Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны және хронологиялық шегі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Орта ѓасырлар тарихы пєнініњ мазм±ны жєне хронологиялыќ шегі

Жоспары

  1. Орта ѓасырлар тарихы пєнініњ мазм±ны жєне хронологиялыќ шегі.
  2. “Орта ѓасырлар” жєне “феодализм” т‰сінігініњ шыѓуы жєне мазм±ны.
  3. Варварлыќ тайпаларда ру-тайпалыќ ќ±рылыстыњ ыдырауы.
  4. Кельттер, германдыќтар жєне славяндар.
  5. Халыќтардыњ ±лы ќоныс аударуы. Батыс Рим империясыныњ ќ±лауы жєне варварлыќ мемлекеттердіњ ќ±рылуы.
  6. Батыс Рим империясыныњ ќ±лауы. ‡-‡І ѓасырлардаѓы Батыс Еуропадаѓы єлеуметтік-экономикалыќ, саяси жєне этникалыќ µзгерістер. Рим империясының құлдырауы.

Батыс Европа мемлекеттерiнiң “орта ғасырлар тарихы” тарихи ұзақ уақытты қамтиды. Сол кезеңдегi экономикалық және қоғамдық өмiрде жаңа формадағы феодалдық қатынастардағы тап күресiнiң өсуi мен оның шешiлуi проблемалары, дамуы ерекшелiктерi және алғашқы буржуазиялық революциялардың пайда болуын және алғашқы капиталистiк укладтарының қалыптасуы проблемаларын оқытады. Яғни Батыс Европа мемлекеттерiнiң орта ғасырлар (Ү-ХҮII ғ. I-шi жартысы) адамзат тарихында бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда материалдық және рухани дамуы жөнiнен iлгерi болғандығымен ерекшеленедi. Осы кезеңде алғаш рет халықтың еркiн ойшылдығы - көрiнiстерi үстем етiп отырған феодалдар шiркеулердiң догмалық заңдарына қарсы күрестерiнiң ерекшелiктердiң жалпы қозғалысымен есте қалады. Әсiресе әдебиеттiң поэзия жанрының тамаша үлгiлерi жасалды. Қайта Өрлеу деп аталатын еркiн гуманизмнiң ғылыми ойдың тамаша өкiлдерi дүниеге келдi. Орта ғасырлардағы еркiн ойдың батыл өкiлдерi - Петр Абеляр, Роджер Бэкен, Ибн Сина, Аверроис, Ян Гус, Николай Коперник, Бруно, Галилео Галилей, ақын-жазушылардан - Фирдауси, Омар Хаям, Сағди, Хафиз, Низами, Данте, Петрарка, Бокаччо, Шекспир, Сервантес, суретшi-мүсiншiлер - Рафаэль, Микеланджело, Леонардо да Винчи, Дюрер, Рембрант, архитекторлар Ганс Гольбайн Младший тағы да басқалар есiмдер адамзат тарихында өшпес iз қалдырды.

Жалпы дүние жүзiлiк тарихта Батыс Европа елдердiң орта ғасырлар тарихы негiзiнен генезисi бойынша үш дәуiрге бөлiнедi:

  1. Алғашқы орта ғасыр - Ү ғасырдың аяғынан ХI ғасырға дейiнгi кезең. Бұл кезеңде өндiрiс тәсiлi феодализм негiзiнде қалыптаса бастады.
  2. Орта орта ғасырлар кезеңi - ХI ғасырдың орта кезiнен ХҮ ғасырдың аяғына дейiн бүкiл Батыс Европада феодализм толық орнығып, ең биiктеу шыңына жеткен кезеңi болды.
  3. Соңғы орта ғасыр - бұл ХҮI-ХҮII ғасырдың бiрiншi кезеңiне дейiнгi аралық. Соңғы орта ғасырлардың ерекшелiгi феодализм ыдырап, феодализмнiң негiзiнде капиталистiк қоғамдық қатынастардың укладтарының қалыптаса бастуы сөз болады.

Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерi әлеуметтiк зерттелуi жағынан 5 типке бөлiнедi.

1. Табиғи-географиялық деректер. Яғни әрбiр терминды оқығанда сол территориялардың ландшафтына, климатына, өсiмдiктерi мен қоршаған ортасынан деректер бередi.

2. Этнографиялық деректер. Бұл сол кезде пайдаланған технологияны, әдет-ғұрыптардан, тұрғын үйлерден, киiмдерден және ауыз әдеби шығармаларынан деректер бередi.

3. Заттық деректер. Құрылыстар, еңбек құрал-жабдықтары, транспорт түрлерi, қару-жарақтар тағы да басқалардан деректер бередi.

4. Көркем өнер шығармалары деректерi. Бұл көркем образдар, архитектуралық құрылыстар, живопись, кескiн және қолданбалы өнерден деректер бередi.

5. Жазба деректер. Әрiптер, цифрлар, ноталар тағы да басқалардан жазба деректерiн бередi.

Мiне осы 5 типтi деректер орта ғасырлардан бiзге толық тарихи деректер бередi. Бұлардың әрқайсысының тарихшылар үшiн маңызы зор. Әсiресе заттық деректер орта ғасырлар тарихын оқытуда ерекше маңызға ие. Ал фольклор мен этнографиялық деректер соңғы орта ғасырлар тарихын оқытуда маңызды. Әсiресе орта ғасырлар тарихын оқытуда жазба деректердiң алатын орны зор. Себебi сауаттың ашылуы өте көп мағлұматтар қалдыруға мүмкiндiк бередi.

Ортағасырлық жазба деректерiн төмендегiдей үш класқа (топқа) бөлуге болады:

  1. Нарративтик жазба деректер. Бұл нақты шындықты боямасыз сол күйiнде беретiн жазба дерек болып табылады.
  2. Құжаттық жазба деректер. Лексикалық негiзде мемлекеттердiң әлеуметтiк- экономикалық, әлеуметтiк-кұқылық және әлеуметтiк-саяси өмiрiне баиланысты кұжаттар жиынтығы.
  3. Құқылық жазба деректерi . Бұл жерде тек қана құқылық жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жазып отырған адамның еркiне де байланысты болады.

Соңғы орта ғасырлар мен Қайта өрлеу кезеңдерiнде бұл құжаттар теориялық жағынан талдау жасалып шығарылды. Мысалы, нарративтiк жазба деректерден көркем әдебиет бөлiнiп шықты.

Батыс Европа елдерiнiң орта ғасыр тарихы деректерi Ерте дүние тарихы мен Жаңа заман тарихының деректерiмен салыстырғанда бiрнеше өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы: сауаттылық аз болғандықтан көбiнесе жазба деректер жинауға өте кем көңiл бөлiндi, көпшiлiк ауызша айту арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiлдi. Бұл процесс тiлдiң дамуына көп үлес қосты. Жазба деректер көбiнесе грек тiлiнде жазылды. Ал Испанияда араб тiлiнде жазылды. Жалпы Европаның орта ғасырлық жазба тiлi латын тiлi болған. Бұл жағдай тiрi жазба тiлi мен ескi өлi жазба тiлдерi арасындағы алшақтыққа алып келдi. Орта орта ғасырларға қарай ғылымның дамуына байланысты жағдай өзгере бастады. Дегенмен ХҮ-ХҮII ғасырларға қарай жағдай өзгере бастады. Басым көпшiлiк мемлекеттерде латын тiлi өзiнiң үстемдiгiн ұзақ уақыт бойы сақтап қалды.

Осылайша деректанушылар соңғы кездерге дейiн нақты зерттеуден алшақтап отырған. Көбiнесе бұл проблемалармен қосымша тарихи пәндер, нумизматика, ономастика, ландшафттану, археология, этнография тағыда басқа пәндер шұғылданып келдi. Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерiн зерттеумен қазiргi кездерi кодикология ғылымы шұғылданып жүр. Кодикология дегенiмiз Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы деректерiн, заңдар жиынтығын, кiтаптарды тағыда басқаларды зерттейтiн ғылым.

Рим империясы құлағаннан кейiн оның орнына екi империя құрылды. Батыс және Шығыс Рим империясы деп аталды. Батыс Рим империясына қарағанда Шығыс Рим империясы Европадан келген варварлардың шабуылына төтеп бере алды. 330 жылы император Константин астанасын Константинопольға көшiрiп Шығыс Рим империясын Византия деп атай бастады. Бұл империя өте үлкен территорияны алып жатты. Бұл империя Батыс пен Шығысты жалғастырып жататын теңiз және құрлықтағы жол торабында орналасқандықтан сауда мен қолөнер дамудың нәтижесiнде алғашқы қауымдыққұрылыс ыдырап, белгiлерi бiлiне бастады. қалыптасуы және толық орнығуы ұзақ эволюциялық процестi басынан кешiрдi. Үш - төрт ғасырға созылған процестерден кейiн IХ-ХІ ғасырға қарай Батыс Европа мемлекеттерiнде феодализмнiң толық орнағанын байқауға болады. Қауымдық жерлер жойыла бастады. Ерiктi шаруалар кедейленiп, кауымдарда бай адамдардың топтары пайда болды. Алғаш Византияда кейiннен Батыс Европаның басқа да мемлекеттерiнде алғашқы феодалдық поместьелер пайда болды. Феодализмнiң алғашқы белгiсi ретiнде жiктелу процесiнiң ерекшелiгi көрiндi, бай жер иелерi феодалдар мен оларға тәуелдi шаруалар табы бiр-бiрiне қарама- қарсы екi тап пайда болды. Батыс елдердiң орта ғасыр тарихы феодализмнiң негiзгi белгiлерiн қалыптасуы мен дамуын әсiресе Франция, Италия, Германия, Англия тағыда басқа мемлекеттерiндегi даму генезисiн оқып үйретедi.

Францияда бытыраңқы мемлекет екендiгiне қарамай өз иелiктерiнде әрбiр феодал шексiз түрде билей бастады. Бiрак шетел басқыншылары келген жағдайда корольмен уақытша одақ жасап отырды. Осы кезеңде Францияда Каролингтер династиясы тек өзiнiң доминионына ғана тиiстi жерлерiне ғана билiк еттi. Тек қана корольдiк титулын сақтап Париждi және Парижге жақын графтықтарға билiк еттi. Ал 987 жылы Людовиктiң өлуiмен Каролингтер династиясы жойылды. Сөйтiп король болып Гуго Капета сайланды. Осылайша француз революциясына дейiн Капетингтер династиясының негiзiн қалады. Алғашқы кезеңде бұл Капетингтер династиясы да Каролингтер иелiк еткен жерлерге ғана иелiк еттi. Бiрақ кейiннен өз иелiктерiн кеңейттi. Сөйтiп бiршама уақыттан кейiн Бүкiл Францияға билiгiн нығайтты.

Осы кезеңдерде Франциядағы шаруашылық феодалдық тәуелдiлiкке толық түскенiн айтуға болады. Х ғ. Франция шаруалары екi негiзгi топқа бөлiндi: I. Серва II. Виллан деп аталды. Вилла (село тұрғындары) негiзiнен колондардың тегiнен шыққан адамдар едi. Олар сот билiгiне бағынышты жерлерге иемденiп өз сеньорларына бұл жерлерден - барина, оброк және ақшалай салықтар төлеп отырды. Сонымен бiрге мырзалар олардан сот мырзасы негiзiнде де қосымша төлем алып отырды. Ал серваларды правосы шектеулi болды. яғни олар бұрынғы құлдардың тегi болды. Олардың салық төлемi тек қана жерден ғана емес сонымен бiрге бас бостандығы үшiн де болды (некеге тұрғаны үшiн салықтар төледi, ауыр жұмысқа жегiлдi, жол үшiн, көпiр үшiн т. б. үшiн қосымша салықтар төледi) . Осылайша феодалдардың шаруаларды қанауы күннен күнге күшейе түстi. Феодалдардың мұндай қанаудың күшеюiне Францияда шаруалар қауымы жаппай халықтың көтерiлiстермен жауап бердi. Мысалы: 997 жылы Нормандияда, 1024 ж. Бретеньде т. б. болды. Бұл процесс шаруашылыққиын жағдайын феодалдар аз да болса жақсартуға мәжбүр болды.

Италияны - бүкiл орта ғасыр бойына батыраңқы Батыс Европада жалғыз мемлекетi Италияның мемлекеттiк бiрiгуiне түрлi экономикалық iшкi саяси және сыртқы саяси жағдайлар мүмкiндiк бермедi. Ал шетелдiк шапқыншылық елдi әртүрлi саяси бөлiктерге бөлiп жiбердi. Мысалы, Солтүстiк және Орталық Италия ҮІ-ҮІII ғ. аралығында лангобардтарға бағынса, кейiннен Каролингтер империясына бағынды. Апулия, Калабрия және Сицилия Византия империясының қол астына қарады. Оңтүстiк Италия мен Орталық Италия Риммен қоса Пана билiгiне бағынады. Осылайша Италия IХ-ХІ ғ. саяси батыраң қы мемлекет бойынша.

Италияда феодалдық қатынастар әртүрлi облыстарда әркелкi жағдайда қалыптасты. Бiрақ бүкiл Батыс Европа басқа мемлекеттермен салыстырғанда ерте қалыптасты. Елдiң Солтүстiк және Орталығында Лангобардтардың билiгi жерге феодалдық иелiктi күшейттi. Яғни жердiң барлығы магнаттарға берiлдi. Ал Франктардың ҮІII ғ. жаулап алуы феодалдық қатынастардың дамуын одан әрi күшейттi. Нәтижеде шаруалар тәуелдiлiкке түстi.

Феодалдық қатынастардың дамуы Италияда товар-ақша қатынастарының дамуын тездеттi. Ең алдымен Италияда жерге iрi феодалдық иелiк орнатылды. Сөйтiп Италияда жер сатып алу мен сату обектiсiне айналдырылды. Ал жердi шаруалар либеллярлық аренда негiзiнде иемдендi. Ол бойынша 29 жылға немесе өмiр бойы иемденуге алды. Либеллярға жақын жердi арендаға алу формасы эмфитевзис болды. Оның мерзiмi 10, 20, 30 жыл болды. Бұлар бойынша жер иемденген шаруалар негiзiнен крепоснойлық жағдайға ұшырап отырды.

Ал Оңтүстiк Италияда Византия империясы көп уақыт бойы құл иеленушiлiк укладты сақтап қалды.

Ал Италияның терииториясында Батыс Европа басқа мемлекеттерге қарағанда антика дәуiрiндегi қалалар сақталды. Орта ғасырларда да бұл қалалар өздерiнiң қолөнер мен сауда орталығы маңызын сақтап қалды. Iрi портты қалалары шығыспен сауда байланысын сақтап отырды. Сонымен қатар көптеген қалалары епископтардың резиденциясы мен әкiмшiлiк орталықтары болып қалды. Дегенмен Солтүстiк және Орталық Италия қалалары IХ-ХІ ғ. iрi қолөнер және сауда орталығына айналды. Олар Халықаралық маңызы бар ярмаркаларға айналды. Мысалы мұндай қалалар Лукка қолөнер орталығы мен монета шығаратын орталық болды. Осылайша қалалар бiр-бiрiмен бәсекелесiп отырды. Көптеген итальян қалалары сыртқы сауданы феодалдық негiзге айландырды. Бiрақ батыраңқы болды. IХ-ХІ ғ. ғ. Бүкiл Италияда этникалық бiрiгу процесiн бастан кешiрдi. Сөйтiп әртүрлi этникалық топтардан келiп итальян ұлысы қалыптасты.

Германия. Герман мемлекетi Франк империясының құлауы нәтижесiнде құрылды. 843 жылы Верден шарты бойынша герман тайпаларының жаулап алған жерлерi Шығыс-Франк мемлекетiне бiрiктi. Бұл жерлер Людовик Немецкийге берiлдi. Бұған Швабия (Алемания) Бавария, Франкония, Саксония Тюринги едi. Ал IХ ғ. аяғы Х ғ. соңында Фразия мен Лотарингия ендi. Бұл территорияларда немiс этникалық тобымен қатар роман-славян топтары да болды. Олар негiзiнен ассимиляцияға ұшырады.

Германияда феодалдық қатынастар Франк империясының Батысымен салыстырғанда баяу қарқынмен жүрдi. Мұның ең басты себебi қауымдық-патриархтық құрылыстан феодализмге өту процесiн басынан кешiрдi.

Ал феодалдық қатынастар Германияның әртүрлi облыстарында әртүрлi негiзде болды. Себебi Германияның феодализмiнiң қалыптасуына Рим құлиеленушiлiк құрылысы мен франктердiң билiгi өз әсерiн тигiздi.

Атногонистiк таптарға - феодал жер иелерi мен тәуелдi шаруаларға бөлiну ХІ ғ. соңында ғана болды. Яғни осы кезден бастап әрбiр шаруа белгiлi бiр жер иесiне, тәуелдi болып белгiлендi. Олар осы иесiне түрлi салық төлеуге мiндеттелдi. Ең басты жер иелерi - герцогтар, графтар, архиепископтар, аббаттар болса, орташа жер иелерi рыцарлар болды. Германия феодалдық қатынастарының басқа мемлекеттерiмен салыстырғандағы ерекшелiгi мынада: Германия саяси жағынан бiрiккен мемлекет болды, яғни әрбiр герман феодалы өз сенборина қызмет етумен қатар корольдiң әскери қуатына көмек көрсетуге мәжбүр болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Тарих кабинетін безендіру
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Ертедегі грек тарихшылары
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Тарих ғылымының принциптері
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz