Жұтқыншақтың анатомиясы мен қызметі: фарингиттің себептері, клиникалық белгілері және емі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тамақ аурулары

Жұтқыншақ (pharynx) - бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пенкөмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту жәнетыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз , одан көмейге кетеді. Адамда Жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында - бассүйектің астыңғы жағынан, 6 - 7 мойын омыртқаларыаралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 - 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақтаңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. Ас ішкен уақытта, асты жұтпай тұрып, не шайыр шайнау кезінде қатты сөйлеу (күлу, тағы да басқа) өте қауіпті, себебі, ауа ағынымен бірге ас жентектері көмейге өтіп кетіп, оны бітеп қалуы ықтимал. Бұл жағдай адам өліміне әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Жұтқыншақтың жоғарғы күмбезінің және артқы қабырғаларының шекарасында Жұтқыншақ бадамшасы (аденоид - балаларда жақсы дамыған) орналасқан. Мұрындық бөліктің екі бүйір қабырғаларында - есту түтігінің Жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Есту түтігі Жұтқыншақты ортаңғы құлақ қуысымен жалғастырып, ондағы ауа қысымын сыртқы ауа қысымымен теңестіру қызметін атқарады. Есту түтігінің айналасындағы шырышты қабықта лимфоидты тіннің жиынтығы - түтік бадамшасы болады. Төменгі сатыдағы хордалыларда Жұтқыншақтың төменгі жағында сумен келген қорегін сүзіп алатын аппараты - эндостилі болады. Жұтқыншақ омыртқалы жануарларда көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Барлық құрлық жануарларының ұрықтық дамуы кезінде Жұтқыншақта желбезек қапшықтарыпайда болады. Мұның соңғы жұбынан өкпе дамиды. Жұтқыншаққа жалғас өңеш, көмей және евстахий түтігі, ал сүтқоректілердетаңдай пайда болғандықтан, бұған қоса ішкі танау, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда ішкі танау тесігі ауыз қуысына ашылады. Жан-жағынан таңдай доғаларымен жалғасып, ішінде бадамшалар орналасқан ауыз қуысының Жұтқыншақпен жалғасқан жерін сүтқоректілерде аңқа (іsthmus faucіum) деп атайды. Омыртқасыз жануарларда Жұтқыншақ - алдыңғы ішектің жекеленген бұлшық етті бөлігі.

Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықетұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі өрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, өрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.

Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

Өңеш - ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттердегі гастрит: себептері, клиникалық белгілері, емі және профилактикасы
Өкпенің ошақты туберкулезі: патогенезі, патологиялық анатомиясы, клиникалық және рентгенологиялық белгілері, диагностикасы мен емі
Малдардағы бронхопневмония: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен емі
Перитонит: себептері, жіктелуі, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу (адамдар мен жануарлар)
Сиырларда қансырау анемиясы және бұзауларда гемолитикалық анемия: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Желін флегмонасы: этиологиясы, клиникалық белгілері және емі
Шизофрения: себептері, клиникалық көрінісі, жіктелуі, диагностикасы, емі және болжамы
Ас қорыту жүйесі: анатомиясы, қызметі және патологиясы (клиникалық және ветеринариялық аспектілер)
Бұзаудың гастроэнтериті: клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі мен алдын алу шаралары
Малдардағы тимпания мен асқазан-ішек шаншу синдромдары: патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz