Латын әліпбиіне көшудегі техникалық мәселелер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

  • 26. 07. 2013
  • Қазақ тілі
  • Комментировать
  • agessa

http://turboreferat.kz/download1.png

Соңғы жылдары қазақ тілін латын әліпбиіне қайтару туралы бірсыпыра жобалар жарық көруде. Алайда, олардың қолданыстағы техникалық стандарттары мен үйлесімділігіне көбінде мән берілмейді. Алдағы уақытта ұсынылып жатқан жобалар іске асырылған жағдайда қазіргі кирилл жазуынан да артық техникалық киыншылықтарды туғызатынын ескерген жөн. Төменде қазақ тілінің жаңа латын әліпбиін жобалағанда ескеретін техникалық мәселелер қарастырылады.

Кілт сөздер: латын әліпбиі, кириллица, стандарттар, ISO-8859-1 (Latin 1) стандарты, кодтамалар, Unicode кестесі, ASCII кестесі.

Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдерден бері айтылып та, талқыланып та келе жатқанымен, күні бүгінге дейін тоқтамды, әрі бір байламды шешімге келе алмай отырған мәселенің бірі - латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл жайында жиырма жыл бойы тіл мамандарымен қатар қоғам қайраткерлері де, саясатшылар да, түрлі БАҚ өкілдері де айтып та, жазып та келеді.

2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: - «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», - деген болатын [1] . Ал, арада алты жыл өткеннен кейін Елбасы тағы да бұл тақырыпқа қайта оралып, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында « Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен

интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» - деп нақты межені атады.

Міне, бұдан байқағанымыздай соңғы бірнеше жылдан бері Елбасымыз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтеріп келеді. Бұл мәселе қазіргі таңда Үкімет тарапынан да, Парламент тарапынан да, ұлт зиялылары мен халық арасында да кең қолдауға ие болып отыр.

Бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғы шарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылды. Ал, латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын [2] .

Техника жағынан келетін болсақ, әсіресе, интернет жүйесіндегі қазақ тілінің қолданыс аясы өте тар. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық технология саласында біз көп мемлекеттерден артта қалып келеміз. Сондықтан да латын әліпбиінің мүмкіндігі мол екенін мойындауымыз керек.

Соңғы жылдары қазақ тілін латын әліпбиіне қайтару туралы бірсыпыра жобалар жарық көрді. Алайда, олардың қолданыстағы техникалық стандарттарымен үйлесімділігіне көбінде мән берілмейді. Сонымен ұсынылып жатқан жобалардың біразы іске асырыла қалған жағдайда қазіргі кирилл жазуынан да артық техникалық киыншылықтарды туғызатынын ескерген жөн. Төменде қазақ тілінің жаңа латын әліпбиін жобалағанда ескеретін техникалық мәселелеріне тоқталып өтейін.

Жалпы қазір ақпараттық жүйелерде мәтінді кодтаудың екі түрі қолданыста. Жаңасы - 16 биттік ISO-10646 (Unicode) стандартты кодтауы. 16-биттік кодтау кестесіне 2 16 =65536 таңба сыяды. Бұл жер жүзіндегі барлық әліпбилер мен тіпті бірнеше мың иероглифтерді де жалғыз кестемен қамтиды. Unicode жыл сайын қолдану аясын кеңейтіп келе жатқан кодтамасы (кесте 1, 2) . Мысалы, мәтінді жазып өңдеу үшін өте жиі қолданатын Microsoft Word бағдарламасы осы кодтау тәсілін қолданады. Түбінде бірте-бірте, Unicode-тың арқасында латын емес әліпбилерінің латын әліпбиімен «терезесі тең» болуы мүмкін. Ашық айту керек - бұл тілімізді қазіргі кириллицада қалдыруды жақтайтындардың ұпайын қосатын жағдай [3] .

Түсінікті болу үшін айта кетейін кодтамалар тор-кесте түрінде келтіріледі: мысалы Q әріптің коды 51, өйткені бұл әріп 50-ші жолмен 1-ші бағанның қиылысында орналасады (50 + 1 = 51) . Кестелерде сандар он алтылық жүйесінде жазылады, яғни санның әрбір цифрасы өскенде бірден он алтыға дейін: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F таңбаланып жүріп өтеді. Он алтылық жүйедегі сандарды үйреншікті ондық жүйедегі сандардан ажырату үшін олардың алдында 0x префикс жазылады, мысалы жаңағы Q әріптін коды 0×51. Санды оналтылық түрінде жазуын ыңғайлығы - санның әрбір таңбасы төрт битке сәйкес келеді, яғни екі таңбалық он алтылық сан - сегіз бит, тура бір байт, сонымен сегіз биттік сан 0×00 -ден 0xFF-ке дейінгі өрнектермен таңбаланады. Солай екі байттық (он алты биттік) сан 0× - 0x арада болады. 0x деген сан ондық түрінде 65535 деп жазылады. Сан он алтылық жүйеде екені қарапайым жағдайда да анық болса 0x префиксін жазбауға да болады.

Екінші мәтінді кодтау тәсілі - 8-биттік кодтау. 8-биттік кодтау кестесіне небары 2 8 =256 таңба сыятын болғандықтан қолданыстағы кестелер көп - әрбір әліпбиге арнап бір, тіпті бірнеше кестелер стандартталынған. Маңызы төмендеп бара жатқан тәсіл болса да, 8-биттік кодтамалардың қолданылуы әлі кең. Ақпараттық технологиялар саласындағы әдет бойынша 8-биттік

барлық кодтау кестелердің бірінші жартысы (яғни 0-127 деген кодтары) таза латын (яғни A-Z және a-z әріптері) әліпбиіне берілген. Бұны ASCII (American Standard for Computer Information Interchange) стандарты деп атайды.

ASCII кестесінің жоғарғы екі жолы символдарды таңбаламайды, сондықтан бұл орындар кестеде бос. Қалыптасқан дәстүр бойынша ASCII кестесі бүкіл сегіз биттік кодтама кетесінің бірінші жартысында (0×00-0x7F) орналасады (кесте 3) . Сонымен 8-биттік кодтама кестелері бір-бірінен тек соңғы 128 символдармен (0×80-0xFF) ерекшеленеді. Мақаламызда келтірілген кестелерде әрбір символдың үстінде оның он алты биттік (және он алтылық жүйе түрінде) Unicode коды жазылады. Unicode кестесі ASCII кестесінен басталатын болғандықтан, жоғарыдағы «юникод» пен 8-биттік кодтары бірдей.

3-кесте. ASCII кестесі

8-биттік кестелерінің екінші жартысында (яғни 128-255 деген кодтарында) жергілікті әліпбилер орналасады, латын әліпбиін қолданатын тілдерде - қосымша диакритикалық белгілі әріптер, латын емес әліпбилерде - толық сол жергілікті әліпбиі. Мысал үшін қазақ тілінің 8-биттік кодтау ҚРСТ-1048-2002 стандартты кестесі (кестенің екінші жартысы) келесі 4-кестеде келтірілген:

Мәселе осы 8-биттік кестелерінің таралымында, ақпараттық жүйелердің біразы кирилл жазуын қолдамайды, ал кирилицаны қолдағанның арасында, қазақ тілінің қосымша әріптерін қолдайтыны мүлдем сирек. Кирилл жазуының ыңғайсыздығы дегеніміз осында жатыр.

Ең кең таралған 8-биттік кесте - ISO-8859-1 (Latin 1) стандартты кестесі (5-кесте) . Бұл стандарт бірқатар батыс еуропалық ықпалды тілдерді қамтамасыз етеді, соңдықтан барлық дерлік ақпараттық жүйелерде қолдау тапқан.

Осы ASCII + ISO-8859-1 кестесіндегі таңбалар шеңберінен шықпаған тіл, латын әліпбиінің ыңғайын толық көреді. Басқа бірқатар ISO-8859 стандарттар, өзге латын әліпбиін қолданатын тілдерге арналған: ISO-8859-2 (Latin 2) - шығыс еуропалық, ISO-8859-3 (Latin 3) - оңтүстік еуропалық, ISO-8859-4 (Latin 4) - солтүстік еуропалық тілдерге арналған. Әрбір осы кесте аталған тілдерінің диакритикалық белгілермен түрлендірілген әріптер жиынтығын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттық жүйелерде ISO-8859-1 (Latin 1) стандарттан сирегірек кездеседі. Түрік тілінде, өзге тілдерде мүлдем кездеспейтін (нүктесіз і) әріпі бар болғандықтан, түріктер бір дербес, арнайы стандартқа ие - ISO-8859-9 (Latin 5) . Бұл кесте ақпараттық жүйелерде орыстардың кириллицасынан да сирек кездеседі, сондықтан түрік тілі латын әліппесінің ыңғайын толық көріп отыр деген, біздің ойымызша, қате пікір. Түрік латын әліпбиі XX ғасырдың екінші ширегінде (яғни ақпараттандыру дәуірінен бұрын) калыптасқан, сол себептен бұл жағдай ескерілмеген [3] .

Әзірбайжан XX ғасырдың ең соңында латын әліпбиіне қайта көшуді бастаған болса да, ол кезде ешбір қолданыстағы 8-биттік стандартқа сәйкес келмейтін таңбалар жиынтығын қабылдаған. Жалпы әріптер жинағы түрік тіліне ұқсас, бірақ бір айырмашылығы - латын әліпбилерінде өте сирек қолданылатын «» әріпі бар. Осы әріпке бола жаңа ISO-8859-9e деп аталған стандартты қабылдауға мәжбүр болған. Бұл стандарт тек түрік және әзери-түрік тілдерді қамтамасыз ететін болғандықтан, тек осы елдерге арналған ақпараттық жүйелерде іске асырылады. Сонда әзірбайжан тілі бір сирек қолданылатын жүйеден басқа сирек қолданылатын жүйеге көшкен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Ономастикалық атаулар жаңа қазақ әліпбиі кеңістігінде проблематикалық мәселелері және шешу жолдары
Палеографияның қазақ жазбаларындағы (хан- би жарлықтары, ресми қатынас кағаздары, жеке тұлғалардың хаттары, т. б. əр тұрлі құжаттар) таңбалардың қолданылу ерекшелігін анықтау
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz