ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ БАСТАЛУЫ (XVIII ҒАСЫРДЫҢ 30-40-ЖЫЛДАРЫ)



1 Патша өкіметінің ертіс өңірінде бекіністер
орнатуымен қазақстандағы әскери.отаршылдық әрекеттерінің басталуы

2 Кіші жүз бен орта жүз қазақтарының ресей бодандығын қабылдауы
XVIII ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды, бұл ретте Тара қаласынан Ертіс езенінің жоғарғы ағысына дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы қатарғашыкты.
Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші болды, Жайықшебін кенейтудің белсенді үрдісі сол Шығысқа ба-ғытталған еді, ал Гурьев қалашығы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың мүшелері, саяхатшылар, ел мен жер көруге құмарлар Орта Азия иеліктерінен, Шығыс Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына кайтканда, Ертістің арғы жағында жаткан «азиялық елдер туралы» кейде аңызға бергісіз мәліметтер әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа карай беттеуді кеңейту саясатын нығайтуда Еркеті қаласындағы (қазіргі Жаркент каласы. — Ред.) «алтын аралас топырақтуралы» лакаптардың кеңтаралуы елеулі рел атқарды.
Сонымен Ресейдіңалған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресеалтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат — үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді.
1. «ШЫҢ» кітап
2. Қазақстан тарихы 8 сынып
3.Мәдениеттану

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ

БАСТАЛУЫ (XVIII ҒАСЫРДЫҢ 30-40-ЖЫЛДАРЫ)

ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ЕРТІС ӨҢІРІНДЕ БЕКІНІСТЕР

ОРНАТУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИ-ОТАРШЫЛДЫҚ

ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БАСТАЛУЫ

XVIII ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің
шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен
жаңғыртылды, бұл ретте Тара қаласынан Ертіс езенінің жоғарғы ағысына
дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы
қатарғашыкты.

Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші
болды, Жайықшебін кенейтудің белсенді үрдісі сол Шығысқа ба-ғытталған еді,
ал Гурьев қалашығы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды
қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың мүшелері,
саяхатшылар, ел мен жер көруге құмарлар Орта Азия иеліктерінен, Шығыс
Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына кайтканда, Ертістің
арғы жағында жаткан азиялық елдер туралы кейде аңызға бергісіз мәліметтер
әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа карай беттеуді кеңейту саясатын
нығайтуда Еркеті қаласындағы (қазіргі Жаркент каласы. — Ред.) алтын аралас
топырақтуралы лакаптардың кеңтаралуы елеулі рел атқарды.

Сонымен Ресейдіңалған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық
Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар,
әсіресеалтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын
стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда
игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жеткен
Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат — үш жүздің күштерін топтастыруға зиян
келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты
көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі
алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ
Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың
жеделдетілген сипатын анықтап берді. Сонымен бірге Ресейдің өзінің аса зор
өзгерістері үшін өте қажетті қаржы қаражаттарына асқан мұқтаждықты бастан
кешіргені, оның Ресей үшін Швециямен ұзакка созылған соғысына байланысты
болғаны мәлім.

Орыс патшасының азиялық иеліктерге ұмтылысы туралы айтқанда, оның өзі
алдына Үндістанды немесе қандай да болсын басқа бір елді басып алу
жоспарын қоймағандығын есте ұстау керек. I Петрдің ниеті Азияның ірі
елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен
туған еді. Алайда оның кезінде Солтүстік-шығыс Қазақстан ауданында орыс
әскери-барлау отрядтары ілгерілеуінің жандана түсуі жоңғарлардың карсы
қимылын туғызды, кейбір шекаралас өңірде қақтығыстар басталып, өзара
дүрдараздықтар мен жанжалдар жиіледі.

Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған
М. П. Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар
қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Патшаны Тобылдан Жаркентке
дейінгі жол бойында: біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы
жерде, ал басқаларын істің барысы бойынша керек -етілетін жерлерде орыс
бекіністерін салу қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I
Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.

Патшаға өз жоспарын ұсына отырып, кінәз бұл аудандағы халықаралық
қатынастардың қиын екенін керінеу жете бағаламады, ал ол қатынастар бұл
жылдарда кершілес Жоңғарияның жаулап алушылық жоспарлары салдарынан өте
шиеленісіп, саяси жағдайдың қазақ хандықтарының мүдделеріне зиян келтіретін
өзгерісін туғызған еді, оның үстіне әскери-тірек базаларын салуға арналған
аудан әскери басымдық салдарынан уақытша ойрат күштерінің бақылауында
болатын, ал олар өздерінің жетістіктерінен айырылғысы келмейтін. Бекіністер
салу мүмкіндігі көрсетілген хабарламаны алған соң, швед флотымен теңіздегі
шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы
22 мамырда Святая Наталья галерасында Алтынды құм бар жерлерді иеленіп
алу үшін подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің басқаруындағы
экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды.

I Петрдің Бухгольцке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген:
...Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып,
солармен Ямышев көліне бару... — қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан
салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін болған
жерге қыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адамдарды келесі
көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасындар... сондай-ақ кейбір
жерлерде, атап айтқанда өзендер маңында... бекіністер жасау керек... және
сондағы тұрғындардың Дария-өзен бойындағы қандай жерлерден алтынды қалай
өндіретінін де шындап біліп алындар... шведтер арасынан минералдарды
білетін бірнеше адам табу керек. Түрлі редакциясында талай рет жарияланған
патша жарлығы мәтінінің бастапқы, негізгі нұсқасы осындай болатын, Ертіс
өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, онысалу 1714 жылдан
1720 жылға дейін созылды.

Әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және
төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Отрядты ұйымдастырушылар кұрылып
жатқан отрядты қаруландыруға едәуір мән берді. Белгілі әскери тарихшы В. К.
Андриевичтің деректеріне қарағанда, тек 70-ке жуық әр түрлі оқпанды
зеңбірек алынған. Экспедицияның кұрамында тұтқынға түскен швед офицерлері,
сондай-ақ шығысқа апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі орыс
саудагерлері де көп болды.

И. Д. Бухгольцтің қырдағы жүрісі ойраттардың қауіптенушілігін туғызбау
үшін Цеван-Рабтан қонтайшыға алдын ала Сібір губернаторының арнаулы
өкілдері — Василий Чередов пен Тимофей Этигер жіберіліп, оған Ұлы
мәртебелі патша жіберген адамдардан ешқандай қауіптену болмауын
түсіндіруге нақты өкілеттік берілді. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық
дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде, өз кұрамында 2797
адамнан тұратын драгундар, солдаттар, офицерлер мен жұмысшылар бар И. Д.
Бухгольц отряды жорыққа шықты.

1715 жылғы 1 қазанда И.Д. Бухгольцгің экспедициясы Ямышев көліне
жетті, оған жақын жерде ежелден жергілікті тұрғындар мен сібір татарлары,
сондай-ақ Тобыл, Томск халқы арасында айырбас саудасы жүргізілетін, сол
жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.

Бекініс салынғаны және отрядтың өз жорығын одан әрі жалғастыру ниеті
туралы хабар алған Цеван-Рабтан орыс экспедициясының бекініс салуына да,
жерді иеленіп алуына да кедергі жасау мақсатымен, 10 000 әскермен өзінің
немере інісі Церен-Дондобты аттандырды.

Күтпеген жерден шабуыл жасауда табысқа жетпей, И. Д. Бухгольцтің батыл
қарсыласуы есеңгіретіп тастаған Церен-Дондоб бекіністі ұзақ уақыт қоршау
арқылы қиратудың мүмкін еместігіне кезі жетіп, келіссөз жүргізуге мәжбүр
болды. Орыс экспедициясының бастығына 1716 жылғы 2 ақпанда жазған хатында
Ресей мен Жоңғар хандығы арасында біршама төзімді катынастар бар екенін
айта келіп және бұл ауданда бекініс салуға қандай да бір құқығы жоқ екеніне
оны қорғаушылардың назарын аударып, ойрат күштерінің қолбасы И. Д.
Бухгольцке кетуді ұсынды, олай істемеген жағдайда оны бұған аштық пен күш
арқылы мәжбүр ететінін айтып қорқытты.

Ал өз мақсаттарына жетуде бекем бол деген I Петрдің тапсырмасы мен
кінәз М. П. Гагариннің нұсқауын есте ұстаған Бухгольц өзінің бекіністен
кетпеуге бел байлағанын білдіре келіп, ...татулықты бұзуға ниетім жоқ және
бекіністі патша ағзамның әмірі бойынша Жоңғарияға тиесілі емес жерде
салдым, ал қоқан-лоқыдан қорықпаймын, қор жеткілікті жағдайда көмек күте
отырып, Церен-Дондобтың патша ағзамның еркіне қалай кедергі жасайтынын
көріп аламын деп жауап кайтарды, сөйтіп ойрат қолбасшысына шегінуге кеңес
беріп, мұны татулыкты сақтаудың бірден-бір жағдайы деп санады. Экспедиция
бастығының хаты сенімділік және бір сыпыра қорқыту сарынында жазылғанымен,
қоршаудағылардың жағдайы ауыр болып шықты.

1715 жылғы желтоқсан айында-ақ И. Д. Бухгольд I Петрге өзі душар
болған жағдай мен киындықтар туралы хабарлама жіберген еді. 1716 жылғы 4
ақпанда Копенгагенде жүрген патша оған өзінің жеке жауабын жіберді, ол
көршілес мемлекет басшысының Қазақстанға елеулі мән бергенін делелдейді;
дегенмен де бұл кезенде оның қолында Ертістің оң жағасы мен Жоңғариямен
шекаралас аудандарда қалыптасқан жағдай туралы анық мәліметтер жеткілікті
болмауы мүмкін.

КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ РЕСЕЙ БОДАНДЫҒЫН ҚАБЫЛДАУЫ

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды.
Деректемелерде шайқасқа қатысқан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай
келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан
Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы — Түркістанға көшіп кеткені, ал
Әбілқайырдың асыға кешіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңырақай
шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке
бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың
негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден
— Сәмеке, Кіші жүзден Әбілкайыр үміттенді. Көпшіліктің тандауы Әбілмәмбетке
түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз калдырды деп тауып, шайқас
алаңынан кетіп қалды, сол арқылы казақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат
етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.

Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына Ақтабан
шұбырынды жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалық және саяси
өмірінде ұзак уақыт бойы терең із қалдырды.

Қазақтар материалдық және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған
жоқ, сонымен қатар уақытша Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылды. Ғасырлар
бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды, Сырдария ауданы мен
Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтары жойып жіберілді. Қазақ руларынын
жайылым іздеп батысқа және солтүстік-батысқа ығысуы үлкен қиыншылықтарға
ұштасты. Ол Жайық пен Еділ арасындағы кешіп жүретін кеңістіктуралы мәселені
шиеленістірді, қалмақтармен және башқұрттармен үздіксіз қақтығыстарға әкеп
соқты. Жоңғар феодалдарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып
алуының қазақ қоғамының экономикалык және мәдени өмірі үшін елеулі
зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қол өнер орталықтарынан белініп
қалды, ірі феодалдар қала халқынан алым алу мүмкіндігінен айырылды.

Жоңғарлардың шапқыншылығы қазақ жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз
бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. Ал
Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға қарай кешіп жүр және ол Орта және
Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек. Мұндай жағдай
феодалдык бытыраң-қылықтың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау
алған мемлекеттік билікті орталықтандыру негіздерінің бұзылуына ықпал етпей
қоймайтын еді.

Жоңғар хандығына қарсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке
иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілқайыр өз билігін тіпті
бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан басқа онда Қайыптың баласы Батыр
сұлтан мен Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.

Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері — Сәмеке,
Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінің ханы болды және орыс
шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның қоныстары
жақынырақ орналасты. Олардан басқа Орта жүзде Әбілмәмбет және Барақ
сұлтандардың ықпалы зор болатын.

Жоңғар басқыншылығы қазак қоғамының әлеуметтік қатынастарында да терең
із қалдырды. Елдің қаңыратылып, күйзелтілуі кедейлер — байғұстар, қоңсылар,
жатақтар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылық жүргізу
мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бақташылар, үй қызметшілері
ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Олардың көбісі тіршілік кездерін іздеп,
батысқа, орыс шекараларына қашты. Бірақ бұл жерде де олардың шеп өңіріндегі
казактарға немесе шекарадағы орыс қоныс аударушыларының аукатты
шаруашылыктарында батырақ болуына тура келді. Тағдыр Орта Азия
хандықтарынан баспана іздеуге мәжбүр еткендердің жағдайы да нақ сондай еді.

Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар
хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады. Билік
басына қазақ хандықтары жөнінде тым басқыншылық саясат жүргізген Галдан-
Цереннің келуі, мұндай шабуыл қаупінің күшейгенін керсетті, оның үстіне
қазақ хандарының өздері де, соның ішінде Әбілқайыр да, жоңғар феодалдары
тұтқынға алған тайпаластарын кайтару ниетінен бас тартпайтын.

Қазақ хандықтарынын. Бұхара мен және Хиуамен қатынастары шиеленіскен
күйінде қалды. Рас, 30-жылдарға қарай қазақ билеушілерінің Орта Азия
хандықтарымен қайшылықтары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.

Қазақ хандықтарының еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара
қатынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башқұрт ақсақалдарымен
шапқыншылықты тоқтату туралы келіссездері табысқа жетпеді. Кіші жүздің
батыстағы шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбіл-қайыр ханның ең басты
сыртқы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан - Жоңғар хандығымен
күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.

Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет -
қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық
бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды.

Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ
қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында, шын
мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі
жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты
одақтас іздеуге мәжбүр болды. Бір жағынан, ықпалды сұлтандар, ақсақалдар
арасында, екінші жағы-нан, үш жүз бірлестіктерінің іс жүзінде тәуелсіз
хандары арасында тамыр жайып алған араздық халықты топтастыру, біртүтас
халықтық жасақ құру-дың бүрынғы дәстүрін қайта жаңғырту жөніндегі күш-
жігерді жокха шы-ғарды.

Осындай өте қиын жағдайларда Петербург сарайына жүгінуге өзі бас-
тамашы болудың, сол кезде-ақ ыдырап кеткен біріккен қазак одағының сыртқы
саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін өз мойнына алудың
және ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жой-кын шабуылын күтпей,
орыс императрицасыныңкөзқарасын айқындау-дың күрделі миссиясы Әбілкайыр
ханның еншісіне тиді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ақ
Әбілқайыр орыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. )
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
Пәндер