Дін және эстетикалық дәстүрлер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дін және эстетикалық дәстүрлер

«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, " ендіру ", " жасау ", " құру " деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы " poiesis " - адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем - " physiske " қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында " өнер " деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т. б. ) айтуға болады. Біз әрі қарай " өнер " сөзін соңғы, тар мағынасында пайдаланамыз. Өнердің мәдениеттегі алатын орны оның басқа салаларынан гөрі ерекше. Өйткені өнерде ғана қоғамдық сана өзін толығымен - бастапқы белінбеген синкретикалығымен көрсете алады. Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, рационалдық және эмоционалдық . . . - осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе біте қайнасып жатыр.

Өнер және мәдениет

Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді " мәдениеттің айнасы " деп анықтауға негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. Өнер - мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т. б. негізделген өнер түрлері қалыптасады. Өнер - адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісі. Өнер - адами ақикат, адамдандырылған " екінші әлем " тудыратын күш.

Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш нәрсеге тәуелсіз "мақсатсыз" мақсаткездегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды

Таза өнер мен кәсіби өнер

Бұл тұста таза өнер мен кәсіби өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс философы И. Кант таза өнер мен кәсіби өнерді ажыратып қарастырады да, біріншісін - еркін өнер, екіншісін - табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адамның өзінің рухани болмысынан шыққан бейнелі шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына ыңғайластырып жасалынады. Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты ежелден бері толғандырып келеді.

Дәстүрлі эстетика

Дін мен өнердің бір-біріне ұқсастығы олардың сезімдік-бағалық табиғатының танымдық-акпараттық табиғатынан басымдылығында. Өнер мен діннің; ұзақ тарихи дамуы мен өзара байланысы барысында, әрбір әлемдік дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер түрлері қалыптасты. Мысалы, буддизм үшін мүсіндеу өнері мен әшекей-безендіру қолөнері, ислам үшінсәулет өнері мен қолөнері, каллиграфия, христиан діні үшін бейнелеу өнері, мүсін өнері және т. б. тән.

"Инь" және "ян"

Болмыстық әр түрлі салаларының бірін-бірі толықтырып отыратындығын танытатын ғарыштық өз-өзіне айналу, қайта айналып келіп отыру идеялары қытайлықтардың "инь" және "ян" туралы көзқарастарында айқын көрінеді. "Ян", "инь" деп бастапқы мағынасында тау бөктерінің жарық және қараңғы беттері аталған болатын. Бірақ сол ежелден бастап-ақ "ян", "инь" ғарыштық рәміздерге айналып кетті.

"Ян" аспанмен, Күнмен, жылумен, жарықпен, өмірмен, белсенділікпен, әр адамдық бастамамен, сол жақпен және т. б. теңестіріле қарастырылса, "инь" - жоғарыда келтірілгендердің бәріне қарама-қарсы ұғымдармен байланыстыратын (Жермен, Аймен, суықпен, қараңғылықпен, өліммен, енжарлықпен, әйелдік бастамамен, оң жақпен және т. б. ) - Қытайлықтар үшін бұл қатып қалған бинарлы (қосалқы) оппозициялар (қарама-қайшылықтар) емес, олар бір-біріне өту мүмкіндігі бар өзгермелі күйлер. Яғни әрбір қарама-қайшылық өзіне-өзі тепе-тең емес. Олар өзінің шекті күйінде басқаға, яғни өзінің қарама-қайшылығына айнала алады.

Инь және ян комбинациясы қытай мәдениеті мен тұрмысының барлығын түгелдей қамтыған. Қытай колөнершісі әлемдік құрылымның қарама-қарсы бастауларының теңдесуін өзінің тұрмысқа қажетті бұйымдарының пішіні, материалы және түсі арқылы, аспазшы - дайындаған тағамының дәмі арқылы, емші алдына келген сырқат жанның тәніндегі бұзылған үйлесімдікті (гармонияны) орнына келтіру арқылы жүзеге асыратын.

Қытай мәдениетінде адам ғарыштық үйлесімділіктің бір бөлшегі, яғни микрокосм (микроғарыш) . Ендеше, қытайлық пейзажды көркемсуретте адамның әлем элементтерінің бірі іспетті айрықша бөлінбей бейнеленуінің өзі де соның куәсі.

Буддизм

Буддизмнің негізгі идеялары - зұлымдық жасамау, қандай да болсын тіршілік түріне қиянат келтірмеу және күш көрсетпеу -будда мәдениеті туындатқан өнер түрлерінде өз көрінісін тапты. Көнеден келе жатқан Будданың мүсіні дәстүрлі түрде мыңқолды адам бейнесінде. Әрбір қолдың алақанында адам көзі орналасқан. Бұл эстетикалық бейненің әлеуметтік мәні Будданың мың кезінің әлемде болып жатқанның бәрін көретіндігін, ал мың қолының қайырымға зар болған бейшараларға көмекке келетіндігін білдіру.

Көне үнділік наным-сенімдерге - Ведаларға, брахманизмге және т. б. негізделген буддизм өмірдің, рухтың мөңгілік идеясын жасайды. Өлім дегеніміз жоқ болу емес, өлім дегеніміз тек бір күйден екінші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Мәдениет” ұғымының мазмұны
Мәдениеттің кеңістігі мен формалары, құрылымы, парадигмалары, мәдени сценарийлер
Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Бейнелеу өнері сабағы
Мәдени рухани даму жағын қарастыру
Қазақстанның дәстүрлі мәдениеті
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz