Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
2 Экономикалық қауіпсіздік құрылымы
3 Төтенше жағдайлардың қауіп.қатері, туындауы немесе жоюы
кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау.
4 Экономикалық реформа жылдарында

«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа сая¬си бағыты жасалды. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен катар пайда болады. Экономикалық қауіпсіздік объектілері - жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер. Эконмикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай-күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш, т.б. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні - сақталмауы экономиканы күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін әзірлеу - экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары - қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік стратегиясында мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады: экономикалық қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі; қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу
жолдары
Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
атты 2013 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикалық
қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге
төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыты жасалды.
Сонымен, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - тұрақты экономикалық өсу,
қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары
сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде
қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық
қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи
және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі
мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен
катар пайда болады. Экономикалық қауіпсіздік объектілері - жалпы елдің
экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи
байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын
мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы,
адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің
шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның,
мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен
үдерістер. Эконмикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы
қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық
қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай-күйі, оның
орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең
елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі,
тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы,
экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың
қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі,
бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш,
т.б. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні - сақталмауы экономиканы
күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын
шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау
үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің
шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы
шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін
әзірлеу - экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары - қауіпсіздікке төнген ішкі және
сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-
қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік
стратегиясында мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады: экономикалық
қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі;
қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің экономикалық
қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі. Бұл мәселені
шешу үшін арнаулы әдістер де қолданылады. Экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мемлекеттің айрықша міндеті.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті мақсатқа сай және жүйелі қорғаушы ұйымдық
жүйе ретінде тек ХХғ. құрыла бастады. Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық
экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және
онымен қалай күресу керектігі бойынша экономист-теоретиктердің үш негізгі
тәсілі құрылды (1- кесте):
- сыртқы экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың камералисттік концепциясы
( ХIХғ. ортасынан бастап );
- ішкі макроэкономикалық қауіп-қатерлерден қорғаудың кейнсшілдік
концепциясы ( ХХғ. II жарты жылдығынан бастап);
- әкімшілік тосқауылдардан қорғаудың институтционалдық концепциясы
( ХХғ. аяғынан бастап ).
Экономикалық қауіпсіздік құрылымы былай сипатталады: Технологиялық
қауіпсіздік бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнім өндіру негізінде
халықаралық технологиялық нарықтарда ұдайы қатысумен анықталады. Азық-түлік
қауіпсіздігі сапалы тамақ өнімдерін өндіруге арналған табиғи-шикізат
ресурстарын қолданумен және осы тамақ өнімдерін халықтың жаппай тұтыну
мүмкіншілігімен өлшенеді. Қаржы-несиелік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен,
ұлттық валюта тұрақтылығымен, алтынвалюта қорларының жеткіліктілігімен
немесе тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасаумен ескеріледі. Өндірістік
қауіпсіздік индустриялық потенциалдың дамуында, техникалық өнім өндірудің
тұрақтылығында және тиімділігінде, мемлекеттің экономикалық тіршілік
әрекетін қамтамасыз ету қызметінің керектігінде көрінеді. Сыртқы
экономикалық қауіпсіздік ашық экономиканың сақталуы кезіндегі халықаралық
еңбек бөлінісі жағдайында ішкі нарықтың сыртқыэкономикалық әсерлерден
қорғануымен сипатталады. Инвестициялық қауіпсіздік оның инвестициялық
тартымдылығының деңгейіне, ұлттық экономикалық мүдделерді сақтауды ескере
отырып, тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және оны қайтару
қабілеттігіне байланысты. Энергетикалық қауіпсіздік ішкі өнеркәсіптік
өндірісті қолдану үшін өзіндік энергия тасушыны және энергияны жеткілікті
өндіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігімен анықталады. Көлік-байланыс
қауіпсіздігі әлемдік нарыққа шығатын альтернативтік негіздерді иеленуге
рұқсат беретін көлік-байланыс артерияларының бар болуымен көрсетіледі.
Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) қауіпсіздік бұзушы әлеуметтік күштің
төмен деңгейімен, қоғамның өмірге керек қажеттіліктерін қанағаттандырумен
қамтамасыз етілетін қорғану жағдайын білдіреді.
Жалпы, экономикалық қауіпсіздік деген жүйенің күрделі ішкі құрылымы бар,
соның ішінде оның үш маңызды элементтерін бөлуге болады:
1. Экономикалық тәуелсіздік. Экономикалық тәуелсіздік абсолюттік сипатқа ие
емес, себебі халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-бірінен
өзара тәуелді қылдырады. Осы жағдайларда экономикалық тәуелсіздік ұлттық
ресурстарды бақылау мүмкіншілігін білдіреді. Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға, кооперациялық
байланысқа, ғылыми-техникалық жетістіктерді айырбастауға тең қатысуға
рұқсат беретін өндіріс, тиімділік және өнім сапасының осындай деңгейіне
шығу керек.
2. Ұлттық экономиканың бірқалыптылығы мен тұрақтылығы меншікті барлық оның
формаларында қорғау, кәсіпкерлік белсенділік үшін сенімді кепілдеме мен
жағдай жасау, ахуалдың бірқалыптылығын бұзатын факторларды тоқтату
(экономикадағы қылмыстық құрылымдарымен күресу, табыстарды бөлуде маңызды
алшақтықтарды болдырмау ж.т.б.) дегенді білдіреді.
3. Өзін-өзі дамытуға және прогреске қабілет. Бұл әсіресе қазіргі,
динамикалық дамушы әлемде маңызды. Инвестициялар мен инновацияларға қолайлы
климат жасау, өндірісті ұдайы жаңарту, қызметкерлердің кәсіби, білім және
қоғамдық-мәдени дәрежесін жоғарлату ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен
өзін-өзі қорғаудың керекті және міндетті шарты болып жатыр.
Экономикалық қауіпсіздіктің шектік мәндері маңызды – бұл шекті шамалар,
бұларды сақтамау экономиканың және мемлекеттің әлеуметтік саласының жөнді
дамуына кедергі, экономикалық қауіпсіздік аймағында жағымсыз, күйрететін
тенденцияның қалыптасуына алып келеді.
Бірақ осы шектік мәндер қандай болу керек деген сұраққа бірмағыналы жауап
жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шектік мәндерді нағыз сақтамауда да,
кейбір елдердің экономикасы бірқалыпты дамып жатыр және қарқыны, осы шектік
мәндерді қатаң сақтайтын мемлекеттерге қарағанда, асқан. Барлық осы
критериялар мен көрсеткіштер бір-бірімен үйлесу керек. Қ.Р экономикалық
қауіпсіздік міндеттері мемлекеттік органдардың, меншік формаларына тәуелсіз
ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың шешімдері мен
әрекеттері арқылы құрылады және іске асады. Бұл міндеттерге кіреді:
- жалпымемлекеттік құндылықтар мен мүдделердің тұрақты жүйесінің
қалыптасуы;
- ұлттық мүдделерді қорғау;
- мемлекеттегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау.
Ұлттық-экономикалық мүдделер:
- ұлттық экономиканың өрлеуі және экономикалық өсу;
- халықтың құт-берекесінің жақсаруы;
- табиғи-шикізат және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;
- стратегиялық салаларда мемлекеттік бақылаудың сақталуы;
- мемлекеттің халықаралық экономикалық рейтингін жоғарлату.
Экономикалық приоритеттер:
- ұлттық экономиканың дамуы, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің
негізінде мемлекетке әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, отандық өндірушіні
қолдану;
- мемлекеттің сыртқы ресурс көздеріне, еркін сауда нарықтарына, әуе
байланыстарына басқа әлем мемлекеттерімен тең шартта шығуды қамтамасыз ету;
- Стратегия-2030ж. сәйкес Қазақстанның болашақ гүлденуі негізі ретінде
білім, ғылым және мәдениеттің дамуы;
- Ғылыми сыйымды өндіріс пен отандық технологияның дамуына бағытталу.
ҚР экономикалық қауіпсіздік стратегиясы – республиканың экономикалық
қауіпсіздігіне бағытталған мемлекеттік саясаттың құрама бөлігі және басты
мақсаты – экономикалық егемендік пен мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз
ету. Кең стратегиялық жоспарда мемлекеттің қауіпсіздік приоритеттерінің
құрылымын құрайды:
· азаматтардың қауіпсіздігі – халықтың қазіргі және болашақ ұрпағы –
қоғамның негізгі субъектілері;
· қоғамның және оның негізгі экономикалық және басқа субъектілерінің
қауіпсіздігі;
· мемлекет қауіпсіздігі (билік және салалар мен аймақтарды – экономикалық,
әлеуметтік, ғылыми және қоғамның тұрақты дамуының басқа секторларын –
басқару институттарының). Cонымен, бұл бөлімшеде экономикалық
қауіпсіздіктің мәні мен мазмұны, сондай-ақ оның құрылымы айқындалды.
Қазақстан-2050 стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа
Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Міне, осы Елбасының соңғы Жолдауында
еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мәселесі кең, ауқымды тұрғыда
талданған. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер
айқын аталған:
Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
Экономикалық қауіпсіздік өте ауқымды ұғым болғандықтан, оған Елбасы өз
Жолдауында атап көрсеткен сын-қатерлердің барлығы кіреді. Әлемдік
тұрақсыздық пен өзге де мәселелер еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне
үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан, экономикалық қауіпсіздік мәселесі өте
өзекті және елдің алдыңғы қатарлы мәселесі. Елбасы да бұл мәселені әрдайым
назарда ұстайды және оның шешілуіне барлық жағдай жасап жүр. Кез-келген
мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда
өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам
өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі
күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық
қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді
ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық
экономикалық даму деңгейі болады.
Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен
ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе
ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді
анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық
экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс
әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады .
Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік
стратегиясының жобасын талқылауда Қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтап,
жоюға, тұтастай алғанда елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға
бағдарланған тиімді де осы заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру
қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы
заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы
ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс
деп көрсеткен.
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және
әлеуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық,
қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық
экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы
жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен
жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды
қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы
шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің
еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып
табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған
кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік
экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция
барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін
жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-
, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы
болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық
қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады.
Ұлттық мүдде және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарына
тоқталсақ, кез-келген мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін қолынан келгенін жасайды. Себебі, бұл - оның тәуелсіздігінің
мызғымастығының кепілі. Бұл ретте Қазақстан табиғи ресурстарға бай,
экономикалық потенциалы мол мемлекеттердің бірі әрі тәуелсіздігін енді
қалыптастырып келе жатқан ел ретінде ұлттық қауіпсіздігіне қатты мән беруі
шарт. Әсіресе, экономикалық қауіпсіздігіне.
Жалпы, мемлекет экономикасының қауіпсіздігін төмендегі көрсеткіштер
бойынша анықтайды: 1. Өмір сүрудің сапасы мен деңгейі; 2.Инфляция деңгейі;
3.Жұмыссыздық деңгейі; 4.Экономикалық өсу; 5.Бюджет тапшылығы;
6.Мемлекекеттің қарызының мөлшері; 7.Алтын-валюталық резерв жағдайы;
8.Көлеңкелі экономиканың деңгейі; 9.Экологияның жағдайы; 10.Азық-түлік
қауіпсіздігі.
Осы ретте Қазақстанның осы көрсеткіштер бойынша қаншалықты ұлттық
экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін талдап, сараптап көрсек.
Жалпы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне келсек, онда оның
аспектілеріне мұқият тоқталу керек болады және оны атап қана қоймай, оның
мемлекетке маңызды екенін көрсету.
Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең
маңызды құраушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті
экономикалық қамсыздандырусыз әрекет ете алмайды. Экономикалық қауіпсіздік
– бұл экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің,
аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы
қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да,
кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі. Экономикалық қауіпсіздік дәстүрлі
түрде экономикалық жүйенің сапалы маңызды сипаттамасы ретінде
қарастырылады, экономикалық жүйе халық өмірінің қалыпты жағдайын қолдау,
халық шаруашылығының дамуын ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ
ұлттық-мемлекеттік мүдделерді тізбекті түрде жүзеге асыру қабілетін
анықтайды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық
қамтамасыз ету жүйесінің схемасы берілген. Онда экономикалық қауіпсіздіктің
негізгі аспектілері немесе елдің экономикалық қауіпсіздігі бағаланатын
субъектілер, объектілер, нормативті-құқықтық база, қауіптер мен
көрсеткіштер суреттелген (ҚОСЫМША А).
Әрине, экономикалық қауіпсіздіктің қауіптерін болдырмау, оларға қарсы шығу
және олардың жағымсыз әсерін жоққа шығару қабілеті де болуы тиіс. Қауіптер
жалпы экономикаға ғана емес, сонымен бірге оның құрамдас бөліктері болып
табылатын салаларға, өнеркәсіптік аудандарға, жекелеген кәсіпорындарға және
т.б. бағытталуы мүмкін. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік ұлттық
экономиканың тиімді динамикалық өсуіне, қоғамның, мемлекеттің сұраныстарын
қанағаттандыруға, әр түрлі қауіптер мен залалдардан кепілдендіруші ішкі
және сыртқы нарықтардағы бәсеке қабілетін қамтамасыз ету қабілетіне жағымды
ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы. Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды қызметінің құрамына
кіреді. Экономикалық қауіпсіздік мәселесі ешқашанда өзінен өзі әрекет
етпеген. Ол қоғамның дамуының әрбір сатысындағы экономикалық өсу
міндеттерінен шығатын туынды болып табылады. Осы мәселенің нақты мазмұны
қазіргі уақытта қалыптасқан ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты
өзгереді.
Республикалық және аймақтық деңгейде жасалатын және жүзеге асырылатын
экономикалық саясаттың шаралары мен механизмдері Қазақстан Республикасының
экономикалық қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қауіптерін жоюға бағытталған.
ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементтеріне
мониторинг және экономикалық қауіпсіздік қауіптерін анықтайтын факторларды
болжау жатады.
Мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру үшін экономиканың жай-күйінің сандық
және сапалық параметрлері (шекті мәндері) әзірленуі тиіс, олардың шегінен
шығу елдің экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін туындатады, ол мыналарды
сипаттайды:
- ЖІӨ-нің динамикасы мен құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің көлемдері мен
қарқындары, көрсеткіштері, шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымы
және жекелеген салалардың динамикасы, капитал салымдары және т.б.;
- елдің табиғи-ресурстық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-
күйі;
- шаруашылық механизмнің өзгермелі ішкі және сыртқы факторларға бейімделу
қабілеті;
- қаржылық-бюджеттік және кредиттік жүйенің жай-күйі.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
мемлекет қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
1) экономикалық дамудың іс-жүзіндегі немесе болжанатын параметрлері
экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқыған жағдайларды анықтау
және елдің қауіпті аймақтан шығуы бойынша кешенді мемлекеттік шараларды
әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін жою немесе
туындауына жол бермеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында
жұмыстарды ұйымдастыру.
Сыртқы қауіптер тұрғысынан индикаторлар ретінде мемлекеттік борыштың шекті
қол жеткізілген деңгейі, әлемдік нарықтағы позицияларды сақтау немесе
жоғалту, ұлттық экономиканың және оның маңызды секторларының (соның ішінде
қорғаныс өнеркәсібі) шетелдік техникаға, жинақтаушы бұйымдар мен шикізаттың
импортына тәуелділігі қарастырылады.
Қауіпсіздіктің төмендеуінің шекті деңгейлерін жалпы шаруашылық және
әлеуметтік-экономикалық мәндегі көрсеткіштер жүйесімен сипаттауға болады,
атап айтқанда төмендегілерді айқындайды:
- экономикалық белсенділіктің, өндіріс көлемдерінің, инвестициялау мен
қаржыландыру көлемдерінің төмендеуінің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан
тыс жағдайда техникалық заманауи, бәсекеге қабілетті базисте елдің дербес
экономикалық дамуы, қоғамдық құрылыстың демократиялық негіздерін сақтау,
қорғаныс, ғылыми-техникалық, инновациялық, инвестициялық және білім беру
әлеуетін қолдау мүмкін емес.
- халықтың көп бөлігінің өмір деңгейі мен сапасының шекті рұқсат етілген
төмендеуі, одан тыс жағдайларда бақылауға көнбейтін әлеуметтік, еңбек,
ұлтаралық және басқа қақтығыстар; адам капиталының ең өнімді бөлігін және
өркениетті қоғамның органикалық бөлігі ретіндегі ұлттың ең өнімді бөлігін
жоғалту қаупі туындайды;
- табиғи-экологиялық әлеуетті қолдау және ұдайы өндіру шығындарын
төмендетудің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан тыс жағдайда, табиғи орта
элементтерін қайтарымсыз бұзу, экономикалық өсудің өмірлік маңызды ресурс
көздерін жоғалту, сондай-ақ өмір сүрудің едәуір аумақ-тарын, өндіріс пен
рекреацияның орналасуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына
түзетілмес зиянның келтірілуі және т.б.
Экономикалық реформа жылдарында Қазақстанның өнеркәсіптік құрылымында
мұнай, газ және қара мен түсті металлургия өнімдерін өндірумен байланысты
салалардың үлес салмағы артты. Қазақстан ірі отын-энергетикалық аймақ болып
табылады. Электроэнергетикалық саланың дамуы Қазақстанның алдыңғы 5-10
жылда экономикалық негізделген энергетикалық еркіндік деңгейіне жетуді
және өзінің жеке біріктірілуші қуатын озық деңгейде дамытуды көздейді.
Қазақстан мұнай қоры бойынша көптеген мұнай өндіруші елдердің алдында.
Қазір республикамызда 172 мұнай, 42 конденсаттық және 94 газ кен орындары
бар. Оларды барлаудағы алынған мәліметтер мынадай: мұнай және конденсат
қоры 2,8 млрд.тонна, ал газ 1,9 трлн. метр. куб. Әлемдік нарыққа Қазақстан
мұнайының экспортқа шығу мүмкіндіктерін құру үшін мұнай құбырларының
экспорттық құрылысын, ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарды газбен,
республикалық мұнайды қайта өңдеуші зауыттарды Қазақстан мұнайымен
қамтамасыз ету мақсатында мұнай және газ жүйесінің дамуын жеделдету мұнай
өндірісін 1995 жылғы 20 млн.тоннадан 2003 жылы 40 млн. тоннаға, 2014 жылы
120-170 млн.тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік береді.
Экономика саласындағы Қазақстанның ұлттық мүддесі негізгі мәселе.
Қазақстанның мүддесін жүзеге асырумен байланысты мәселелерді кешенді шешу
экономиканың негізгі салаларын сапалы шикізатпен және жабдықтармен, әскерді
— қаруландырумен, халық пен әлеуметтік саланы — тұтыным заттарымен және
қызметпен, сыртқы сауданы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz