Кәсіпкерлікті ұйымдастыру



1. Фирма
2. Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік
3. Корпорация
4. Фраичайзипг
5. Веичурлік фирма
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік немесе партнерлік;
• корпорация (акционерлік қоғам).
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі —капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды түлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кен. тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады. Серіктестік (партперлік) дегөніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды түлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл. қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фмрма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығысғарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасылың мекемелері және тағы басқа көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше
кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға
ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр
түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары
және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе
кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

• серіктестік немесе партнерлік;

• корпорация (акционерлік қоғам).

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес.
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілігі —капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді,
өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды түлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кен. тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән
болады. Серіктестік (партперлік) дегөніміз екі және одан көп адам иелік
ететін бизнес. Бұл да заңды түлға емес, сондықтан табыс салығын ғана
төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл. қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды
іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша
капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

• фмрма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

• фирма табыстары мен шығысғарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр
кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.Брокерлік кеңселер, аудиторлық
фирмалар, қызмет көрсету сферасылың мекемелері және тағы басқа көбінесе,
серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау
үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне
құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның
иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп
аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері
шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар мен облиғацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз
мүмкіндігі;

• акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқық қ а
бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның
мүліктерінің құнынын, бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік
қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық
құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар
мамандарды шақыра алады;

• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционер шығуы фирма
қызметіне, оның жабылуыла әсер етпейді. Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік
формасының кемістіктері:

• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының
бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы:біріншісі — корпорация
пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол
болуы;

• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша
көп дивиденд алуға ынталы болады,менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа
жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан
көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып
бөлінеді.

Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын
құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді.
Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise — жеңілдік) жүйесі
мен венчурлік (venture — бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.

Фраичайзипгке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада,
өздерінің қызметтерінде ірі фирманыңфабрикалық маркасын пайдалану құқығына
ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан
тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші
фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері
арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа яайдалы: ұсақ фирмалар
ірілерден қамк.орлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал
ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына
алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

Веичурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері
тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар
қажеттеріне, шығындардың төмендеуін е сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі
мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап,
оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да
пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстандақұрыла бастады, бірақ жалпы
шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:

• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін
соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін
кеңейтуге ат салысады;

• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға
көмектеседі;

• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші
бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының
кепілі болып табылатын орташа таптың даму иегізі. Бірақ шағын бизнестің
даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.

Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:

Ішкі факторлар:

• старттық капиталдың жетімсіздігі;

• банкілермен байланыстың нашарлығы.

Сыртқы факторлар:

• қисынсыз салық жүйесі;

• заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;

• криминалдық прессинг.

Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүргізу қажет:

• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;

• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;

• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.

Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ
кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы
мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім
шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін мүгедектерге, жарымжандарға
арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) тағы басқа.

Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және молөнім өндіруге мүмкіндік
береді.

Енді мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:

1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?

2. Фирмалар не үшін құрылады?

3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, иеліктен барлық
экономика жаппай, түгел нарық түрін алмайды?

Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау
және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды Мәселе нарық
механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің
жеткізушілері мен жабдықтаушылары кәне сатып алушылары туралы, келіссөз
жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға
мәжбүр болады. Осы үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Кәсіпкерлік құқық субьелтілері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Пәндер