлінген.
Протопластта зат алмасудың негізгі үрдістері жүзеге асады.
Протопластың химиялық құрамы өте күрделі және әртүрлі. Әрбір жасуша физиологиялық қызметіне байланысты өзіндік химиялық құрамы бойынша сипатталады. Протопластың негізгі құрамдас бөліктері болып: су (60-90%), ақуыздар (40-50% протопластың құрғақ массасы ), нуклеин қышқылдары (1-2%), липидтер (2-3%), ион және минералдық тұздар күйіндегі неорганикалық заттар (2-6%). көмірсулар және басқада органикалық байланыстар.
Негізгі:
1. Ә.Ә. Әметов Ботаника./ Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық/ Алматы: Дәуір, 2005-512 б.
Қосымша:
1. Уғлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық – 2-ші толықт. Бас.- Алматы: Дғуір, 2009.- 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
2. Яковлев Г.П., Челомбитько В.А.; Под ред. Камелина Р.В.. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация). 2-е изд., испр.- СПб.:СпецЛит, СПХФА,2003.-647с.
3. Кислицкая В.Н.: Высшие растения: Учеб.- метод.пос/КГМА.-Караганда, 2007.- 56 с.
4. Закревский В.В.: Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие.- СПб: Диалект, 2006.- 152 с.
5. Закревский В.В.: Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов.- Алматы: Ғылым.- 2004
6. Кузнецов В.В., Кузнецов В.В., Романов Г.А.: Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений.- БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012.- 487 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМУ 43-0403 ИП № 6 от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Дәріс

1-Тақырып: Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша.

Пән: Ботаника

Мамандық: Биология
Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Қарағанды 2014

Кафедра отырысыныда бекітілді

____ __________ ж. Хаттама № ____

Каф. меңгерушісі: Б.Ж. Құлтанов

Дәріс құрылымы

Тақырыбы: Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша.
Мақсаты: Қазіргі кездегі адам үшін ботаниканың маңызын, өсімдік жасушаларының құрылымдық компоненттерін, протопласт, пластидтердің типтерін, вакуольдерді,
біріншілік және екіншілік жасушалық қабықшаның құрылысын оқу, қабықшаның негізгі компоненттерін белгілеу.
Дәріс жоспары:
1.Қазіргі кездегі ботаниканың тапсырмалары
2. өсімдк жасушаларының әртүрлілігі
3 өсімдік жасушаларының құрылысы
4 протопластың құрылысы
5.жасушалық қабықшаның химиялық құрамы
6 екінші ретті қабықшаның түзілуі
7 өсімдік жасушасының плазмодесмалары
8.жасушалық қабықшаның химиялық құрамы
9 екінші ретті қабықшаның түзілуі
10 өсімдік жасушасының плазмодесмалары

Дәріс тезистері
Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель мен оның шәкірті және жақын досы Теофраст болған. Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарылған, олардың қатарына Еуропаның өсімдіктерінен басқа Шығыс елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан - жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылым зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларынан қоршаған ортаны және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе Қызыл Кітапқа енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.
Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты.
Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады. Өсімдіктердің морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген мүшелерінің пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Органография - өсімдіктердің мүшелерінің, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді. Палинология - тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді.
Өсімдік жасушасының 3 негізгі бөліктері бар:
1 жасушаның сыртын қоршайтын, жасуша қабықшасы.
2 протопласт - жасушаның тірі құрамдас бөлігі.
3) вакуоль.
Протопласт - жасушаның белсенді құрамдас бөлігі.
Протопласт әртүрлі компоненттерге бөлінген органеллардан тұратын күрделі құрылым.
Жасуша органеллаларына ядро, пластидтер, митохондрия, рибосомалар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, микроденешіктер. Органеллалар гиалоплазмаға жинақталған.
Гиалоплазма органеллалармен жасушаның цитоплазмасын құрайды.
протопласт жасуша қабықшасынан сыртқы мембрана - плазмалеммамен, вакуолден - ішкі мембрана - тонопластпен бөлінген.
Протопластта зат алмасудың негізгі үрдістері жүзеге асады.
Протопластың химиялық құрамы өте күрделі және әртүрлі. Әрбір жасуша физиологиялық қызметіне байланысты өзіндік химиялық құрамы бойынша сипатталады. Протопластың негізгі құрамдас бөліктері болып: су (60-90%), ақуыздар (40-50% протопластың құрғақ массасы ), нуклеин қышқылдары (1-2%), липидтер (2-3%), ион және минералдық тұздар күйіндегі неорганикалық заттар (2-6%). көмірсулар және басқада органикалық байланыстар.
Тірі жасушадағы протопластың құрамдас бөліктері үнемі қозғалыста болады, оны микроскоп арқылы көруге болады. Қозғалыс айналмалы (бір бағытта) немесе әртүрлі, бейтарап(цитоплазмада әртүрлі бағытта) болады. Цитоплазма ағысын (ток) циклоз деп те атайды. Ол заттардың жақсы тасымалдануын қамтамассыз етеді.
Гиалоплазмада ферменттер бар және жасушалық метоболизмге қатысады, онда биохимиялық процестер, гликолиз, аминқышқылдарының синтезі, май қышқылдарының және майлардың синтезі жүреді. Ол белсенді қозғалуға бейім және заттардың жасушаішілік тасымалдануына қатысады.
ядро - эукариот жасушасының міндетті негізгі бөлігі. Ядро жасушаның өсуімен және дамуына қатысады. Ядро генетикалық ақпаратты сақтайды, жасушаның бөлінуінде оны ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады.
Ядро барлық тірі өсімдік жасушаларында кездеседі, тек қана пісіп жетлген флоэма түтікшелерінде болмайды. Жасушада ядро жойылса, болмаса тез өледі.
Ядро - ірі органелла, оның мөлшері 10-25 мкм. Жасушада негізінен бір ғана ядро болады. Жас (меристемалық) жасушаларда ортасында орналасады. Орталық вакульдің өсуіне байланысты ядро жасуша қабырғасына қарай ығысады.
Ядро химиялық құрамы бойынша басқа органеллалардан ерекшелінеді, жасушаның тұқымқуалайтын заты ДНҚ құрамы бойынша (15-30%). Ядрода шамамен 99% жасуша ДНҚ. Ядрода сонымен қатар РНҚ да кездеседі (негізінен аРНҚ және рРНҚ) және ақуыздар.
Ядродағы кариоплазмада хроматин және ядрошық болады, цитоплазмадан ядро саңылаулы ядро қабықшасы арқылы бөлініп тұрады.
Ядро қабықшасы екі мембранадан тұрады. Сыртқы мембранада рибосомалар бекітілген. Қабықшада ірі поралар, саңылаулар бар, ол арқылы ядромен цитоплазма арасында алмасу жүреді.
Кариоплазма (нуклеоплазма, немесе ядро шырыны) - ядроның негізгі заты, құрылымдық компоненттер хроматин және ядрошық орналасатын орын.
Ядрошық - тығыз денешік диаметрі 1-3 мкм. Негізінен ядрода 1-2, кейде бірнеше ядрошық болады. Ядрошықтың қызметі - рРНҚ синтезі және рибосоманың суббірлігін түзу.
Хроматин - ядроның маңызды бөлігі. Хроматин ақуыздармен байланысқан ДНҚ молекуласынан тұрады.
Жасушаның бөліну уақытында хроматин хромосомаларға жіктеледі. Хромосомалар тығыз орамды хроматин жіпшелерінен тұрады, митоз метафазасында жақсы көрінеді, онда хромосома саның санауға пішінің көруге болады.
Хроматин және хромосомалар тұқымқуалау ақпаратын сақтайды, екі еселенуін қамтамассыз етеді, жасушадан жасушаға берілуін қамтамас етеді.
Рибосомалар - (20 нм асады), - РНҚ және құрылымдық ақуыздардан тұрады. Мембранасы жоқ эукариот жасушасының органелласы.
Рибосомалар бір-бірден немесе топталып орналасады 4-40 дейін (полирибосомалар, немесе полисомалар).
Рибосомалар - жасушадағы ақуыз синтезделетін орталық.
Рибосома екі суббірліктен тұрады (үлкен және кіші), магний иондарымен өзара байланысады.
Субірліктер ядрода, нақты ядрошықта түзіледі, рибосоманың жинақталуы цитоплазмада жүзеге асады.
Рибосомалар сонымен қатар митохондрия және пластидттерде кездеседі, бірақ олардың мөлшері кішірек және прокариот ағзасының рибосомасына сәйкес келеді.
Эндоплазмалық тор (эндоплазмалық ретикулум) цистерналы, көпіршікті, мембранамен қоршалған органоид.
Түйіршікті эндоплазмалық тор ақуызды синтездеуге қатысады(рибосома орналасқан)
Тегіс эндоплазмалық тор майлардың және липофильді байланыстардың (эфир майы, смола, каучук) синтезіне қатысады.
Эндоплазмалық тор заттарды тасымалдауға қатысады.
Эндоплазмалық тор - жасушалық мембрананың өсу және түзілу орталығы. Ол жасуша компоненттерінің бастамасын береді: вакуоль, лизосомалар, диктиосомалар, микроденешіктер. Эндоплазмалық тор арқылы органеллалар бірі бірімен байлысады.
Гольджи аппараты итальян ғалымы
К. Гольджи есімімен байланысты, оны алғаш рет жануар жасушасында сипаттап жазды. Өсімдік жасушасында Гольджи аппараты жекелеген диктиосомалардан, немесе Гольджи денешігінен және Гольджи көпіршігінен тұрады.
Әрбір диктиосома диаметрі 1 мкм асатын тығыз домалық цистернадан тұратын 5-7 қабатты құрылым. Гольджи көпіршігі негізінен плазмалемма немесе вакульге қарай бағытталады.
Диктиосомалар жасуша қабықшасын гемицеллюлоз және пектин заттарын полисахаридттердің жинақталатын және бөлінетін, синтезделетін орталығы болып табылады. Гольджи көпіршігі плазмалеммаға полисахаридтерді тасымалдайды.
Лизосомалар - гиоплазмадан мембрана арқылы бөлініп тұратын органелла, онда гидролитикалық ферменттер болады, олар органикалық байланыстарды бұзады. Өсімдік жасушасының лизосомалары ұсақ болып келеді (0,5-2 мкм) цитоплазмалық вакуольдер және көпіршіктер эндоплазмалық тордың немесе Гольджи аппаратының туындысы болып келеді.
. Лизосоманың негізгі қызметі - локальді автолиз - цитоплазманың жекелген бөліктерінің бұзылысы және оның орнына цитоплазмалық вакульдерді түзетін орын болып табылады. Локальді автолиз өсімдіктерді қорғаныштық маңызы бар: қорек заттарының уақытша жетіспеушілігі кезіндегі жасуша цитоплазма бөлектерін қайта қорыту есебінен тіршілікке бейімдеушілігін сақтап қалады.
Лизосоманың басқа қызметі - артық жасушалық органеллаларды жою, сонымен қатар жасуша қуысын протопластын жойылуынан кейінгі тазалау, мысалы, суөткізетін элементтердің түзілуі кезінде.
Микроденешіктер - ұсақ (0,5-1,5 мкм) бір мембраналы органелла.
Ішінде тотығатын ферменттерден тұратын, жұқагранулалы тығыз матрикс болады. Ең көп тараған микроденешіктер глиоксисомалар және пероксисомалар.
Глиоксисомалар тұқымның өсу кезінде жүретін майдың қантқа алмасуына қатысады.
Пероксисомаларда жарық арқылы демалу реакциясы жүреді (фототыныс алу), сонымен қатар фотосинтез өнімдері тотығады және аминқышқылдарын түзуге қатысады.
Митохондриялар - домалақ пішінді органеллалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен қызметтері
Жасушаны зерттеу
Жасушаның биологиясы
Жасуша биологиясы
Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру
Бағаналық жасуша
Клетка туралы ілім.
Жасуша органоидтары
Өсімдік жасушасы
Жaсушaлық биoлoгияның өзектi мәселерiн биoлoгия сaбaқтaрындa тaлқылaу және кеңiнен меңгерiп, бoлaшaқ ұрпaққa тұрa жoл көрсету
Пәндер