Түркі тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Түркі тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер.
2.Қазақ тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер

Әдебиеттер.
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі ез беттерімен бұл қызметті атқара алмайды. Мысалы, Қала мың-сан оттарымен жаршырап тұр. Осы сөйлемнің құрамынан мың-сан оттарымен, мың-сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Мың-сан — сөз, ұғымды атайды. Мың-сан оттары-мен — бұл белгілі ереже бойынша құралған конструкция — сөз тіркесі. Бірақ сөз де, сөз тіркесі де өз алдына, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, үғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай болғандықтан сейлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатаны бар: Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар — сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып түр. Сол арқылы осы лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді. Сөйлемдік форма алмаған күйде жаз, сүттей жарық түн дара сөз, сөз тіркесі ретінде қалады.
Сонымен, жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға — сөйлемдік сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытыдды — сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, граммати-калық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар:Сөйлем сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі сезден, тіпті көп-теген сөзден де құрала береді. 'Көлемі аз бұлақтың ай-наласына жиі қонған ауылдардың үйлері де,
Әдебиеттер.

1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000.
6. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Түркі тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер.
2.Қазақ тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер
Әдебиеттер.

Кіріспе.
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын
қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық
белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз
тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру
үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі ез беттерімен бұл қызметті атқара
алмайды. Мысалы, Қала мың-сан оттарымен жаршырап тұр. Осы сөйлемнің
құрамынан мың-сан оттарымен, мың-сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Мың-сан — сөз, ұғымды атайды. Мың-сан оттары-мен — бұл белгілі ереже
бойынша құралған конструкция — сөз тіркесі. Бірақ сөз де, сөз тіркесі де өз
алдына, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар
тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, үғымның атауы болады. Пікір белгілі
ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай
болғандықтан сейлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің
жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана
құралатаны бар: Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар — сөйлем. Өйткені олар
сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып түр. Сол арқылы осы
лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді. Сөйлемдік форма
алмаған күйде жаз, сүттей жарық түн дара сөз, сөз тіркесі ретінде қалады.
Сонымен, жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да
сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға — сөйлемдік
сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытыдды — сөйлем өзіне тән
грамматикалық құрылысы бар, граммати-калық формасы бар категория. Сөйлемді
сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар:Сөйлем
сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі
сезден, тіпті көп-теген сөзден де құрала береді. 'Көлемі аз бұлақтың ай-
наласына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбырған малы да, адамдары да ыю-
қыю араласып жатқан сияқты.
Бірақ біз сөйлемге тән ,ең басты, ең қажетті грамматикалық формаларды,
әрі ең бастапқы құралу схемасын ажыратып тану үшін осы мақсатымызға сай
сәйлем таңдап алуымыз керек. Ондай сөйлем құрамы жағынан ең шағын, ең ықшам
болғаны дұрыс. Малдары арала-сып жатыр. Біз түстік. Түн.
Осындай мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум белгілерді танимыз.
Тілімізге тән және ең көп жұмсалатын сөйлемдер — бастауыш-баяндауыш
құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді құрау үшін
ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек—ойдың кім, не туралы екенін
білдіретін мүше, яғни бастауыш, және ол туралы не айтылғанын білдіретін
мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық
қатынасы сейлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни
болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады.
Предикативтік қатынас—сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі
бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана
сөйлем сапасына ие болады.
Көл үлкен — сөйлем. Көл бастауыш ретінде, үлкен баяндауыш ретінде
қатынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап
тұр. Үлкен көл деген құрамда предикаттық қатынас жоқ, Үлкен анықтауыш
ретінде қатысқан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы
предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады.
Олар бірнешеу және бәрі де көбіне баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады.
Бірі — шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл
жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.Жолаушылар
келеді (келе жатыр — келді).
Екіншісі — рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа
жанасымдылығын білдіретін форма. Рай формалары — ашық рай, бұйрық рай,
шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні белгілі. Формалардың атаулары
олардың пікірді болмысқа қаты-настыру ерекшеліктерін танытады: айтты — айт
— айтайын — айтса; айтты — ашық рай, бұл форма іс-қимылдың анық болғанын,
болатынын білдіреді. Айт — бұйрық рай. Ол іске қосу, жұмсау талабын
танытады.
Үшіншісі — жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп
құрылады.
Сөйлемнің бастауыш мүшесін үш жаққа бөлу— коммуникацияны ұйымдастыруды
ыңғайлы ету талабынан туған грамматикалық қүбылыс. Пікірдің субъект мүшесін
сөйлеуші өз түрғысынан топқа (жаққа) бөледі: субъект ретінде сөйлеушінің
езі қатысса, ол I жаққа жатады, субъект ретінде тыңдаушы қатысса, ол II
жаққа жатады, субъект ретінде пікір алысу процесінен сырт тұрған адам, зат
қатысса, ол III жаққа жатады. Субъектілер коммуникативтік жаққа бөлінуіне
сай ерекше атау алған; мен, біз, сен, сіз, сендер, сіздер, ол, олар (кісі,
ағаш, жұлдыз т. б.).Сонымен, қорытып айтқанда жақтық категория субъектінің
коммуникативтік жағдайға қандай қатынаста тұрғанын көрсетеді.
Екінші қорытынды — сөйлемге қатысатын жақ, шақ, модальдықтың көріністері
сөйлеуші тұрғысынан белгіленеді. Шаққа өлшеуші меже — сөйлеушінің сейлеу
моменті. Осы момент осы шақ болып саналады. Өткен шақ, келер шақ сөйлеу
моментінің о жақ, бұ жағы болып белгіленеді.
Жақтық бөлініске тірек өлшемнің көрінісі ілгеріде айтылды. Сонымен
персонализация, яғни жаққа бөлу әр уақыт сөйлеуші субъект тұрғысынан
жіктеледі. Шақ, рай, жақ формалары — сейлем арқылы айтылған пікірдің
болмысқа байланысын, қатысын білдіретін формалар. Баяндауыш мүше осы
формаларды бойына жиып предикативтікті білдіретін мүше сапасына көтеріледі.
Предикативтік дегеніміз — пікірдің болмысқа қатысын білдіру. Сөйлемде бұл
мағына баяндауыш мүше арқылы көрінетін болғандықтан баяндауышты предикат
мүше деп те атаймыз. Ал бастауыш пен баяндауыш өзара қатынасып сөйлем
қүрайтын болғандықтан, бұл екеуінің қатынасы предикативтік қатынас деп
аталады.
Сөйлемнің бірлігі белгілі интонация арқылы да көрінеді. Біз жоғарыда
сөйлемнің негізгі белгілерін атадық. Сөйлемнің анықтамасы осы белгілері
негізінде құралады. Предикативтік қатынас негізінде құралып, пікірді
хабарлау үшін жұмсалатын сөздер тобы сөйлем деп аталады.
Сөйлем пікірді болмысқа қатынасы тұрғысынан ғана айтып қоймайды. Ол
пікірге сөйлеушінің қатысын, көз-қарасын да қоса білдіреді.Сөйлеушінің
пікірге қатынасы мына түрде керінеді — пікірді реалды немесе ирреалды
(шұбарлану, жорамал) көріп айту: келеді — келетін шығар, келетін сияқты.
Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі адамдар, формалар
арқылы көрінеді. Сөйлемнің мазмұнындағы бұл мағына модальдық мағына деп
аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар модальдық амалдар,
модальдық формалар деп аталады.
Тіл білімінде модальдық деген терминді түрліше жұмсау бар. Біз терминнің
тар мағынада жұмсалуын айттық. Мұнымен бірге модальдық деген терминді кең
мағынада, осы атауға сөйлемдегі пікірдің болмысқа да, сөйлеушіге де қатысын
түгел сыйғызу да бар. Бірақ осылай жалпы атаған тілшілер де пікірдің
болмысқа қатысы мен сөйлеушінің пікірге қатынасын даралап таниды. Пікірдің
болмысқа қатынасын білдіретін формалар — объективті (жалпы) модальдық
формалары деп аталады.
Пікірге сөйлеушінің қатынасын білдіретін формалар — субъективтік
модальдық формалар деп аталады.
Сөйлем коммуникативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын
тілдік тұлға дедік. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлесу
ситуациясына, контексте бағынышты болады. Сөйлесу ситуациясы, контекст
деген екі бөлек ұғым. Сөйлесу ситуа-циясы дегеніміз — пікір алысудың
диалог, монолог түрінде болуына байланысты. Контекст — сөйлемнің ой айту
үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы.
— Қайда бардың?— Заводқа.
Алдымен Әміре туралы. Онымен бірге жолаушылауды мен Әннің сапары дер
едім.
Сөйлемдердің коммуникативтік тұлға болуына байланысты тағы бір жай бар.
Сөйлемнің формасы тек предикативтікті білдіруге ғана бағынышты емес. Оның
көптеген формалары сөздің (сөйлеудің) мақсатына да байланысты. Мысалы,
хабарлау үшін, бұйыру үшін, сұрау, жауап алу үшін құралатын сөйлемдердің
әрқайсысына тән формалары бар.
Сөйлеудің мақсаты осы аталғандармен тынбайды. Сейлеуші пікір айту үстінде
тыңдаушысын пікір алысуға икемдейді (бұл үшін құратпа сөз, түрлі қыстырма
сездер қатысады), пікірді өтініш, тілек ретінде айтады (бұл баяндауыштық
формаға әсер етеді), ойдың басты мәліметін ерекшелеп айтуды мақсат етеді,
пікірді сөйлеуші жақтың сөзімен жалғастырып айтуды немесе өзінің ілгергі
пікірімен ұштастырып айтуды мақсат етуі мүмкін. Осының бәрі сөйлемнің
құрамы мен құрылысынан көрінеді.
Сөйлемдерді дұрыс тану үшін, біз оларды грамматикалық формаларына,
құрылысына қарай топтаймыз. Топтау мына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімді сөйлемдер
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер