Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру



1 Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
2 Қазақстанның дамуының негізі әлеуметтік.экономикалық модернизация
3 Балалардың қатысуымен орын алатын жол.көлік оқиғаларының негізгі бөлігі
Тәуелсіздік бұл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. 1991 жылы сол арманға қол жеткізгендігі, осы асқақ арман жолында қаншама қан төгіліп, қаншама адам мерт болып, тәуелсіздік тарихтың шырғалаң жолымен келгенін «Тарих шырғалаңынан - тәуелсіздік шыңына» тарихи кеш барысында көрсете білді. Кеш соңында мектеп директоры А.С.Сексенова 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқтала отырып, келген қонақтарға алғысын білдірді. Шараны қорытындылап, барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
«Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалды кешенімен мектеп тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. «Атамекен» этно кешенінің 10 жылдығына арналған қала мектептері арасында патриоттық сабақтар ұйымдастырылды. Осы шараларға байланысты мектептен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бөкенова Г.А., технология пәні мұғалімі Илясов Ш.Р. ұйымдастыруымен 10-сыныптарда «2006 жыл. Байқоңыр – қазақ даласының ғарыш айлығы» тақырыбында патриоттық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Қазақстан бүгін – әлемдегі ең серпінді дамып отырған мемлекеттердің бірі. Еліміздің экономикалық өрлеуі ғарыштық бағдарламаларды жасауға және оны іске асыруға негіз болғанын, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихын, жеткен жетістіктерін жеткізу. Аспан әлемін, ғарыш саласын зерттеуге оқушылардың ызығушылығын өалыптастыру. Отанының, елінің тарихын оқуға, сүюге тәрбиелеу.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Тәуелсіздік бұл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. 1991 жылы сол
арманға қол жеткізгендігі, осы асқақ арман жолында қаншама қан төгіліп,
қаншама адам мерт болып, тәуелсіздік тарихтың шырғалаң жолымен келгенін
Тарих шырғалаңынан - тәуелсіздік шыңына тарихи кеш барысында көрсете
білді. Кеш соңында мектеп директоры А.С.Сексенова 16 желтоқсан Тәуелсіздік
күнінің маңыздылығына тоқтала отырып, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Шараны қорытындылап, барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Атамекен Қазақстан картасы этно-мемориалды кешенімен мектеп тығыз
байланыста жұмыс жүргізеді. Атамекен этно кешенінің 10 жылдығына арналған
қала мектептері арасында патриоттық сабақтар ұйымдастырылды. Осы шараларға
байланысты мектептен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бөкенова Г.А.,
технология пәні мұғалімі Илясов Ш.Р. ұйымдастыруымен 10-сыныптарда 2006
жыл. Байқоңыр – қазақ даласының ғарыш айлығы тақырыбында патриоттық сабақ
өтті. Сабақ мақсаты: Қазақстан бүгін – әлемдегі ең серпінді дамып отырған
мемлекеттердің бірі. Еліміздің экономикалық өрлеуі ғарыштық бағдарламаларды
жасауға және оны іске асыруға негіз болғанын, Байқоңыр ғарыш айлағының
тарихын, жеткен жетістіктерін жеткізу. Аспан әлемін, ғарыш саласын
зерттеуге оқушылардың ызығушылығын өалыптастыру. Отанының, елінің тарихын
оқуға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақта зымыран моделдері, макеттер, луноход пайдаланылып, слайд
көрсетілді. Елбасының Қазақстан жолы кітабынан Жер кіндігі - Байқоңыр
туралы мәліметтер ұсынылды. Ғарыш экологиясы, Ғарыштық Қазақстан
ғарышкерлері жайлы деректер мен мәліметтерді оқушылар айтып шықты. Талғат
Мұсабаев деректі хикаят Ғарыш көшпендісі фильмі көрсетілді. Оқушылар
фильм туралы өз пікірлерін білдірді.Осы фильм авторы Нұрғалиева Сара
Кабиқызы. Оның Байқоңыр тарихындағы , қазақ журналистика саласындағы ғарыш
тақырыбындағы еңбегі зор. Талғат Мұсабаевты елдер танымайтын жан-жатылығын
танытқан қазақтың батыр тілшісі де сабақа қатысып, оқушыларға көптеген жаңа
мағлұматтар берді.
Осы патриоттық сабақтар байқауынан жүлделі ІІ орын және Мұражай және
білім номинациясын жеңіп алды. Өткізген мұғалімдерге ақылы сыйлықтар
берілді.
Елбасының Қазақстан халқына Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-
Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге
асыру жөніндегі Астана қаласы Білім басқармасының іс-шаралар жоспарын
басшылыққа ала отырып,мектеп көлемінде жоспар жасалынды.
Мұғалімдер арасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің
Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауда тарих пәнінің
мұғалімі Шайкенова С.С. баяндамасымен бастады. Баяндамасында Қазақстан
жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын
арттырудың жаңа міндеттеріне тоқталды. Онда үш маңызды міндеттер:
1) Оқыту мен жұмысқа орналасу
2) Ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту
3) Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа
орналастыру.
Жолдауда жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру, өңірлерді
дамыту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қол
жетімді баспана, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық– инновациялық
жобалар жөнінде айтылды.
Сонымен бірге, биылғы жолдауда халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту
мәселесіне ерекше маңыз берілген. Оның үш бағыты: бірінші- білім беруді
дамыту, екіншісі- денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшіншісі – тілдерді
дамыту көрсетілген. Осы жерде білім беру мен денсаулық сақтау саласын
қаржыландыру көлемі ұлғайтылып,тілдерді дамытудың механизмдері айқындалады.
2020 жылы мектеп түлектерінің барлығы мемлекеттік тілді еркін игеріп,
Қазақстан халқының 95 пайызы қазақ тілінде, тағы да 95 пайызы орыс тілінде
еркін қарым-қатынас жасай білетін болса, 20 пайызы ағылшын тілін
меңгеретінін атап айтты.
Мектеп директоры Сексенова А.С. іс-шараны қорытындылап өтті.
Қазақстанның дамуының негізі әлеуметтік-экономикалық модернизация
тақырыбында стенд жасалды. Қазақстанның индустриялық және инновациялық
дамуының негізі – сапалы білім тақырыбында 5-11 сыныптар арасында бірыңғай
тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының мақсаты Елбапсы жолдауын әр
бір оқушыға жеткізу, жолдаудың мазмұнын түсіндіру. Жолдауды іске асыру
бойынша өткізілген іс шаралар 5 сыныптарда Жаса, жайна, Қазақстаным, 8
сыныптарда Біздің Елбасы, 7 сыныптарда Астана – мерейім, мәртебем,
беделім, 10 сыныптарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік мәдениеттің құрылымы
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесінде олардың рөлі
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы,тілдесу кезеңдері
Пәндер