Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу



Кіріспе

I. Қаржылық жоспарлау. шаруашылықты жургізу механизмінің басты құрамдас бөлігі

1.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары

1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар

II. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті жоспарлау негіздері

2.1. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері және өндірістік бағдарлама

2.2. Бюждетті жоспарлау негіздері

III. Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары
Қаржылық жоспарлауды жетілдіруде атқарылып жатқан
іс.шаралар.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді.
Жоспарлау мен болжау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспары. Астана, 2001 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 1997 ж. 11 қазан.
3. Г.Ө. Жолдасбаева. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, экономика, 2002 ж.
4. Үркімбаева М.Ф., Үркімбаева Б.Ф., Аманбаев Б.Б., АқыловТ.Қ., Есіркепова А.М. Бизнес-жоспарларды жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Шымкент. 2006 ж.
5. Б. С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет. Алматы, экономика, 2006 ж.
6. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
7. «Бизнес-планирование» / Под.ред. В.М. Попова, С.И. Ляпунова – М.: Финансы и статистика, 2000 г.
8. Горемыкин В.А. Бизнес-план: мтодика разроботки 25 реальных образцов бизнес-плана. – 4-е изд., перераб. и доп. – М: Ось-89, 2003 г.
9. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004 ж.
10. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Аматы: РИК, 1994 г.
11. Мельников В.Д., Ильясрв К.К. Финансы.-Алматы: қаржы-қаражат, 2001ж.
12. Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, - Алматы, «Тұран», 2001 ж.
13. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000 ж.
14. Қ.Қ Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы. Алматы: 2005 ж.
15. Үмбетәлиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Алматы: 2002 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I. Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу механизмінің басты
құрамдас бөлігі

1.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ..

1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

II. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті
жоспарлау негіздері

2.1. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері және өндірістік
бағдарлама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Бюждетті жоспарлау негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

III. Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары
1. Қаржылық жоспарлауды жетілдіруде атқарылып жатқан
іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі
және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге
бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау
халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның
негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен
жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз
сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және
реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін
ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара
байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және
әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара
тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше
көріністерін зерттейді.
Жоспарлау мен болжау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін
болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін
басқарудың аса маңызды бір функциясы
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы
саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді
байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және
орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік
экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты
механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар
индикативті жоспар болуы керек.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді
Қазақстан - 2030 стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет
стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған
өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.

Біздің еліміздің тарихында бірінші рет Республика Президентінің
басшылығымен 1997 жылғы қазан айында қоғам мен экономиканың 2030 жылға
дейінгі даму тенденциясының ғылыми болжамы жасалып, баспасөзде жарияланады.
Қазақстан - 2030 стратегиясы – гүлденудің, қауіпсіздікті сақтаудың және
бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың тура жолы, қоғамның даму
идеологиясының негізі. Онда дүниежүзілік және өз тәжірибемізді, ұзақ
мерзімді ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның күшті және әлсіз
жақтарын әділ талдау, ішкі мүмкіндіктерді ұзақ мерзімді зерттеу негізінде
еліміздің стратегиялық мақсаты айқындалған. Ол – тәуелсіз, гүлденген,
саяси тұрақты, өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттігі, барлық
тұрғындардың экономикалық әл-ауқаты сақталған Қазақстан құру.
Еуразияның орталығында орналасқан, әсіресе энергетикалық ресурсы мол,
ғылыми және шығармашылық әлеуеті жоғары Қазақстан Орталық Азияда Барыс
деңгейіне көтеріліп, басқа дамушы елдерге үлгі бола алады.

I. Жоспарлау мен болжамдау – шаруашылықты жургізу механизмінің
басты құрамдас бөлігі.

1. Жоспарлау мен болжамдаудың дың міндеттері мен мақсаттары.

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады,
сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны,
материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың
басты функциясы ретінде жоспарлау:
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен
ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол
мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық
жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру
мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста
болады.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара
байлансты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның
даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар
бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы
алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу
орындалады.
Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның
әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу
мерзімі белгіленеді. Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге
асырылу мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы
талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер
жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру
орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті
баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер
және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі
және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге
бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау
халық шаруашылығын басқарудың баст құрамдас бөлігі болып саналады. Оның
негізгі мақсаты - экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен
жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін
ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара
байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және
әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Зерттелетін
процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш
түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар (1-сурет).

1-сурет.
Әрбір субъектінің (адам, ұжым, кәсіпорын, мемлекет) мақсатқа
жету жолындағы іс әрекеттері

Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам
(гипотеза, грек сөзі – негіздеме, жорамал). Бұл – бірден байқауға келмейтін
фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар
жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру.
Болжау (прогноз - грекше алдан ала білу деген сөз) – алынған мәліметтер
негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын)
алдын ала көре білу болып табылады.
Жоспар – зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу,
сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда мақсатқа сәйкес
дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару
жолдары анықталады.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара
тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше
көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты – экономикалық заңдарға сүйене
отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны
жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан,
экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-
тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы
басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және
әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың
үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге біртұтас ұлттық шаруашылық
кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің
жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің
материалдық – заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы
өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы
дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс - әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің
барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала
үлгілеуге байланысты болады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін
болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген
міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа
жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері
мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары
мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір
мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің
буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы
міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды
орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді
өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың
кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына әдістемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция
кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең
қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жетіспеушілігі кезінде
пайдаланылады);
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлқ айқындамалар қайта есептелуі тиіс,
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау,
бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын
анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.

1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативтік
жоспарлау және бизнес жоспар.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың
жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын
бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған
орынды.
Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру
негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылады. Оның құрамына бір – бірімен өзара байланысты әлеуметтік
экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және ағымдағы жоспарлары
кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері
өзара сәйкестікте алынады (2-сурет).
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа
да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі:
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік қарекетіне
байланысты жоспарлар мынандай түрлерге бөлінеді:
- стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын
жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты
мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта
құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер
іздестіруге итермелейді;
- тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып,
орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
- қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте
қысқа мерзімді (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен
немесе халық шаруашылығы бойынша);
- тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын
бөлшектік жоспарлау;
- кәсіпорын дәрежесіндегі жоспарлау.
3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан,
маусым, ай, апта);
- орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5 жылға дейін);

2-сурет

- ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан аса);
4. Жоспарлау сипатына қарай:
- жан-жақты;
- нұсқалы;
- шектелген;
- егжей – тегжейлі.
5. Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды (персоналды) жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
6. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:
- қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу);
- икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер
енгізу);
7. Уақыт кезеңіне қарай:
- тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады);
- жылжымалы жоспарлау;
- кезектен тыс жоспарлау;
8. Тәсіліне қарай:
- төменнен жоғары жоспарлау (прогресті әдіс);
- жоғарыдан төмен жоспарлау (ретроградты әдіс);
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық –
үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың
стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның
процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
- ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не
басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер
етуі, бюджеттік ассигинованиенің мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат
жүйесін қалыптастыру;
- мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді
нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық
әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
- тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да
ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне
бейімдеу (бағдар беру).
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада
бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативті қаржылық жоспарлау
болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды
қаматамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды
кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды
индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған
деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдардың нормалары.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты
механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар
индикативті жоспар болуы керек.
Индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық (ұзақ мерзімді), орта
мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспарлардан тұрады.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға жасалады, ол стратегияны, мақсатты
басылымдықтарды, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырудың
кезеңдерін, белгіленген мақсаттарды івске асыру үшін экономикалық саясатқа
енгізілмек өзгерістерді анықтайды.
Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
талдауына, жобалық есептерге және қалыптасып жатқан тенденцияларға
сарапшылар берген бағдарға сүйене отырып мыналарды анықтайды:
- дамудың келешектегі міндеттері мен мақсаттар жүйесін;
- маңызды халықшаруашылық басымдықтарды және олардың жүзеге
асырылуының кезеңдерін;
- экономикалық өсудің қарқынын және негізгі макроэкономикалық
пропорцияларды;
- экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
- ресурстық потенциалды, оның бағыттарын және пайдалану тиімділігін;
- ішкі және сыртқы экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;
- шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;
Орта мерзімді жоспар (5 жыл) экономика дамуын жоспарлаудың негізгі
түрі болып табылады, оның құрамында құрылымдық және макроэкономикалық
параметрлер және бастапқы шаруашылық буындарға бағдар мен ұсыныс түрінде
жеткізілетін көрсеткіштер болады. ОРта мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік
жоспарда белгіленген параметрлерді нақтылауды қамтамасыз етеді, міндеттер
мен мақсаттардың тиісті уақыт мерзімінде орындалуын қамтамасыз ететін
шараларды анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер негізінде жасалады.
Орта мерзімді жоспарды жасау кезінде әлеуметтік-экономикалық дамудың
тиісті кезеңінде орындалатын мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға
бағытталған экономикалық реттегіштер жүйесі анықталады.
Ағымдағы (жылдық) жоспар орта мерзімді жоспарда жасалған мақсаттар
мен міндеттерге жетуге бағдар ұстай отырып ағымдағы макроэкономикалық тепе-
теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Оның міндеті – шаруашылықта
қалыптасқан жағдайды ескере отырып экономикалық саясаттың бұрынғы
анықталған бағыттары бойынша нақтылы шаралар белгілеу және орта мерзімді
жоспардың баптарына қажетті өзгерістер енгізу.
Индикативтік жоспар өзінің мерзіміне байланысты мынандай бөлімдерден
тұрады:
1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау
2. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
4. Экономикалық реттегіштер
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндірістік потенциалдың
жағдайын, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын, мемлекеттік
реттегіштер жүйесінің ұтымдылығы мен нәтижелігін, өндіргіш күштердің
серпінділігі мен сапалық құрамын, сол сияқты осы процестерге әсерін
тигізетін факторларды ашуға және әлемдік экономиканың дамуымен салыстыруға
тиіс.
Индикативті жоспарларды жасау екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші
кезеңде макроэкономикалық болжам жасалады. Оның құрамында экономиканың
дамуына жасалған талдау негізінде экономикалық саясат жөніндегі ұсыныстар
даярланады, құрылым түзейтін көрсеткіштердің вариантты болжамы жасалады,
оларды макроэкономикалық реттеудің нақтылы параметдрлері анықталады. Бұл
болжамның құрамында ұсынылып отырған саясатты жүзеге асырудың жұмыс жоспары
болуы және ол өкіметтің қарауына тапсырылуы мүмкін, сол арқылы қандай
заңдарға қандай өзгерістер енгізілуі керек екендігі анықталмақ.
Экономикалық саясатты Өкімет мақұлдағаннан соң макроэкономикалық
болжам көпшілік талқылдауы үшін, өндірушілерді экономикалық саясатпен
таныстыру үшін баспасөз бетінде жарияланады.
Екінші кезеңде кәсіпорындарының ниетін, көпшіліктің пікірін ескере
отырып жоспар одан әрі нақтыланады. Осы кезеңде жоспардың мемлекеттік
бюджетпен, мемлекеттік несие ресурстарының мүмкіндіктерімен, мемлекеттік
борыштың төлемінен тағы басқа жағдайлармен өзара байланысы нақтыланады.
Осындай жағдайда индикативті жоспарды жасауға бүкіл республика халқы
қатысты деуге болады. Алайда барлық істі үйлестіруші, мемлекеттің,
шаруашылық субъектілерінің, халықтың мүддесін толық ескеретін орган – ол
Экономика министрлігі болмақ.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспарлардың түрлері, мазмұны, құрылымы
және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері
бар (3-сурет).

3-сурет

Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі, және бөлімдердің нақтылану дәрежесі
шығаратын өнімге, технологиялық мүмкіндіктеріне, компанияның ерекшелігіне
және қызмет ету сферасына және т.б. байланысты әр түрлі болып келеді (4-
сурет).

4-сурет

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың мазмұны орталықтанған
жоспарлаудан әлдеқайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік
береді:
- экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу,
мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау;
- рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұхақ мерзімде өндірілетін
өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қаэетті көлемі мен сапасын дәлелдеу,
өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау;
- басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау, фирма
кадрларын еңбек етуге ынталандыру;
- фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын: жарнама,
сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары, т.б. анықтау;
- фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы
нәтижелерінің көлемін анықтау.
Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі
функция атқарады.
Бірінші функциясы бизнестің концепциясы мен стратегиясын дамыту
мүмкіндігімен байланысты. Бұл функциясының міндеті кәсіпорынды құру
кезіңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек
инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана
қоймайғ, толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның
экономикалық және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың
техникалық-экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екіншісі – жоспарлау функциясы. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің)
мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ
мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму
мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін
төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға
қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын
өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет
етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай
капиталдыжұмылдыру тәсілдері анықталады.
Төртінші функциясы фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс
жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технологиясын қоса алатын
әріптес тартуға мүмкіндік береді.
Нарық экономикасы дамыған елдерде капитал,ресурстар, технологияны ұсыну
мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, компанияның даму бағытын
көрсете алатын бизнес-жоспар болғанда ғана жүзеге асады. Компаниялардың
көпшілігі бихнес-жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма қызметі айлық не
тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі.
Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі ғана 5 жылдан
артық мерзімге жасайды.
Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың
принциптері:
- сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет;
- барлық жағдайдың нақтылығы және дәлелділігі;
- айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре алатындығы;
- қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында жасау
және мақсатына қарай бейімдеу;
- арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны
қажетсінетін адамға жеткізу.
Бизнес-жоспарды тікелей басшы-кәсіпкер, менеджер, фирма қызметкерлері
немесе көмек көрсетуші кәсіпорын жасайды. Негізгі қызметтеріне қарай
бизнес-жоспарды жасау және жүзеге асыру бірте-бірте, кезең-кезеңімен жүзеге
асырылады.
Бизнес-жоспардың құрамы мен құрылымы, оны нақтылау деңгейі кәсіпорынның
көлемі мен оның мүдделік салаларына байланысты болады. әрбір нақты жағдайда
ол фирма қызмет етіп отырған жердегі өзгерістерге байланысты толықтырылып
немесе нақтыланып отырылады.
Бизнес-жоспар бірінші (титулды) беттен басталады, онда мыналар
көрсетіледі: кәсіпорынның, жоба инициаторының аты, жобаның және оның
авторының аты, берілген құжаттың дайындалу мерзімі мен орны.
Бизнес-жоспардың негізгі тараулары:
1. Кіріспе бөлім (фирманың мүмкіндігі, резюме – атқарушылық түйіні);
2. Осы саладағы және тауарды (қызметті) өткізу рыногындағы жағдайға
талдау;
3. Маркетинг жоспары;
4. Өндірістік жоспар;
5. Ұйымдастыру жоспары және менеджмент;
6. Қаржы жоспары және қаржыландыру стратегиясы;
7. Қауіп-қатер (тәуекелділік) және сақтандырудың мөлшерін бағалау;
8. Заңдылық аспектілері;
9. Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім өткізудің
болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын және графигін қосымша жасайды.
Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде
жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық
құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті
жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

II. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері
мен бюджетті жоспарлау негіздері

2.1. Кәсіпорынның даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
Қаржылық басқару
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Тұрғын үйді басқару және туындайтын мәселелер бұлар
Қаржылық менеджмент
Менеджмент теориясы
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері
Мемлекеттің қаржысын басқару түсінігі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Пәндер