Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары



Кіріспе

I.тарау. АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
1.1. Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт
1.2. Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
1.3. Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру.дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы
1.4. Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі

ІІ.тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ГИМНАСТИКА
2.1. Дене жаттығуларының гигиеналық негіздері
2.2. Спортшының жеке гигиенасы
2.3. Егер денсаулығын мықты болсын десең, шынық!
2.4. Дене тәрбиесі және спорт сабақтарындағы тамақтану тәртібі
2.5. Қоғамдық гиена. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының орындарына, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

ІІІ.тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗІН.ӨЗІ БАҚЫЛАУ МЕН ДӘРІГЕРЛІК БАҚЫЛАУ. ЕМДІК ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Дәрігерлік бақылауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және түрлері. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы көрсеткіштер мен қарама.қайшылықтар
3.2. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы өзін.өзі бақылау.. 49
3.3. Дене ұзындығы мен дене дамуының динамикасын өзіндік бақылау бойынша кейбір тәжірибелік кеңестер. Дене дамуы. Дене ұзындығының өсуін бақылау
3.4. Спортшы ағзасының кейбір жағдайлары
3.5. Спорт жарақатының алдын алу. Сырқатқа алғашқы (дәрігерге дейін) көмек көрсету
3.6. Емдік дене тәрбиесінің негіздері туралы

ІV.тарау. САБАҚТАРДА ОРЫНДАЛАТЫН ІС.ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
4.1.Дербес дене жаттығуларын үйрену бағдарламасын құру
4.2. Қимыл сапасын өлшеу. Дене сапасын арттыру тапсырмаларын орындау жоспарын құру
4.3. Дене сапасын арттыру тапсырмаларын орындау жоспарын құру
4.4. Дене тәрбие сабағының мінездемесі
4.5. Жалпы білім беретін мектептің нақты сыныбы үшін оқу сабақтарының тоқсандық жоспарын құру
4.6. Сабақ жоспары н құру
V.тарау. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ІС.ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
5.1. Дене жаттығулары тәсілдерінің түсіндірмесі
5.2. Таңдаған спорт түрінен спорт жаттықтыруының кіші айналымынан жоспар құру
5.3. Президенттік сынақ кешені бойынша жұмысты жоспарлау
5.4. Таңертеңгілік және өндірістік бой жазу кешенін құру
1.қосымша
2.қосымша
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіріп, олардың еңбек, оқу қабілетін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап, мектеп орта және жоғары оқу орындары мен өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оған тиісті бағасы берілуде.
Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды. Соның салдарынан адам ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар орын алуда. Сондықтан адамды мұндай күйден арылтудың бірден-бір жолы қимыл-қозғалыс, яғни дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Біз ұсынғалы отырған оқу әдістемелік құралы осы тұрғыда біршама мәселелерді, игі істерді қолға алып отыр. Егеменді елімізде дене тәрбиесі барысындағы жұмыстарды қайта құруда. Әсіресе, дене тәрбиесі мен спорт саласында оқушыларға, студенттерге ана тілімізде сабақ беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етуде. Әрине, мұндай мамандарды дайындау педагогикалық дене тәрбиесі институттары мен университет, колледждер үлесіне тиеді.
Оқу әдістемелік құралында арнаулы оқу орындарында өтетін дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі бағдарламалар туралы мақсат пен талаптары жөнінде әдістемелік нұсқаулар берілген. Атап айтқанда: І-ші тарауда арнаулы оқу орындарындағы ол жұмыстардың маңызы, мәні, көпшілік дене тәрбиесі және спорттық сауықтыру жұмыстары жөнінде айтылса, ІІ-тарауда дене жаттығуларының гигиеналық негіздері, спортшылардың жеке тазалығы, денені өз бетінше шынықтыру амалдары, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы тамақтану тәртіптері, дене тәрбиесі мен спорт киімдеріне қойылатын тазалық талаптары туралы жан-жақты, тиянақты әдістемелер берілсе, ІІІ-ші тарауда дәрігерлік бақылаулар мен спорт көрсеткіштерінің қарама-қайшылықтары, сабақтар, оқу-жаттығу барысында студенттердің өзін-өзі бақылау жолдары, дене дамуын бақылау әдістері (салмағын, кеуде қуысының қоршауын, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, бұлшықет күшін бақылау, қимыл тездігін, иілгіштігін бақылау, спортшы ағзасының кейбір жағдайлары жөніндегі сабақ барысында спорт жарақаттары және оны болдырмаудың алдын-алу әдістері, емдік дене тәрбиесі туралы материалдар толығымен қамтылған.
Оқу әдістемелік құралында ұсынылып отырған нұсқаулар болашақ спортшылар үшін арнайы дайындық жүргізуге, салауатты өмір сүруге ынталандыруға, оларды жылдамдыққа, шыдамдылыққа және әдіс-тәсілдерді жете меңгеруге өте қажет деп ойлаймыз.
Ал оларға бұл мәселені жеткізу және тиімді үйрету үшін арнайы мамандардың тәжірибелі болғаны жөн.
1. Б.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарағанды., 1995 ж.
2. Э.Тлеулов. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Шымкент., 2003 ж.
3. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Орта дене тәрбиесі оқу орындарына. Г.Д.Харабугидің жалпы редакторлығымен, 2-басылым. М., 1974 ж.
4. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Л.П.Матвеев пен А.Д.Новиковтың жалпы редакторлығымен, 1 том. М., 1976 ж.
5. Озолин Н.Г. Спорт жаттықтыруының қазіргі заман жүйесі. М., ДТ және С. 1970 ж.
6. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасы. М., ДТ және С. 1966 ж.
7. Шолик М. Айналымдық жаттықтыру. М., ДТ және С. 1966 ж.
8. Дене тәрбиесі.Мектепке арналған бағдарлама.М.,Просвещение,1976ж.
9. Листелло О. Дене тәрбиесінің ойын-спорт әдісі. М.,ДТжәнеС, 1959 ж.
10. Дене тәрбиесі. Орта және сегізжылдық мектептеріне арналған бағдарламалар. М., Просвещение, 1978 ж.
11. М.Н.Қобланов, Ж.Ж.Ысқақов. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. Раритет, Алматы. 2002 ж.
12. Физическая культура в школе журналы. Аникеева Н.Н. "Коньки тебуге үйрену". Алматы., III сынып., 1976 ж.
13. Бой жазу ілімі мен әдістемесі. В.И.Филипповичтің басшылығымен. М., Просвещение, 1971 ж.
14. Ақпаев Т.А., Адамбеков М.И., Тастанов Э.Ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері. Алматы., "Өнер" баспасы., 2003 ж.
15. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Орта дене тәрбиесі оқу орындарына. Г.Д.Харабугидің жалпы редакторлығымен, 2-ші басылым. М., ДТж/еС, 1974 ж. 74-89, 96-102, 233-235 беттер.
16. Спорт түрлерінің жүйелену бағдарламасы, дене- тәрбиесі ұжымдары секциясының бағдарламасы, Президенттік тест кешені, спорттың әр түрінен оқу нұсқаулары. Алматы, 2001 ж.
17. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Л.П. Матвеев пен А.Д.Новиковтың жалпы редакторлығымен. I том. М., ДТж/еС. 1976 ж. 151-168 беттер.
18. 1975 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған «Мектептегі дене тәрбиесі» журналында жарияланған мектеп бағдарламасы жаттығуларын оқыту әдістемесінің материалдары. Алматы, 1978 ж.
19. З.Листелло. Дене тәрбиесінің ойын - спорт әдісі. - М.: ДТж/еС, 1959ж.
20. «Физическая культура в школе» журналының соңғы 5 жыл көлеміндегі лайықталған материалдар. Мысалы, Аникеева Н.Н. «Коньки тебуге үйрену». III сынып «Физическая культура в школе», Москва.,1976 г., №1.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық
қасиеттері мен рухани күшін үйлестіріп, олардың еңбек, оқу қабілетін
арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл
бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап, мектеп орта және жоғары
оқу орындары мен өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оған тиісті бағасы
берілуде.
Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым
мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен
алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды. Соның салдарынан адам
ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар орын алуда. Сондықтан
адамды мұндай күйден арылтудың бірден-бір жолы қимыл-қозғалыс, яғни дене
тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Біз ұсынғалы отырған оқу әдістемелік құралы осы тұрғыда біршама
мәселелерді, игі істерді қолға алып отыр. Егеменді елімізде дене тәрбиесі
барысындағы жұмыстарды қайта құруда. Әсіресе, дене тәрбиесі мен спорт
саласында оқушыларға, студенттерге ана тілімізде сабақ беретін, бәсекеге
қабілетті мамандарды қажет етуде. Әрине, мұндай мамандарды дайындау
педагогикалық дене тәрбиесі институттары мен университет, колледждер
үлесіне тиеді.
Оқу әдістемелік құралында арнаулы оқу орындарында өтетін дене тәрбиесі
мен спорт жөніндегі бағдарламалар туралы мақсат пен талаптары жөнінде
әдістемелік нұсқаулар берілген. Атап айтқанда: І-ші тарауда арнаулы оқу
орындарындағы ол жұмыстардың маңызы, мәні, көпшілік дене тәрбиесі және
спорттық сауықтыру жұмыстары жөнінде айтылса, ІІ-тарауда дене
жаттығуларының гигиеналық негіздері, спортшылардың жеке тазалығы, денені өз
бетінше шынықтыру амалдары, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы
тамақтану тәртіптері, дене тәрбиесі мен спорт киімдеріне қойылатын тазалық
талаптары туралы жан-жақты, тиянақты әдістемелер берілсе, ІІІ-ші тарауда
дәрігерлік бақылаулар мен спорт көрсеткіштерінің қарама-қайшылықтары,
сабақтар, оқу-жаттығу барысында студенттердің өзін-өзі бақылау жолдары,
дене дамуын бақылау әдістері (салмағын, кеуде қуысының қоршауын, өкпенің
өмірлік сыйымдылығын, бұлшықет күшін бақылау, қимыл тездігін, иілгіштігін
бақылау, спортшы ағзасының кейбір жағдайлары жөніндегі сабақ барысында
спорт жарақаттары және оны болдырмаудың алдын-алу әдістері, емдік дене
тәрбиесі туралы материалдар толығымен қамтылған.
Оқу әдістемелік құралында ұсынылып отырған нұсқаулар болашақ спортшылар
үшін арнайы дайындық жүргізуге, салауатты өмір сүруге ынталандыруға, оларды
жылдамдыққа, шыдамдылыққа және әдіс-тәсілдерді жете меңгеруге өте қажет деп
ойлаймыз.
Ал оларға бұл мәселені жеткізу және тиімді үйрету үшін арнайы
мамандардың тәжірибелі болғаны жөн.
I-тарау. АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

1.1. Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт
Еліміздің арнаулы оқу орындары (педагогикалық, медициналық, техникалық
институттар, университттер, колледждер) дайындауда маңызды роль атқарады.
Бұлар өндірістік, білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету
жұмыстарына мамандар мен ұйымдастырушылар даярлайды, ауылшаруашылық
мамандарын толықтырады, сонымен бірге білім берудің жалпы міндеттерін
орындауға қатысады. Қазіргі таңда еліміздің әртүрлі арнаулы оқу орындарында
ауыл шаруашылығының қазіргі қажет мамандықтардың түрлі салалары бойынша
мыңдаған түлектері бітіріп шығады.
Еліміздегі көптеген арнаулы оқу орындарында көпшілік спорт және дене
тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Оқу орындарының
түлектері жақсы шынықтырылған, әрі дене дамуы жағынан да алдыңғы қатарда.
Бұл көптеген түлектер мен тәрбиеленушілерге спортшы болуға мүмкіндік
туғызады. Мысалы, бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері
М.Ділдәбеков, Москва олимпиадасының чемпионы Ж.Үшкемпіров (грек-рим
күресі), Москва олимпиадасының күміс жүлдегері С.Қонақбаев (бокс). Сондай-
ақ арнаулы ойындардың жүлдегері мен жеңімпаздары және Европа, Әлем
біріншіліктерінің чемпиондары болды; Б.Жұмаділов (Жамбыл), Е.Ибраймов
(Ақтөбе), Г.Головкин (Астана), А.Д.Жафаров (Ақтөбе), Т.Хромова (Оңтүстік
Қазақстан), Б.Саттарханов (Оңтүстік Қазақстан) және басқалар.
Олардың әрқайсысы өз кезегінде арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі
ұжымдарында спортпен айналысуды бастаған, яғни сонда қажетті дене
дайындығын алып ерік-жігерін шыңдаған. Қазіргі таңда еліміздің арнаулы оқу
орындарында да студенттердің дене тәрбиесі мен спорттың дамуына көп көңіл
бөлінуде. Көптеген түлектер оқу орнын бітірген дипломымен бірге, олар дене
дамуы мен дене дайындығының жеткілікті деңгейін көрсетіп, спортта да әлем
деңгейінде ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.
Болашақ түлектерімізді тәрбиелеуде, оларды жоғарғы спорттық
көрсеткіштерге жетелеуге көптеген арнаулы оқу орындары жемісті еңбектер
атқаруда. Атап өтетін болсақ Қазақ спорт және туризм академиясы, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті және тағы басқалары, сондай-ақ арнаулы
орта оқу орындары арасынанда үздік спортшылар мен командалар дайындауда
бірнеше колледждер тынбай еңбек етуде. Айтар болсақ қазіргі таңда жоғары
топта өнер көрсететін Оңтүстік Қазақстанның "Ордабасы" футбол командасы
кезінде Шымкент гидромелиораторлық құрылыс техникумы базасында құрылған
болатын. Оның құрамында сол кезде КСРО бойынша белгілі болған ойыншылар
Ю.Горбунов, И.Зайцев, Б.Байсейтов, С.Радке, А.Толмачев, Т.Иксанов т.б.
сынды белгілі футболшылар өнер көрсетті.
Арнаулы оқу орындары арасында қазіргі танда спорттың дамуына көп көңіл
бөлінуде. 1976 жылдан бастап әдетке айналған (КСРО кезінен бастап) орта
арнаулы оқу орындары студенттерінің Бүкілодақтық спартакиадасы өткізіледі.
Оның бағдарламасында жеңіл атлетикадан, жүзу, футбол, күрес түрлерінен,
баскетбол, волейбол және т.б. спорт түрлерінен жарыстар бар. Мысалы: 2003
жылғы республикалық студенттер спартакиадасында көптеген арнаулы оқу
орындары өнер көрсетіп, біршама табыстарға жетті. Атап айтқанда 1-ші орын
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-ші орын
Қараганды мемлекеттік университеті, 3-ші орын Павлодар мемлекеттік
университеті, 4-ші орын Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті т.б. алды.
Сонымен бірге арнаулы оқу орындарының спортшылары облыстық, қалалық,
аудандық жарыстарға белсенді атсалысады. Көптеген оқу орындарының ішкі
спартакиадалары жоғары спорттық деңгейде өтеді.

1.2. Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Орта арнаулы оқу орындарына арналған дене тәрбиесі бағдарламасы
студенттердің бірнеше теориялық тақырыптарды үйренуін және сонымен бірге
тәжірибеде спорттың әр түрінен дене жаттығуларымен шынығып, меңгеруін
қарастырады.
Қазақстандағы Дене тәрбиесі және спорт, Жеке және қоғамдық гигиена
т.б. басқаларынан студенттер сынақ тапсырады.
Дене тәрбиесі мен спорттық идеологиялық, ғылыми, әдістемелік және
ұйымдастыру негіздерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеру
студенттерді алдағы жұмысында қоғамдық-инструктор немесе оқу орнында және
жұмыс орнының дене тәрбиесі ұжымындағы спорт төрешісі ретінде болуына
керекті біліммен және дағдымен қаруландырады.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі оқушылардың гимнастикадан, жеңіл
атлетикадан, шаңғы спортынан, жүзуден, туризмнен, сонымен бірге
Президенттік тест кешені мөлшерінің нормативтер мен бақылау жаттығуларын
орындауын қарастырады. Яғни, мектептерде дене тәрбиесінен жақсы бағалар
алған студенттер үшін де тұрақты жаттықтыруды қажет етеді. Негізінен
гимнастикадан нормативті: тартылу, аунау көпшілігі орындай алмайды. Бұл
Президенттік тест кешені мөлшерінің басқа да нормативтеріне қатысты: 100м.
жүгіру, кросс, ұзындыққа немесе биіктікке секіру, граната лақтыру, шаңғымен
сырғанау, жүзу және туристік жорық. Бұл нормаларды орындау үшін өзіңді-өзің
дайындап, шынықтыру қажет.
Дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі мазмұнын қимыл қозғалыстардың,
жалпы дамытушы және қолданбалы дене жаттығуларының өмірге қажетті түрлерін
құрайды. ДТ бағдарламасына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол сияқты
студенттерге танымал көпшілік спорт ойындары және қозғалыс ойындарының жеке
түрлері енеді. Студенттер оқу сабақтарында спорт ойындары бойынша құнды
қимыл дағдылары мен дене сапаларын меңгереді. Спорт ойындарынан сынақ
нормативтері болғанымен, қозғалмалы-спорт ойындарының жеке тәсілдік
элементтерін меңгеру дене тәрбиесінен баға қоюда есепке алынады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі жаңа
материалды үйрететін, меңгерілген қимыл дағдыларын жүзеге асырып, бекітетін
оқу сабақтары болып есептеледі. ДТ бағдарламасы әрбір студенттің күн
тәртібін сақтауын, белгіленген уақытта тексеруден өтуін, өзін-өзі бақылау
күнделігін жүргізуін, өз денсаулығы мен дене жағдайын қарап, оны жақсарту
шараларын қолдануды талап етеді.
Дене тәрбиесі пәні бойынша қорытынды баға студенттерге бір рет
семестрде теориялық тақырыптардан алған білімдері, оның тәжірибелік
нормативтерді орындауда көрсеткен нәтижесі, сонымен бірге оқу-жаттығу
сабақтарға қатысуы және тәртібі бойынша қойылады. Сабаққа себепсіз
қатыспаған студенттер сынақ жарыстарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін, әрі
пәннен жақсы қорытынды баға алмайды.
Денсаулық жағдайына қарай арнайы медициналық топтарға кіретін
студенттер тәжірибелік нормалар мен жарыстардан босатылады. Оларға дене
тәрбиесі пәнінен бағалар теориялық білімі мен дәрігерлік нұсқау бойынша
жеке дене жаттығуларын орындауына байланысты қойылады. Дене тәрбиесі
оқытушысының ұйғаруы бойынша сынақ кітапшасына дифференциялды бағасы сияқты
сынақ деп те қоюға болады.

1.3. Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене
тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы
Барлық орта арнаулы оқу орындарында оқуға қосымша сабақтан тыс
сауықтыру дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмыстары ұйымдастырылып,
өткізіледі. Оқу мен оқудан тыс түрлердің бірлігі жаңа бағдарламалық
материалдарды жемісті меңгеруді және өтілгенін бекітуді қамтамасыз етеді.
Оқу орыңдарында сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасы бойынша
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Көптеген оқушылар
үйлерінде немесе жатақханада таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен (ТГГ)
айналысады. Оқу күні барысында көптеген колледждер мен кәсіптік-мектептерде
"дене тәрбиелік үзілістер" өткізіледі. Бұл шаралар оқушы денсаулығына көп
пайда келтіреді.
Денсаулығының мықты болуы үшін және денесінің жақсы дамуы үшін оқушылар
белсенді демалыс құралдары, ауыр оқу жұмыстарынан кейін жұмыс қабілетін
қалпына келтіру сияқты дәрістерді қарастыра отырып, дене жаттығуларымен
және спортпен өз бетінше айналысу керек.
Сауықтыру-дене тәрбиесі, көпшілік спорт шараларына қатысу, дене
жаттығуларымен өз бетінше айналысу, ары қарай сабақтарда меңгерген
дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі, оқушылардың Президенттік тест кешені
мен спорттық нормаларын орындау дайындығын жеделдетеді.
Оның бағдарламасына белсенді демалыс үшін шаралар, көпшілік ойындар,
Президенттік тест кешені жаттығулары бойынша жарыстар енеді. Дене тәрбиесі
бағдарламасына сай семестрде бір рет оқу орнында Денсаулық күні
өткізіледі.
Каникул кезінде (қыста және жазда) жеке колледждер мен кәсіптік-
мектептер оқушылардың белсенді демалысы үшін сауықтыру-спорт лагерлерін,
еңбек пен демалыс лагерьлерін құрады, бұл лагерьлерде спорт шеберлігін
көтеру мен Президенттік тест кешені мөлшерін орындауға дайындау үшін
оқушылармен оқу-жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Орта арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі ұжымы. Қазақстандағы дене
тәрбиесі қозғалысының негізгі буыны дене тәрбиесі ұжымы болып табылады.
Дене тәрбиесі ұжымы кәсіпорындарда, мекемелерді, құрылыстарда,
ұжымшарларда, оқу орындарында құрылады.
Орта арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымы - дене тәрбиесі мен
спортты олардың тұрмысына өндіретін оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жұмыс
орталығы. Дене тәрбиесі ұжымы өз қызметін оқу орнындағы кәсіподақ ұйымының
басшылығымен жүргізеді. Әрине жұмысты дене тәрбиесі ұжымының кеңесі
ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басқармасы) оқу жылының
басында дене тәрбиешілерінің жалпы жиналысыңда сайланады. Ол оқушы-дене
шынықтырушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы барлық ұйымдастыру,
сауықтыру, көпшілік спорт жұмыстарын жүргізеді. Кеңес төрағасы дене
тәрбиесі және колледждердің (училищенің) алғашқы әскерге дайындық
басшылығымен, тығыз байланыста жұмыс істейді.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесінде жеке бағыттарда басшылық жасау жұмысы
үшін түрлі комиссия құрылады, мысалы, оқу спорттық, үгіт-насихат, қаржы-
шаруашылық және т.б. Оны барынша қабілетті оқушы немесе оқытушы басқарады.
Мысалы, үгіт-насихат жұмысы бойынша комиссияны облыстық дене тәрбиесі және
спорт комитетінің мүшесі, шаруашылық комиссиясын оқу орнының кәсіподақ
комитетінің мүшесі басқара алады.
Оқу топтарында дене тәрбиесі ұйымдастырушылары сайланады, жұмысқа спорт
төрешілері, белсенді қоғамдық дене тәрбиесі сабақтарында, спорт
секцияларында, сол сияқты арнайы ұйымдастырылған семинарларда жүргізіледі.
Оқу-спорт жұмысы негізгі, өзара тығыз байланысты бағытта жүзеге
асырылады:
Көпшілік спортты дамыту және спортшы шеберліктерін көтеру.
Спорт-оқу жұмысы процесінде мына міндеттер орындалады:
1. Спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайту, олардың қызмет
мүмкіндіктерін, дене дамуын көтеру.
2. Еңбек пен Отанды қорғау үшін қажетті өмірлік маңызды қолданбалы
қимыл сапаларын істеуді, дағдыны студенттерде қалыптастыру. Оларға
Бүкілодақтық дене тәрбиесі кешенінің талаптары мен нормаларын орындату.
3. Студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы және таңдаған спорт
түрлерінен арнайы теориялық білімдерді меңгерту.
4. Спорт секцияларына қатысатындардың спорт шеберліктерін бірте-бірте
көтеру, оларға тандаған спорт түрлерінен Президенттік тест талаптары мен
санаттық нормаларды орындату.
5. Спортшыларды Отандық рухта, спорт этикасына, Отан туына адалдыққа
тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басшылығы), спорт
секциясының бюросы, жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар, денсаулығы
мықты адамдармен жұмыс істейді. Оларға дене тәрбиесімен және спортпен
айналысатындардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оны нығайту да жүктеледі.
Дене жаттығулары тек оларды дұрыс қолдана білгенде ғана жүзеге асады.
Оны дұрыс қолданбау денсаулықтың бұзылуына себепкер болуы мүмкін.
Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорт оқу жаттығу сабақтарында адамның
анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, оның жынысын, жасын,
денсаулық жағдайын және дайындық деңгейін ескеру қажет, әрі күнделікті
дәрігерлік-педагогикалық бақылауды орындаған жөн.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмысында әр алуан спорт түрлерінен спорт
секциялары мен командалардың оқу-жаттықтыру үдерісі үлкен орын алады.
Студенттер бұл секциялар мен командаларда оқу орны ішіндегі және жоғарғы
спорт ұйымдары өткізілетін спорт жарыстарына қатысуға дайындалады және өз
спорт шеберліктерін жетілдіріп көтереді.
Оқу орындарында сауықтыру топтары мен спорт секциялары неғұрлым көп
ұйымдастырылған болса, студенттер сұранысы соғұрлым қанағаттандырылады және
дене тәрбиесі ұжымының саны көбейеді. Ескере кететін жәйт ұжымнан тыс бірде-
бір студент қалмауы керек.
Оқу орындарында студенттердің жан-жақты дене дайындығын қамтитын спорт
түрлерінен, атап айтқанда, гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, бокстан,
күрестен, шаңғы спортынан, жүзуден, спорт ойындарынан және т.б. топтар мен
секциялар құру ұсынылады.
Оқу-жаттықтыру сабақтары, спорт жарыстары және де басқа шаралар оқу
күні тәртібіне сәйкес сабақтан бос уақытта ұйымдастырылады.
Спорт түрлерінен қоғамдық инструкторлар, жаттықтырушылар мен төрешілер
арнайы ұйымдастырылған семинарларда белсенді спортшылар қатарында
дайындалады, сонымен бірге оқу-жаттықтыру сабақтары мен жарыстарда оқып
үйренеді. Олар туристік жорықтарды, шаңғымен сырғанауды, велосипед тебуді
және де басқа көпшілік спорт шараларын өткізуге ұсынылуы мүмкін.
Әдіскер (методист) мен команда жетекшілері (капитандары). Әдіскер
ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Оған бірінші кезекте
оқытушылар (жаттықтырушылар), қоғамдық инструкторлар сүйенеді. Сондықтан
жетекшілікке беделді, барынша дайындалған ұстамды, үлгілі, яғни басқалар
үлгі алатындай қадірлі спортшы сайланады.
Спортшылар командасы (гимнастар, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, т.б.)
жарыстарға қатысқанда команда мүшелерінің арасынан капитан сайланады, ол
барлық команданың үлгерімі мен ұйымдастырылуына жауапты болады. Команда
капитаны спорт ойындарында үлкен мәнге ие болады. Ол командадан сайланып,
оны басқарады. Жарыс кезінде капитанның айтқандары бұлжымай орындалуы тиіс.
Ол бір өзі ғана төрешімен сөйлесуге және өз командасының ойыншысын
ауыстыруға құқылы. Команда капитаны кеудесінің сол жағына немесе сол қолына
белгі байлап алуы керек. Алаңнан кетерде төрешіге ескертіп, өз орнына
орынбасарын қалдырып кетуі тиіс.
Жетекшілер мен команда капитандарының міндеттері мыналар: жұмыс есебі
күнделігін жүргізу, сабақ басталарда топты (команданы) сапқа тұрғызу,
сабаққа қатыспаушылардың себебін білу, кезекшілерді тағайындау.
Кезекшілер сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды.
Жетекшілер мен команда капитандары оқушы-спортшылар сабаққа таза спорт
киімімен, соған сәйкес аяқ киімімен келуін қадағалайды, оны
орындамағандарға шара қолданады.
Команда өкілі. Жарысқа қатысатын әр командадан өкіл тағайындалады. Ол
төрешілер алқасына спорт түрінің ережесінде, жарыс туралы ережеге сай
каралған қажетті құжаттар мен аталған өтінішті береді. Өкіл қатысушылардың
жарыс арасындағы және орын ауыстыруындағы үлгеріміне жауапты болады және әр
ойыншының бүкіл команданың жемісті өнер көрсетуіне жағдай жасайды.
Егер команда өкілі болмаса, оның міндетін капитан орындайды.
Дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесі ұжымының спорт секциясының
қатысушылары сол оқу орны дәрігерлерінің тексеруінен өтеді. Жарыс
ойыншылары өтініште тіркелген жазбаша дәрігердің рұхсатын алуы тиіс.
Оқу-спорт жұмысы бойынша есеп беру. Қазақстанда халыққа білім беру
мемлекеттік министрлігі тәртібі бойынша жүргізіледі. Оқу-спорт жұмысының
есеп беру түрлері мыналар: оқу топтарының журналы (спорт секциялары,
командалардың), спортшылардың жеке карточкалары, спорт жетістіктері мен
рекордтарының есеп беру кітабы және басқалары. Сондай-ақ есеп беруге
өтілген сабақтар жоспары , спорт жарыстарының хаттамалары, дене тәрбиесі
ұжымы кеңесінің қаулысы, спорт секциясының бюросы, жаттықтыру кеңесі және
басқалар.
Орта арнаулы оқу орындарындағы барлық дене тәрбиесі, көпшілік-спорт
жұмыстары, студенттердің дене тәрбиесі жүйесі студенттердің денсаулығын
нығайтып, сақтауға және таңдаған мамандығы бойынша жоғары өндірістік
еңбекке, Қазақстан Қарулы күштеріне жемісті қызмет етуге дайындауға
бағытталуы керек.
Емтихан алдында және емтихан кезінде спортпен шұғылданатын әрбір
студенттің үлгерімін ескеріп, оқытушы, жаттықтырушы, қоғамдық-инструктор
сабақ саны мен оның ұзақтығын азайтуына болады.
Спорт секциясының міндеттері мыналар:
- студент жастарды спортпен нақтылы шұғылдануға тарту;
- студенттердің ағзасын шыңдап, денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты,
қарқынды дене, тәсілдік, тактикалық, психологиялық, қолданбалы және
теориялық дайындықтарын қамтамасыз ету;
- студенттерді көпшілік спорт жарыстарына қатыстыру;
- студенттерге Президенттік кешен нормалары мен талаптарын орындату;
- жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, құрама командаларды дайындау;
- спорт секцияларындағы қоғамдық жұмыстарға студенттерді тарту;
- қоғамдық-инструкторларды, жаттықтырушыларды және төрешілерді
дайындау.
Дене тәрбиесі ұжымында оқу-спорт жұмысын ұйымдастыру үшін оқу-спорт
комиссиясы, жаттықтырушылар кеңесі, спорт төрешілері тобы, спорт
секциясының бюросы құрылады, қоғамдық инструкторлар мен жаттықтырушылар
дайындалады, оқу топтарының жетекшілері мен команда капитандары сайланады.
Оқу-спорт комиссиясы. Комиссия құрамы дене тәрбиесі оқытушыларынан
(жаттықтырушы), спорт төрешілерінен және үздік спортшылардан құралады. Осы
құрамнан төраға, төраға орынбасары және хатшы сайланады. Комиссия оқу-
жаттықтыру сабақтарын, спорт жарыстарының бағдарламасын жасайды, тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырады, Президент кешені төсбелгішілерін, санатты
спортшыларды, қоғамдық инструкторларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді
дайындайды, оқу-спорт жұмысының есебін тыңдап-бақылаумен айналысады.
Жаттықтырушылар кеңесі. Оқу орнының дене тәрбиесі ұжымында
жаттықтырушылар кеңесі құрылуы мүмкін. Оның құрамына ДТ штаттағы
оқытушылары, спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар
кіреді. Кеңес олардың қызметін оқу-спорт және тәрбие жұмыстарының жоспары,
өткізілуі және бақылау бойынша бағыттап отырады. Кеңес жүргізілетін жұмысты
орындайтын төраға мен хатшы сайлайды.
Жаттықтырушылар кеңес дене тәрбиесі басшыларының бірігіп, өз
мәжілістерінде спорт жарыстарының күнтізбесін, оның бағдарламасын дайындап,
жаттықтырушылардың өз жұмыстары туралы есебін тыңдайды; оқу-спорт
жұмысының қорытындысын шығарады және т.б.
Төрешілер тобы дене тәрбиесі ұжымының барлық спорт төрешілерін
біріктіреді және олардың жұмысына бағдар береді. Оны төраға, орынбасар және
хатшы жүргізеді. Toп дене тәрбиесі ұжымындағы (спорт клубындағы) спорт
жарыстарының төрешілігін қамтитын жоспар жасайды.
Toп спорт төрешілері дәрежелерін көтеруді, жаңа мамандар даярлауды
ұйымдастырады, спорт төрешілігіне дене тәрбиесі белсенділерін тартады,
жарысқа төрешілік етуді ұйымдастырады, спорт түрлері бойынша ережелерге сай
жүргізеді және т.б. Өз жұмысында спорт төрешілері тобы дене тәрбиесі
оқытушыларының тәжірибесі мен білімін пайдаланады, солардың көмегіне
сүйенеді. Ең сауатты төрешілер аудан, қала, облыс біріншіліктері
жарыстарына төрешілік етуге ұсынылады.
Спорт секциясының бюросы. Секцияның ұйымдастыру, оқу-спорт, тәрбие
жұмыстары 3-5 адамнан құралған спорт секциясы бюросында орындалады. Бюро
жылына бір рет секция мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бюро өз
құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Бюро дене тәрбиесі ұжымының және
дене тәрбиесі жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді және секцияға жаңа
мүше тартумен айналысады, оқу топтарын (командаларын) ұйымдастырады, топ
жетекшілерін (команда капитанын) сайлауды өткізеді, сабаққа қатысуды,
Президент кешенінің нормативтерін орындауды қадағалайды.
Белгілі бір кезеңде бюро секция мүшелерінің жалпы жиналысында есеп
береді.
1.4. Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі
Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын
бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы
жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер
ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының
мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету,
оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен
көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы
ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы
тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық белгіленген уақыттың барлық
сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық өтілген уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ
бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының
нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін
ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті
демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын
орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие
міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады:
сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ
үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің
кетіп қалуы.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық өтілген қызмет
түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз
мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін
зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды
сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның
тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші
әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін
барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта
тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың
ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей
жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы
тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға
жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды
орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.
Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің
барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше
сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның
ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың
шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде
түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету
әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастика сабағынның негізгі
бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып,
10-15 пайызды құрайды.
Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы
бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты
жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей
қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.
Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және
шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы
педагогикалық өтілген қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде
жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене
жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей
үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және
олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.
Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның
физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып
табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі
шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың
жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы
тиіс.
Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектеулі туралы мәселе әр түрлі
авторлармен әр қилы шешіліп келеді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл
көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр
соғу көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта анықтауға тырысты. Мысалы,
тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды.
Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен
белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер
(В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы
жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес
екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы
тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин55-60 рет соғуы) тамыр
соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуынын
жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет
соғады.
Жүктеме қарқынын сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-
тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін-ұйымдастыру кезінде оны арттыру және
төмендету (түсіру) әдістерін жақсы меңгеруі тиіс.
Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік
сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып
жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін
пайдаланады; сапқа тұрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше
белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б.
жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек күтіп тұрған
шұғылданушылардың белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы
тапсырма ұсынады: Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар
және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға
тырысыңдар; шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін ұштастыру және жалпы
дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі,
суреттер және т.б. береді.
Оқытушының шұғылданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра
білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі
қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті,
қиын жағдайда жөнін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына
міндет қою.
Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы,
олардың белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты міндеттерінің бірін
құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу
нәтижесінен солғұрлым табыс күтуге болады.
Дене жаттығулары қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға
тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске
асады.
Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны,
жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамасы туралы сөзбен
нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер
оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша кең ауқымда
жаттығудың қарқындылығын дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.
Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген
жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен
жүргізілуі жатады.
Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс
кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен қарқындылығымен
айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады.
Бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен
мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны
қолдану кажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу
жоғары қарқындылығын, шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене
жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді
талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп бөлудің жоғарыда сипатталған әдістері
оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің
дәрежесін бақылауға тәуелді.
Сонымен сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі
оқытушының белгіленген оқушылар санымен (сынып, команда, үйірме) жұмыс
істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар
мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының
орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың
дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды
қамтамасыз етеді.
Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады:
фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.
Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оқу материалы бойынша барлық
оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ
жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында
ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін
келесі топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен
орындайды. Мұнда оқытушы, оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық
жасайды.
Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар.
Сабақты фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-
қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей
басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес,
өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше,
оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл
әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу
материалдарының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орыннның
материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін
орынның кеңдігіне және т.б. байлынысты.
Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді
әдіспен жиі өткізеді, өйткені жае ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен
қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-
гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген
гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б.,
шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт
түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты
жаттығуды жекешелендіру талабы артады.
Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін
араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен,
негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс
жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.
Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардың берілген
тапсырмаларды орындау тәртібін анықтау. Қажет сабақтың әдістемесін
анықтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.
Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлерінде барлық оқушылармен
орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.
Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс
істеуі мүмкін.
Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың
бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.
Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының
лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін
негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға
болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа
секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы
жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады,
төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп
тұрады және т.б.
Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға
мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады.
Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер
бойына орналастырылған спорт қондырғылары бекеттерінде (станция)
біреуінен кейін екіншісіне (тұтқалы аттан, белтемірге тартыну бекетіне)
өтіп орындайды.
Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен
қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында
әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы
түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да
элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе
бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық
дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу
материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау
орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері
қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.
Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы
оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына
тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда сапқа сап бойынша тұрса, ал
мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның
түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ шетіндегілері нашар
қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда
шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа
күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар
көреді. Осы мысалдардың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін
жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни
көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б.
тікелей осыларға байланысты. Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді
болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды
қанағаттандыруы тиіс:
а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және
көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;
б) бөгет және жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.
Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы
тәртіптілікке және ұжымшылдықка тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Сақтандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс
әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және
қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.
Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен
салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы
жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50%-ға түседі екен. Ал спорт
шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80% -ға дейін жетеді. Бұл
шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру
өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі.
Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару
қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте
сақтандыру деп атайды.
Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең ұғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету
және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсіндіріледі.
Оқушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты құрудағы
жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны
меңгеру беріктігі – жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі
жағдайы.
Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен
мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды
орындауды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика,
спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.) барынша тар
ұғымда сақтануға деген қажеттілік, яғни олқылықты, құлауды, қарсыластың
қатты соққысын, ауруды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетін шара
ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу
әдістері, ұстап қалу, шұғылданушыларды ажырату), оқушыларды қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.),
өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы
қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен
жұмыс жүргізу кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде
топты алдын ала сақтандыруы тиіс.
Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары
дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен
сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.
Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін
орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды
орындау кезінде шұғылданушыларды қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы,
лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде
сақтандыру оқытып үйретудің әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен
үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу
қауіптілігі айкын болған жағдайда ғана пайдалану керек (мысалы, спортты
жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). Мұндай
сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға
айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды
өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді.
Сондықтан әдістемелік өтілген, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін
болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің
болатынын алдын ала ескеруді қарастырады.
Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға
назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болмауын қамтамасыз
етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі
көмек: көрсетуде анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі
деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге
дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды
жақтарының бірі.
Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың
сабақтық түрлерінің барлығын олардын бағыттына қарай жалпы дене дайындығы,
спорт түрлерінен жаттығу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы
сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар
бақшасында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында жалпы дене дайындығы
(Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар санымен
өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру
кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және басқа да бірқатар
ерекшеліктеріне тән.
Спорттық жаттығу сабақтары тандап алған спорт түрлерімен
шұғылданатындар жұмыста пайдаланылады: жеңіл атлетика, акробатика,
гинастика, суға секіру және т.б. сабақтары. Әрбір жекелеген жағдайда олар
жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі жинағында мазмұндалған ерекше
өткізу әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен
спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына
ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншектермен,
жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс
әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйренуге тән.
Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру
сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып
бөлінеді.
Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық
тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел
қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы
сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.
Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі
спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін
өседі.
Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл
сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл
белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.
Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ
тән (яғни бір сабақта жана материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді
жетілдіру және тексеру).
Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және
әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында
(стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым
аралығында.
Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру, өте қолайлы болады.
Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температураның
тұрақтылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде
шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайда ғимарат ішінде сабақ өткізудің
елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда
ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның
ластануы шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан
барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс.
Әрине, шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты
өткізуге күн, желдің бағыты мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын
аудартатын көрермендер кедергі жасайды.
Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың
жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында,
таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында
өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт
ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта
шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары
нәтижеге жетеді.
Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды
түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына ете
жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында – сабақ өткізуге көптен
шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.
Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы
заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта,
жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде
өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.
Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ
өткізілетін орынды дайындау және сабақ өтілетін орынды сынап көру,
оқушыларға мұндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және
т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының
әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу
орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт
ғимараттарындағы және спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген
дұрыс.
Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау. Сабақ өткізу көп жақты, күрделі
қызмет түрі болып саналады. Сондықтан сабақтың жоғары сапалылығына жету
үшін оқытушы оған күні бұрын және тыңғылықты дайындалып, келесі мәселелерді
ойластыруы тиіс:
а) сабақтың міндетін анықтау;
ә) оның нақтылы-жоспарын жасау;
б) материалдық жабдығын дайындау.
Бұл жоғарыда көрсетілген сәттер өзара байланысты және оның әрқайсысы
арнайы жұмысты талап етеді. Сабақтың міндетін анықтау дегеніміз - шұғылдау
жүйесіндегі орнын айқындау және мүмкін болған толықтығымен оның нәтижесін
өзінше шамалау болып саналады. Мұны іске асыруға жоспарланған жүйесіндегі
орнын айқындау және мүмкін болған толығымен оның нәтижесін өзінше шамалау
болып саналады. Мұны іске асыруға жоспарланған жұмыс мүмкіндік туғызады.
Алайда, оқу-тәрбие және оқу-жаттығу жүйесінің нақтылы ағымы барлық
уақытта жоспарға түзетулер ендіреді. Сондықтан жоспарда қойылған
міндеттерді барлық уақытта өткен бірқатар сабақ нәтижелерін тыңғылықты
талдау негізінде сабақтың барлық тақырыптары бойынша қалған уақыт санын
есепке алып нақтылау қажет. Тек осылай жоспарланған сабақтың лайықты
сабақтастығын қамтамасыз етуге болады. Бұдан басқа, жұмыстық жоспарлаумен
сабақтың барынша елеулі міндеттері кешенін дайындау алдын ала
ойластырылады, әдіс-тәжірибеде нақтылығының қажеттілігі туындайды. Сонымен,
оқу сабағының алдыңғы жоспарларына қатыссыз нақтылы міндеттерін белгілеу
барлық уақытта байсалды, ойластырылған еңбекті талап етеді. Сабақ міндетін
дұрыс белгілеу және оны іске асыру жоспары оқытушының педагогикалық
тәжірибесімен және оның шығармашылық қабілетімен анықталады. Бірақ ешқашан
жеке тәжірибені артық бағалауға болмайды, өйткені оқу-тәрбие жүйесін терең
және жан-жақты түсінуге тек ұжымдық күш салу нәтижесінде ғана қол жетеді.
Сондықтан сабақ міндетін – белгілеу кезінде оны іске асырудың әдістемелік
жолы туралы жаңа мәліметтерді зерттеу қажеттілігі туындайды. Алдын ала
белгіленген тапсырма мен жалпы жоспарға сәйкес әдебиеттік деректерді күні
бұрын оқып, зерттеу нәтижесінде оларды шешуге де түзетулер ендіріледі.
Сабаққа дайындалудың келесі кезеңі - бұл оны өткізудің сабақ жоспары, яғни
әр сабақтың жазбаша жоспары (план-конспект). Сабақты жазбаша жоспарлау
қызметтің барлық жақтарын барынша толық ескеруге және оның ұйымдастырылуын
терең зерттеп, дайындауға мүмкіндік береді.
Сабақты жоспарлау оның міндетін барынша тиімді жүйелілікпек анықтаудан
басталады. Атап көрсетілгендей, аса үлкен назарды және жоғары жұмыс
қабілеттілігін талап ететін жаңа материалды оқытып үйрету сабақтың негізгі
бөлімінде өтуге, ал барынша жеңіл міндеттерді іске асыру сабақтың басында
және соңында жоспарланады. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі терең зерттеліп
дайындалады. Оқушылардың жаттығуларды орындау кезіндегі ұйымдастыру үлгісі
белгіленеді (1-сурет).
Төменде көрсетілген үлгі жазбаша сабақ жоспарына түседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Гигиеналық дене шынықтыру
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Пәндер