1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

1930-1950 ж. ж. Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылуы

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты - қоғамның нарықтық қатынасқа көшуі кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» деп, өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, Орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында: «Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру . . . » - деп, оқушылардың көркемдік талғамын халықтық мұралар арқылы өркениетті мәдениетке жеткізу көзделеді.

Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуімен байланысты оның қозғаушы күші болып отырған - жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру, сөйтіп 1930-1950 жылдарда өмір сүрген музыка қайраткерлерінің педагогикалық мұраларын зерттеу бүгінгі күнгі қажеттіліктердің бірі болып отыр.

Қазақстанда музыкалық мәдениет жаңа құрылған кеңестік дәуірдің талабына сай, 1930-1950 жылдар арасында кең көлемде дамып өркен жайды. Оған себеп елімізде тұңғыш ұлттық музыкалық драма театрының, филармониялар мен концерттік залдардың, музыкалық мектептер мен училищелердің ашылуы болды. Қазақтың тұңғыш опера және балет театрының өмірге келуі, әдебиет пен өнердің республикалық, одақтық көлеміндегі онкүндік байқаулары мен өнер қайраткерлерінің слеттерінің өтуі, Алматыда 1932 жылы ҚазМузтехникумның, 1944 жылы тұңғыш жоғары кәсіби оқу орны - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ашылуы елімізде музыка мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институты жанынан музыкалық зерттеу секторының ашылуы, онда музыкалық зерттеулердің жүргізілуі, т. б. жағдайлар себеп болды.

Қазақ халқының сан ғасырлық бай музыкалық мұрасын, музыкалық мәдениетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Камалов, Р. Бердібаев, т. б. ғалымдар елеулі үлес қосса; қазақ музыка мәдениетін арнайы жинап зерттеген ғалымдар: А. В. Затаевич, А. Э. Бимбоэс, Б. Г. Ерзакович, т. б. ; музыканың тарихын Қ. Жұбанов, А. Жұбанов, Б. Құндақбаев, А. Сейдімбек, У. Бекенов, П. Момынов, М. Х. Балтабаев, С. А. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекова, Р. Р. Жәрдемәлиева, Ш. Б. Құлманова, М. Х. Мұхтаров, т. б. болды. Олар еңбектерінде қазақтың халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттерге музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін анықтады.

Қазақ музыкасы жайындағы мәліметтер бірқатар Ресей ғалымдарының (А. А. Левшин, А. Е. Алекторов, М. В. Готовицкий, Р. А. Пфенинг, С. Г. Рыбаков, А. И. Ивановский) еңбектерінен де көрініс тапты.

Орыс музыка мәдени мұраларының қазақ музыка мәдениетінің идеялық -мазмұндық жағынан байи түсуіне тигізген ықпалын орыс, батыс композиторлары (М. Глинка, М. Балакиров, А. Бородин, Мусоргский, П. Чайковский, Н. Римский-Корсаков, А. Глазунов, т. б. ) шығармаларын талдау және қазақ даласына таралу тарихына шолу жасау арқылы айқындалды.

Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихына 1950-1970 ж. ж. өз үлестерін қосқан педагог-ғалымдар: Т. Тәжібаев, Қ. Б. Бержанов, Ә. І. Сембаев, Т. Ақшолақов, Т. М. Храпченков, Қ. Қ. Құнантаева, т. б. болса, ал, 70-90 ж. ж. Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ. Б. Сейталиев, Э. Шыныбекова, И. Р. Халитова, Г. И. Төретаевалар болды.

Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті арқылы студент жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің жолдары бірқатар ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелді. Мәселен; Қазақ халық аспаптық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді Т. Қышқашбаев, Б. Жүсіпов, ал бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыруды М. Оразалиева, оқушы жастарға эпостық батырлар жыры арқылы музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді Б. Сүлейменова, айтыс өнері арқылы эстетикалық тәрбие беруді Ұ. Асанова, өнер сабақтастығы арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі М. Нағымова, т. б. еңбектерінен көрініс тапты. Қазақстандағы музыкалық білім беру мен өнертану мәселелері Б. Г. Ғизатов, М. М. Ахметова, Б. Р. Қазыханова, П. В. Аравин, Л. А. Хамиди, Н. С. Кетегенова, М. Х. Балтабаев, А. Райымбергенов, Г. Л. Арикайнен, І. Ж. Жақанов, С. А. Еламанова, т. б. еңбектерінде терең талдауға алынды.

Жоғарыда аттары аталған музыка зерттеушілері мен педагог-ғалымдардың еңбектерінсіз Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның даму жолдарын айқындау мүмкін емес.

Соған қарамастан, Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның 1930-1950 жылдардағы даму тарихының бүгінгі күнге дейін арнайы зерттелмегендігі мен келешекте жазылуға тиісті музыкалық педагогика тарихын жан-жақты қарастырып толықтыру қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін аңғардық. Егер де бұл көкейкесті мәселелер шешімін тапса, жоғары оқу орындарында оқитын студент жастарға эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып та саналар еді. Осыны ескере отырып, біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «1930-1950 ж. ж. Қазақстандағы музыкалық мәдени мұраның ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылуы» деп алуымызға тура келді.

Зерттеудің мақсаты: Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда музыкалық-мәдени мұраның дамуына ғылыми талдау, жүйеге келтіру және оларды оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың әдістемелік кешенін жасау.

Зерттеудің нысаны: Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның даму тарихы.

Зерттеудің пәні: музыкалық-мәдени мұраның (1930-1950жж) дамуы және оны кәсіби педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану.

Жетекші идея: Қазақ музыка мәдени-мұраның даму тарихын арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың тиімді жолдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастыру арқылы студент жастардың эстетикалық танымдық және музыкалық білімдік өрісін молайту.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Егер, 1930-1950 жылдардағы қазақтың музыкалық-мәдени мұрасының даму тарихын айқындап, оны студент жастарға эстетикалық-музыкалық тәлім-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда , келешек музыка мамандары жан-жақты білімді, өресі жоғары жетілген болып шығады. Осылайша , жоғары оқу орындары түлектерін кәсіби іскерлігі жетілген, елжанды, білімді, саналы азамат тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазақстанда 1930-1950 жылдар аралығындағы музыкалық-мәдени мұраның қалыптасып дамуына ықпал еткен тарихи-әлеуметтік факторларға сипаттама беру;
  2. 1930-1950 ж. ж. Қазақстанда музыкалық-мәдени мұраның даму жүйесін студент жастарға меңгертудің педагогикалық шарттарын айқындау;
  3. Қазақстандағы 1930-1950 жылдар аралығындағы музыкалық-мәдени мұраның педагогикалық жоғары оқу орындарындарының оқу-әдістемелік кешеніндегі көрінісін айқындау;
  4. «Қазақстанда 1930-1950 жылдарда өмір сүрген өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» атты арнаулы курс бағдарламасын жасап, оны педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің жолдарын эксперименттік байқаудан өткізіп, нәтижесін қорытындылау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:

Эстетикалық тәрбиенің тарихи материалистік, философиялық тұжырымдары мен таным теориясы, мәдениеттанушы, педагог-психолог ғалымдардың мәдени мұралары жайындағы ғылыми зерттеу еңбектері, олардың мәдени құндылықтарды теориялық-әдіснамалық тұрғыда айқындау тұжырымдары.

Зерттеудің көздері:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (1999ж), ҚР этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы (1996ж), арнаулы орта және жоғары оқу орындарында музыка мамандарын даярлауға арналған пәндердің әр жылдардағы бағдарламалары мен оқу әдістемелік құралдары, Орталық Мемлекеттік мұрағат құжаттары, музыкалық мәдениеттің даму тарихына арналған ғалымдар еңбектері. Осы тақырыпқа байланысты ҚР бұрын-соңғы қорғалған диссертациялық жұмыстар.

Зерттеудің әдістері:

Психологиялық-педагогикалық талдау, мұрағат құжаттары мен түрлі әдебиеттерді сараптап, қорытып тарихи-дәуірлік кезеңдерге байланысты салыстыра жіктеу, өнер қайраткерлерінің биографиялық көрсеткіштерін саралау, анкеталық сұрақ-жауап, тестілеу әдісі арқылы студенттердің білім, білік, дағдылар деңгейін айқындау; математикалық әдіспен талдау, қорыту.

Қазақстандағы (1930-1950 ж. ж. ) өмір сүрген өнер қайраткерлері туралы жазылған музыкалық-педагогикалық әдебиеттерді және мерзімді баспасөз материалдарын, өнер қайраткерлерінің еңбектерін сараптау, мұрағат материалдарын, естеліктерін тауып музыкалық-педагогикалық тұрғыдан талдау, әр түрлі жазба деректерді салыстыра талдап ой қорыту. Анкеталық сұрақтар арқылы студенттердің музыкалық-педагогикалық білімін анықтау, эксперименттік байқаудың нәтижесін жинақтап қорытындылау.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең: ( 2004-2005 ж. ж. ) зерттеу мәселесі бойынша ғылыми аппараты анықталып, тарихи педагогикалық, әдіснамалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтану, мәдениеттану, оқу-әдістемелік әдебиеттермен оқулықтарға талдау жасалды. Қажетті мұрағаттар материалдары іздестіріліп жинақталды.

Екінші кезең: (2006-2007 ж. ж. ) Қазақстандағы (1930-1950 жж. ) музыкалық-педагогикалық ойлардың дамуымен байланысты материалдар сұрыпталып, жинақталып талданды, бір жүйеге келтірілді, ғылыми-әдістемелік бағдарламасы жасалды. «Қазақстанда 1930-1950 жылдарда өмір сүрген өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» тақырыбында арнайы курстың бағдарламасы түзілді. Зерттеудің ғылыми-теориялық маңыздылығы практикалық сабақтарда іс жүзіне асырылды.

Үшінші кезең: ( 2008-2012 ж. ж. ) зерттеудің нәтижелері талқыланып, студенттердің білімдерін тексеру жұмыстары жүйеленді. 1930-1950 жылдардағы музыкалық мәдени мұраларын оқып-үйретудің әдістемесі жасалды және оны педагогикалық жоғарғы оқу орындарындағы музыка мамандарын даярлау факультеттерінде байқаудан өткізіп, оның нәтижесі қорытындыланды, диссертация ресімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- (1930-1950жж) Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұралардың даму тарихына әсер еткен тарихи әлеуметтік жағдайлар анықталды.

- Кеңестік дәуірдегі (1930-1950жж) Қазақстандағы мәдени-музыкалық мұралардың қалыптасып, даму кезеңдеріне жан-жақты ғылыми сипаттама берілді.

- (1930-1950жж) Қазақстан композиторлары музыкалық шығармаларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктерінің жіктемесі жасалды.

- Қазақстандағы арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары студенттеріне білім, білік, дағдыларды меңгерудің педагогикалық шарттары айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- Жоғары оқу орындарындағы музыкалық-педагогкалық факультетке арналған «1930-1950жж Қазақстандағы өнер қайраткерлерінің тағылымдық идеялары» атты арнаулы курс бағдарламасы жасалды.

- Республикадағы жоғары оқу орындарындағы 050106 ─ «Музыкалық білім» мамандығы бойынша ғылыми-әдістемелік кешенді жетілдірудің нұсқауы даярланып ұсынылды.

- Бұл зерттеу еңбекті жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үдерісіне, сондай-ақ облыстық, қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру курстарының тыңдаушыларына қосымша әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:

Зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, әр жылдардағы мұрағат материалдарына пайдаланумен, сондай-ақ бұрын-соңды баспа арқылы жарияланбаған зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының педагогикалық мақсат пен міндетке сәйкестілігімен және олардың тәрбиелік мүмкіндіктерінің тиімділігін музыка кафедраларында, музыка-педагогика факультеттеріде арнаулы музыка мектептерде тексерілуімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және мәдениет» факультеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультетінде эксперименттік байқаудан өткізіліп, оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді. Сондай-ақ, зерттеудің негізгі қағидалары халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (республикалық, халықаралық) жасалған баяндамалардан, республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалардан көрініс тапты.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұралардың туып, қалыптасып, даму кезеңдері және оның қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторларна сипаттама (1930-1950 ж. ж. ) ;

- Қазақстан композиторлары туындыларының жанрлық-білімдік және эстетикалық-тәлімдік мүмкіндіктер жіктемесі мен оны меңгерудің педагогикалық шарттары;

Қазақстандағы 1930 - 1950жж. музыкалық-мәдени мұралардың педагогикалық жоғары оқу орындарындарының оқу-әдістемелік кешеніндегі көрінісіне сипаттама;

- Қазақстандық музыка қайраткерлерінің шығармаларын музыкалық оқу орындарында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені (бағдарлама, әдістеме, дидактикалық материалдар, нұсқаулар) ;

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның дамып, қалыптасуы (1930- 1950жж) деп аталатын бірінші бөлімде 1930-1950 жылдарда өмір сүрген музыкатанушылар мен композиторлар мұраларының философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық аспектілері баяндалды, бұл мәселелердің қазіргі күндегі зерттелу жағдайына талдау жасалды және оқу-тәрбие үдерісіндегі орны анықталды.

1930-1950 ж. ж. Қазақстандағы музыкалық-мәдени мұраның үлгілерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың жолдары атты екінші бөлімде педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру технологияларын пайдаланудың тиімді шарттары айқындалып, оларды іске асырудың әдістемесі көрсетілді. Арнайы курс бағдарламасының мазмұны берілді. Осы бағдарлама негізінде жүргізілген эксперименттік байқау жұмыстарының нәтижесі көрініс тапты.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдағы ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылыми зерттеу жұмысымызда 1930-1950 жж. Қазақстандағы музыкалық мәдени мұраның даму кезеңдеріне сипаттама беру үшін алдымен қазақ педагогика тарихын зерделеуші Т. М. Храпченковтың педагогикалық ғылыми ойларына шолу жасалды. Ол өзінің ғылыми ойларын жеті кезеңге бөлген. Әрбір кезеңінде сол жылдардағы идеологтар мен педагог-демократтардың еңбектеріне тоқталған. Атап айтсақ, бірінші кезең өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың бірінші бесжылдығы деп аталған. Сол жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайлармен қатар ғалым-педагогтардың көзқарастары партиялық идеология тұрғысынан қарастырылған. Бірақ, басты идеология сол кездегі Маркс, Энгельс, Лениндердің партиялық саясаты орын алды. Бұл идеологиядан бөлек педагогика саласында Н. К. Крупская, А. В Луначарский, М. Н. Покровскийлардың, батыс Еуропаның педагог-ғалымдары Д. Дьюи, Э. Мейман, М. Монтессори, З. Фрейдтардың педагогикалық-психологиялық көзқарастары кең түрде оқытылды. Ал осы кезде Қазақстанда А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың, М. Тынышбаевтың, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, К. Кемеңгеровтың педагогикалық ойлары кең түрде тарады. Олар елімізде ана тілі және әдебиет, ел тарихы, жағрафия, ән салу, бейнелеу өнері т. б. пәндерді ұлттық дәстүр негізінде оқытып тәрбиелеуге белсене атсалысты. Екінші бір тобы С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, О. Жандосовтар т. б. елдегі саяси жағдайларға баса көңіл бөліп, еліміздің социолистік тұрғыда өмір сүруіне әрдайым ұсыныс жасап отырды және жаңа типтегі кеңестік мектептер ашыуға үлкен септіктерін тигізді.

Екінші кезең өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдардың екінші бесжылдығы отызыншы жылдардың бірінші бесжылдығы делінген. Бұл жылдары Кеңес үкіметі өз күшіне мініп, алға қарай батыл қадамдар жасады. Батыс Еуропадан келген буржуазиялық саясатқа жол бермеді. «Партия» мен «марксизм» идеологиясына қарсы келгендермен батыл күрес жүргізді. Ескі мамандардың орнына жаңа кәсіби білікті мамандар келді. Н. К. Крупскаяның педагогтік көзқарасы мүлде өзгерді. Алдында ғана өзі қолдаған Батыс Еуропаның педагогикасын мүлде жоққа шығарып, Кеңес үкіметінің мектептері тек ғана Маркс, Энгельс, Лениннің идеяларымен қарулануы керек деп шешті.

Бұл жылдар - Қазақстанда саяси репрессия етек алып, қазақ зиялылары халық жауы атанып, қуғынға ұшырады. О. Жандосов А. Байтұрсыновтың араб тілін латын әрпіне ауыстырған еңбегін әрі қарай жетілдірді. Бірақ, қазақ зиялы қауымның елден кетуіне байланысты мектептерде сабақ беретін мамандар жетіспей, білім ошақтарына зияны келгенін жазады.

Үшінші кезең - өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңы және Ұлы Отан соғысы кезеңдері. Соғысалды жылдарында Сталиннің саясаты өз күшіне мінді және елде репрессия құрбандары болды. Оның ішінде зиялы қоғам қайраткерлері мен мықты ғалымдарды да қалдырмады.

Төртінші кезең - соғыстан кейінгі жылдардағы саясат көрсетілген. Осы кезеңдегі Сталиндік саясат Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы ғылыми, мәдени қарым-қатынасты мүлдем тоқтатты. Педагогика саласы бойынша оқыту үдерісі алға қадам баса бастады. Бұл кездегі педагогика саласы Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі уақыт арлығындағы қарым-қатынасты оқыта бастады. Дәл осы кезеңде педагогика және педагогика тарихынан көптеген оқулықтар басылып шықты. Атап айтсақ, Н. К. Гончарова, П. Н. Груздева, Н. А. Константинова, И. А. Кайровалар болса, Қазақстанда Ы. Алтынсариннің, Т. Тәжібаевтың, Ә. И. Сембаевтың т. б. психологияның негізгі мәселелері, педагогиканың теориясы мен тарихы тағы да көптеген еңбектер жарыққа шықты. Оларда негізінен кеңестік-партиялық көзқарас басты роль атқарды.

Бесінші кезең - елуінші жылдардың екінші бесжылдығы мен алпысыншы жылдардың бастапқы жылдары. Кеңес үкіметінің мәдениеті, өнері, ғылым мен білімі қарыштап даму кезеңі. Педагогика саласы да өз дәрежесінде дамыды. «Педагогкалық сөздіктер», төрт томдық «Педагогикалық энциклопедия», дидактика мәселесі бойынша М. А. Даниловтың, Б. П. Есиповтың, Л. Г. Лембергтің Д. О. Огородниковтың және т. б. ғылыми монографиялық еңбектері жарияланды. Осы уақыттарда Қазақстанда тарихи педагогикадан Т. Тәжібаевтың «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалы ойлардың дамуы», «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы мектептердің ашылуы» (1965ж), Ә. Сембаевтың «Қазақ совет мектептерінің тарихы мен очерктері»(1958 ж) және педагогика, педагогика тарихынан көптеген докторлық, кандидаттық жұмыстар қорғалды.

Алтыншы кезең - жетпісінші, сексенінші жылдар. Жалпы білім беретін орта мектептерге көңіл бөлінуі, кітаптардың оқушыларға тегін берілуі қарастырылды. Бұл кездерде педагогика саласына көптеген жаңа есімдер келе бастады. Қазақстанда педагогика тарихы бойынша Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, Н. И. Ильминскийдың, В. В. Катринскийдың, И. Радловтың, А. Е. Алекторовтардың еңбектерін оқытты. Сонымен қатар, әл-Фараби, А. Құнанбаев, Шәкәрім, С. Торайғыров, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтың шығармашылығы мен педагогикалық идеялары, ой-пікірлеріне байланысты біршама диссертациялық еңбектер де жазылды.

Жетінші кезең - сексен, тоқсаныншы жылдар. Осы жылдарда әдіснамалық мәселелерге байланысты марксизм философиясын сынға алып (Ю. Н Афанасьев, Г. А. Бордюгов, П. В. Волобуевтардың) мақалалары шыға бастады. Қазақстанда педагогика саласы дамуын тоқтатқан жоқ. Бірақ, 1986 жылғы көтерілістен кейін ұлтжандылық мәселесіндегі ғылыми мақалалар бәсеңсіп, бірнеше жылдардан кейін барып шыға бастады.

Т. М. Храпченковтың пікірін басшылыққа ала отырып, өз зерттеу жұмысымызды үш кезеңге бөліп қарастырдық. Бұл үш кезеңіміз Т. М. Храпченковтың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерімен сәйкес келеді. Олар: бірінші кезең ― 1930-1940 жж., екінші кезең ― 1940-1945 жж., үшінші кезең ― 1945-1950 жж. Осындай кезеңдестіру арқылы (1-кесте) әр кезеңге тарихи сипаттама беріп, сол кезеңдердегі музыкалық-педагогикалық ойларды бөліп қарастыруға мүмкіндік таптық.

Кесте 1 - Қазақстандағы 1930-50 жылдардағы музыкалық-мәдени мұралардың тарихи кезеңдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызы, ерекшеліктері және негізгі сұрақтар
Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері (тарихи бағыт)
Мәдени жаңғыру қарқыны
Қазақстандағы кеңестік мәдени жаңғыру
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Қазақ тарихына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz