Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
2. Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.
3. Психикалық құбылыстардың классификациясы
4. Психикалық құбылыстар классификациясының схемасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін ' тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория "панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығыңда кеңірек өріс алған "биопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі - психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұңдай тұжырым "нейропсихизм" деп аталған.
Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты -қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталтан бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.
1. Қ. Жарықбаев « Жантану негіздері » Алматы 2002 ж
2. С. Балтаұлы « Жантану негіздері » Алматы Дәнекер 2001 ж
3. Т. Тәжібаев « Жалпы психология » Алматы 1993 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
2. Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.
3. Психикалық құбылыстардың классификациясы
4. Психикалық құбылыстар классификациясының схемасы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы
проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан психика дамуы туралы
жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық
ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан.
Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р. Декарт
есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның
мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек
адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін '
тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі
күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория
"панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі
ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығыңда кеңірек өріс алған
"биопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі - психика жалпы
материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе.
Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика
барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне
ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұңдай тұжырым "нейропсихизм" деп
аталған.
Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай
алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі
мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына
себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршіліктің
пайда болуының негізгі шарты -қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға
икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірлік
қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп,
сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа
шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталтан бұл екі процесс
зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің
негізгі жасау шарты болып табылады.
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер
мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге
жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұндай молекулалар тек
қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебін тигізетін жарық
пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық механикалық не
химиялық қалыпты жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат
алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.
Каоцерваттардың индиферент әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне
себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену
құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында
көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды әрқаңдай тірі организм сыртқы
тітіркендіргіштерге таңдамалы қатынас жасап, тірі материяның, өзіндік
реттеу деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады. Тітіркену - бұл
биологаялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және
жануарлар эволюциясының барша кезеңдеріндегі тірі организмдерге тән
құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап
беру қабілеті. Осылай, органихалық дүниеге өту барысыңда бейнеленудің
сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дәл
сипатты бере алмайды. Солай да болса, осы бейне өзінің енжар, кездейсоқ
сипатынан арылып, тірішіліктің қажетті шартына айналды

Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері. тітіркенудің
жоғары маманданған формаларының қалыптасуы және олардың ұрпақтан ұрпаққа
беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына
айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының тереңдеуі, дарақ
діңінін, қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар бәрі
осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін
мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсрге қарқынды зат алмасумен жауап
беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзгс әссрлерді байқамайды.
Олар қоршаған ортада белсенді бағыт - бағдар таңдай алмайды. Мысалы,
адым жерде күн сәулесі жарқырап түсі тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік
жасай алмайды.
Мұндай өмір сүрудің енжар формасынан тіршілік эволюциясының келесі
кезеңі жәндік-жануарлар дүниесі айрықша сипатқа ие. Бұл кезеңдегі жалпы, ең
қарапайым тіршіліктің даму барысыңца пайда болған бейнелеудің бастапқы
формасы - сезу екені жөнінде ғылымдық болжам пікір (А. Н. Леонтьев). Бұл
болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге тән құбылыс
жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп
қоймастан, биологиялық мәнсіз не "бейтарап" әсерлерге де, егер олардың
өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ,
жануарлар, тіпті ең қарапайым-дары да, қоршаған ортада белсеңді түрде бағыт-
бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі
барша өзгерістерді байқастырады. Мұңдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал
сонан соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп
аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объектив биологиялық белгі
қызметін атқарады.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар тиісті мүшеге түсуімен бейтарап
тітіркендіргіштерді де қабылдай алатын сезу қасиеті өмір формасына
түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қоршаған ортада
бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге
белсенді қатынас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың жеке-
дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы ете баяу
болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт)
байқауға қол жетті. Бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты
қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы, суы
теңдей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың
бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер
камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп, жылы жағын
қараңғыласа, жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар
температураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе
бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу
өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай
жойылады.

Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның іргетасы әл – Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған(Сыртқы
әсерлердің әсерімен.. заттардың образдары пайда болады). (Әл – Фараби
Философиялық трактаттар. Алматы. Ғылым, 1973, 301-бет). Бұл теория
бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой –
сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы
мен психикасы деп атайды. Сана сыртқы дүниененің бейнесі дегенді қалай
түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға,
бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленеген зат пен
құбылысқа дәл келеді. Бейнелеу процесі әр адамның өмір тәжірибесіне, жол
мөлшеріне, білім деңгейіне, мақсат – мүддесіне, наным – сеніміне орай
өзіндік ерекшеліктершге толы болады.
Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер
сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз.
Ал егер затты алып кетсек, оның суретінің де айна бетінен айна бетінен
жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес, яғни сыртқы орта
әсер етпейінше, мида ешқандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна
бетіндегі бейне де, адам миындағы бейне де бейнелеу деген бір сөзбен
айтылғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна
бетіндегі сәуле жансыз бейне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Мінез – құлық функциялары мен мінез – құлық дамуындағы үш саты
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Жасөспірім ойлауының дамуының теориялық мәні
Зоопсихология ғылымы
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Психикалық даму туралы
Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәндер