Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер



Кіріспе
1. А. Гитлердің өмірінің алғашқы кезеңі және партиядағы билік жолындағы күресі
1.1. Гитлердің жастық шағы
1.2. Гитлердің билік жолындағы алғашқы қадамдары мен күресі
2. А. Гитлердің Германиядағы билікті толықтай қолына алуы және жаңа режим орнатуы
2.1. Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Фашизм тарихи құбылыс ретінде осы күнге дейін пікірталастар мен қызығушылықтар өзегіне айналуда. Мұны жан-жақты зерттеу фашизмнің табиғатын терең түсінуге және оның алдын алуға мүмкіндік береді. Германиядағы национал-социализмнің қалыптасуын зерттеу отырып, біз фашистік тоталитарлық диктатураның қалыптасу жолдары мен тәсілдерін көктей шолуға мүмкіндік аламыз. Бұл қазіргі кезде шовинизм, диктатура және күш көрсету бас көтеріп отырған кезеңде айрықша өзекті.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Германияда орын алған фашизмнің қанқұйлы сипаты туралы адамдардың есіне үнемі салып отыру керек. Бұл әлгіндегідей құбылыстардан бойды аулақ салу үшін керек.
Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер болды.
Өмірінің алғашқы 30 жылында ол өзін көрсете алмады, ал қалған 26 жылында бүкіл адамзат баласын өзінің қанқұйлы істерімен тітірентті.
Гитлердің саяси мансабы алғашқы кезеңінен бастап соңғы сәтіне дейін – бұл фашизмнің әрекетінің бірден бір классикалық үлгісі. Гтилер, «Мен билікті қалаймын», - деп жазды “Mein Kampf” кітабында.
Осы мақсатқа жету жолындағы оның мансапқа ұмтылу бағытының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:
1-кезең – НСДАП-қа абсолюттік билікті жеңіп алуы (1919-34 жж.)
2-кезең – Германияға абсолюттік билікті алуы (1933-39 жж.)
3-кезең - Әлемге үстемдік етуді қолға түсіруге ұмтылу.
Гитлер алғашқы екі кезеңді табысты жүріп өтіп, жеңімпаз болды, алайда үшіншісіне келгенде ол күйреуге ұшырады.
1. Геббельс Й. Дневники //Новая и новейшая история.- 1995.
- № 1-3.
2. Геббельс Й. Последние записки. - Смоленск.: Русич 1993.
3. Гитлер А. “Моя Борьба”. - Ростов-на-Дону.: ИТФ “Т-Око”, 1996.
4. Нюрнбергский процесс над главными военными преступниками. сб. материалов. - т.3,7; М.: Наука, 1958-61.
5. Пикер Г. Застольные разговоры Гитлера. - Смоленск.: Русич. 1993.
6. Раушинг Г. Говорит Гитлер. Зверь из бездны. - М.: Миф. 1993.
7. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права., ред. Батыра К.И., Поликарповой Е.В. т.2., М: Юрист, 1996.
8. Шеленберг В. Лабиринт. Мемуары гитлеровского разведчика. Дом Бируни, 1991.
9. Шпеер А. Воспоминания. -Смоленск. -Москва: Русич- Прогресс,1997.
10. Толланд.А Гитлер. - М.: Республика,1993, т.1,2.
11. Фест И. Гитлер. - М.: Республика,1993, т.1.
12. Форбс К. Вождь и призрак. - М.: Логос,1993.
13. Фромм Э. Адольф Гитлер: клинический случай некрофилии. -М.: Высшая школа, 1992.
14. Хлебников Г. Интимная жизнь А. Гитлера. - М.: Миф, 1995.
15. Чёрная Л. Коричневые диктаторы. (Гитлер, Геринг, Гиммлер, Геббельс, Борман, Риббентроп). -М.: Республика, 1992.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. А. Гитлердің өмірінің алғашқы кезеңі және партиядағы билік жолындағы
күресі 4
1.1. Гитлердің жастық шағы 4
1.2. Гитлердің билік жолындағы алғашқы қадамдары мен күресі 5
2. А. Гитлердің Германиядағы билікті толықтай қолына алуы және жаңа режим
орнатуы 8
2.1. Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер 11

Кіріспе

Фашизм тарихи құбылыс ретінде осы күнге дейін пікірталастар мен
қызығушылықтар өзегіне айналуда. Мұны жан-жақты зерттеу фашизмнің табиғатын
терең түсінуге және оның алдын алуға мүмкіндік береді. Германиядағы
национал-социализмнің қалыптасуын зерттеу отырып, біз фашистік тоталитарлық
диктатураның қалыптасу жолдары мен тәсілдерін көктей шолуға мүмкіндік
аламыз. Бұл қазіргі кезде шовинизм, диктатура және күш көрсету бас көтеріп
отырған кезеңде айрықша өзекті.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Германияда орын алған фашизмнің қанқұйлы
сипаты туралы адамдардың есіне үнемі салып отыру керек. Бұл әлгіндегідей
құбылыстардан бойды аулақ салу үшін керек.
Неміс фашизмінің басты тұлғасы – Адольф Гитлер болды.
Өмірінің алғашқы 30 жылында ол өзін көрсете алмады, ал қалған 26
жылында бүкіл адамзат баласын өзінің қанқұйлы істерімен тітірентті.
Гитлердің саяси мансабы алғашқы кезеңінен бастап соңғы сәтіне дейін –
бұл фашизмнің әрекетінің бірден бір классикалық үлгісі. Гтилер, Мен
билікті қалаймын, - деп жазды “Mein Kampf” кітабында.
Осы мақсатқа жету жолындағы оның мансапқа ұмтылу бағытының үш кезеңін
бөліп көрсетуге болады:
1-кезең – НСДАП-қа абсолюттік билікті жеңіп алуы (1919-34 жж.)
2-кезең – Германияға абсолюттік билікті алуы (1933-39 жж.)
3-кезең - Әлемге үстемдік етуді қолға түсіруге ұмтылу.
Гитлер алғашқы екі кезеңді табысты жүріп өтіп, жеңімпаз болды, алайда
үшіншісіне келгенде ол күйреуге ұшырады.

1. А. Гитлердің өмірінің алғашқы кезеңі және партиядағы билік жолындағы
күресі

1.1. Гитлердің жастық шағы

Гитлер кім деген сұраққа жауап іздеп көрелік. А. Гитлер – Германиядағы
фашисттік Ұлттық-социалистік жұмысшылар партиясының көсемі (1921 ж.
бастап). Германдық фашисттік мемлекеттің басшысы (1933 ж. бастап). Екінші
дүниежүзілік соғыстың өртін тұтандырушы. Нюрнберг процесінде басты ұлтшыл
соғыс қылмыскері болып табылды.
ХХ ғасыр адамдарының санасына Гитлер толық жауыздықтың жүзеге
асырушысы ретінде кірді. Адамға қарсы ең қорқынышты қылмыстар оның есімімен
байланысты. Ол екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтандырды, адамзат
тарихында қанқұйлы геноцидке жол берді.
Неміс фашистерінің болашақ фюрері Австрия мен Германияның шекарасында
1889 жылы 20-сәуір күні Браунауда туған. Оның әкесі Алоис Шикльгрубер
австриялық кеден қызметкері болған. Туғанда алған фамилиясында 1876 жылға
дейін болған, одан кейін ағасы Иоганн Гитлердің отбасында
тәрбиеленгендіктен Гитлер фамиялиясына ауысқан.
Адольфтың шешесі, қыз кезіндегі фамилиясы Клара Пельцль күйеуінен 23
жас кіші болған, ол шаруалар отбасынан шыққан. Жұбайлар жақын туыстық қарым-
қатынаста болған. Кларадан туған жеті баланың төртеуі балалық шақтарында
қайтыс болады, қалғандарының біреуі ақылдан алжасқан және тағы біреуі
ақымақ болған. Адольфтың психикалық ұшқалақтылығы да белгілі. Оны қатты
жақсы көрген шешесі де ұлын алжыған деп атаған. Бала жабырқаңқы және
ренжігіш болып өсті. Бұның бір себебі әкесінің дөрекілігі мен деспотизмінде
жатыр. Әкесі арақ ішкіш болып, балаларын жиі ұрған.
Адольф алғашқы білімді кішкене Фишльхам қаласындағы мектептен алған.
Екі жылдан кейін шешесі баласының шіркеу қызметкері болғанын қалап, оны
бенедиктинтердің приходской мектебіне жібереді. Алайда Адольфты шіркеу
бақшасында шылым тарқаны үшін одан шығарып тастайды. Кішкентай Гитлер одан
кейін Леондинга мектебінде оқиды, ол жерге отбасымен көшіп барады. Одан
кейін оқуын Линце мен Штейредегі мектептерде жалғасты. Адольф ерекше
ұқыптылықпен ерекшеленбеген. Гитлердің өзінің еске түсіруші бойынша, ол
өзіне ұнайтындарды ғана оқыған. Пәндердің ішінде Адольфқа тарих ұнаған.
Барынша пангерманист оқытушы Леопольда Петчаның әсерімен ол германияның
ұлтшылдық идеяларына еліккен.
1907 жылы октябрьде 18 жасында болашақ ұлтшылдықтың идеологы Венаға
кетеді. Жасөспірім суретші болуды армандайды, бірақ Веналық суретшілер
академияcының емтихандарынан құлап қалады. Өзінің сәтсіздігіне Адольф
топас профессорларды кінәлады, бір сәт те өзінің қабілеттілігіне күмән
келтірмеді.
Венада қалып, Гитлер аянышты халде жартылай аштықта өмір сүрді. Қайыр-
садақадан жиренбей, фотографиялардан көшіріп сурет салып, эскиздер сатып,
кездейсоқ пайдамен күн көрді. Жас жігіт өзінің барлық сәтсіздіктерін
басқалардан көруін қоймай үдете берді. Бұл басқалар оның ойынша әлемді
жою үшін марксистермен біріккен, еврейлер бет әлпетіндегі адамдар еді.
Адольф Ұлы Германияны армандауы жалғасып, енді бұл арманына оккультизмнің
едәуір бір үлесі араласты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Гитлер еңбекке әлсіздігіне
байланысты әскери қызметке жарамсыз болып табылды. Бірақ Адольф соғысқа
баруға тырысты және соғысқа баруына көмектесуге король Бавариге барды.
Үкімет қол үшін беріп, жаңа шақырылған солдатты 16-шы бавар полкіне
орналастырды. Оның Бірінші дүниежүзілік соғыстағы фронттар бойынша
қиыншылықтары басталды.
Гитлер өзінің әлсіздігіне қарамастан батыл солдат болды. Ол төрт жыл
ішінде 47 айқасқа қатысты, екі рет жаралы болды, госпитальда жатып, озат
атағын алып және екі құрметке марапатталды. Жай солдат үшін жиі кездесетін
жау офицерлерін және он алты солдат өлтіргені үшін, соңғы – бірінші
деңгейдегі темір крестін алды.
1916 жылы 7 қазан күні Адольф газдық шабуылға түсті. Осыдан кейін оған
үш ай лазаретте жату керек болды. Дәл осы қиналу сәтінде ол Германияны
жеңгендерге жеккөрішпен қарап, өзі саясатпен айналысамын деп шешті.

1.2. Гитлердің билік жолындағы алғашқы қадамдары мен күресі

Гитлер ауруханадан жазылып шыққаннан кейін Мюнхенге қайтты. Соғыстан
кейінгі саяси оқиға – Германиядағы революция және Веймарск мемлекетінің
құрылуы – оның тітіркенушілік және жеккөрушілік сезімін оятты. Сондықтан ол
әскери басшыларының саяси одақтарға тыңшы болу ұсыныстарына қуана келісті.
Жақын арада көптеген жеке көзқарастарымен сәйкес келетін кішкентай неміс
жұмысшылар партиясынан құрылған топқа оның көңілі ауды. 1919 жылдың аяғында
осы топтың толық мүшесі болды, кейінірек атқару комитетіне кірді. Оның
үгіттеушілік қабілеті тез арада қолданылды және алға жылжуға көмектесті.
Болашақ фюрердің бастамашылығы бойынша партия жаңа атқа ие болды –
Германиядағы ұлттық-социалистік жұмысшылар партиясы (НСДАП). Оның мүшелері
ұлтшыл социалистер немесе ұлтшылдар деп аталды. Олардың көсемдері партиялық
символ ретінде ежелгі солярлық белгі – свастиканы қолдануды ұсынды.
Гитлердің түсінігі бойынша, бұл шығармашылық қозғалыстың және ариялық
тектің керемет белгісі болды.
Гитлер ойыншы болды, ол немістердің өмірімен және өз өмірімен ойнады.
Ол билікті көксеп, соған жетуге бар күш-қайратын жұмсады. Бұған НСДАП
ерекше жағдай жасады.
Гитлердің абсолютті билікке ұмтылу жолы партиядағы билікке күрестен
басталды. Партияға Гитлер 1919 жылы мүше болып, оның болашақта басшыларының
біріне айналды.
Гитлердің НСДАП-тағы билік үшін күресі 1919 жылдан 1934 жылға дейінгі
кезеңді қамтиды. Ол үш кезеңнен тұрды. Күрестің хронологиялық кезеңін
былайша көрсетуге болады:
1-кезең. 1919-1921 жж. – НСДАП негізін қалаушылармен қарсы тұру;
2-кезең. 1921-1932 жж. – сол оппозициямен күрес;
3-кезең. СА отрядын басып алып, 1934 жылғы билік басына келумен
аяқталу.
1920 жылы 24 ақпанда симетизсге карсы ұлтшылық ариялық тектің
кереметтігі либералдық демократиялық жеккөрушілік және фюрер принципі
мәселелерін көтерген 25 тармақтан тұратын бағдарламаны жариялады. Жақын
арада ұлттық акцияны және жиналыстарды қорғау үшін қарулы отрядтар құрылды
СА-қоңыр көйлектілер. Гитлерді қорғауға гвардия құрыла бастады – СС, қара
көйлектілер, ол фюрерге шын берілу арқылы таңдап алынған адамдардан
құрылды.
1923 жылы 8 қараша күні ұлтшылдардың көсемі мемлекеттік төңкеріс
ұйымдастыруға тырысты және ұлттық қозғалысты басқарды, бірақ, күйзеліске
ұшырады. Бұл акция тарихқа сырахана бүлігі атымен енді. Осы оқиғаның
арқасында ұлттық қозғалыс мемлекет бойынша және шетелдерде кең танымал
болды. Гитлер Германияның көпшілігі үшін ұлттық батырға айналды.
Мемлекетті сатқаны үшін ұлтшыл көсем тоғыз ай ғана түрмеде болды.
Желтоқсан айында амнистия бойынша ол босатылды. Гитлер бос уақытын жай
жіберген жоқ: қамауда ол Маин Кампф кітабының бірінші томын жазды, бұл
кітап тез арада керемет атаққа ие болды. Бұл кітап автобиографиялық
мағлұматтан, философиялық пікір және ұлтшылдар үшін бағдарлама іс-әрекеттен
тұрды. Гитлер үкіметті басқару ашық формалық жұмыстардан тұрады деген
қорытындыға келді.
20-шы жылдары фашистердің жағдайы адам қызығарлық емес еді. Олардың
ыкпалы 1929-1933 жылдарғы экономикалық дағдарыс жылдарында тез өсе бастады.
Экономикалык дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан
мыңдаған жұмыссыздық, шаруалар мен қолөнершілердін жаппай қайыршылануы
үкіметтін халықтың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап
етті. Алайда бірінен соң бірі ауысқан үкімет ескірген басқару аясынан шыға
алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды қысқартқан экономикалық саясатты
жүргізе берді. Осындай саясат үкімет басында отырғандарды, демократияны
сынаушыларға жол ашты. Веймар Республикасы беделінің құлдырауына оны
масқара Версаль бітімшартының туындысы деп сипаттау әсерін тигізді.
Осылайша дағдарыс жылдарында демократияға қарсы партиялар, әсіресе елді
дағдарыстан шығаруға және мықты билік орнатуға уәде берген нацистер
күшейді. Веймар Республикасын қолдаған партиялар азайды. Нацистер
Германияда ец мықты саяси партияға айналды.
Фашистік қозғалысты ұлтшыл көңіл күйдегі қолөнершілер, шаруалар, соғыс
ардагерлері, жұмыссыздар қолдады. Нацистерге Германия ірі капиталының
ықпалды тобы қолдау көрсетті. Жұмысшылар нацистердің ықпалына бірден түсе
қойған жоқ. Дегенмен олардың біраз болігі социалистік революшияны
колдағандарды - коммунистерді қолдап, Веймар Республикасына қарсы шықты.
Коммунистер мен социал-демократияның арасындағы бітіспес дау солшыл
күштердің антифашистік әрекеттерде бірігуіне кедергі келтірді. Нацистер өз
жағына демократияға наразы болған жастарды көптеп тарта алды. НСДАП-ныц 13
мүшесі 30-ға жетпеген жастар еді. Сайлаушыларға нацистердің сайлау
алдындағы тактикасы ұнады.
Эсэсовшылар мен штурмовиктер митингілерде саяси қарсыластарына шабуыл
жасады, басқа партиялардың белсенділерін ұрып-соқты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы
А.гитлердің германияға жеке билік режимінің орнауы
Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Германия тек бір саяси партия
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Германия коммунистік партиясы
Фашизм және оның саяси идеологиясы
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Пәндер