Қазіргі сабақтың жаңа турлері және оларга сипаттама


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі сабақтың жаңа турлері және оларга сипаттама

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстурсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қаарына лекция, конференция, пікірталас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады.

Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері - оның жана немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) - сабақтың элементтері деп қарау керек.

Қазіргі кезде халыққа білім және тәрбие беру жүйесін қайта құру жағдайында мектеп директорларының кәсіби құзіретті ролі кенет өзгере бастады. Осыған орай, жұмыста ғылыми игеру оқу - тәрбие процесінің даму жолдарын алдын - ала болжай білу, мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда ұйымдастыру мектеп басшыларына зор талаптар қояды. Оларды жүзеге асыру үшін мектеп басшылары педагогикалық шеберлікті игереді, өз өнегесіне, іс - тәжірибесіне үйретеді. Олар мұғалімдер мен оқушфлар ұжымдарының даму жолдарын зерттейді, талдайды, бағалап, қорытынды жасайды. Осы тұрғыдан әрбір мектеп басшысы өз іс - әрекетін мақсатқа сәйкес, шығармашылық бағытта ұйымдастыруы қажет.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген авторлар сабақты оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар, консультация т. б. ) шатастырады. Бұлар оқу жүмысын ұйымдастырудың қосымша формаларына жатады.

Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы. Оқыту - динамикалық процесс. оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқутаным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше.

Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жітілдіріп отырыу оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтапг белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг - тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

-Рейтинг - ағылшын тілінде torat - "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты:

- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетіддіру және әділдігін орнықтыру;

- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

- оқу-таным әрекетіндегі студентгердің жауапкершілігін, белсенділігін артгыру;

- тексеруде уақытгы үнемдеу.

Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезедерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.

- Тест оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жалғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықгы болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т. б. талап етеді. Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

"Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:

а) күнделікті немесе ағымдық (текуший), ә) аралық (рубежный),

б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.

Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.

-Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,

- тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;

- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;

- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;

- тест жүмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.

-Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.

- Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.

- Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.

Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.

Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытыңдысын жинақтап орта есеппен 41 % жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.

Қазіргі кездегі жалпы орта білім беретін оку орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері

Кезінде орыстың әйгілі педагогі К. Д. Ушинский еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болтанын айтқан. “Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғaнa өз мақсатына жетедіә - деген ол.

Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді - деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім-тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. "Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады".

Олай болса жасөспірім бойына халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат-мұраттарымызға айналып отыр. . Ол үшін өз жерін, өз елін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту - мектептердің басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегісі мен бүгінінен бейхабар азаматтан қандай жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім-тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз “ бесігімізді” түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар "Атамекен", "Жұлдыз", "Кәусар бұлақ", "Алтын көмбе" бағдарламалары. "Әдеп әліппесі" /бастауыш мектеп/, "Әдеп және жантану" /орталау мектеп/, "Қазақ этнопедагогикасы" /жоғары мектеп/ пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сыныптарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықтарымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлық мектептердің 1-11 сыныптарында "Валеологиядан" факультативті: курстар оқытылуда. Жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық тәрбиесі негізінде бағдарлама әзірленуде. Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен оқушылар қарым-қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата-аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикасын жетілдіру кезеңінен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келтен техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.

Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері. Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени-рухани қарқынды кірігулері әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болу керектігі бүгінде еш дау тудырмасы керек. Осыған байланысты ұлтгық мектебімізді халықтық педагогикаға негіздей отырып, оны әлемдегі басқа да озық педагогикалық идеялармен байытып отыру - нағыз өркениеттіліктің белгісі. "Қазақстанның халық педагогикасы мен ұлт мәдениетінің озық дәстүрлерін батыс және шығыс үлгілерімен ұштасып, қазақтың ұлттық мектебін қалыптастыру мақсатында 1993 жылдан бастап норвегиялық Штайнер мектептері Ассоциациясының мұғалім-өкілдері Штайнер мектептері педагогикасын қолдану жөнінде, Евразиялық ассоциация, Алматы қалалық білім беру басқармасымен бірлесе отыра № 123 қазақ орта мектебінде 1993/94 оқу жылында 1 “а” сыныбы Вольдарф педагогикасының элементтерін пайдаланып оқытатын сынып етіп ашылды. Оқу жоспарларына мемлекеттік стандарттан тыс мүсіндеу, кескіндеме, қолөнер пәндері енгізілді және қазіргі уақытта 5 сыныпта, яғни орта буында Вольдарф педагогикасының әдістемесімен оқытуды одан әрі жалғастыруда және бастауышта 1 "а" сыныбы жаңадан ашылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастыру формасы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Сабақ оқытудың негізгі формалары
Тарихты оқыту әдістемесі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі»
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI, ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz