Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
КІРІСПЕ
1 Халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың теориялық негіздері
2 Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмыс деңгейін әлеуметтік.экономикалық талдау
3 Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ

Әлеуметтік-нарықтық экономиканы бағдар тұтқан кез келген мемлекеттің басты мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Демек, халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарының ең басты басымдылықтарының бірі болмақ.
«Тұрмыс деңгейі» қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бейнелейтін, тұтынудың қол жеткен деңгейін көрсететін аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категориялардың бірі. Тұрмыс деңгейі әлеуметтік-экономикалық статистиканың құралы ретінде адамның тауарлар мен қызметтерге деген түрлі сұранысының қанағаттандырылу деңгейін сипаттайды. Экономикалық әдебиеттерде тұрмыс деңгейінің анықтамасына ортақ бір көзқарас жоқ, дегенмен тұрмыс деңгейін халықтың жақсы жағдайын, адамның материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді, шын мәніндегі сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарды жинақтай сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория ретінде анықтауға болады. «Тұрмыс деңгейі» ұғымының жүйеқұрушы негізі - тұтыну саласында пайда болып, жүзеге асып жататын түрлі адами сұраныстар болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жекелеген жақтарының көрінісі бола отырып, «тұрмыс деңгейі» ұғымы ұдайы өндіріс сатыларымен, яғни өндіру, таратып бөлу, айырбас және тұтынумен тығыз байланысты. Тұрмыс деңгейін экономикалық категория ретінде анықтау мақсатында оның байланыстырушы буындарына тоқтала кетейік.
Қоғам дамуының барлық сатысында өндіріс халықтың тұрмыс деңгейін анықтаушы фактор болып саналады. Өндіріс материалдық игіліктерді шығарушы ретінде адамдардың қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың материалдық негізін қалыптастырады. Өндіріс нәтижесінде алынған табысты одан әрі бөлістіру барысында оның бір бөлігі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі ретінде орын алады. Айырбастау арқылы адам осы қажеттіліктерін қанағаттандыру көзіне қол жеткізе алады - оның өндіріске қосқан үлесі табысқа алмастырылады. Айырбас нәтижесінде адамның тұрмыс деңгейін анықтайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады. Тұрмыс деңгейі өндіргіш күштердің даму деңгейіне, қоғамдық өндірістің құрылымы мен тиімділігіне тәуелді болып келеді. Өйткені, адамдар өмір сүруіне қажетті игіліктерді осы өндірістен алады.

1. Разберг Б.А., Лозовский Л.Ш., Стародубцев Е.Б. Современный экономический словарь – М.: ИНФРА – М., 2002, 480с.
2. Экономика США в будущем (проблемы и прогнозы): Пер. с англ. – М.:Прогресс, 1982. – 592 с.
3. Зорин Н., Кудрявцев Р. Оценка уровня социального благополучия (на материалах Кировской области) ⁄ ж. Экономист, 2006, №2.
4. Римашевская Н.М., Барсукова Р.Т. и др. Народное благосостояние: методология и методика исследования. - М.: Наука, 1989. – 144с.
5. Ревайкин А.С. Уровень жизни населения: методология и проблемы регионального исследования. – М.: Наука. – 1989. – 121с.
6. Гурьев В.И. Основы социальной статистики – М.: Финансы и статистика, 1991. – 176 c.
7. Маркс К. Капитал. Т.3. Соч., 2-е изд. – Т.25. – Ч.1. – 543 с.
8. Бобков В.Н., Разумов А. Уровень жизни населения России и ее регионов // Человек и труд. – 1994. - № 2. – С. 27.
9. Человеческое развитие в Казахстане: Учебник ⁄ Под общ. ред. Н.К.Мамырова и Ф.Акчуры. – Алматы: Экономика, 2003. – 436с.
10. Маширова Т.Н. Совершенствование экономического механизма повышения уровня жизни сельского населения (на материалах Карагандинской области), дисс. на соис. уч. степени к.э.н., 2007 г.
11. Баймуханбетова Э.Е. Совершенствование механизма повышения уровня жизни населения Казахстана (на материалах ЮКО), дисс. на соис. уч. степени к.э.н., 2004 г.
12. Тусупбекова Р.С. // Системный анализ социального развития современной эпохи: Материалы международной научной конференции, посвященной 10-летию университета «Туран», 27 сентября 2002 года. / В 2-х ч. Часть 1. – Алматы: Университет «Туран», 2002. – С.129-136.
13. Жеребин В.М., Романов А.Н. Уровень жизни населения. – М.: ЮНИТИ–ДАНА, 2002. – 592 c.
14. Экономика труда и социально-трудовые отношения, М., 1999, 240с.
15. Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. – М.: ГУВШЭ, 2001. – 118с
16. Есиркепов Т., Зиябеков Б. Государственное регулирование аграрного сектора в условиях перехода к рынку (на примере Республики Казахстан). Алматы: Ғылым, 1999, 196с.
17. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение. Издание второе, дополненное. – Алматы, 2010. – 624 с.
18. Таушық – киелі мекенім. Ақтау, 2009. – 120б.
19. Алшанов Р.А. Бізге дамудың инновациядан басқа жолы жоқ // Алаш айнасы. – 15.10.2010. – №178 (404)

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тұрмыс деңгейін арттыру еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуының басты мақсаты болып табылады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін қажетті
негізгі міндеттердің бірі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру және әлеуметтік
жіктелудің алдын алу. Бұл үшін, ең алдымен тұрғындардың тұрмыс деңгейін
әлемнің бәсекеге қабілетті және дамыған елдерінің деңгейіне жеткізу қажет.
Осыған байланысты, тұрмыс деңгейі ұғымының мәні мен мазмұнын,
халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бағыттарын зерттеу аса маңызды және өзекті
міндет болып саналады.
Қазіргі уақыттағы тұрмыс деңгейіне қатысты негізгі міндеттердің бірі
осы мәселені аймақ деңгейінде шешу болып табылады. Тек аймақ деңгейінде
ғана оның барлық ерекшеліктерін ескеруге болады, ал бұл аймақтық әлеуметтік
саясатты активизациялауды талап етеді. Қазақстан-2030 Стратегиясында ел
дамуының ұзақ мерзімді басым бағыттарын көрсете отырып, рыноктың көмегімен
біз аймақтар арасындағы бәсекелестікті мына принцип бойынша
қалыптастыруымыз және күшейтуіміз қажет: тұрмыс деңгейі жоғары аймақ қана
ең жақсы аймақ делінген.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Диссертациялық зерттеу барысында
келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қоыртындылар тұрмыс
деңгейін қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады.
Тұрмыс деңгейін зерттеу мәселесі экономистердің, социологтардың,
демографтардың назарын аудартады. Экономикалық әдебиеттерде көрсетілген
мәселенің жекелеген аспектілеріне қатысты көптеген еңбектер бар. Аталған
мәселеге В. Ойкен, Ф. фон Хайек, П. Олдак, А.Г. Аганбегян, Т.И. Заславская,
В.Ф. Майер, В. Бобков, Н.М. Римашевская, В.М. Рутгайзер, П.Н. Мстиславский,
А.С. Ревайкин, А.А. Траханов өздерінің айтарлықтай үлестерін қосқан.
Қазақстанда бұл мәселеге қатысты Я.А. Әубәкіров, Т.А. Әшімбаев, Т.К.
Қожамқұлов, А.К. Кошанов, С.Х. Берешев, Х.Н. Сансызбаева, Н.Ж. Брімбетова,
Е.М. Арынов, Б.А. Сағынтаев, К.С. Мұқтарова, Т. Притворова, В.П.
Шеломенцева, М. Ахмедьярова, Т.М.Рогачева, В.Можарова, Т.Н.Маширова,
Е.И.Говорухина, Э.Е.Баймуханбетова, А. Тажибаева секілді ғалымдар өздерінің
ғылыми ізденістерінде тұрмыс деңгейі мәселелеріне тоқталып, өз еңбектерінде
тұрмыс деңгейін арттыру бағыттарын кеңінен қарастырған. Бірақ қазіргі
уақытта тұрмыс деңгейі ұғымы қажетті деңгейде теориялық негізделмеген,
аймақтар деңгейінде аз қарастырылған.
Осылайша, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тұрмыс деңгейінің
мәні, оның ерекше өзектілігі әлеуметтік– экономикалық саясаттың
қалыптасуына әсер ететін тұрмыс деңгейі мәселелерін аймақ деңгейінде
зерттеуді қажет етеді. Көрсетілген мәселелердің ерекше өзектілігі, үлкен
тәжірибелік мәні, диссертациялық жұмыстың таңдап алынған тақырыбы бойынша
жазылған ғылыми жұмыстардың айақ деңгейінде жеткіліксіздігі диссертациялық
зерттеу тақырыбын, оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты
қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды
теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста келесідей міндеттер
қойылды:
– тұрмыс деңгейі ұғымы анықтамаларының мазмұнын, осы ұғымның
теориялық негіздерін зерттеу, сонымен қатар тұрмыс деңгейі, тұрмыс
сапасы, тұрмыс жағдайы, тұрмыс салты және өмір сүру стилі
категорияларының мәнін ашу;
– халықтың тұрмыс деңгейін бағалау тәсілдерін талдау;
– Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмыс деңгейіне талдау жүргізу;
– Жаңаөзен қаласы тұрғындарының тұрмыс деңгейін бағалау қажеттілігін
негіздеу;
– Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бағыттарын анықтау;
– тұрмыс деңгейін арттыру тұрғысынан алғанда шағын кәсіпкерлікті қолдау
тетіктерін жетілдіру жолдарын негіздеу;
– халықтың әл-ауқатымен анықталатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін мал шаруашылығын дамыту қажеттілігін анықтау.
Зерттеу пәні ретінде материалдық және рухани игіліктерді бөлістіру және
адам қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында орын алатын, халықтың тұрмыс
деңгейіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы орын
алады.
Зерттеу объектісі Маңғыстау облысы мысалында ҚР тұрғындарының тұрмыс
деңгейі болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің теориялық–әдістемелік негізін тұрғындардың
тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік мәселелерді зерттеген отандық және шетелдік
экономистердің еңбектері, әлеуметтік және экономикалық проблемалар
аясындағы мамандардың еңбектері, сонымен қатар мемлекеттік және аймақтық
органдардың заңнамалық және нормативтік актілері құрайды.
Зерттеу мен теориялық тұжырымдарды жасаудың ақпараттық негізін ҚР
Статистика жөніндегі Агенттігінің, Маңғыстау облысы еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Департаменті мен статистика басқармасының мәліметтері,
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ресми
материалдары, Таушық ауыл шаруашылығы ЖШС-нің мәліметтері, мерзімдік
басылым мен ғылыми әдебиетте жарияланған статистикалық мәліметтер құрады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. Тұрмыс деңгейі ұғымына авторлық тұрғыдан көзқарас және тұрмыс
деңгейі, тұрмыс сапасы, тұрмыс жағдайы, тұрмыс салты және
өмір сүру стилі категорияларының салыстырмалы сипаттамасы;
2. Тұрмыс деңгейі компоненттерінің құрамы мен көрсеткіштерін
салыстырмалы талдау;
3. Тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалаудағы аймақтық тәсілдің
қажеттілігін негіздеу;
4. Маңғыстау облысы қалалары мен аудандарының табыс көрсеткіштері
бойынша типолдогиясы;
5. Жаңаөзен қаласы тұрғындарының тұрмыс деңгейіне әсер етуші
фауторларға кешенді талдау;
6. Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бағыттары;
7. Түйе шаруашылығын, оның ішінде шұбат өндірісін дамыту жолдары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында диссертацияның ғылыми
жаңалығын көрсететін нәтижелер алынды:
- экономикалық әдебиеттерде тұрмыс деңгейі ұғымына берілген
анықтамаларды талдау негізінде оларға жіктеме жасалып, артықшылықтары
мен кемшіліктері көрсетілді және авторлық тұрғыдан жеке көзқарас
ұсынылды, сонымен қатар тұрмыс деңгейі, тұрмыс сапасы, тұрмыс
жағдайы, тұрмыс салты және өмір сүру стилі ұғымдарының өзара
байланысы мен өзара тәуелділігі дәйектелді;
- тұрмыс деңгейі ұғымы компоненттерінің құрылымы жасалып, олардың
мазмұны мен көрсеткіштері нақтыланды;
- Маңғыстау өңіріндегі тұрғындардың тұрмыс деңгейіне нақты талдау
жүргізіліп, баға берілді;
- Маңғыстау облысындағы қалалар мен аудандардың тұрмыс деңгейін
салыстыру үшін табыс көрсеткіші бойынша олардың типологиясы жасалып,
Жаңаөзен қаласының ерекшелігі анықталды;
- өңірдегі табиғи-ресурстық потенциалымен ерекшеленетін Жаңаөзен қаласы
тұрғындарының тұрмысына баға беріліп, оны арттыру жолдары ұсынылды;
- халықтың тұрмыс деңгейін арттыру және жұмыссыздықты азайту тетігі
ретінде өңірдегі шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жолдары
көрсетілді;
- Маңғыстау облысының өңірлік ерекшелігі ретінде түйе шаруашылығын, оның
ішінде шұбат өндірісін арттыру жолдары ұсынылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық
жұмыста жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар жергілікті басқару органдары
мен ұйымдар қызметінде, арнаулы курстар мен дәріс материалдары ретінде
қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі (апробациясы). Зерттеудің
жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары мен нәтижелері келесі халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: Проблемы и перспективы развития
нефтегазовой отрасли Казахстана в XXI веке (Ш.Есенов атындағы Каспий
Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, 2001);
Қазақстандағы қайырымдылық Алматы: Қазақ Университеті. – 2010);
Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер (Т. Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ, Алматы, 2010); Модернизация и экономическая стратегия
Казахстана в условиях инновационного развития (Туран Университеті,
Алматы, 2010), сонымен қатар Халықаралық бизнес университетінің
Хабаршысында, САЯСАТ-POLICY ақпараттық-аналитикалық журналында, Тұран
Университетінің Хабаршысында, КазЭУ Хабаршысы және өзге де басылым
беттерінде баяндалып жарық көрді.
Диссертациялық жұмыс нәтижелері Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасының, Таушық ауыл шаруашылығы ЖШС-нің қызметі
барысында және РМҚК Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг
Университетінің оқу процесінде қолданылды. Диссертация материалдары,
зерттеудің теориялық бағыттары оқу процесі мен жұмыс бағдарламаларын, оқу-
әдістемелік кешендерді құрастыруда және пәндер бойынша дәріс оқу барысында
қарастырылды.
Басылымдар. Зерттеудің негізгі бағыттары мен қорытындылары Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Білім беру және ғылым
саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды, жалпы көлемі
4,0 б.б. құрады.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың теориялық негіздері. Әлеуметтік-
нарықтық экономиканы бағдар тұтқан кез келген мемлекеттің басты мақсаты –
халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Демек, халықтың тұрмыс деңгейін
жоғарылату мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарының ең басты
басымдылықтарының бірі болмақ.
Тұрмыс деңгейі қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бейнелейтін,
тұтынудың қол жеткен деңгейін көрсететін аса күрделі әлеуметтік-
экономикалық категориялардың бірі. Тұрмыс деңгейі әлеуметтік-экономикалық
статистиканың құралы ретінде адамның тауарлар мен қызметтерге деген түрлі
сұранысының қанағаттандырылу деңгейін сипаттайды. Экономикалық әдебиеттерде
тұрмыс деңгейінің анықтамасына ортақ бір көзқарас жоқ, дегенмен тұрмыс
деңгейін халықтың жақсы жағдайын, адамның материалдық, мәдени, әлеуметтік
игіліктер мен қызметтерді, шын мәніндегі сұранысты қанағаттандыру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарды жинақтай сипаттайтын әлеуметтік-
экономикалық категория ретінде анықтауға болады. Тұрмыс деңгейі ұғымының
жүйеқұрушы негізі - тұтыну саласында пайда болып, жүзеге асып жататын түрлі
адами сұраныстар болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жекелеген жақтарының көрінісі
бола отырып, тұрмыс деңгейі ұғымы ұдайы өндіріс сатыларымен, яғни өндіру,
таратып бөлу, айырбас және тұтынумен тығыз байланысты. Тұрмыс деңгейін
экономикалық категория ретінде анықтау мақсатында оның байланыстырушы
буындарына тоқтала кетейік.
Қоғам дамуының барлық сатысында өндіріс халықтың тұрмыс деңгейін
анықтаушы фактор болып саналады. Өндіріс материалдық игіліктерді шығарушы
ретінде адамдардың қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың
материалдық негізін қалыптастырады. Өндіріс нәтижесінде алынған табысты
одан әрі бөлістіру барысында оның бір бөлігі адам қажеттіліктерін
қанағаттандыру көзі ретінде орын алады. Айырбастау арқылы адам осы
қажеттіліктерін қанағаттандыру көзіне қол жеткізе алады - оның өндіріске
қосқан үлесі табысқа алмастырылады. Айырбас нәтижесінде адамның тұрмыс
деңгейін анықтайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі пайда болады.
Тұрмыс деңгейі өндіргіш күштердің даму деңгейіне, қоғамдық өндірістің
құрылымы мен тиімділігіне тәуелді болып келеді. Өйткені, адамдар өмір
сүруіне қажетті игіліктерді осы өндірістен алады. Бұл тәуелділік тұтыну
сипаттамалары, табыс деңгейі мен өмір сүру құны арқылы көрініс табады.
Тұрмыс деңгейі мен қоғамдық өндірістің арасында кері байланыс орын алады.
Бұл – еңбек ресурстарының тұрмыс деңгейі мен сапалық сипаттамаларына,
қызметкерлер еңбегінің тиімділігіне, жұмысшылардың тұтыну мүмкіндіктерінің
өсуіне қарай олардың өнімділігі жоғары еңбекке деген материалдық
қызығушылығының артуына қоғамдық өндірістің тәуелділігі.
Жоғарыда атап өтілген тұрмыс деңгейімен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар оны экономикалық категория ретінде сипаттайды.
Тұрмыс деңгейі ұғымына қатысты бірнеше көзқарастарға тоқталып өткенді
жөн көрдік.
Экономикалық сөздіктерде тұрмыс деңгейі халықтың әл-ауқаты, игіліктер
мен қызметтерді тұтыну деңгейі ретінде, адамдардың негізгі өмірлік
қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын, жан басына
шаққандағы ЖІӨ немесе ЖҰӨ мөлшерімен, халықтың күнкөріс минимумымен
салыстырғандағы орташа табыстарымен, отбасының тұтыну бюджетімен
анықталатын көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастырылады [1, 410 б.].
Отандық зерттеулер мен халықаралық ұйым жұмыстарында тұрмыс деңгейіне
тұтыну сипаттамаларының жиынтығы ретінде берілген анықтамалар кеңінен
қолданылады [2, 143-147 б.].
Ресей оқымыстыларының пікірінше, тұрмыс деңгейі сандық сипаттамалармен
қатар, сапалық сипаттамаларды да қамтиды. Бұл жерде тұрмыс деңгейі
игіліктерді тұтыну арқылы ғана емес, оларды иемдену мүмкіндіктері арқылы да
бағаланатындығы сөз болып отыр. Н.Зоркин мен Р.Кудрявцевтің көзқарасы
бойынша, тұрмыс деңгейі өз мазмұнына қарай халықтың тұрмыс жағдайымен
салыстырғанда кеңірек ұғым. Қазіргі уақытта табыс деңгейі адамзат дамуының
жалғыз анықтаушы факторы еместігі белгілі. Жақсы тұрмысты қамтамасыз ету
үшін адамға игіліктер жиынтығы талап етіледі. Сонымен қатар, тұрмыс деңгейі
осы игіліктерді тұтыну арқылы ғана емес, оларды алу мүмкіндігімен де
бағаланады [3, 55 б.].
Н.М.Римашевскаяның пайымдауынша, Тұрмыс деңгейі – бұл адам
қажеттіліктерінің дамуы мен оларды қанағаттандыру сипатынан көрініс табатын
адамдардың тұтыну сферасында әрекет ету жағдайларының кешені. Бұл жерде
тұтыну сферасында пайда болатын әртектес адам қажеттіліктері мен
мұқтаждықтары тұрмыс деңгейінің негізін құрайды [4].
А.С.Ревайкин тұрмыс деңгейін физикалық, рухани және әлеуметтік
қажеттіліктердің даму деңгейі, олардың қанағаттандырылу дәрежесі, сонымен
қатар осы қажеттіліктерді дамыту және қанағаттандыру үшін қоғамда жасалған
жағдайлар ретінде сипаттайды [5].
Гурьев В.И. тұрмыс деңгейін ...адамдардың материалдық және рухани
игіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін бейнелейтін кешенді әлеуметтік-
экономикалық категория ретінде анықтайды. Ол көптеген құрама бөліктерден
тұрады. Оған еңбекшілердің нақты табыстарының мөлшері, халықтың материалдық
игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, халықтың баспанамен қамтамасыз
етілуі, сонымен қатар білімділігінің өсуі, азаматтарға медициналық және
мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету дәрежесі, табиғи ортаның жағдайы жатады
[6, 67б.].
Экономистердің бір бөлігі тұрмыс деңгейін сандық көрсеткіштермен
(тұтынылатын игіліктер мен қызметтер көлемімен, азық-түлік және азық-
түліктік емес тауарларды тұтыну деңгейімен, тұрғын үй жағдайларымен, білім,
денсаулық сақтау, мәдениет деңгейімен) сипатталатын тұрғындардың өмір
сүруге қажетті материалдық және мәдени (рухани) игіліктермен қамтамасыз
етілуі, оларды тұтынудың қол жеткен деңгейі және адамдардың осы игіліктерге
деген қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі ретінде қарастырады.
Қоғамның дамуына қарай әрбір адамның тұрмыс деңгейі де жаңа сапалы
сатыға көтеріліп отырады. Олай болса, қажеттіліктердің қанағаттандырылу
дәрежесін анықтау үшін (тұтынуды) олардың даму деңгейін білу қажет. К.Маркс
қажеттіліктермен қатар тұтынудың да маңыздылығын, олардың өзара байланысын
атап көрсетеді. Тұтыну ұдайы өндірістік фаза ретінде қажеттіліктердің
қанағаттандырылуын білдіреді. Тұрмыс деңгейінің тағы бір құрама бөлігі
қажеттіліктерді дамыту мен қанағаттандыру үшін қажетті өндірістік,
әлеуметтік қатынастардын тұратын қоғамдық қатынастар болып саналады.
Қоғамдық қатынастар физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктер
дамитын, олардың сәйкесінше қанағаттандырылуы (тұтыну) қамтамасыз етілетін
орта болып табылады [7].
Қажеттіліктердің даму деңгейі мен олардың қанағаттандырылу дәрежесі
бірдей маңыздылыққа ие екендігін айта отырып, В.Н. Бобковтың тұрмыс
деңгейіне берген анықтамасы анықтамасы былайша өрбиді: Тұрмыс деңгейі
халық қажеттіліктерінің даму деңгейі мен қанағаттандырылу дәрежесін
білдіретін әлеуметтік-экономикалық категория [8].
Отандық зерттеушілердің бір бөлігі тұрмыс деңгейі ұғымына толығырақ
анықтама беріп, оның мазмұнына тұрмыс жағдайын, еңбек жағдайы мен
жұмысбастылықты, демалыс, білім, табиғи орта жағдайларын және басқаларды да
қосып отыр. Атап айтатын болсақ, С.Мухамбетова, Г.Молдакулова, С.Исламова,
Т.Рогачева секілді бір топ қазақстандық зерттеушілер тұрмыс деңгейін екі
аспектіде қарастырады. Тар мағынада, тұрмыс деңгейі – бұл халықтың
игіліктер мен қызметтерді тұтынуының қол жеткізілген деңгейі. Кең мағынада,
тұрмыс деңгейі қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының
біртұтас кешенін қамтиды. Бұл жағдайда тұрмыс сапасы немесе тұрмыс
салты ұғымдары жиі қолданылады. [9, 88б.].
Б.А. Сағынтаевтың пайымдауынша, тұрмыс деңгейі - бұл өздерінің
шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында индивидтің (отбасының,
әлеуметтік топтың, қоғамның) қолданатын материалдық және рухани
игіліктерінің көлемін сипаттайтын экономикалық категория [10, 6б.].
Автор тұрмыс деңгейі категориясын тұтыну сферасымен тікелей
байланыстырған, ал бұл осы ұғымды өлшеу, салыстыру және болжау тұрғысынан
алатын болсақ дұрыс келтірілген деп ойлаймыз.
Т.М. Машированың пікірінше, кең мағынада тұрмыс деңгейі дегенде
материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді тұтынудың нақты
деңгейін, осы игіліктерге деген рационалды қажеттіліктердің
қанағаттандырылу дәрежесін түсінеді. Осылайша ол тұрмыс деңгейі тек
материалдық және мәдени игіліктерге деген қажеттіліктердің қанағаттандырылу
дәрежесімен және тұтыну деңгейімен ғана сипатталмайды, бұл ұғым қоғаммен
және мемлекетпен қалыптастырылған жағдайларды да (еңбек және демалыс
жағдайлары, тұрғын үй жағдайы, бос уақытты пайдалану т.с.с.) қамтитынын
атап көрсетеді [11].
Жоғарыда келтірілген анықтамада рационалды деген сөзді қолдану дұрыс
емес деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде тұрмыс деңгейі ұғымына анықтама
беріліп отыр, ал анықтамада ол рационалды ма, жоқ па қаралмайды.
Э.Е. Баймуханбетова: тұрмыс деңгейі – халықтың өмірлік игіліктермен
және қызметтермен қамтамасыз етілуін, оларға деген қажеттіліктің
қанағаттандырылу дәрежесін, сонымен қатар қазіргі әлеуметтік-экономикалық
қатынастар жағдайындағы аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып олардың
рационалды тұтыну нормативтеріне жақындау дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік-
экономикалық категория - деген анықтама береді [12].
Э.Е. Баймуханбетованың анықтамасында аймақтық, рационалды деген
ұғымдар қолданылған. Анықтама аймаққа қатысты айтылмайды, тұрмыс деңгейі
ұғымының анықтамасы ешқандай аймақтық ерекшеліктерге қарамайды, ол
объектіні зерттегенде ғана шығады, ал ұғымға кірмейді.
Р.С.Түсіпбекова былай деп жазады: Тұрмыс деңгейі – адамдардың
физикалық, рухани және әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етілуін, олардың
қол жеткізілген тұтыну деңгейін және адамдардың осы игіліктерге деген
қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін бейнелейтін әлеуметтік-
экономикалық категорияны білдіреді [13].
Біздің пікірімізше, Р.С.Түсіпбекованың тұрмыс деңгейі ұғымына берген
анықтамасы нақты келтірілген және оның көзқарасына қосыламыз.
Қарастырылған көзқарастарды талдау нәтижелеріне сүйене отырып, тұрмыс
деңгейі әлеуметтік-экономикалық категориясын тұтынудың белгілі бір деңгейі
ретінде түсінеміз. Олай болса, тұрмыс деңгейін зерттеуде адам
қажеттіліктері шешуші фактор болып саналады.
Тұрмыс деңгейі анықтамасына жоғарыда келтірілген талдаулар негізінде
тұрмыс деңгейі ұғымының авторлық жіктемесін жасап, оған өз көзқарасымызды
білдірдік. Атап өтілген анықтамаларды үш топқа біріктіріп, олардың
артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өттік. 1-ші топқа К.Маркс,
Н.Зоркин, Р.Кудрявцев, В.И.Гурьев, Т.Рогачева, Н.М.Римашевская,
Э.Е.Баймуханбетова, Р.С.Түсіпбекова, Б.А. Сағынтаев; 2-ші топқа В.Н.Бобков,
А.С.Ревайкин; 3-ші топқа Т.М. Маширова, С.Мухамбетова, Г.Молдакулова,
С.Исламова топтастырылды.
Тұрмыс деңгейі ұғымына берілген әртүрлі анықтамалардың
сипаттамаларына сүйене отырып, өз тарапымыздан бірінші топтың пікіріне
қосыламыз. Өйткені авторлар тұрмыс деңгейін қоғам дамуының әлеуметтік–
экономикалық кезеңіне сәйкес қажеттіліктердің тұрақты дамуын ескере отырып,
адам қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі ретінде анықтаған,оның
ұдайы өндіріс фазаларымен өзара байланысын атап көрсеткен, қажеттіліктермен
қатар тұтынудың да маңыздылығын ескере отырып, тұрмыс деңгейі
категориясын тұтыну сферасымен тікелей байланыстырған. Сондықтан да аталған
авторлардың тұрмыс деңгейі ұғымына берген анықтамалары нақты келтірілген
деп ойлаймыз және олардың пікіріне қосыламыз.
Қорыта келе, тұрмыс деңгейі ұғымына авторлық тұрғыдан өз
көзқарасымызды білдіреміз: Тұрмыс деңгейі – адамдардың физикалық, рухани
және әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етілуін, олардың қол жеткізілген
тұтыну деңгейін және адамдардың осы игіліктерге деген қажеттіліктердің
қанағаттандырылу дәрежесін бейнелейтін әлеуметтік-экономикалық категория.
Экономикалық әдебиеттерде тұрмыс деңгейі ұғымымен қатар осыған ұқсас
басқа да ұғымдар қолданылады. Сондықтан да тұрмыс деңгейі ұғымының осы
ұғымдармен өзара байланысын, олардың өзара тәуелділігін қарастыруды жөн
көрдік. Атап айтсақ, тұрмыс деңгейі ұғымымен мағыналары ұқсас тұрмыс
сапасы, тұрмыс салты, тұрмыс жағдайы, өмір сүру стилі секілді
бірнеше ұғымдардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталамыз. Қарастырылған
түсініктердің салыстырмалы сипаттамалары мен өзіндік ерекшеліктерін
төмендегі кестеден көруге болады (кесте 1).
Жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің халық
тұрмысына әсерін бағалау, қоғамның экономикалық жіктелу дәрежесін анықтау,
еліміздің өңірлеріндегі тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен тұрмыс жағдайындағы
ерекшеліктерді бағалау үшін тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері қолданылады.
Тұрмыс деңгейі ұғымының мазмұны туралы көзқарастар секілді, тұрмыс
деңгейін талдау үшін әртүрлі авторлармен және статистика органдарымен
ұсынылған көрсеткіштер де әртектес болып келеді.
Адам қажеттіліктері тұрмыс деңгейінің компоненттері ретінде
анықталады. Олардың қатарына мыналар жатады: Денсаулық. Тамақ өнімдерін
тұтыну. Білім. Жұмысбастылық, еңбек жағдайлары. Баспана жағдайлары.
Әлеуметтік қамсыздандыру. Бос уақыт. Адам құқықтары мен адам еркіндігі [14,
331б.]. Аталған компоненттердің әрқайсысының өзіндік көрсеткіштер жүйесі
болады. Тұрмыс деңгейі компоненттерінің мазмұны мен көрсеткіштері төмендегі
кестеде көрсетілген (кесте 2).
Кесте 2 – Тұрмыс деңгейі ұғымының компонеттері және олардың мазмұны
Компоненттің мазмұны Көрсеткіштер
Денсаулық
Денсаулық, физикалық саулық жағдайы Уақытша еңбекке жарамсыздық
коэффициенті, өмір сүру ұзақтығы,
өлім деңгейі, туылу деңгейі,
сырқаттың ұзақтығы, адамдардың
физикалық және ойлау қабілеті т.с.с.
Тамақ өнімдерін тұтыну
Уақытымен тамақтану, тамақтың дәмдікТұтыну қоржынының құрамы,
қасиеттері, құрамы, сапасы мен тұтынылатын өнімдер тізімі, тағамдық
тазалығы құндылығы, отбасы бюджетіндегі
тамақтану шығындарының үлесі т.с.с.
Білім
Білімді меңгеру дәрежесі, Оқыту ұзақтығы, білім беру деңгейі,
кітапханалардың, теледидардың, халықтың сауаттылық коэффициенті,
мұражайлардың және басқа да мәдени білім беру мекемелерінің саны мен
ұйымдардың қол жетімділігі құрамы т.с.с.
Еңбек және жұмысбастылық
Еңбек жағдайы мен сипаты, Жұмыс күнінің ұзақтығы, қол еңбегі
тиімділігі, адамдардың жеке мен автоматтандырылған еңбектің
қабілеттеріне сәйкестігі, мамандық үлесі, жұмысбастылық деңгейі,
таңдау еркіндігі, еңбек мотивациясы жұмыссыздық деңгейі т.с.с.
Баспана жағдайлары
Баспананың көлемі, жағдайы, Баспанамен қамтамасыз етілу, бір
ыңғайлылығы, абаттандырылуы тұрғынға шаққандағы тұрғын үй
қорының көлемі, тұрғын үй қорының
сипаттамалары (сумен, газбен
қамсыздандырылуы, жылу т.б.),
көлікпен қамтамсыз етілуі т.с.с.
Әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік жіктелу, жұмыспен қамту Мемлекет тарапынан кепілдендірілген
кепілдемелері, кәрілікті қамтамасыз жәрдемақылар мөлшерінің
ету, көп балалы отбасыларға жәрдем көрсеткіштері, жеңілдіктер т.с.с.
көрсету және т.б.
Демалыс және бос уақыт
Бос уақытын өткізуді таңдау Бос уақыттың болуы және ұзақтығы,
мүмкіндігі, әртүрлі демалыс үйлері демалыстың ұзақтығы, демалыс
мен шипажайлардың, мәдениет және мекемелерінің саны, отбасының
спорт мекемелерінің қол демалысқа жұмсайтын шығындары т.с.с.
жетімділігі, туристік саяхат
мүмкіндіктері, бос уақыты мен
демалысты өткізуге қанағаттану
сезімі
Адам құқықтары мен еркіндігі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам Құқық қорғау қызметкерлерінің саны,
құқықтарын сақтау, құқық қорғау қылмыс деңгейі, криминологиялық
органдарының объективтілігі және жағдай
оларға деген сенім дәрежесі,
қылмыспен күрес, қылмыстың алдын алу
Ескерту – автормен құрастырылған
Тұрмыс деңгейін бағалағанда көрсеткіштер мен факторлардың рөлін ажырата
білуіміз қажет. Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері мен факторларын
анықтау және жіктеу оны өлшеудің қажетті шарты болып табылады. Халықтың
тұрмыс деңгейіне әсер ететін елдің әлеуметтік-экономикалық даму факторларын
жіктеу әртүрлі белгілер бойынша жүзеге асырылады. Ел немесе өңір
тұрғындарының тұрмыс деңгейіне объективті әсер ететін әлеуметтік-
экономикалық факторларға мыналар жатады: экономикалық-географиялық
орналасуы; табиғи-климаттық жағдайлар; табиғи-ресурстық әлеует;
демографиялық әлеует және халық құрылымы.
Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмыс деңгейін әлеуметтік-
экономикалық талдау. Өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қажетті
маңызды алғышарт оның экономикалық жағдайы болып табылады.
Макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша облыс жоғары даму қарқынын сақтап,
жылды еліміз аймақтарының рейтингінде көшбасшыларының бірі болып аяқталды.
Соңғы бес жыл ағымында Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы өңірлік жалпы
өнімнің тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр.
Аймақтық экономиканың (ЖӨӨ) өсімі 2009 жылғы деректер бойынша 103%
құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2626 мың теңге (18 мың АҚШ
доллары) көлемінде, бұл республика аймақтары арасында екінші көрсеткіш.
Халықтың атаулы ақшалай табыстарының мөлшері жылдан жылға өсіп келеді.
Мәселен, облыста халықтың атаулы ақшалай табыстарының соңғы үш жылда өсу
қарқыны байқалады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 61 198 теңгені құраған, ал жан
басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2006 жылмен салыстырғанда
шамамен 1,6 есеге немесе 59,7 пайызға өскен. Сондай-ақ облыс бойынша бір
жұмысшының алатын айлық атаулы жалақысы да соңғы төрт жыл ішінде 56,6
пайызға артқан.
Маңғыстау облысы бойынша халықтың тұрмыс деңгейін өлшеу үшін негізгі
көрсеткіштердің бірі ретінде адам әлеуметінің даму индексін есептеу қажет
деп ойлаймыз. Адам әлеуметінің даму индексін есептеу үшін Маңғыстау
облыстық Статистика Басқармасының 2-ші кестеде келтірілген көрсеткіштері
қолданылды.
Кесте 2- Маңғыстау облысы бойынша халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштері
Көрсеткіш 2005 2006 2007 2008 2009
Туылғандағы өмірінің күтілетін 65,32 65,52 65,42 65,62 66,57
ұзақтығы, жыл
Ересек халықтың сауаттылық деңгейі, 99,5 99,5 99,5 99,5 99,5
%
Оқитындардың жиынтық үлесі, % 85,4 86,7 86,4 86,8 89,0
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, сатып алу4 049,35 696,98 223,212 15 458
қабілеті шамасы бойынша, АҚШ долл. 315,8
Ескертпе: Маңғыстау облысы Статистика Басқармасының мәліметтері негізінде
автормен құрастырылған
2-ші кесте мәліметтерін қолдана отырып, Маңғыстау облысындағы
туылғандағы өмірдің күтілетін ұзақтығының индексі, қол жеткізілген білім
деңгейінің индексі, жан басына шаққандағы ЖӨӨ индекстерін есептеу
нәтижелері 3-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - Тұрмыс сапасының индексінің 2005-2009 ж.ж. деңгейі мен серпіні
Индекстер 2005 2006 2007 2008 2009 2009 ж.
2005ж.
сал-да,
%
Туылғандағы өмірінің күтілетін 0,6740,6720,6750,6740,677100, 5
ұзақтығы индексі, Iө.ұз
Алынған білім деңгейінің 0,9480,9520,9510,9530,960101, 3
индексі, Iбілім деңг
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, 0,6180,6570,7370,8040,842136, 2
сатып алу қабілеті шамасы
бойынша индексі, АҚШ долл.,
IкелтЖӨӨ
Үш индекстің қосындысы, ΣI 2,2402,2812,3632,4302,479110, 7
Тұрмыс сапасының индексі, Iөс 0,7470,7600,7880,8100,826110, 7
Ескертпе: Маңғыстау облысы Статистика Басқармасының мәліметтері
негізінде автормен есептелген
Талдау көрсетіп отырғандай, Маңғыстау облысында тұрмыс сапасының
индексі бойынша тұрақты өсім қарқынын орын алып отыр. 2009 жылы 2005
жылға көрсеткіш 10,7 пайызға артып отыр. Бұл өңіріміздің экономикалық дамуы
тұрмыс сапасының жақсаруына септігін тигізіп отырғанын дәлелдейді.
Маңғыстау облысының көрсеткіштері республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары
болуы жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің жоғары болуына тікелей байланысты.
Аймақтардың әлеуметтік–экономикалық жағдайын жүйелі түрде сипаттау және
диагностикалау үшін, мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттерін жүзеге
асыру үшін теориялық статистика деңгейінде өңделген аймақтар типологиясын
құру маңызды болып саналады [15]. Осыны ескере отырып Маңғыстау облысындағы
қалалар мен аудандардың типологиясын жасау қажеттігін анықтадық.
Кесте 4– Маңғыстау облысы аймақтарының 2006-2009 жылдардағы халықтың атаулы
табыстарының деңгейі бойынша типологиясы
Тұрғындардың табыс деңгейі
Жоғары (орташа өңірлік Орташа (орташа өңірлік Төмен (орташа өңірлік
деңгейден 130%-дан деңгейден 80%- 120% деңгейден 80%-дан төмен)
жоғары) аралығында)
Ақтау қаласы Бейнеу ауданы Маңғыстау ауданы
Жаңаөзен қаласы Қарақия ауданы Мұнайлы ауданы
Түпқараған ауданы
Ескертпе – автормен құрастырылған
Атаулы табыстардың және тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының
аумақтық жіктелуін салыстыру халық табысының сатып алу қабілетін бағалауға
мүмкіндік береді. Халық табысының сатып алу қабілеті тұрмыс деңгейіндегі
аймақ аралық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш
болып саналады. Кестеден көрініп тұрғандай, атаулы табыстардың ең жоғарғы
өсімі жоғары табысты аймақтарда, ал төменгі деңгейі – төмен табысты
аймақтарда орын алған.
Кесте 5 – 2009 жылғы Маңғыстау облысының табысы күнкөріс минимумынан төмен
тұрғындар үлесі бойынша типологиясы
Бай аймақтар (10%-дан төмен)
Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы
Орташа аймақтар (15%-дан 20%-ға дейін)
Түпқараған ауданы, Бейнеу ауданы
Аз қамтылған аймақтар (20%-дан 25%-ға дейін)
Қарақия ауданы, Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы
Кедей аймақтар(25%-дан жоғары)
-
Ескерту – автормен құрастырылған
Ең жоғары қамтылған Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласының тұрғындары
болып саналады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы аймақтық ерекшеліктер тұрғысынан
Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарының нақты табыстары және халықтың
жіктелу дәрежесі бойынша интегралды типологиясы да аса маңызды болып
табылады (кесте 6).
Кесте 6 – 2009 жылғы облыс аймақтарының табыстардың сатып алу қабілеті және
халықтың жіктелу дәрежесі бойынша типологиясы
Сатып алу Жіктелуі Аймақтар
қабілеті
жоғары орташа Жаңаөзен қаласы
төмен Ақтау қаласы
орташа орташа Бейнеу ауданы
төмен Түпқараған ауданы, Қарақия ауданы
төмен орташа Мұнайлы ауданы
төмен Маңғыстау ауданы
Ескерту – автормен құрастырылған
Кестеден көрініп тұрғандай, сатып алу қабілеті неғұрлым жоғары болса,
жіктелу де соғұрлым жоғары болады, яғни аймақтағы табыстардың негізгі үлесі
көп емес қуатты топтың қолында шоғырлануы мүмкін. Сатып алу қабілеті де,
жіктелуі де Маңғыстау ауданында төмен болып табылады. Мұнда керісінше
табыстардың негізгі үлесі бұқара тобының аз қамтылған басым бөлігінің
қолында. Ал Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы мен Мұнайлы ауданында жіктелу
дәрежесінің салыстырмалы жоғары болуы оралмандардың көптеп шоғырлануымен
түсіндіріледі.
Маңғыстау облысы аймақтарының типологиясына жүргізілген талдау
нәтижелері табысы жоғары бола отырып, халықтың жіктелу дәрежесі жоғары
болып табылатын, табиғи-ресурстық потенциалымен ерекшеленетін Жаңаөзен
қаласын жеке қарастыруға негіз болды.
Сонымен, Жаңаөзен қаласы бойынша халықтың тұрмыс деңгейіне әсер етуші
факторларды талдай келе, келесі қорытындыларға келуге болады:
- интегралдық бағалау нәтижесінде өмір сүру сапасы индексі 2005-
2009 жылдар аралығында өсу тенденциясына ие. Демек жыл сайынғы
өсім қарқыны 2 пайызды құрап, жалпы осы кезеңде 8 пайызға өсіп
отыр;
- өмір сүру сапасы индексінің өсуіне әсер еткен негізгі фактор жан
басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсуі болып табылады. Оның
өсім қарқыны – 125 %;
- Жаңаөзен қаласы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі үлесі 90 пайызға
тең тау-кен өнеркәсібі өнімінің 2,6 есе артуына байланысты болып
отыр;
- Жаңаөзен қаласы бойынша халық санының өсуі республикалық және
облыстық көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болып отыр. Мұнда
табиғи өсімнің де, миграциялық өсімнің қарқыны өте жоғары;
- жалпы ішкі өнім жоғары қарқынмен өскенімен, өмір сүру сапасын
сипаттайтын басқа көрсеткіштер төмен дәрежеде;
- денсаулық мәселесі қиын жағдайда тұр: ана мен бала өлімінің
деңгейі, туберкулезбен ауырғандар санының орташа республикалық
көрсеткіштерден жоғары болуы, медициналық құралдардың
халықаралық стандартқа сай келмеуі;
- Жаңаөзен қаласы бойынша 20082009 оқу жылы ішінде оқитындардың үлес
салмағы 83,5 пайызды құрады. Бұл республикалық және облыстық
көрсеткіштерден төмен. Оған негізгі себеп – оралмандардың білім деңгейінің
төмендігі.
Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына баға беру
нәтижесінде қаланың дамуына кедергі болатын негізгі қиындықтар мен
факторларды анықтауға болады:
- жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;
- тұрақты сумен қамтамасыз етудің болмауы;
- өндірістік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жоғары
дәрежелі тозуы;
- көлік коммуникацияларының қанағаттанарлықсыз жағдайы;
- экологиялық мәселелер және т.б.
Маңғыстау облысы тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыру жолдары. Шағын
кәсіпкерлік секторы бірнеше маңызды әлеуметтік функцияларды орындайды.
Тұрмыс деңгейін арттыру тұрғысынан алатын болсақ, шағын бизнес экономикалық
белсенді тұрғындарға өзін және өз отбасын қамтамасыз етуге жеткілікті табыс
табуға мүмкіндік береді. Шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасай
отырып жұмысбастылық мәселесін шешуге болады. Маңғыстау облысының даму
басымдылықтарының бірі экономикалық өсудің, рынокты жандандырудың және
жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды факторы ретінде шағын және
орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл секторды дамыту үшін шағын және
орта бизнес субъектілерінің экономикалық қызметіне қолайлы жағдайлар жасау
қажет.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін микроқаржыландыру желілерін
дамыту керек. Микроқаржыландыру нарығы кәсіпкерліктің дамуына қолдау
көрсете отырып және тұрмыс деңгейін арттыра отырып Қазақстан экономикасында
барынша маңызды орынға ие болып отыр.
Халықаралық тәжірибе дәлелдегендей, микроқаржыландыру – тұрмыс
деңгейін арттырудың және шағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz