Электронды микроскоптың гистологиялық зерттеулер


КІРІСПЕ
Гисталогия ткандар жөніндегі ғылым. Ол гистос - ткан және логос ғылым деген сөздерден шыққан. Гистология көп клеткалы организмдердегі клеткалардың, ткандардың және органдардың құрылымын, қызметтерінің дамуын және оны басқарудың жолдарын зерттейтін ғылым . гистологияның зерттеу обектісі - клеткалар комплексі, олардың құрылымдарының бір-бірінен және қоршаған ортамен байланысы.
Гисталогияның міндеті - тканьдардың эвалюциясын . . . организмдегі қалыптасуы мен дамуы клеткалардың, органдардың және клетка аралық заттардың бір-бірінен және қоршаған басқада ткандарнан әсерлесуін, ткандардың қайта қалпына келуі мен оларды басқару механизмін зерттеу.
Біз қалай пайда болдық? Қалай дамыдық ? - деген сұрақ адамзатты әр уақытта - ақ толғандырған мәселе . әрине күрделі организмнің жалғыз ғана аналық клеткадан ұрықтанған соң дамуы биологияның қызықты да күрделі мәселелерінің бірі. Ол адамдарды біздің эрамыздан әлде қайда алдын ойландырған . адамзат әр уақытта соны шешуге талпынды .
Орта ғасырлар гистологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан жоқ. Қайта өрлеу дәуірінде табиғи ғылымдарға аздап қызығушылық пайда бола бастады. 1652 жылы омыртқалылардың тұқымының дамуын бағдарлай отырып З. Гарвей барлық тірі организмдердің жұмыртқадан пайда болатынын байқады . 17 ғасырда микраскоптың пайда болуына байланысты бұл мәселе қайта даңғыра бастады. Микраскоптың пайда болуы органикалық дүниені зерттеуге мол мүмкіндіктер берді . алғаш рет Р. Гук 1655 жылы емен қабығын зерттеп, олардың майда тордан тұратынын байқады . бұл клеткалардың алғашқы ашылуы болатын . кейіннен Н. Нальпиги. Н. Гро 1671-82 жылдары өсімдіктер микроқұрылымын зерттеп, ғылымға ткань деген терминді енгізді. 17 ғасырдың ақырында А. Левенгук қандағы эритроцидтерді, қарапайымдылады және жыныс сұйығынан ұрықтарды анықтады. Өсімдік пен жануар организмдерін микроскоппен зерттеу арқылы көптеген мағлуматтар жинала бастады. Микроскоптық техниканың жетіле түсуі, микроқұрылымдардағы жаңалықтардың көбеюіне байланысты анатомиядан гисталогия ғылымы бөлініп шықты. Гистологиялық зерттеулердің әдістері мол, бірақ ең негізгісі - микроскопиялық әдіс. Көбіне жай жарық микроскопы пайдаланылады. Одан да басқа арнайы микроскоптар қолданылады. Мысалға: фазоконтрасты, интерференциалды, және конденсорлы микроскоптар болмаған препораттарды көруге арналса, поляризациялы микроскоптар клеткалардың, ткандардың нәзік құрылымдарын зерттеуге қолданылады. Ал электронды микроскоптың гистологиялық зерттеулер үшін орыны бөлек.
1-Сабақ
Тақырыбы: оптикалық микроскоптың құрылысы және оның жұмыс істеу ережелері.
Мақсаты: Студенттерді микроскоптың құрылысымен таныстыру,
оларға онымен жұмыс істеу тәртібін үйрету.
Керекті құрал - жабдықтар: оқу әдістемелік -құрал, микроскоп және тұрақты препараттар.
Түсінік: Микроскоптың құрылысы . микроскоп жалпы . . . /штатқа/ және оптикалық линзалардан тұрады. Қандай микроскоп болмасын құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас болады. Сондықтан көп таралған МБМ-1 микроскопының құрылысын қарастырайық. Микроскоп орнықты болу үшін табанға / подставка / орналасқан. Табанға ұстын / штатив / бекиді. тубус Мкроскоптың окуляр және обектив бекитін түтігі. Тубусты жоғары төмен көтеріп - түсіретін макро және микро бұрандары болады. Тубустың төменгі ұшына әр түрлі обьективтер орналасатын . . . / резодвер / орналасқан . тапансаны бұрай отырып жұмыс кезінде оңай обьективтерді алмастыруға болады. Препорат қолтын үстелше гистопрепораттарды қоюға арналған . ол кей микроскоптарда қозғалмалы болса, кейбіреулерінде қозғалмайды. Үстемшенің астында жарықты реттейтін конденсары, оның астында жарық жинағыш айнасы болады. Конденсорлармен бірге осы күнгі микроскоптардың диафрагмасыда болады. Ол да жарықты реттеу қызметін атқарады.
Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі . микроскопты столдың шетіне өзіне ыңғайлап алған дұрыс . тубусы тіке қалыпта болса, бұрып көзге туралап алу керек . айнаны бұрып, жарықтың мөлшеріне қарап, конденсормен диофрагманы жарық мөлшеріне қарап реттеп алу керек. Осыдан соң барып препоратты микроскоп үстелшесіне жамылшы әйнегін үстіне қарай қою керек. Алдымен препоратты ең аз ұлғайтатын обьективпен қарайды. Сонан соң барып, керек болса тапаншаны бұрай отырып үлкен обьективке ауыстырады. Үлкен обьектив препоратқа кіші обьективпен салыстырғанда жақындай түседі. Сондықтан да ол өте абайлап жұмыс істеуді талап етеді. үлкен обьективпен жұмыс істегенде тек микробұрандамен ғана тубусты көтеріп - түсіру керек.
Препоратты көріп, бағдарлап болған соң микроскоп тубусын жоғары көтеріп, тапаншасын бұрап кіші обьективке ауыстырып қою қажет. Осыдан соң ғана барып үстелшеден препоратты алып қоюға болады.
Микроскоптарда ұлғайту қабілеттеріне қарай обьективтер төрт топқа бөлінеді 8х болмаса 10х аз 20х орташа 40х үлкен және 90х өте үлкен ұлғайтқыш обьективтер. Ал окулярлар үлкейту қабілетіне қарай 5х және 7х аз. 10х орташа және 15х үлкен ұлғайтқыш окулярлар болып үш топқа бөлінеді
Бақылау сұрақтары:
- Микроскоп деген не?
- Оның құрылысы қандай?
- Оны кім, қашан ойлап тапқан?
- Микроскоптың табаны не үшін керек?
- Микроскоптың ұстыны / штатив / деген не? Ол не қызмет атқарады?
- Тубус деген не? Ол не қызмет атқарады?
- Окуляр деген не? Ол не қызмет атқарады?
- Обьектив деген не? Ол не қызмет атқарады?
- Тапаншаса / револьвер / деген не? Ол не қызмет атқарады?
- Үстелшесі дегеніміз не? Ол не қызмет атқарады?
- Конденсор дегеніміз не? Ол не қызмет атқарады?
- Диафрагма дегеніміз не? Ол не қызмет атқарады?
- Микроскоптың айнасы не қызмет атқарады?
- Окуляр ұлғайту қабілетіне қарай қалай бөлінеді?
- Обьектив ұлғайту қабілетіне қарай қалай бөлінеді?
- Микроскоппен жұмыс істеу тіртібі қандай.
2-сабақ
Тақырыбы: бірқабатты бірқатарлы эпители.
Мақсаты: студенттерге бірқабатты бірқатарлы эпителийдің құрылысын, қызметін түсіндіру.
Керекті құрал - жабдықтар: оқу әдістемелік құрал, альбомдар, атластар, плакаттар, микроскоп, тұрақты препораттар.
Орындалатын тапсырмалар: оқу әдістемелік құралды оқып шығу оны қысқаша конспектілеу. тұрақты препораттарды микроскоп арқылы көріп, бағдарлау. Көрнекті құрал жабдықтардан бір қабатты бір қатарлы эпителийді көріп, зерттеп, кейіннен суретін арнайы альбомға жай және түрлі-түсті қарындаштармен салу.
Бірқабатты эпителийдің өзіндік ерекшелігі, оның барлық клеткалары базальды / астыңғы / мембранаға орналасқан. Эпителий клеткаларының апикалды, базалды бөліктері екі бөлек болады. Олардың мұндай ерекшелігін клеткалардың полярлы жіктелуі деп атайды. Осынысына қарай эпителий өте көп түрлерге бөлінеді. Бірқабатты эпителийдің өзі бір қабатты бір қатарлы және бірқабатты көп қатарлы болып бөлінеді. Сонымен бірге клеткаларының пішініне қарай клетқаларының табанының биіктігінен үлкен болса - жалпақ, табаны мен биіктігі тең болса куб тәрізді, ал егер табанынан биіктігі әлде қайда үлкен болса ондай эпителийді призма немесе цилиндр тәрізді эпителилер деп атайды. Көп қабатты эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай бөлгенде олардың тек беткі қабатының клеткаларының пішініне ғана көңіл бөледі.
Бір қабатты бір қатарлы жалпақ эпителий адамдар мен сүт қоректілердің өкпе альвеолдарын, өкпенің беттерімен қабықтарын / плезра/ беттерін, жүрек қалтасының беттерін, көз мүйізделерінің артқы беттерін сыр қабықшаларының беттерін қаптап тұрады. Оны барлық целон қуысын қаптап тұратындықтан басқаша целондық эпителий, немесе олардың шыққан тегін тескеріп мезателий деп те атайды.
Бір қабатты бір қатарлы куб тәріздес эпителий организмде бүйрек, бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, сүт бездері, қалқан бездерінің жіңішке өзектерінің беттерін қаптайды. Өкпенің жіңішке бронхы тармақтарының, жұмыртқа жолының беттерін де эпителийдің осындай түрі қаптайды. Бүйрекпен сүт бездерінің өзектерін қаптаған эпителий клеткаларының апикалды жағында микротүкшелері болады. Сондықтанда ондай эпителийлер бір қабатты бір қатарлы куб тәріздес микротүкшелі эпителий деп аталынады.
Бір қабатты бір қатарлы призма тәріздес эпителий адам мен сүтқоректілердің қарыны мен ішектерінінің беттерін, қуық бетін, ұйқы бездерінің, бүйректің, бауырдың ірі өзектерінің беттерін, ірі жұмыртқа холдарының беттерін қаптайды. Клеткалардың ядросы базальды мембранаға жақын, бір қатарға орналасады. Ішек-қарын беттерін қаптаған эпителий клеткаларының бетінде микротүкшелері бар. Сондықтан да оларды бір қабатты бір қатарлы микротүкшелі эпителий деп атайды. Микротүкшелердің биіктігі 0, 5 мкм-ден 3 мкм-ге дейін жетеді. Ішек эпителиінің астында крипт деп аталатын қатпарлары болады. Қартайған немесе жарақаттанып істен шыққан эпителий клеткаларын алмастырып отыратын жеткіншек камбиальды клеткалар осы криптыларда көбейіп дамиды. Осында жаңа пайда болған эпителий клеткаларының өзінде 280-ге тарта микротүкщелері болады. Олар қартайған клеткаларды алмастыру үшін жоғары көтерілген сайын олардағы микротүкшелер саны арта түседі. Сөйтіп ішек түкшесінің шамамен ортасына барғанда ондағы микротүкшелер саны 3000-ға дейін артады. Ішек бетіндегі микротүкшелер клетканың қоректік зат сору ауданын 30 есеге дейін арттырыды. Түкшенің диаметрі 50-100 нм. 1мм квадрат клетка бетінде 200 млн-ға дейін түкшелер болады. Ішек эпителийінің клеткаларының арасында бір клеткалы бакал тәрізді без клеткалары да мол болады. Олар сол бөліп ішек бетін жарақаттан сақтап, екінші жағынан ас қорытуға қатысады.
Бақылау сұрақтары:
- Жалпы эпителий тканының өзіндік ерекшеліктері?
- Бір қабатты бір қатарлы эпителийдің өзіндік ерекшеліктері?
- Бір қабатты эпителий қандай түрлерге бөлінеді?
- Бір қабатты бір қатарлы эпителий клетка тіліндеріне қарай қалай бөлінеді?
- Бір қабатты бір қатарлы эпителий организмнің қандай бөліктерінде кезігеді?
- Бір қабатты бір қатарлы куб тәріздес эпителий организмнің қандай бөліктерінде кезігеді?
- Бір қабатты бір қатарлы призма тәрізді эпителий организмнің қандай бөліктерінде кезігеді?
3 сабақ
Тақырыбы: Бір қабатты көпқатарлы эпителий
Мақсаты: Студенттерге бір қабатты көпқатарлы эпителийдің құрылысын, қызметін түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: Оқу-әдістемелік құрал, альбомдар, атластар, плакаттар, микроскоп, тұрақты препараттар.
Орындалатын тапсырмалар : Оқу-әдістемелік құралды оқып шығып, оны қысқаша конспектілеу. Тұрақты препараттарды микроскоп арқылы көріп бағдарлау. Көрнекі оқу құралдарымен танысып микроскопта көргендерін ескеріп, бірқабатты, көпқатарлыэпителийдің бірнеше түрлерінің жоба суреттерін арнайы альбомдарына көшіріп салу.
Біз организмде көп таралған бірқабатты көпқатарлы эпителийдің төмендегі екі түрімен танысамыз. Бірқабатты көпқатарлы призма тәріздес кірпікшелі немесе қабыршақ эпителий. Ол адам мен сүтқоректілердің тыныс жолдарын қаптаған. Эпителийдің бұл түрінің барлық клеткалары да базальды мембранаға орналасқан. Дегенмен барлық клеткалар түгелдей эпителий қабатының бетіне жетпейді. Эпителий бетіне жетпейтін майда клеткаларды камбиальды клеткалар деп атайды. Мұндай эпителийдің көлденең қиындысын қарағанда камбиальды клеткалар мен жетілген клеткалардың ядролары әр трлі деңгейде жатады. Сондықтан да эпителий бірнеше қабат клеткалардан тұратын сияқты болып көрінеді. Осынысына қарай эпителийдің мұндай түрлерін бірқабатты көпқатарлы эпителий деп атаған. Клеткаларының бетінде 270-ке тарта кірпікшелері болады. Ол кірпікшелер секундына 16-дан 1000 ретке дейін қимылдай алады. Олар қимылы арқылы тыныс жолына түскен шаңтозаңдарды, микробтарды шығарып жіберіп отырады. Мұндай эпителий клеткаларының арасында да бір клеткалы бокал тәрізді без клеткалары болады. Ол клеткалар сөл бөліп тыныс жолын ылғалдап отырады. Бірқабатты көпқатарлы эпителийдің тағы да бір кең таралған түрі, бірқабатты көпқатарлы ауыспалы эпителий. Мұндай эпителийдің түрі организмдегі көлемін ауық-ауық өзгертіп отыратын мүшелерді қаптайды. Адамдар мен сүтқоректілердің зәр жолдары мен қуықтарын қаптайды. Бұл эпилеий базальды, аралық және беткі, үш клеткалар қабатынан тұрады. Базальды қабат клеткалары базальды мембранаға жақын орналасқан, майда, пішіндері әр түрлі. Клетка шекаралары онша айқын емес. Цитоплазмасында РНҚ-сы мол, базофилді. Клеткалар толық жетілмеген сондықтан да ылғи көбею үстінде болады.
Аралық қабаттағы клеткалардың белгілі бір пішіні болмайды. Бұл қабаттағы клеткалар цитоплазмалық өсінділері арқылы базальды мембранамен байланысқан. Бір кейде екі қатар клеткалардан тұрады. Клеткалары бір-бірімен тығыз орналасқан. Сонымен бірге бұл қабаттың клеткаларының шекаралары айқындала бастаған.
Жоғарғы қабаттағы эпителий клеткалары ірі пирамида тәріздес болып келеді. Пирамиданың ұшы базальды мембранаға қараған базальды мембранамен жіңішке цитоплазма өсінділері арқылы байланысқан. Жоғарғы қабат клеткаларының бірнеше ядролары болады. Клеткалардың ядроланының көп болуы олардың митос арқылы емес, анитоз жолымен бөлінетінінің дәлелі. Жоғарғы қабат клеткалары эпителий қабатының сыртына сөлді зат бөліп отырады. Ол бөлінетін сөлді зат - сиоломуцин. Сиоломуцин қыщқыл мукополиқанттар. Ол сөлді заттардың организм үшін маңызы зор, біріншіден органды зәрдің зиянды әсерінен сақтаса, екіншіден зәрдің қуықпен басқа да зәр жолдарына кристаллданбауын қамтамасыз етеді. Қанша дегенмен эпителийдің жоғарғы қабат клеткалары біртіндеп істен шығып олардың орнын аралық қабат клеткалары алмастырып отырады. Бірқабатты көпқатарлы ауыспалы эпителий көлемін мезгіл-мезгіл өзгеріп отыратын қуыстарды, өзектерді қаптайтын болғандықтан оларды құрайтын клеткалар да пішіндерін мезгіл-мезгіл өзгертіп отырады. Мысалға, босаған қуықта куб тәріздес, болмаса призма тәріздес клеткалар болмайтын болса қуық толған кезде куб тәрізді клеткалар жалпақ клеткаларға айналса, призма тәрізді клеткалар куб тәрізді клеткаларға айналады. Осынысына қарай бірқабатты көпқатарлы мұндай эпителийлерді ауыспалы эпителий деп атаған.
Бақылау сұрақтары
- Бірқабатты көпқатарлы эпителийдің өзіндік ерекшелігі неде?
- Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі жыбырлақ эпителий организмнің қандай органдарына кезігеді№
- Ондай эпителийдің құрылысы, қызметі қандай?
- Бірқабатты көпқатарлы ауыспалы эпителий организмнің қандай органдарында кезігеді?
- Бұл эпителийдің басқа эпителий түрлерінен ерекщелігі неде?
4 сабақ
Тақырыбы: Көпқабатты эпителий.
Мақсаты: Студенттерге көпқабатты эпителийдің құрылысын, қызметін организмде кезігетін мүшелерін түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: Оқу-әдістемелік құрал, альбомдар, атластар, плакаттар. Микроскоп тұрақты препараттар.
Орындалатын тапсырмалар: Оқу-әдістемелік құралдан тақырыпты оқып шығып, қысқаша конспектілеу. Микраскоптан тұрақты препараттарды көріп, зерттеп, бағдарлау. Бақылау сұрақтарын оқып шығып, оқу-әдістемелік құралдан жауаптарын тауып қысқаша жауабын жұмыс дәптеріне көшіріп жазу. Микроскоптан көргендерін көрнекі құралдардан көргендерін еске алып көпқабатты эпителий түрлерінің суреттерін салу.
Көпқабатты эпителийдің бірқабатты эпителийден айырмашылығы ол болмағанда екі қабат эпителий клеткаларынан тұрады. Базальді мембранаға тек астыңғы қабат клеткалары ғана бекиді. Көпқабатты эпителий беткі қабат клеткаларының сипатына қарай мүйізденбейтін көпқабатты эпителий болып бөлінеді. Мүйізденбейтін көпқабатты эпителий өз кезегінде беткі қабат клеткаларының пішіндеріне қарай жалпақ, куб тәріздес және эпителий болып бөлінеді. Мүйізденбейтін куб тәріздес және призма тәріздес эпителийдің бетінде кірпікшелері де болуы мүмкін. Көпқабатты аз мүйізденетін және мүйізденетін эпителий көбіне беткі қабат клеткалары жалпақ болып келеді де, кірпікшелері болмайды. Жоғарғы беткі базальді қабат клеткаларынан байланысын үзіп ылғи қабыршақтанып түсіп тұрады.
Көпқабатты мүйізденбейтін жалпақ эпителий адамдар мен сүтқоректілердің көз мүйізінің бетін, ауыз қуысын, өңешін, қынап/злагалице/ тік ішектің беттерін қаптайды. Бұл эпителий үш қабаттан тұратын базальді қабат, қылқанды қабат және үстіңгі қабат. Базальдіы қабат цилиндр пішінді клеткалардан тұрады. Бұл қабат клеткалары ылғи көбен үстінде болып, базальді мембранамен десмосомалар арқылы бекиді. Қылқанды қабат клеткалары көпбұрышты өсінділер арқылы Бір-бірімен байланысып тұрады. Клеткалар арасы қуыс онда ткан сұйығы толған. Бұл қабат клеткаларында жабыстырған секреттер жиналады. Көпқабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителийдің беткі қабатының клеткалары жалпақ түседі. Олардың ішіндегі жабысқақ заттары плазмалемманың сыртына шығып клеткалар бір-бірімен жабысып беки түседі. Клеткалардың мұндай тығыз жабысып орналасуына байланысты астыңғы қабаттардағы клеткалық, клеткааралық сұйық, эпителий тканының астына орналасқан басқа да ткандардан ткан сұйығы эпителий бетіне өте алмайды. Көп қабатты куб тәрізді мүйізденбейтін эпителий май, тер бездерінің өзектерінде болады. Көп қабатты мүйізденбейтін призма тәрәзді эпителий ұрық жолдарын, сілекейбездерінің өзектерін, кейбір сүтқоректілердің мұрын, жатыр қуыстарын қаптайды.
Көпқабатты мүйізденетін жалпақ эпителийге адамдар мен сүтқоректілердің терісі жатады. Алақан мен табан терілерінің эпителийі 5 қабаттан тұрады. Олар базальді қабат, қылқанды қабат, түйіршікті қабат жылтырауық қабат және мүйізденетін қабаттар. Базальді қабат пен қылқанды қабат клеткалары ылғи көбею үстінде болады. Бұл екі қабат астындағы дәнекер тканмен тарақтанған қол тәрізді байланыста болады. Ол бір жағынан эпидермистің қоректенуін жақсартса, екіншіден екі тканның үйкелісін күшейтіп мықтырақ байланыстырады. Түйіршікті қабаттан бастап қабаттар эпидермис бетіне параллель орналасады. Түйіршікті қабатта клеткаларда кератогиалин түзіле бастаса, қылтырық қабаттағы коратогиалин түйіршіктері бір-бірімеғн қосылып біркелкі масса түзеді. Сондықтан ол қабат жылтырап көрінеді. Беткі мүйізденетін қабаттағы клеткалардағы кератогиалин де, тонофилоценттер де кератинге айнала бастайды. Мүйізденетін қабаттың беткі клеткаларында бірте-бірте зат алмасу процессі тоқтайды. Ақырында олар көшіп түсе бастайды. Оларды мүйізді қабықшалар деп атайды. Көпқабатты аз мүізденетін жалпақ эпителийдің мүйізденетін түрінен айырмашылығы оларда жылтырауық қабат болмайды. Адамдарда мұндай эпителий шаштың астында болады.
Бақылау сұрақтары:
- Көп қабатты эпителийдің бір қабатты эпителийден айырмашылығы неде?
- Көп қабатты эпителийлер қандай түрлерге бөлінеді?
- Көп қабатты мүйізденбейтін эпителийлер қандай түрлерге бөлінеді? Оның қандай түрлері қандай органдарда болады?
- Көп қабатты мүйізденетін эпителий қандай рогандарда болады?
- Оның құрылысы қандай?
- Аз мүйізденетін эпителийдің қандай ерекшелігі бар?
- Аз мүйізденетін эпителий қандай органдарда болады?
5 сабақ.
Тақырыбы: Бездер эпителийі.
Мақсаты: Студенттерге бездер эпителийінің құрылысын, қызметін, классификациясын түсіндіру.
Қажет құрал-құрал жабдықтар: Оқу-әдістемелік құрал, альбомдар, атластар, плакаттар. Микраскоп, тұрақты припараттар.
Орындалатын тапсырмалар: Оқу-әдістемелік құралды оқып шығып, қысқаша конспектілеу қажет. Микраскоп арқылы тұрақты препараттарды көріп, бақылап, зерттеп, көрнекі құралдардан да тақырып бойынша материалдарды көріп байқау керек, Осыдан соң барып микраскоптан көргендерін көрнекі құралдардан бағдарлағандарын еске ала отырып бездер классификациясын жұмыс дәптеріне көшіріп алу қажет. Бездердің суретін арнайы альбомға жай және түрлі түсті қарындаштармен салу керек. Бақылау сұрақтарын оқып шығып, жауабын оқу-әдістемелік құралдарын тауып қысқаша ғана жұмыс дәптерлеріне көшіріп жазу керек.
Бездердің негізгі массасы эпителийден тұрады. Олардың организмдегі қызметі тіршілікке керекті әртүрлі сөлдер бөлу. Жалпы бездерді экзокринді деп бөледі. Экзокринді бездер сөлін дененің бетіне немесе іші қуыс органдарға бөлетін болса эндокринді бездер сөлдерін тікелей қанға немесе лимфаға бөледі. Экзокринді бездерге сілекей, тер, сүт, ұйқы бездері және бауыр жатады. Ал эндокринді бездерден қалқан безін, гипофиз, эпифиз, бүйрекүсті бездерін, жыныс бездерінің эндокринді бөлігін атауға болады.
Экзокринді бездердің өзін экзопителий және эндоэпителий бездері деп бөледі. Экзопители бездері эпителий қабатының астына өтіп дәнекер тканына батып тұратын болса, эндоэпителий бездері тек эпителий қабатының ішіне орналасады. Экзокринді экзоэпителий бездері тағы да бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Экзокринді экзоэпителий көп клеткалы бездеріне сілекей, жас, тер, май, ұйқы бездері мен бауыр жатады. Мұндай бездер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай бездер сөл шығаратын өзектерінің құрылысына қарай тарамданған және тарамданбаған болса күрделі бездердің сөл шығаратын өзектері тек тарамданған болады. Секрет бөлімінің пішініне қарай көпклеткалы экзокринді экзоэпителий бездері түтікшелі альвеолды және түтікшелі-альвеольды болып бөлінеді. Тарамданбаған түтікшелі жай бездерге тоқ ішек крипт бездері, қарын табанының бездері, тер бездері жатады. Тарамданбаған жай альвеолды бездерге қосмекенділердің тері жатқызуға болады. Күрделі тарамданған түтікшелі-альвеолды құстардың өңеш бездері күрделі тарамданған түтікшелі бездерге жас бездері, күрделі тармданған альвеолды бездерге май бездері жатады.
Экзокринді эндоэпителий бездері де бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Экзокринді эндоэпителий бір клеткалы бездерінің мысалы бокал тәрізді клеткалар. Экзокринді экзоэпителий көпклеткалы бездері деп адамның жұтқыншақүсті сілекей клеткаларын айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz