Қазақстан бойынша саяхат. Қорықтар
1 Қорықтар
2 "Тұрғысын өзендері"
3 Қазақстан Республикасының қорықтары
4 Солтүстік Қазақстан
5 Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары - солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - Жер жанатты деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
1969 жылғы 9 шілдеде Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы, 1972 ж 2 тамызда Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы, 1976 ж 12 шілдеде Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы Гусиный перелет , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.
Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.
Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.
Екінші - далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.
Үшінші - шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.
Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.
Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы - тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі - Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер - марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп - марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.
Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер - бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.
Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі Реликті шағала қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.
Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.
"Тұрғысын өзендері"
Тұрғысын өзені Бұқтырма өзенінің үлкен салаларының бірі болып табылады. Тұрғысын өз бастауын Тұрғысын Ақшаңқандарының Иванов жотасымен түйісер тұсынан алады. Бұл жер құрамына қазіргі заманғы мұздақты-эрозиялық ландшафтар мен Черный Узел деп аталатын әрқилы өзендер кіретін геоморфологиялық кешен. Бұл - Батыс Алтайдың ең заңғар бөлігі. Жаратылысы мен көлемдері жағынан әрқилы 20-дан астам өзен Тұрғысын Ақшаңқандарыныңоң жағынан, қия-шағылды Иванов жотасының сол жағынан құз-жартасты қысыңқы алқапта қысыла орналасқан.
Бағыт Иванов жотасы солтүстік баурайының таулы-орманды кешендерін, оның биік бөлігі мен оңтүстік көрінісін қамтиды, таулардың пайда болуының заманауи мұздақты-эрозиялық үдерістерінен хабардар етеді. "Климовка" демалыс базасынан атпен шықсаңыз, трассамен Палевская Разливанка өзеніне дейін жетесіз де әрі қарай оңға бұрылып, сүрлеужолмен өрлеп кетесіз. 1,5 км-ден кейін Батыс Алтай мемлекеттік табиғат қорығы басталады, тағы 1,0 км-ден соң "Палевский" шекара бекетіне келесіз. Сүрлеужол сол жерден тар шатқалды қалқалап тұрған алқапты кемерге қарай бастайды. Жол оң жақ баураймен шатқалды өрлеп кететін соқпаққа ұласады. Төменде ағыны қатты өзен арқырап жатады.
Алқап бірте-бірте жазықтанып, кеңейе бастайды, ну самырсын субальпі селдір тоғайға ұласады. Соқпақ жотаның қаптал сілеміндегі ағашсыз ашық қырқа мен оның субөлгіші арқылы алдымен Теснушка өзенінің ежелгі мұздақты циркіне, содан кейін - Иванов жотасының бас субөлгіші орналасқан Обзорная шыңына (2 377,9 м) алып барады. Шың басынан алыс-жақын жоталар мен "Черный Узел" өзендер кешені алыстан мен мұндалап тұрады. Шыңнан құлдилайтын соқпақ жазықты жағалап, Большой Тургусун өзенінің алқабына, содан кейін алқапты өрлей Нижнее өзеніне қарай бастайды.
Нижнее өзенінен әрі қарай шалғынды баураймен жоғары өрлеп, бірнеше шағын өзен, Буровское өзені және Тұрғысын шыңының жартасты қабырғасының астынан буырқана ағып жатқан Черное өзеніне шығады. Келген жолмен қайтадан қайтасыз. Бағыттың қашықтығы - 56 км. Ұзақтығы - айтарлықтай қашықтығына және техникалық қиындықтарға байланысты бағыт бір күндік саяхат шеңберіне сыймайды және Нижнее өзені маңындағы Большой Тургусун өзені алқабында түнеу ұйымдастыруды қажет етеді.Ескерту: бағыттар Батыс Алтай мемлекеттік табиғат қорығының аумағынан өтедтін болғандықтан, табиғат қорғау мен демалыстың айрықша тәртібі сақталуға тиіс. Климаттық жағдайларға қарай шілденің алғашқы онкүндігінде өзендерді толықтай немесе ішінара мұз құрсаулап қалуы немесе қар, жаңбыр жаууы мүмкін. Бұлт төмен түскен жағдайда жаңбыр немесе қар жаууы ықтимал, ондай кезде бірнеше ондаған метрден әрі қарайғы жер көрінбей қалады. Нижнее өзенінің маңында немесе Иванов жотасының Обзорная шыңының (2377,9 м) шығысындағы үстірт тектес жазығында тікұшақ қондыру нұсқасын да орындау мүмкіндігі бар
Алматы қорығы
Алматы қорығы
IUCN Ia санаты (Strict Nature Reserve)
Орналасқан жеріҚазақстан, Алматы облысы
Координаттары
42°96′05″N 77°22′33″E 43.60139, 77.37583
Көлемі
71 700 га
Құрылған
1931 жылдың мамырдың 15
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Алматы қорығы -- Қазақстандағы ең бай қорықтардың бірі. Іле Алатауының орталығында 1931 жылы ұйымдастырылды. Жер көлемі -- 71 мың гектар. Қорықта бұғы, елік, арқар, құлжа, тауешкі, таутеке, жайран, қабан, жайра, суыр, барыс, ілбісін, аю, түлкі, борсық; құстан, ұлар, шіл, кекілік, қырғауыл, тазқара, бүркіт және басқалары бар.
Қазақстан Республикасының қорықтары
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын - қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы - 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Тенгіз-Қорғалжын көлі - көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны - 150 метрлік Ән салғыш құмдар құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері - марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі - Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы).
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы - 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері - құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.
Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы - 45 мың га жуық. Оны жазық дала араындағы таулы-орманды оазис деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден 4200 м биіктікке дейінгі аралықта орналасқан таулы аймақты алып жатыр. Құрамында Қаратаудағы "Қарабастау" (126 га) және "Әулие" (100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы 75,09 мың га (1997 ж). Қорық оңтүстікте және оңтүстік-шығысында көршілес Қырғызстан және Өзбекстан территорияларымен шекаралас жатыр. Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Қорықтың климаты континентті, жыл мезгілдерінің әр қайсысында жауын-шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5,6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17,2°С). Қорықтағы өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 (дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктерден арша, рауғаш, итқұмық, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендірмесі, Қаратау сетені түрлері бар) түрі кездеседі. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Құстардың 238-дей түрі кездеседі. Олардың 123-і қорықтың аумағында жұмыртқаларын басып шығарады, 24 түрі қыстауға ғана келсе, 85 түрі құстардың мезгілдік миграциясы кезінде ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан сақалтай, бүркіт, сұңқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.) түрі кездеседі. Тұяқты жануарлардың ішінде басқалардан көп кездесетіні - таутекелер. 1952 жылы қорыққа бірнеше марал әкелінген болатын. Жыртқыштардан сирек кездесетіні - барыс. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу-Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.06.01.2009 17:50Тарих қойнауындағы ескерткіштер. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді.
Қазақстан бойынша саяхат
Қазақстан бойынша саяхат
Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан тұрады. Өңір республиканың қиыр шығысында Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазақстан 1300 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай - 900 км-ге созылып жатыр.
Басты өзендері - Ертіс пен оның екі қолы Есіл мен Тобыл. Барынша ірі көлдер Қостанай облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысында Теңіз бен Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шағала, Шортан және Бурабай.
Кейбір көлдер емдік минералдық тұздарымен және лайларымен белгілі (Павлодар облысында Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстан облысында - Майбалық). Климат - шұғыл континентальды, бірақ республиканың өзге аудандарынан барынша қоңыр салқын жазғы және қысқы уақытта барынша төмен температуралармен ерекшеленеді.
Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді сезіндіретін қалпы бар.
Бурабай
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны Қазақстандық Швейцария деп атайды. Бір ескі аңызда былай делінген: Алла тағаламыз әлемді жарату кезінде - бір халыққа бай орман, нулы өріс пен кең өзендер, өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер берілді. Қазаққа тек кең дала тиді. Қазақ бұған өкпелеп, Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір бөлшегін беруді сұрайды. Сонда Алла тағала өзінің қоржынынан қалғанын алып шығып шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да берілді. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп, оның ішіне аң-құстар, көлдерге - балық, жасыл шөпке - жан жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша Бурабай дүниеге келеді. Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай - бұл түйе. Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке батыр деп аталады (826 м).
Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп тікелей Жұмбақтас көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқ жетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды. Осы жерде әр таумен байланысты өзінің аңызы бар. Сфинкс, мысалы оған әр жақтан қарасаңыз шашы желге желбіреген қыс келбетін, одан кейін әйел және кейіннен кемпір суретін көруге болады.
Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз.
Баянаул
Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз шақырымдай жерде орналасқан. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабындық. Павлодар қаласының Солтүстік Батыс шектерінде Ертіс өзенінің оң жағалауында әлемдегі бірегей орындардың бірі, табиғат ескерткіші Қаз қайтуы бар. Палеонтологтар бұл жерден 7-10 миллиондаған жылдар бұрын мекен еткен керік, мүйізтұмсық, қорқай тәрізді жануарлар мен гиппаририондар (шағын тридактильді жылқылар) сүйек қалдықтарын тапты. Қазбалардың жалпы саны барынша елеулі. Олар мыңдаған түрлерге қатысы бар.
Наурызым қорығы
Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында, Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Торғай жыра өзегінде орналасқан, бұл жерге Терсек, Сыпсың және Наурызым шатқалдары кіреді. Соңғы шатқалдың негізгі бөлігін Наурызым тоғайы алады.
Қордың шыршалы ормандарын реликті деп санауға болады, олар үштік немесе төрттік кезең басынан өзгермеген күйде сақталып қалған. Наурызым қайындары Ресейге қарағанда жуанырақ болса да, тұзды көл маңында өскен қайыңдардың өзі әсем. Бұл ерекше түр - Қырғыз қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемигі. Ол шағын аумақта өседі және әлемде басқа еш жерде кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Бірақ осы қорықтың белгісі - бүркіт бола алады, оның осы жерде 30 жұбы бар.
Қорықтың ең сымбатты аңдары, Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды. Өңір батысында Арал теңізінен шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі, солтүстігінде Балхаш көлі мен Бетпақ даладан Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігін қамтып, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік сілемдері мен Жоңғар Алатауының шыңдарын қамтиды. Батыстан шығысқа қарай аумақ 2000 км-ге созылып, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км созылып жатыр. Басты өзендері Сырдария, Шу,Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ең ірі көлдері Арал теңізі, Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.
Алматы облысы алаңы бойынша барлық Ұлыбритания жерінен аздап қана кіші. Бұл аумақ жер бедерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бір күн ішінде туристер жер бетінде кездесетін барлық ландшафты және климаттық аймақтарды көре алады: құмды шөлейттен бастап даладан мәңгілік мұздақтар мен жоғары шыңдарды көре алады. Шөл мен шөлейтті жерлерде осы қиырдың бірегей жануарлар мен өсімдік әлемі таң қалдырады. Туристік қалыпта Алматы облысын Шарын арнасы мен ежелден қалған шетен тоғайы, Іле жағалауының және Тамғалы тастарының петроглифтері, Үлкен Алматы және Көлсай көлдері, сондай-ақ Іле Алатауы, Жоңғар мен Орталық Тянь-Шань таулары білдіреді. Бұл жер ежелгі мәдениет пен Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи, Таразда Айша Бибі, Қарахан, Бабаджы Хатун ежелгі мкесенелерінің, Жетісуда сақтардың бірегей мазарларының мекені. Оңтүстік өңір - Байқоңыр ғарыш орталығының отаны.
Байқоңыр космодромы
Қызылорда облысының басты көрнекілігі, бүкіл әлемнен көптеген туристерді тартатын Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады. Оның алаңы 6 717 кв. км.-ге тең. Бұл жерден зымыран ұшырылуын, Ғарышкерлік мұражайды, сондай-ақ Юрий Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.
Ақсу-Жабағылы
Ақсу-Жабағылы - Қазақстанның ескі, сондай-ақ ЮНЕСКО биосфералық қор мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорлардың бірі, ол Батыс Тянь-Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1000-4280 метр биіктікте орналасқан. Бұл жерде негізгі биіктік белдіктері берілген: шөлейттер құрғақ түрлі шөпті далалармен, шөптесін орындардың ғажайып телімдері аршалардың қалың нуымен алмасады. Түрлі альпілік гүлдерден құрылған қызыл-жасыл әлем ақ қарлы шыңдар мен көгілдір тілді мұздақтар баурайын көмкереді. Ақсу - Жабағылы анда санда кездесетін, құрып бара жатқан және эндемикалық жануарлар мен өсімдіктердің бай қоймасы. Бұл жерлерде арқарлар мен тау ешкілері, маралдар мен еліктер, қабыландар мен қар сілеусіндері, қасқырлар мен түлкілер, аюлар мен кірпішешендер, тас сусарлары мен ақ тышқандар мекендейді. Қанаттылар әлемі де өте бай. Жоғары биікте күшігендер, ақ бас қарлығандар мен бүркіттер қалықтайды. Тас баурайларда кекіліктер, мәңгі қар әлемінде ұларларды кездестіруге болады. Жапырақты ормандардың көлеңкелі саясында жұмақ құсының қанаттары тірі от секілді көрінеді. Көгілдір құс әуені сырнай дыбысын білдіреді. Күн түскен алаңқайларда түрлі көбелектер, кезқұйрық, кептерлердің сирек түрлері кездеседі.
Қорықтың өсімдік әлемі де сан алуан. Қыраттар бойымен алау тәрізді Грейг қызғалдақтары құлпырады. Қызғылт түске Қоқан моринасының гүлдері жинақталған.
Жетуі қиын қазандықта теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте қорықтың тағы бір көркем жері - күңгірт жылтыр тастарға қырнап салынған көптеген суреттердің өзіндік суреттер галереясы орналасқан. Оларда жабайы және үй жануарлары, аңшылық және көне адамдар тұрмысының суреттері берілген. Ақсу - Жабағылының палеонтологиялық телімдерінде тақта тасты шөгінділерінде көне өсімдіктер, балықтар, жәндіктер мен кесірткелердің қатқан таңбалары сақталып қалған.
Алтын-Емел
Жоңғар Алатауы шыңдарының батыс сілемдерінде Қазақстанның ең ірі қорығы Алтын Емел Ұлттық Паркі орналасқан. Алаңы 460 000 гектар бұл жер жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтауға арналған. Бұл жерде Ақтау түрлі түсті тауының түрімен, Қатутау құм тауының қайталанбас түрлерінен ләззат алуға болады. Парк аумағында бірнеше тарихи ескерткіштер - біздің з.д 1-інші мыңжылдықпен белгіленетін Бес Шатыр сақ қорғандары мен ең ертесі б.з.д. 16-14 ғасырларға жатқызылатын көне тас суреттері салынған Тамғалы тастар орналасқан. Осы жерде Іле өзенінің оң жағалауында Әнші шағылдар бар. Аралап көптеген жануарларды кездестірулеріңізге болады: сібірлік тау ешкісі - теке, шөлейт еліктері - жайран, құлан, тау қойы - арқарлар, қасқыр, түлкі, бүркіт, тау қырғауылы - кекілікті және көпшілігі Әлемдік және Қазақстан Қызыл Кітаптарына енгізілген жануарлар мен құстар түрлерін кездестіре аласыз.
Бес-Шатыр қорғаны
Бес шатыр қорғаны біздің з.д. бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген көне сақ тайпаларының бас ұрар орны болған. Осы 2 кв.км жерде 18 хан қорғандары орналасқан, олардың шамамен диаметрінде 9 м жерде және биіктігі 2,5м. Қорған астында Тянь-Шань шыршасының бөренелерінен зираттар салынған. Бұл ежелгі көшпенділердің ескерткіштері Жетісуда, Ілес өзенінің бастауында орналасқан. Хан қорғандарынан батысқа қарай солтүстіктен оңтүстікке қарай жануарлар суреттері ойылып салынған 45 тас плиталар бар. Ғалымдар бұл жерді мазараттың рәсімдер бөлігі болған деседі.
Тамғалы-Тас Петроглифтері
Алматыдан 170 шақырым жерде Тамғалы Тас шатқалында өздерімен нағыз көне көркемөнер галереясын білдіретін тас суреттерімен бірегей ғибадатхана табылды (тектік белгілермен белгіленген тастар). Онда бірнеше тарихи кезеңдердің көрінісі бар. Көне дәуірге, көшпенділер мен түркілер кезеңіне жататын 4000 -нан астам сурет табылды. Аласа тақтатас кіреберістерінде шатқалдың екі жағынан тегіс тіке жазықтықта металлдық шырпумен табынушылық күн тәрізді құдайлардың, архарлар, текелер, маралдар, үй жануарлары: түйелер, жылқылар, бұқалар, иттердің суреттері, аңшылық дәстүрлер, құрбандық шалу рәсімдері, әйелдердің, садақшылардың мүсіндері, бүркітпен аңшылық суреттері және т.б. салынған. Шатқал маңында қола кезеңінің және ерте көшпенділердің мазараттары, сондай-ақ олардың қоныстанған орындары бар. Тамғалы петроглифтерінің галереясы әлемдік мәнге ие қазына болып табылады және ЮНЕСКО қорының қорғаны астында.
Әнші шағылдар
Тағы бір табиғат кереметі Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан. Әнші шағылдар құрғақ кезеңде құмдар орган әуеніне ұқсас дыбыс шығаратыны. Ауа мен құрғақ құмдар арасында туындаған үйкеліс оларды электрлендіріп діріл тудырады. Жаңғырығудың қолайлы жағдайлары тығыз топыраққа шағылысып құм қозғалысын тудырып дыбыс толқындарын тудырады. Бұл дыбыс бірнеше шақырымға дейін естіледі. Ең қызығы құм қозғалысы мен қатты желге қарамастан құм жазықтық бойынша көшпей бірнеше ғасырлар бойы бір орнында тұр. Оның оңтүстік батыс баурайы тегіс, ал солтүстік шығыстағы баурайы жайпақ еңісімен бірнеше қыраттарға ие.
Ақтау тауы
Ақтау тауы (Ақ таулар) өткен көне Жер мұражайы десек болады. 15 миллион жыл бұрын осы жерде үлкен көл - теңіз болған, қазір түрлі нысан мен түстегі тұнба жыныстар қатпары - қызыл, сары, көгілдір және ақ түстерге ие. Үлкен конус таулар египет пирамидаларын еске түсіреді. Уақыт өткен сайын осы жерден динозаврлар мен көне сүт қоректілердің сүйектері табылып жатады.
Түрген шатқалы
Алматыдан 90 км жерде тьабиғаттың бір әсем бұрышы - Түрген шатқалы бар. Ыстық көздерге, су сарқырамаларына, қылқан және аралас жапырақты ормандар, альпілік және қосалқы альпілік шөптерімен, көлдері мен қайнарларымен, дәрілік өсімдіктері мен жидектерімен, ол Ассы үлкен ойпаңға дейін 44 км тереңге кетеді. Түрген сайы сарқырамаларымен белгілі - олар жетеу. Аюлы сарқырамасы өзінің 30 метрлік биіктіктен салбыраған жарлары және жасыл шыршаларымен тартады. Ал Бозгүл сарқырамасы жарда үлкен тоннель ойған күшті су ағынымен белгілі. Шатқалда жарлар мұздақ кезеңіне дейінгі өсімдіктер таңбаларын сақтап қалған. Шатқал өзінің көне Шын Түргендік қыналы шыршаларымен белгілі, олар жер бетінде тегіс шырша кілемін түзеді.
Сайда ең танымал орын - Ботан аңшылар стансасы. Осы жерде үш өзеннің қосылған жерінде Түрген сайы өзінің ең үлкен тереңдігіне жетеді - 920 м. Сайда обсерватория бар. Асы өзенінің бойынша көне қорғанджар мен тас суреттер бар. Онда көптеген көне сақ және үсіндер мазараттары бар. Сондай-ақ Түрген сайында бақтақ шаруашылығы бар, осы жерде балықты өзің аулап кешкі асқа хан тамағы бахтақты пісіріп жеуге болады.
Ыссық қорғаны
Ыссық мазараты скифтік - сақтық кезеңнің ең үлкен аргеологиялық ескерткіштерінің бірі саналады. Ескерткіш б.з.д IV ғасыр деп белгіленеді. Осы жерге жерленген жас адам Сақ - Тиграхауд билік басына, мүмкін Ұлы Құшандардың династиясына жатуы мүмкін. Алтын адам алтын қаңылтырмен бай өрнектелген сауыт киген, саф алтыннан жасалған қарулы белдік, басында - садақ оғы тектес киім. Костюм 4 мың алтын сақ қолөнеріне тән әйгілі аңдар стилінде орындалған белгілерден тұрады. Алтын адам көшірмелері Алматы мен Астана қалаларының мұражайларында қойылған.
Ыссық көл
Алматыдан небәрі 60 шақырым жерде, шағын Ыссық қаласымен қатар теңіз деңгейінен 1800 м деңгейде Іле Алатауының ең әдемі көлдерінің бірі жасырынып қалған. 1963 жылы мұздақты аймақтан Ыссық өзенінің жоғары бөлігінде үлкен сел ағыны ақтарылды. Үлкен толқындар табиғи плотинаны бұзып, бірнеше сағат ішінде көл шайылып кетті. Қазіргі уақытта жартылай қалпына келтірілген, бірақ оны қоршап тұрған таулардың керемет бедері осы күнге дейін туристер көзін қуантады.
Шарын арнасы
Әдемілігі бойынша Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы Алматыдан шығысқа қарай 200 км жерде орналасқан. Шайынды мен жел алудың бедердің бірегей нысаны ертегі тәрізді құмдақтан жасалған бірегей мүсіндер әлеміне әкеледі: Қорғандар даласы, Мыстандар шатқалы және т.б. Құлама баурай, бағаналар мен арқалардың биіктігі 150-300 метрге жетеді. Арна солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымға созылған, осы жер рафтинг үшін табылмас орын. Осы жерде жер шары өсімдігінің өкілі - мұздану кезеңінен қалған Соғды шетені сақталып қалған.
Іле өзені
Іле Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы 1439 км. Өзінің бастауын ол Қытайдан алады, Алматы облысының аумағында ол Қапшағай жасанды су қоймасын түзеді де Балқаш көліне барып құяды. Қапшағайды теңіз деп атайды: жылы мезгілде ол қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Ең үлкен ені 22 км, тереңдігі 45 м. Жағасы бойына шипажай, пансионаттар, жағажайлар орналасқан, Қапшағай қаласының өзінде аквапарк салынған. Қапшағай сулары түрлі балыққа мол. Одан бірнеше шақырым жерде, Іле өзенінің жағасында көне дәуірге әкелетін орын бар. Оң жағалауда үлкен тастан көптеген ғасырлар бойы аспанға Будда мен бодхисатв суреттері қарап жатыр. Қара құпия жарларда көптеген петроглифтер, құдай суреттері, мәні мен мағынасын әлі де ашу керек көне будда жазбалары - барлығы 1000 жуық түрлі жар суреттері бар, оларды тарихшылар көне орта ғасырға жатқызады. Жас туристер мен белсенді демалыс сүйгіштерге Іле өзені бойынша түсу өте қызықты. Түсу кезінде туристер табиғатпен және өзен маңындағы жануарлар әлемімен танысады. Тоғайларда көпшілігі бірегей құстардың көптеген түрі бар. Іле өзенінде балық аулау да бір тамаша. Сом, сазан, көксерке, аққайран, таран, ақ Амур - осының барлығы тәжірибесі аз балықшының қолына түсе алады.
Үлкен Алматы көлі
Осы тау көлі Үлкен Алматы өзенінің шатқалында, теңіз деңгейінен 2511 м биіктікте, Алматыдан оңтүстікке қарай 28,15 км қашықтықта орналасқан. Ол ойпатта орналасқан, жан жағынан тау шыңдарымен қоршалып жарқырап жатқан айнаға ұқсайды. Көл бетінен үш негізгі шың көтеріледі: Советтер шыңы (4 317 м), Көл шыңы (4 110 м) және Турист шыңы (3 954 м) - оларды плотинаның солтүстік шетінен көруге болады. Батыста Туристен қала орталығынан жақсы көрінетін Үлкен Алматы шыңының қыры көрінеді (биіктігі 3 681 м пирамида). Мұз суымен қоректенетін көл ұзындығы 1,6 км, ені 1 км және тереңдігі 40 м болатын үлкен тостақты білдіреді. Жыл мезгіліне қарай көл түсі ақшыл көгілдірден жасыл - көгілдір түске түсіп отырады. Көл бетінен далада Тянь-Шань астрономия обсерваториясының әсерлі күмбезді кеңшары орналасқан (көлден 2 км, 2 700 м биіктікте). Ал одан жоғарырақта (3 300 м биіктікте) Жасыл кезең - Комостанса асуына жақын жұлдыздарға қарап түнеуге болады.
Көлсай көлі
Оны Солтүстік Тянь-Шань меруерті деп атайды. Тік, баурайлары шыршаға тұнған үш биік таулы көлдер Күнгей Алатау шыңының сілемдерінде орналасқан. Әр көлдің өзінің қайталанбас келбеті бар. Таза көгілдір суда - кемпірқосақ бақтағы бар. Бұл жаяу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz