Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері



Кіріспе

Негізгі бөлім:
1. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
2. Шаянтәрізділер класы, оның құрылысы мен физиологиясы
3. Шаянтәрізділердің ас қорыту, тыныс алу және қан айналу жүйесі
4. Нерв жүйесі мен сезім мүшелері
5. Шаянтәрізділердің дамуы мен жіктелуі
6. Желбезекаяқтылар класс тармағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, лииидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп. Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин - өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин (французша chitine, грекше сһiton - тері, қабық) деген терминді, насекомдардың қатты кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин - полиса-харидтер тобындағы табиғи қосынды, ұзын полимерлер бір-бірімен β-1,4 гликозоидты байланыстармен жалғасқан, N-ацетилглюкозаминдерден тұрады.
Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады. Буынаяқтылардың кутикуласында ғана емес, сондай-ақ басқа жануарлардың қаңқа құрылымдарында да кездеседі. Хитинді тек хитиназа, лизоцим ферменттері N –ацетилглюкозаминге дейін ыдыратады. Олар кейбір бактерияларда, топырақ амебалардың ас қорыту ферменттерінің арасында, кейбір ұлуларда және буынаяқтыларда (түлеу кезінде) табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқтылардың денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп, сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабыңдысын тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішінде өте жылдам өсіп, кутикуласы қатайып осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз буынаяқтылардың кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен безендіріліп, қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың, қоңыздардың т. б.
1. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. – Москва. – 1981.
2. Хаусман К. Протозоология. – Москва. – 1988.
3. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-томды. 1-ші том. – Алматы. – 2004.
4. Федотов Д.М. Эволюция и филогения беспозвоночных животных. – Москва. – 1994.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Шаянтәрізділер

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:
1. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
2. Шаянтәрізділер класы, оның құрылысы мен физиологиясы
3. Шаянтәрізділердің ас қорыту, тыныс алу және қан айналу жүйесі
4. Нерв жүйесі мен сезім мүшелері
5. Шаянтәрізділердің дамуы мен жіктелуі
6. Желбезекаяқтылар класс тармағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық
құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы
- өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды
клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының
бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - нағыз кутикула қабаты.
Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен
жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула.
Эпикутикула ең жоғарғы қабат, лииидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі
ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда
тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік
ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты
суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін
ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп.
Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин -
өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде
және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин (французша
chitine, грекше сһiton - тері, қабық) деген терминді, насекомдардың қатты
кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин -
полиса-харидтер тобындағы табиғи қосынды, ұзын полимерлер бір-бірімен β-1,4
гликозоидты байланыстармен жалғасқан, N-ацетилглюкозаминдерден тұрады.
Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің
қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады.
Буынаяқтылардың кутикуласында ғана емес, сондай-ақ басқа жануарлардың қаңқа
құрылымдарында да кездеседі. Хитинді тек хитиназа, лизоцим ферменттері N
–ацетилглюкозаминге дейін ыдыратады. Олар кейбір бактерияларда, топырақ
амебалардың ас қорыту ферменттерінің арасында, кейбір ұлуларда және
буынаяқтыларда (түлеу кезінде) табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқтылардың
денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция
эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп,
сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабыңдысын
тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішінде өте жылдам өсіп,
кутикуласы қатайып осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз
буынаяқтылардың кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен
безендіріліп, қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың,
қоңыздардың т. б.
Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақ
немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп
атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латынша доrsalis - арқа) немесе
үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, вентра (лат. ventralis -
құрсак) немесе төменгі стернит деп аталатын және екі бүйіріндегі - плейрит
тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар арқылы
бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген қылтан
тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға
бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардың
хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып, ішкі ылғалды сыртқа
шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі
тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері буылтық
құрттардікіндей гомономды (біркелкі) емес, әркелкі болып келеді де
гетерономды (грекше heteros - басқа, nomos - заң) сегменттер деп. аталады.
Тек кейбір төменгі сатыдағы буынаяқтыларда (шаянтәрізділерде,
көпаяқтыларда) гомономды сегменттері сақталған. Гетерономды сегменттер
атқаратын қызметтеріне сай өзара бірігіп, бір типті сегменттерді құрайды,
оларды тагма немесе бөлім деп атайды.
Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш тагма
құрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және қүрсақ (abdomen). Көп
жағдайда сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері
бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі
баскеуде және қүрсак бөлімнен тұрады.
Бұл шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділергс тән, бас және тұлға
-көпаяқтыларға тән, ал насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ
тагмасына айқын бөлінген.
Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі систематикалық
топтарда әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұракты. Басы акроннан және
төрт сегменттен құралады. Акрон арғы тегінің бас қалқаншасы немесе
простомиумы (prostomim- ауыз алды сегмент). Акронда сезім мүшелері: антенна
псмссе мүртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше қараиайым
қүрылысты көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділсрдіц антеннасы жок-
Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас болімін қүрайды. Бас бөлімінің
осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kerhale- бас) процесі деп атайды.
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау,
майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе
ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ -мандибула және астыңғы жақ
- максилла І-ші мен максилла П-ші. Максилла ІІ-ні астыңғы ерін деп те
атайды.

І. Тарау
1.1 Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп
аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) бейімделген.
Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтары
құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық
жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек
өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жүмыртқаларын жинап
ұстауға, ал аталықтарыңда жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген.
Буынаяқтылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатын жалған
аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне сай бірнеше
буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байланысты). Аяқтары өз
сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.
Буынаяқтыларда арғы тегінің тері-бұлшықет қапшығы барынша жіктеліп,
бөлініп, шоғырланған бұлшықеттергс айналған. Олар көлденең жолақты,
жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, ұштарымен хитинді
кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. ұрықтық даму
кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін
целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда екінші
реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен араласады
да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі - тірек, тасымалдау және қор
жинау.
Ас қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: алдыңғы,
ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды, ішкі
жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы -энтодермальды ішегі безді
эпителиальды клеткалармен астарланған. Ас қорыту жүйесіне түрліше
ферменттер бөлетін қосалқы бездері де жатады.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген
метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде - Мальпиги түтігі түрінде болады.
Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер
(өрмекшітәрізділерде), Мальпиги түтікшелері (насекомдарда, көпаяқтыларда,
кейбір өрмекшітәрізділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыңыс алу мүшелері
желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаянтәрізділер суда
тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. Желбезектері -
аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. Құрлықта тіршілік ететін
өрмекшітәрізділер өкпе және трахея арқылы тыныс алады. Өкпелері
шаянтәрізділердікіндей аяқтарының эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің
ішіне қарай тартылып орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді
кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір
жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады.
Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар -
трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Қан айналу жүйесі - көпкамералы жүректің пайда болуымен ерекшеленеді,
ол перикардия (грекше реrі - төңірегінде, айнала; kardia -жүрек) деп
аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен шыққан қолқа және артерия
қан тамырлары дене бөлімдеріне тарап, сол жерде үзіледі де қан аралас
(миксоцель) қуысына құйылады. Қуысқа құйылған қан сондағы сұйықтықпен
араласып гемолимфаға (қан клеткалары мен ткань аралық сұйықтыққа) айналады.
Сондықтан да буынаяқтылардың қан айналу жүйесі ашық және қаны гемолимфа деп
аталады. Гемолимфа түссіз, кейде сарғыштау немесе жасыл түсті, қорытылған
заттарды тасымалдайды, зат алмасу процесінде пайда болған несеп заттарды
зәр шығару мүшелеріне жеткізеді, ішкі қысымды қалыпты деңгейде сақтайды.
Буынаяқтылардың нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей жұтқыншақ үсті,
жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және ұзына
бойлық гаиглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Бірақ, буылтық
құрттарға қарағанда буынаяқтылардың нерв жүйесі күрделірек. Жұтқыншақ үсті
ганглиясы немесе миы үш бөлімнен тұрады: протоцеребрум - алдыңғы;
дейтоцеребрум - ортаңғы; тритоцеребрум - артқы. Дейтоцеребрум бөлімі тек
кана мұртшаларды нервтендіреді, сондықтан өрмекшітәрізділер класының
өкілдерінде мұртшаларының жойылуына байланысты мидың аралық бөлімі
дамымаған.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі - орталық нерв
жүйесімен қатар шеттік (немесе перифериялык) және симпатикалык (немесе
висцеральдық) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік нервтер тері жамылғысының
бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал симпатикалық - ішкі мүшелердің жұмысын
реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім мүшелері
де жақсы дамыған. Олар: күрделі нсмесе фасеттік көздер, қарапайым көзшелер,
иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың көмегімен организм сыртқы ортадан
келетін алуан түрлі тітіркендірулерге жауап қайтару қабілеттілігін дамытып
үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік
әрекетін жасайды.

1.2 Шаянтәрізділер класы, оның құрылысы мен физиологиясы
Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, арғы тегімен тығыз
филогенетикалық байланысы бар алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері арқылы
тыныс алады (тип тармақтың да аты осыдан). Олар, түрліше пішінді келген,
аяқтарының түрі өзгерген эпиподит өсінділері.
Бас бөлімінде екі жүп мүртшалары бар, яғни антеннулалары мен антенналары
немесе антенна I және антенна II. Осыған байланысты тип тармақтың екінші
атауы - қосантенналылар немесе диантенналылар – Diantennata. Осы тип
тармағына бір ғана шаянтөрізділер класы – Crustacea жатады.
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су
қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде
мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері
бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл
ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда
тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-ге дейін. Шаянтәрізділер басқа
буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп
мұртшалары: акронның өсінділері -антеннулалары (antennula) және денесінің
бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады.
Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек
шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған.
Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit
және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit:) және эндоподиттен
(endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін
атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99-сурет).
Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі
өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.
Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon), кеуде (thorax)
және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде
бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған.
Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты
дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны, басқа буынаяқтылармен
салыстырғанда алуан түрлі: 5-8-ден 50-ге дейін.
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық
шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон -болжам
бойынша, арғы тегінің (көпқылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі,
ал оның өсіндісі - антеннулалары немесе I антенналары палышлерінің
гомологыі Антеннула - мұртшалардың бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде,
ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және
негізінен бір бұтақты. Тек кейбір жоғарғы сатыдағы шаяндарда олар екіге
(мысалы, өзен шаянында), кейде тіптен үшке ажырайды.
Антеннулалар - сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшін де
жұмсалады.
Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген
аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп
аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды және
антенна II деп аталады. Олар әр түрлі қызмет атқарады. Phillopoda отрядына
жататын су бүргелерінде ол жүзу үшін қолданылады. Жоғарғы сатыдағы
шаяндардың көпшілігінде олар сезім мүшелері. Сондықтан олардың антеннасының
эндоподиті ұзын буындалған сезімтал "қамшы" түрінде болса, экзоподиты қысқа
қорғаныш тақта түрінде болады.
Бас аяқтарының екінші жұбы - мандибулалары - негізгі тамақ үгіту
қызметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста ол екі
бұтақты және ерекше шайнағыш өсіндісі бар. Ересек түрлерінде
мандибулалардың осындай түрі сирек сақталады. Негізінен екі бұтағы
редукцияға ұшырайды (немесе эндоподит қыска қармалауыш түрінде калады), ал
протоподит өзінің шайнағыш өсіндісімен жуан, үшкірленген жоғарғы жақ
аппаратын түзейді.
Мандибулалардан кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 2 жұп
астыңғы жақтары немесе бірінші және екінші максиллалары орналасқан. Олар
негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік жапырақ
тәрізді аяқтар түріңде болады.
Аяқтарының қызметіне және орналасуына қарай бас сегменттері де аңтеннальды,
мандибулярлы, максиллярлы І-ІІ деп те аталады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері бір-
бірімен тұтасып бас қалқаншасына - гнатоцефалонға айналған.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдыңғы кеуде сегменттерімен тұтасқан.
Мысалы, өзен шаянында бас қалқаншасы үш кеуде сегментімен біріккен, соған
байланысты сол сегменттердің аяқтары қоректі үгіту процесіне қатысады да
жақаяқтары деп аталады.
Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде (мысалы, жапырақаяқтыларда) акрон
тек антеннальды (бірінші) сегментпен тұтас қосылып протоцефалон деп
аталатын алғашқы бас бөлімін құрайды. Қалған үш жақ сегменттері басымен
қозғалмалы түрде байланысқан, жігі айқын.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ
сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда (класс
тармағы - Маlacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөліміңде - 8,
құрсақ бөлімінде - 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге
тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе
тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын жұп
өсінділері орналасады.
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қозғалыс (локомоторлық)
мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу процесіне де қатысады.
Аяқтарының атқаратын қызметіне байланысты, олар түрліше құрылған. Мысалы,
өзен шаянында кеуде аяқтарының үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін
қысып ұстайтын күшті мүшеге - қысқышқа айналған, қалғандары жүру аяқтары.
Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана (класс тармағы
- Маlacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше тәрізді
шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқаларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын
мүшеге айналған. Онаяқты шаяндарда (Весаросіа отряды) құрсақ аяқтарының
соңғы жұбы тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды
қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уроподаларға айналған.
Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен
қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды эпителий қабаты және базальды
мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы
жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында құрамында СаСО3 тұзының көптігінен ол
қалың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде
ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты -эпикутикуласы
дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де
сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды сыртқы
әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі нүктелері
болып келеді.
Өзен шаянында басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны немесе
карапакс (сагарах) деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. Ол дененің бүкіл
кеуде бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы өткір әрі
істік рострумға (гозішт) айналған. Ол мұртшаларды және сабақшалы, қозғалғыш
күрделі екі көзінің түбін бүркейді. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің
карапаксы ұзарыңқы, бүкіл денені сыйғыза алатын қосжақтаулы бақалшаққа
айналған немесе барлық дене сегменттерімен қосылған.
Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты талшықтардан
тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырады. Олардың
бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасса, екіншісі -
басқа сегменттің қабырғасына бекінеді. Қосжақтаулы бакалшағы бар шаяндарда
(Окіхасосіа класс тармағы) бір жақтаудан екін^іге көлденеңінен өтетін
ерекше тұйықтағыш бұлшықеті болады.
3. Шаянтәрізділердің ас қорыту, тыныс алу
және қан айналу жүйесі
Шаянтәрізділердің ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік
немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы
ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның қүрсақ бөлімінде орналасқан.
Ішектің алдыңғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың
жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды. Түлеу кезінде осы кутикулалар да
жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғарғы
сатыдағы шаянтәрізділердің (Оесаросіа - отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп
қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге
ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы
кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш
тақталарына айналған. Солар аркылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі
жіңішке кутикулярлы өсінділер үсақталған қоректік заттарды нығыздап
(престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері
немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп,
сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Олар
түрлі дәрежеде тарамдалған немесе ұзын түтікті қапшық түрінде болады
(Атрһіросіа және Ікоросіа отрядтарында). Өзен шаянының екі қалқанды бауыры
әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын, бір өзекке құйылатын көптеген үсақ
түтікшелерінен құралған. Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға
барады.
Шаяңдардың бауыр секреті органикалық заттарды: май, белок,
көмірсуларды ыдыратады. Безді қызметінен басқа, шаяндардың бауыры
фагоцитозға да қабілетті, яғни бауыр клеткалары ұсақ қоректік заттарды
қармап алып клетка ішінде қорытады. Бауыр қосалқысы мен ортаңғы ішектің
арасындағы корреляцияны, яғни өзара байла-нысты, тіпті тәуелділікті
байқауға болады. Неғұрлым бауыр қосал-қысы нашар дамыса, солғүрлым ортаңғы
ішек үзынырақ болады және керісінше. Мысалы, өзен шаянының ортаңғы ішегі,
бүкіл ішектің 120 бөлігін ғана қүрайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке
жалғасады, ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады (100, Б-сурет).
Кейбір паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, 8асси1іпа-ның ішегі
толығымен жойылған.
Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және өсімдіктер мен
жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безді мүшеден тұрады:
антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бёздер жоғарғы сатыдағы
(Маіасозігаса класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында -
максиллярлы, тек Ьеріозітаса отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің
екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды
және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан
және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады.
Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады (102-сурет).
Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе П-ші
максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашылады.
Тыныс алу жүйесі Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз
байланыста. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ.
(Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс алады.
Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен
басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері
-эпиподиттер. Негізінен олар (Атрһіроёа отряды) кеуде аяқтарында дамыған.
Оесаросіа отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының
протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасына ауысып, бас
қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында
орналасады. Сонда Оесаросіа-ның желбезектері ұзына бойы қатарласып
орналасады. Бірінші қатардағы желбезектері аяқтардың протоподиттеріндегі
алғашқы тәртібін сақтайды, екінші қатардағы - протоподиттердің денемен
байланысқан жерлерінде, ал үшінші қатардағылары дененің бүйір қабырғасында
орналасады.
Су желбезек қуысына бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір
жағынан кірсе, екінші жағынан шығарылады және де осы бағыт өзгеруі мүмкін.
Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші
максилланың ерекше өсіндісі. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда (мысалы,
Ізоросіа отряды) желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.
Желбезектерінің ішіне гемолимфа құйылатын дене қуысы жалғасады,
желбезектердің кутикуласы өте нәзік болғандықтан, газ алмасу оңай өтеді.

Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде
қозғалып, кейін арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері -
синустарға құйылады.
Аса қарапайым формаларында жүрегінің құрылысы метамерлі: ол - әрбір
сегментінде жұп остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойы созылатын
түтік (кейбір желбезекаяқтыларда). Бірақ Сіаёосега-да (Рһуііороёа отряды)
жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар, бір жұп остиясы бар, қапшық
деңгейіне дейін қысқаруы байқалады. Жоғарғы сатыдағы шаяндарда да ұзын
түтікті жүрегі бар формалары болады (Атрһіросіа және ауызаяқты шаяндар
-8*ота1:орос1а отряды). Онаяқтылардың (Бесаросіа отряды), мысалы, өзен
шаянының үш жұп остиясы бар қысқа жүрегі болады.
Қан айналу жүйесі тыныс алу мүшелерінің даму деңгейімен белгілі
дәрежеде байланыста. Егер, желбезек қызметін кеуде аяқтарының эпиподиттері
атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ
аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.
Жүректің алдыңғы, ал кейде артқы шетінен де алдыңғы және артқы
аорталар деп аталатын ірі қан тамырлары басталады. Қан айналудың тәсілдері
алуан түрлі. Солардан өзен шаянының қан айналу жүйесін қарастырайық. (103-
сурет). Перикардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Аталық өрмекшінін
Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу және күресу шаралары
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қазақстан суқоймаларындағы (Балқаш көлі, Арал (Кіші Арал) теңізі, Жайық өзені) кәсіптік маңызы бар тұқы балықтардың қазіргі жағдайдағы гельминтофаунасы
Шаянтәрізділер класы-Crustacea
Шaянтәpізділep класы
Шаянтәрізділер
Шаян тәрізділер
Пәндер