Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект



Кіріспе
1 Географиясы
2 Табиғаты
3 Тарихы
4 Экономикасы
5 Хакассия
Пайдаланылған әдебиеттер
Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект, Тыуаның конституциясы (ата заңы) бойынша — Ресей Федерациясымен біріктірілген демократикалық-құқықтық мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан.
Жер аумағы 170,5 мың км². 17 ауданнан, 2 қаладан тұрады. Халқы 310 мың адам (2003). Негізгі халық тывалар 198,4 мың (64,3%), оған қоса орыстар 98,8 мың (32%), хақастар, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы – Қызыл қаласы. 2001 ж. 6 мамырда қабылданған конституциясы бойынша Тыва федеративті шарт негізінде өзін-өзі басқаратын субъект. Республиканы халық сайлауы негізінде билікке келетін үкімет төрағасы басқарады. Жоғары заң шығарушы орган – 2 палаталы Жоғарғы Хурал. Жергілікті басқару мекемелері Ресей Федерациясы конституциясы негізінде құрылған. Іс қағаздары тыва және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тыуа шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хақасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Иркутск облысымен, батысында Алтай Республикасымен шектеседі.
Көлемі — 168,6 мың наршы шақырым (км²), Ресей құрамындағы жер көлемі бойынша 24-ші субъект .
Халық саны — 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы — 1,8 адам/1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны: 51,5% (2006).
Халқының ұлттар бойынша құрылымы:
• тыуалар — 77%
• орыстар — 20,1%
• басқалар — 2,9% .
Ата заң — Тыуа Республикасының конституциясы
1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Географиясы
2 Табиғаты
3 Тарихы
4 Экономикасы
5 Хакассия
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) -- Ресей федерациясының құрамынағы субъект, Тыуаның конституциясы (ата заңы) бойынша -- Ресей Федерациясымен біріктірілген демократикалық-құқықтық мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан.
Жер аумағы 170,5 мың км². 17 ауданнан, 2 қаладан тұрады. Халқы 310 мың адам (2003). Негізгі халық тывалар 198,4 мың (64,3%), оған қоса орыстар 98,8 мың (32%), хақастар, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы - Қызыл қаласы. 2001 ж. 6 мамырда қабылданған конституциясы бойынша Тыва федеративті шарт негізінде өзін-өзі басқаратын субъект. Республиканы халық сайлауы негізінде билікке келетін үкімет төрағасы басқарады. Жоғары заң шығарушы орган - 2 палаталы Жоғарғы Хурал. Жергілікті басқару мекемелері Ресей Федерациясы конституциясы негізінде құрылған. Іс қағаздары тыва және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тыуа шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хақасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Иркутск облысымен, батысында Алтай Республикасымен шектеседі.
Көлемі -- 168,6 мың наршы шақырым (км²), Ресей құрамындағы жер көлемі бойынша 24-ші субъект .
Халық саны -- 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы -- 1,8 адам1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны: 51,5% (2006).
Халқының ұлттар бойынша құрылымы:
* тыуалар -- 77%
* орыстар -- 20,1%
* басқалар -- 2,9% .
Ата заң -- Тыуа Республикасының конституциясы

Географиясы
Республика аумағы Сібір мен Орта Азия ландшафттарының қиылысқан жерінде орналасқан. Жерінің 82%-ын тау массивтері (Батыс Саян таулары) алып жатыр. Елдің батыс және орта бөлігінде Тыва қазаншұңқыры орналасқан. Жері пайдалы қазбаларға бай: түсті және сирек металдар, таскөмір, темір кентасы, алтын, сынап, т.б. Климаты қатаң континенттік. Қысы суық, ұзақ температура - 50°C-қа дейін жетеді. Жазы қысқа, ыстық, 40°C-қа дейін болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері қазаншұңқырда 150 - 400 мм, таулы аудандарда 400 - 600 мм-ден 800 - 1000 мм-ге дейін. Республикада 430-ға жуық көл мен 12 мыңнан астам ұсақ өзен бар. өзендерінің барлығы дерлік Енисейге құяды.
Табиғаты
Елдің ойпатты аймақтарында негізінен дала өсімдіктері өссе, шығыс жағындағы тау аңғарлары - қарағайлы орман болып келеді. Жерінің 64%-ын орман алқаптары алып жатыр. Аумағын жан-жануарлар мен құстардың көптеген түрлері (бұлғын, бұғы, марал, аю, т.б.) мекендейді. Оларды сақтап қалу үшін 2 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған.
Тарихы
Тыва жерін адам баласы ежелгі тас ғасырынан мекендей бастаған. Б.з.б. 7 - 3 ғасырларда мал шаруашылығы мен метал өңдеу қалыптасты. Б.з.б. 2 - б.з. 1 ғасырлар аралығында бұл өлке жауынгер ғұн тайпаларының иелігінде болды. 6 - 8 ғасырларда Түрік қағандығының құрамында болса, кейін ұйғырлар, 9 ғасырдың 2-жартысынан қырғыздарүстемдік құрды. 1207 жылдан Шыңғыс ханға бағынып, 13 - 14 ғасырларда Юань әулетінің құрамына кірді. 16 - 17 ғ-ларда моңғолдардың Алтын хан мемлекетіне тәуелді болды. 16 ғасырдан елге будда діні тарай бастады. 17 ғасырдың аяқ кезінен бастап жоңғарларға бағынып, 1757 - 58 ж. жоңғар мемлекеті жойылғаннан кейін 1912 жылға дейін Цинь империясының құрамына кірді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Хакасия
Алтай Республикасы
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
Шығыс Сібірдің солтүстік шығысы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Орхон - Енисей ескерткіштері
Пәндер