Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері


Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А. В. Луначарский, М. Н. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н, К. Крупская еңбектері онын он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымыныц барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, окушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-кұлык, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, кұнды педагогикалык мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупскаяның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру жәпе демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) «Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж. ) деген ірі педагогякалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқуды өнімді еңбекпен ултастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымынын, дамуына игі әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927) », авторы А. П. Пинкевич, А. Г. Калашниковтың редакциясымен дайындалған уш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-3928) ; И. А. Каировтын (Москва, 1939) және П. Н. Груздеваның (Ленинград, 1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888 -1939)
педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмы-сын жургізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды,
А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983 - 1986 жылдары жазылып баспадан шықкан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбйелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», тағы да көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі прннциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай педагопікалық талаптарды зерттеп жинақтады.
Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі - Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зертеп оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. Бұған А. С. Макаренконың мұрасын тәрбие жүмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола алады. Бұл симпозиумға окулықтың авторы Ж- Қоянбаев қатысты. Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиелену-шілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары: Гюнтер (Германия), А. Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Вьетнам), т. б. А. С. Макаренконын, бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның енбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы біріңғай тұтас пікірлер де болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
А. С. Макаренко педагогиканың үздік шыкқан жаңашыл қайраткері, оның идеяларын меңгеру - педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы.
Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану - тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудын басты жолдары
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірдей үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі кажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сай тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланысын зертейді, тәрбие ісінде мектептін, үйелменнің және жұртшылыктың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда еңбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалык теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Респубдикасыиың
Заңы» (1992), Қазакстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазакстан Реепубликасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) Педагогика ғылымының зор суйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.
Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа алып, окушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пікірлерін қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе, өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) . Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрап, оку-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халкының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын мектептердін мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді, тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс кұрұға үйретеді», - деді, Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. »Шоқанның ағартушығалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі максаты - халкына қайткенде де білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру еді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) . Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, казақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу кұралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының коғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.
Мұны қазақ жерінде екі сыньшты - орыс мектебінің, тұңғыш
мүғалімдер мектебінің (І888 ж. ) ашылуынан, орыс-казак мектептеріне арнап «Қазақ хрестоматиясы» (1889 ж. ) . «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш кұралы» (1889 ж. ) кітаптарының жарық көруінен көреміз.
Ы. Алтынсарин қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғайда қолөнер. Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады. Кейінірек қыздар училищелері өмірге келді.
Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғаклия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан кұмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар түрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғүрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы, оның педагогикалық көзқарастарының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол . . . жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.
Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.
«Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой-пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту, тәлім-тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы-демократ деңгейіне көтерілді.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді. «Ары тазаның жаны таза» деген қорытындыға келді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінін, бірі - Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) . Шоқан, Абай, Ыбырайлар салған ағартушылық арна-дәстүрін әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы - адалдық және ғлымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырды. Бар білімнің түп атасы ақыл деп корытындылайды.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) бай пе-дагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов «Қазақ - газетінде» (1914 ж. ), «Мектеп керектері» деген мақаласында ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әрі іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі боларға керек . Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы . . . », деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz