Қазақ елі — жерұйық


- қазақша
- по-русски
- english
Қазақ Елі - Жерұйық
гуманитарлық зерттеулер жобасы
Начало формы
Конец формы

17. 04. 10ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ: ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ
Бүгінгі әлемде Батыс пен Шығыс өркениетінің аражігін ажыратар құндылықтар біртұтастанып, жаһан тұтастанып отырған мезетте Түркі өркениеті өзіндік өрнектерімен, өрімдерімен әлем жұртшылының назарына қайта оралуда. Иә, жаһан тұтастанды. Дегенмен осынау алып жаһандасу көшінде өзіндік келбеті мен кемелін сақтағасы келетін ұлттық құндылықтар да құндылығымен даралануда. Сонымен, қазір біздің өркениетті әлемімізде Батыстың Шығысқа ұмтылуы басым келуде. Бұны Батыс елдерінің Шығыстық мәдениет пен өмірлік философиясына, өнері мен тұрмысына беп бұруынан аңғаруға болады. Бұл заңды да құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың - Шығыс пен Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді», -деуі себеп /1/.
Міне, сол жаһандық өркениетте Түркі өркениетінің сан ғасырлардан жеткен рухы бүгіндері Шығыс өркениетінің мәйегіне айналуы дәлел. Елбасының осы орайда:
“Түркі өркениеті, оның мәңгі өшпестей болып, тура мың жарым жылға жуық уақыт бұрын Еуразия құрлығының төсінде бедерленген көне жазбалары - жалпы адамзат өркениетінің үлкен қазынасы…”, -деп толғануы көп ойларды аңғартса керек /2/.
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялауымен басталған Қазақстан-Түркия ресми қатынастарына 18 жыл толып отыр. Түбір бір тектес екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстардың көпіріне айналған ақпараттық саяси кеңістік те осынау байланыстардың өзіндей жыл санап мығым тартып, сапалы да салиқалы ақпарат алаңы қалыптасып келеді.
ХХІ ғасыр басы - екі ел арасындағы саяси және экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңакезеңі басталғаынның куәсі. Оған дәлел, Түркия Н. Назарбаевтың түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бүгінде екіжақты ынтымақтастық саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда дамуда. Парламенттік байланыстарды дамыту, ТҮРКІСОЙ аясындағы өзара қарым-қатынастар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері келісссөздердің маңызды тақырыбы болып отыр.
Бүгінде Қазақстан және Түркия елдері арасындағы ақпараттық қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында ең жетекші орында бұқаралық ақпарат құралдары тұратыны сөзсіз. Қазақстанда алғаш болып екі ел арасындағы ақпараттық кеңістікке жол салған республикалық деңгейде басылымдардың бірі - «Қазақстан Zaman» халықаралық газеті және «DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалды журналы. Аталған халықаралық басылымдардың Қазақстан ақпараттық кеңістігіндегі түркі мәдениеті мен өркениеті дамуындағы атқарып отырған қызметі ерекше.
«Келешек үшін бәріміз жауаптымыз!». Бұл «Қазақстан Zaman» халықаралық саяси-қоғамдық газетінің ұстанымын айқындаушы ұраны. Түркі әлеміне ортақ рухани және мәдени құндылықтармен қатар, еліміздің тәуелсіздігі мен дамуын шынайы тілектес дос ниетімен қолдап-қуаттайтын, бағамдап-бағдарлап баға беретін басылым беттерінде салиқалы да сындарлы материалдар легі үзілген емес. Басылым тәуелсіздік алған жылдары, яғни 1992 жылы 17 қаңтарынан бастап қазақстандық баспасөз нарығында жарық көрген бірден бір халықаралық газет ретінде танымал.
Қазақ және түрік тілдерінде жарық көретін «Қазақстан Zaman» газетінің беттерінде түрік жұртына ортақ ақпараттық және рухани дүниелердің алаңы қалыптасып келеді. Басылымның «Ақпарат», «Саясат», «Қоғам», «Жер жаһан», «Білім және ғылым», «Түркі дүниесі», «Аймақтар айнасы», «Қамшыбасар», «Жанайқай», «Ұлттық мүдде», «намысың қайда, қазағым», «Тіл», «Отбасы», «Алаша әлемі», «Тарих», «Таным» т. б. айдарлары қазақ және түрік қоғамындағы жылдам ақпараттар, елеулі оқиғалар мен рухани жаңалықтардың жаршысына айналып отыр /3/.
Бүгінде апталық газет Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық кеңістіктің ұлғайып, халықаралық сипат алуына ықпал етуде. Мәселен, «Түркі дүниесінде» «Түркі әлемі өркениниеттер диалогында», «Түркі жұртының жаһан көшінде бірігуі» сияқты мақалалар циклі Алматыда өткен түркі елдері ғалымдарының халықаралық жиынынан, сондай-ақ Қарағандыда өткен Түркия Республикасының апталығы күндерінен жарияланған материалдар ақпараттық үндестіктің бастауы болмақ.
«DA Қазақстан» халықаралық мәдени-интеллектуалды журналы Еуропа және Орталық Азияның түркі тектес елдерінің ақпараттық рухани алаңына айналып отыр. Басылымның қамтып отырған аумағы да өзінің көтеретін жүгіндей. Өйткені «DA» Диалог Еуразия Платформасы үндестіктің, жалғастықтың, сабақтастықтың ортақ ақпараттық алаңына айналып отыр. Бүгінде Албания, Македония, Румыния, Босния, Герцеговина, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Молдова, Моңғолия, Нахчеван, Ресей Федерациясы, Дағыстан, Татарстан, Тува, Новосібір, Тәжікстан, Түркменстан, Украина сияқты елдердің масс-медиа нарығына таралып отырған «DA» басылымы түркі өркениетінің жалпыадамзаттық рухани құндылықтарының насихатшысы, жаршысы.
Журналдағы «Интеллектуалды көзқарас», «Отбасы - бақыт тұрағы», «Археология», «Ресеймен танысу», «Классикпен сұхбат», «Экономика», «Өнер», «Инфо» айдарлары басылымның ұстанымын айқындайды. Түрік тектес халықтардың өміріндегі басты құндылық - отбасы бірлігі мен берекесі саналмақ. Мұнда түркі, қазақ, қырғыз, тәжік, т. б. ұлт отбасыларының салт-дәстүрлері мен рухани әлеміне, сондай-ақ отбасы мәселелеріне арналған материалдар орын алған. Отбасы дәстүрлерін ардақтау мен оларды дәріптеуден басқа, жалғызбасты аналар, әлеуметтік жетімдік, шетелдікпен отбасын құру т. б. қоғамдық проблемалар басылымның меншікті тілшілерінің назарынан тыс қалмаған /4/.
Ал көне дәуірлерден жеткен өркениет ошақтары мен жәдігерлері - бүгін де зерттеуді, оқуды, тануды, білуді қажет ететін асыл мұра. Мәселен, басылымда көне антикалық, римдік археологиялық мұраларға жаңа дем беріледі, олар бүгінгі күннің шынайылығымен бірге өріліп, бұқараға жетеді.
Сондай-ақ «DA Қазақстанның» бетінде «Халықтың күретамыры - ауыл» айдарының аясында жарық көрген мақалалар біздің ұлттық басылымдардаңы кейбір олқылықтарын толтырып отыр. Өйткені басылым нөмірлерінде қазақ ауылының бүгінгі өмірі, тынысы-тіршілігі, тұрғындары, шаруашылығы… бәрі-бәрі қаз-қаз тізіліп, көз алдыңызға келеді. Әсіресе, қазақтың жаны - ауыл, қазақтың рухы -ауыл екенін редакция ұжымы жақсы біледі. Сондықтан қазақ зиялылары бастауымен, редакция қолдауымен Алматы облысының Мұқыры ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, ақсақалдар батасын алып, экспедиция әсерінен мақалалар циклін жариялайды. «DA» Диалог Еуразия Платформасының түркі өркениетінің жаңғыруына, жаңаруына, түлеп-түрленуіне бағытталған ақпараттық саясаты бірнеше ұлттар мен мәдениеттерді шоғырландырған жобалардың бірі саналады.
Екі ел арасындағы халықаралық ақпараттық алаңның нығаюына және де түрік әлемінде саяси-қоғамдық, мәдени дүниелердің бұқараға таралуына ықпал етуші қазақ тіліндегі «Түркістан» халықаралық сараптамалық апталықтың алатын орны ерекше /5/. Ақын Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан екі дүние есігі ғой…», - деген өлең жолдары басылымның басты ұстанымындай. Мерзімді басылым 1993 жылы қараша айынан бастап ҚР Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен жарық көрді. Бүгінде апталықтың таралымы 10 мың дана.
Басылым түрік дүниесінің тек ақпараттық жаршысы ғана емес, сондай-ақ рухани әлемінің жоқшысына айналып отыр. Бұған дәлел, газет журналистері мен авторлары жарияланымдарындағы айтылатын ойлар мен пікірлер, идеялар мен көзқарастары дәлел.
Мұртаза Бұлұтайдың «Түркілердің ислам тарихы және мәдениетіндегі ерекше орны», «Түркістанның 1500 жылдығы», «Қазақстан-Түркия қатынастары» т. б. мақалалары түрік тектес жұртқа ортақ мәселер сөз болады. Дінтанушы ғалымның публицистік еңбектері заманымыздың екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен ортақы рухни дүниелерге шолу жасай отырып, сараптаулар жасайды. Келесі автордың бірі К. Естай қазақстандық бұқараға аса танымал бола қоймаған Түркиядағы қазақ радиосы туралы сөз етеді.
Бүгiнде Түркияда қазақ тiлiнде радио-хабар таратылатындығын бiлетiндер кемде-кем болар. Түркияның мемлекеттiк телерадио корпорациясында “Түркия үнi” атты радио-бағдарлама жұмыс iстейдi. Бұл радио әлемнiң 30 тiлiнде хабар таратады екен. Соның бiрi - күнiне қысқа толқыннан тiкелей эфирде жарты сағат тыңдарманымен қауышатын қазақ тiлiндегi бағдарлама. “Түркия үнi” радиосындағы қазақ тiлiндегi бағдарламаны атажұрттағы ағайындар да тыңдап, оған өз ықылас-ниеттерiн танытып, үлестерiн қосса деп армандайды. Сол себептен де қазақ ағайындардан хат күтедi. Радионың интернеттегi мекен-жайы - www. trt. net. tr Ал, электронды адресi -kazak@trt. net. tr. Міне, журналист қазақ оқырманына қажетті ақпараттарды береді. Қазақстандық БАҚ кеңістігінен бөлек Түркия елінде қазақ тілінде таралып жатқан радиохбаралары туралы құнды дүниенің бет-пердесін журналист мақаласында ашып береді.
ТРТ интернет парақшасы ТРТ-нiң 30 тiлде, бес құрлықта 24 сағат жүргiзген эфирiнiң түрлi мәдениет пен өркениеттi таныстыру мақсатында қызмет етеді. Мәдени және өркениет құндылықтарын әлемге түсiндiрiп, адамзат дамуына үлес қосатын радионың басты ерекшелігі де ақпараттық қызметті әр елдің ана тiлдерiнде таратуы.
Парақша түрiк, ағылшын, немiс, француз, итальян, испан, орыс және арабшамен бiрге албан тiлi, әзiрбайжан түрiкшесi, босняк тiлi, грекше, болгарша, қытайша, дари тiлi, парсыша, грузин тiлi, хорватша, қазақша, қырғызша, венгр тiлi, македон тiлi, өзбекше, пешту тiлi, румын тiлi, серп тiлi, татарша, түрiкменше, урду тiлi және ұйғырша да бар 30 тiлде бүкiл әлемге сенiмдi, жылдам мағлұмат пен хабар көзi болады. Trt. net. tr-де Түркиядағы саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени оқиғалармен бiрге басқа да елдерге қатысты хабарлар да 30 тiлде берiледi.
Басылымның белді журналисті болған Камшат Тасболатқызының Түркия елінен сапарынан жазған циклдік мақалалары өзінің ойының өткірлігімен, айтар сөзінің тұщымдылығымен, назарға ілген сынының айғақтығымен де ерекше. Сондай журналистік дүниелер қатарында «Түркия қазақтары: қазақтығын сақтап қала ма?», «Түркияда туризм саласы күн санап дамидығ ал бізде ше?» т. б.
Журналистің Түркиядағы Қазақ консулдығына айтар өкпе-назы да жоқ емес. Өйткені елшілік қызметкерінің қазақ тілінде қарсы алып, сөйлесе алмағаны - көпке сын. Журналист қаламынан туындап жатқан мәселе көп. Соның бірі - Анадолы қазақтарының тілегі - латын әліпбиі мен қазақ мектебі. Қазақстанның латын әлiпбиiне көшу мәселесiн сырттағы қазақтар әр қилы қабылдап жатыр. Түркияда 20 мыңға жуық қазақ тұрып жатыр. Оларға Қазақстаннан оқулық-журналдар көптеп барып тұрады екен. Бір өкініштісі олардың осы рухани дүниелерді оқи алмауын журналист өте орынды көтеріп отыр.
Келесі мәселе - қазақ мектебін ашу. Түркиядағы Абай атындағы орта мектеп бар. Екi ел арасындағы ынтымақтастық артып келе жатқанда Түркияда қазақша мектеп ашуға қарсы болмас. Егер Қазақстан тарпынан Түркияда қазақ мектебiн ашуға түрткi болмаса, түрік жұртындағы отандастарымыздағы мектеп ашуға жағдайы жоқ. Қазақ мектебiн ашса, оған мұғалiм, кiтап-оқулықтар керек. Сондықтан бұл мемлекет тарапынан үлкен көмекті қажет ететін шара.
Қазақстан ақпараттық алаңында кабельдік алғашқы телеарна «Caspionet»-тің шетелдегі көрермендер аудиториясын сипаттап берге журналистік дүниеге осы теелараның продюссерлері құлақ түріп, қазақ тілінде хабар таратуды басты ұстанымы етсе, олардың аудиториясы артып, шетелдегі қантдастар арасындағы беделі арт түсер еді. Міне. Бұл ой журналистік мақаланың басты өзегі.
Журналистің пайымы мынадай: «Ресей Федерациясынан тысқары жүрген орыстар Қазақстаннан тарайтын “Caspionet-Хабар” кабельдiк телеарнасының орысша хабарларына мұқтаж емес екен. Мұны шет елде жүрiп түсiндiк. Түркияда Ресейдiң Первый канал, Культура, РТР, НТВ, т. б. телеарналарын көрсетедi. Шет елде орысша сайрайтын телеарналарға Қазақстаннан шығатын жалғыз кабельдiк арна - “Caspionet”-тi қосыңыз. Бiрақ орысша және ағылшынша бiрдей сайрайтын БАҚ-тың сыртта бiр ғана жоқтаушысы - қазақ көрермендерi ғана бар екен. Ағылшыншасын жарытып, BBC мен CNN телеарналарынан да ешқашан оза алмайтын ақпарат құралын қызығып көретiн шетелдiктер де кемде-кем көрiнедi».
Бұл сын - әлемдік ақпарат кеңістігіндегі қазақ тілінің мәртебесін арттыруға ықпал етуі тиіс. Әрине, бұл телеарнаның басты мақсаты - Қазақстанның имиджiн көтерiп, шетелдiктерге елiмiздi таныта түсу. Бiрақ көрерменнiң БАҚ-қа деген сұранысымен де санасуы керек қой. Ал шет мемлекеттердегi қазақтардың Отанымен жалғыз байланысы - “Caspionet” болып отырғанын несiне жасырамыз?! Мұндағы қазақтар телеарнадағы қазақша хабарлардың аздығына қынжылады. Стамбұлда кешкi 5 пен 6 арасында далада жүрген бiрде-бiр қазақты көрмейсiң. Неге? Өйткенi дәл осы уақыт аралығында “Caspionet” телеарнасынан бiр сағат айтыс көрсетедi.
Түркия қазақтарының бар тiлегi - “Caspionet”-тен қазақша хабарлардың да көптеп көрсетiлуi ғана. Қазақстаннан тарайтын жалғыз телеарнаны шетелдегi қазақтардың мүддесi үшiн пайдалана алмай отырғанымыз - баяғы “шала қазақшылықты” аңғартпай ма?
Түркиядағы қазақтардың ассимиляцияға түсуiне өзiндiк септiгiн тигiзiп жатқан жағдайдың бірі түркіше аттар қою болса, келесі бiр фактор - аралас некелер. Тiл мен қанды араластырмау үшiн Түркияда жаз айларында екi ай бойы арнайы той-мерекелер өткiзiледi екен. Оған Қазақстан мен Еуропадан қазақ отбасылары келiп, өзара танысып, той-думан өткiзiп, балаларының толыққанды қазақ отбасын құруына мүдделi болып, өзара жақсы араласады екен. Қазақстаннан тек қана кирилл әрпiнде шығып жүрген оқулықтар мен орысша кiтаптар таратылып жүрген соң, Түркиядағы қазақтар “Арман” атты журнал шығаруға бел байлапты. Түркиядағы қазақтар қауымдастығы жанында қазақ тiлi мен дiн пәндерiнiң курстары, қайырымдылықпен айналысатын қор ашылып, тiптен жеке “Арман” атты журнал да шығып жатыр. Басылым Қазақстан жаңалықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр мәселелерiн қамтиды. Журналдың жалпы таралымы - 7500 дана. Америка қазақтарына, тағы бiршама бөлiгi Германия, Бельгия, Францияда тұратын отандастарымызға таратылады.
Мұндағы қазақтар журнал аясында Қазақстанның көрiктi жерлерiн насихаттап отыр. Қазақстанды әлемге паш ету керек қой. Көкшетау, Бурабай, Оқжетпестi бiз әлi де туристерге таныта алмай отырмыз. Сондықтан шетелге шығатын Қазақстанның “Caspionet” кабельдiк телеарнасы арқылы Қазақстанның тарихи, мәдени, яғни туристiк жерлерiн неге насихаттамасқа деген ойлар айтылып жүр.
Көне жәдігерлері мен тарихи мұраларымен танымал бүгінде Кония - Түркияның рухани астанасы. Iрi дiни қайраткер, суфизм iлiмiн жалғастырған ғалымдардың бiрi Жалаледдин Мәулана Руми. Парсы тiлiнде дiни бағытта еңбектер жазған Румидi түрiк елi өз ұлындай қабылдайды. Туғанына 800 жыл толған Румидiң мерейтойын ЮНЕСКО көлемiнде атап жатқан елдердiң iшiнде Түркия да бар. Ғұлама ғалымға арналған халықаралық симпозиум Стамбұлдан басталып Кониядан жалғасын табуын журналист К. Тасболатқызы үлкен ойлармен ұштастырады. Бүгiнгi таңда әлемдiк деңгейде Мәулана Руми мен Кония қаласының насихатталуы Түркияның туризм кластерiн дамыта түсу жоспарымен ұштасып тұрғаны анық. Түркияның келесi жоспары - Кония сияқты көне рухани шаһарларды әлемдiк деңгейде насихаттап, түрiк елiндегi мұсылман дiнiнiң iрi тұлғаларын таныстыра түсу болса керек.
Міне, бір журналистің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz