Макроскопиялық параметрлер мен температураны өлшеу: жылулық тепе-теңдік және термометрлер


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Макроскопиялық параметрлер. Газдағы және басқа макроскопиялық денелердегі процестерді сипаттау үшін әрдайым молекула-кинетикалық теорияға жүгіне берудің қажеті жоқ. Макроскопиялық денелердің, атап айтқанда газдың жай күйін денені құрап тұрған жеке молекулаларға қатысты емес, бүкіл молекулаларға қатысты болатын физикалық шамалардың аз ғана санымен сипаттауға болады. Мұндай шамалардың сипатына V көлем, Р қысым, Т температура және басқалары жатады.

Денелердің молекулалық құрылымын есепке алмай-ақ, макрос-копиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларлы ( V, Р, Т) макрос- копиялық параметрлер деп атайды.

Суық және ыстық денелер. Жылу құбылыстары жөніндегі барлық ілімде температура ұғымы басты орын алады. Біздің брімізде суық және ыстық денелер арасындағы айырмашылықты өте жақсы білеміз. Біз қай дененің күштірек қызғанын қолымызды тигізіп анықтай аламыз, және бұл дененің температурасы әлдеқайда жоғары екен дейміз. Температура дененің қызулық (суық, жылы, ыстық ) дәрежесін сипаттайды. Температураны өлшеу үшін, термометр деп аталатын прибор жасалған. Оның құрылысында денелердің қыздырғанда немесе суытқанда көлемін өзгертетін қасиеті пайдаланылған.

Жылулық тепе - теңдік. Адам денесінің температурасын өлшеу үшін медициналық термометрді қолтықтың астында 5-8 минут ұстау керек. Осы уақыт ішінде термометрдегі сынап ысып, оның деңгейі көтеріледі. Сынап бағанасының ұзындығы бойынша температурасыны анықтауға болады. Кез келген дененің температурасын кез келген термометрмен өлшегенде де осындай құбылыс байқалады. Термометр дененің температурасын еш уақытта денеге тиісімен бірден көрсетпейді. Дене мен термометр температуралары теңеліп, температура өзгермейтін жағдайға жетіп, олардың арасында жылулық тепе - теңдік тағайындалғанша біраз уақыт қажет.

Температурасы әр түрлі кез келген денелер арасында уақыт өтуіне қарайжылулық тепе - теңдік орнайды. Суы бар стаканға бір кесек мұз тастап, оны қақпақпен тығыздап жабыңдар. Мұз ери бастайды, ал су салқындай түседі. Мұз әбден еріп біткеннен кейін су жыли бастайды, судың температурасы айналадағы ауаның температурасындай болғаннан кейін, суы бар стақанның ішінже ешқандай өзгеріс болмайды.

Осындай және осыған ұқсас басқа да қарапайым бақылаулардан жылу құбылыстарының өте маңызды жалпы қасиеттерінің бар екендігі жайлы қорытынды жасауға болады.

Кез келген макраскопиялық дене немесе макраскопиялық денелер тобы сыртқы жағдайлар өзгермегенде жүйеде өздігінен жылулық тепе-теңдік күйге келеді.

Температура денелер жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайды: жүйедегі бір - біпрімен жылулық тепе - теңдікте тұрған денелердің температурасы бәрінде бірдей болады.

Температураны өлшеу. Термометрлер. Температураны өлшеу үшін кез келген макроскопиялық шамалардың: көлемінің, қысымының, электрлік кедергінің және т. б. температураға сәйкес өзгеруін пайдалануға болады. Көбнесе іс жүзінде сұйық (сынап немесе спирт ) көлемінің температура өзгерісіне тәуелділігін пайдаланылады. Термометрді градуирленгенде әдетте сынақ басы (0) үшін еріген мұздың температурасын алады: екінші тұрақты нүктені (100) қалыпты атмосфералық қысым кезінде судың қайнау температурасы (Цельский шкаласы) деп есептейді. 0 және 100 нүктелері арасындағы шкаланы, градустар деп аталатын жүз тең бөліктерге бөледі. Сұйық бағанның бір бөлікке орын ауыструы температураның 1 0 С өзгеруіне сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кристалдық қатты денелер мен жылулық тепе-теңдік: құрылым, анизотропия және температураны өлшеу
Термоэлектрлік термометрлер мен термопаралар: жұмыс принциптері, калибрлеу және өлшеу қателері
Химиялық тепе-теңдік: тепе-теңдік константалары, термодинамикалық потенциалдар және температураға тәуелділік
Температураны өлшеу әдістері мен термотүрлендіргіштердің энерготиімді жылу жүйелеріндегі қолданылуы
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар: химиялық тепе-теңдік, тепе-теңдік константасы және термодинамикалық факторлар
Химиялық термодинамика және тепе-теңдік: реакция жылдамдығы, Ле-Шателье принципі және тепе-теңдік константасы
Температураны өлшеу құралдары және физикалық есептерді шешу әдістемесі
Химиялық тепе-теңдік пен кинетика: Ле-Шателье ұстанымы, тепе-теңдік константасы және реакция жылдамдығы
Физикалық материалтануға кіріспе: құрылым, қасиеттер және фазалық тепе-теңдік
Макроэкономика және ұлттық есеп жүйесі: макроэкономикалық көрсеткіштер, экономикалық тепе-теңдік және ЖҰӨ өлшеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz