Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
I. Кіріспе. 3-5
II. Негізгі бөлімі
1 - тарау. Жетісу Алатауының геотектоникалық құрлысы.
2. 1. 1 Географиялық орны, жер бедері 6-10
2. 1. 2 Жетісу Алатауының геологиялық, геофизикалық
тұрғыдан зерттелуі. 10-16
2. 1. 3 Жетісу Алатауының геологиялық даму тарихы 17-22
2. 1. 4 Жетісу Алатауының геотектоникалық құрлысы. 22-26
2 - тарау. Жетісу Алатауының пайдалы қазбалары.
2. 2. 1 Жетісу Алатауының интрузивті магматизмінің кен түзілудегі
алатын орны. Қара металдың кенді формациялары. . 27-33
2. 2. 2 Жетісу Алатауының түсті металды кенді формациялары……33-42
2. 2. 3 Жетісу Алатауының сирек кездесетін қымбат бағалы формациялары . . . 42-50
2. 2. 4 Жетісу Алатауының кенсіз формациялары . . . 50-58
III. Қорытынды . . . 59-60
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61-62
V. Қосымшалар . . . 63-64
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Жетісу Алатауы аумағында жер қойнауынан қазылып алынатын хром, темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және шетелдік компанияларды тарта отырып, тау-кен және түсті металургияны дамыту мен қатар ғылымды, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Жетісу Алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктеріне негізделіп пайдалы қазбалары түзілу жолдарына қарай топтастыру;
- Жетісу Алатауында таралған түсті және сирек кездесетін металлдардың кендерінің пайда болу жолдарын айқындау;
- Жетісу Алатауында биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру;
- Жетісу Алатауында қара және түсті металдардың, жанғыш және кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын анықтау.
Бітіру жұмысын жоғарыда аталған мақсаттарға сай төменгі міндеттерді шешуді көздейді:
- Жетісу Алатауының физикалық-географиялық орынының ерекшеліктері мен геологиялық тұрғыдан зерттелуін;
- Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшелігі мен
геологиялық даму тарихын;
-пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен метологенді аймақтарын;
-Жанғыш пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен
орындарына;
- қара және түсті металдармен кенсіз пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін, түзілу жолдары мен мен маңызды кен орындарын ;
- құрылыс материалдың кен орындарына кешенді сипатама беріп геологиялық құрылысының ерекшелігін анықтау.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы;
Бітіру жұмысын жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
- Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны;
Бітіру жұмысы кіріспеде екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Жетісу Алатауының физикалық-географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылысы және геологиялық зерттелу тарихы қарастырылған, сонымен қатар, геологиялық картасы берілген.
Екінші тарауда Жетісу Алатауындағы тас көмір, қара және түсті металдар мен кенсіз пайдалы қазбалардың кен орындарына сипаттама беріліп, олардың қорына шаруашылық тұрғыдан баға беру мәселелері қарастырылған.
І - тарау. Жетісу Алатауының геотектоникалық құрлысы
2. 1. 1. Географиялық орны, жер бедерінің ерекшеліктері.
Жетісу Алатауының таулы жоталары мен тауаралық ойыстар үйлесімділігі байқалады. Олар солтүстігінде Балқаш - Алакөл, оңтүстігінде Іле ойыстары арасында орналасқан.
Бұл жерде таулы жоталардың биік бөліктері қар сызығынан жоғары, яғни 4000-4500 метрге дейін жерлерде кездеседі. Таудың етегі Балқаш Алакөл ойысына 350-400 метр тереңдеп енеді.
Жоңғар Алатауының құрылысы күрделі. Биік таулы орталық бөлікте 2 негізгі суайрық жота - Солтүстік және Оңтүстік жоталар болып бөлінеді. Олар биік таулы ойыстармен ажыратылады. Онда Көксу, Боротола өзендері ағып жатыр. Солтүстігіндегі жота 300-350км. Қаратал өзенінен Жоңғар қақпасына дейін созылады. Ол Алакөл ойысы мен Жоңғарды біріктіріп жатыр. Солтүстік жотаның орны Шығыс, Солтүстік Шығыс, Орталық бөлігінде (Ақсу өзені маңы) Батысы Солтүстік жотаның (Мыңшұңқыр, Лаба, Буракай, Үшкөл) солтүстік батыс бағытын алып жатыр. Жоңғар қақпасынан ары Солтүстік жотаның жалғасы солтүстік-шығыс бағытта Барлық, Майлы, Уркашар жоталары оңтүстік бөлігі бөлшектелген Алакөл ойысы орналасқан.
Оңтүстік жота таулы массивтері Суықтөбе, Сарышабын батысы Қазақстан территориясынан тыс Қытайда жалғасады. Оңтүстік жотаның батысы Ешкіөлмес, Қотырқайық, Жалғызағаш, Көкшөл, Малайсары, Арқарлы таулары, Алтынемел жотасы және т. б. солтүстік шығыстық және субендік бағытта орналасқан. Оның орталық ауданы көлемді жерді қамтиды (Тышқантау, Тоқсанбай, Беджинтау таулары) . Шығыстағы жалғасы - Боро Хоро жотасы. Осыған байланысты Жоңғар Алатауы атауы солтүстік шығыс және солтүстік батыс бағыттағы таулар қатары болып табылады. Бұл тау қатары доға тәріздес болып келеді. Тау жүйелері биік ауданы жоталардың бірігу ауданында Сарқан және Тышқан өзендерінің меридианында орналасқан. Сарқан тау жүйесі 4400-4500 метрге көтеріледі. Сол жерде Жетісу Алатауының ең биік нүктесі Семенов Тянь-Шанский нүктесі (4560м) орналасқан. Шығысында Солтүстік жотаның көтерілген ауданында (Сарқан, Тентек өзен аңғарларында) көлемі 305км., биік таулы үстірт сақталған. Ол полигонға дейін денудациялық ауданның бөлшегі болып табылады. Үстірттің 1100 метр тереңдікте Басқан, Лепсі, Тентек өзендерінің бастауы орналасқан. Үстірттің қабатты солтүстігінде Лепсі ойысына террасалық тектоникалық иін биіктігі 1200 метр қиып жатыр. Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде Айдаусай ойысы жатыр. Солтүстігінен Желді Қарағай, Ақшақас, Көкжота (3100м) тауларымен шектелген. Үстірттен шығысқа қарай Сарыбұқтыр (2000м) және оның шығыс жалғасы Ақшық ойысы (1400м) солтүстіктегі жотасы Тастау, Аудаусай ойысы батыс жалғасы Күрүмбел және Қапал-Арасан ойысы болып табылады. Олар 1000 және 2000 метр биіктікте орналасқан. Солтүстік шығысында Қапал Арасан ойысы жергілікті жерде Аманбұқтыр деп аталады. Қапал Арасан Теректі және Аманбұқтыр ойыстары Қоңыртау, Қырықкөл, Марқатау тауларының өтпелі сатыларымен шектеседі. Таулардың биіктіктері 1500-2100 метр Балқаш маңы ойыстарда, Сарқан маңындағы кемердің биіктігі 1100 метр, ал батысында Қызылағаш ауылы маңында 400 метрге жетеді. Биік таулы үстірттен солтүстікте 1000 метр биіктікте Покатилов және Лепсі ойыстары орналасқан. Олар 1100 метр биіктіктегі өткелмен ажыратылған. Лепсі ойысының солтүстік шығыс жалғасы Голубевск ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыс солтүстіктен Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайық тауларымен шектеседі. Олардың биіктіктері 1400-2000 метр. Оның етегінде 900-1000 метр биіктікте Константиновск құламасы бар. Шығыста 200 метр биігірек Карат құламасы, одан шығыста 2000-2400 метр биіктікте Көксуат опырмалы ойысы, ал солтүстігінде Күнгей (3000м) жотасымен шектеседі. Күнгей жотасының солтүстігіндегі жарлары Бесбақан тауының атымен аталады. Қара Алмалы жотасы Арқарлық және т. б. ( биіктігі 2000-2500м) ал солтүстік шығыста біраз көтерілген аудан жабықтау (2900м) . Олардан солтүстікте Колпаковск құламасы, Тұңқырыз арқылы Шабынды, Буланбай, Қайнан, Қарасарын тауларын (1200-2300м) солтүстіктен ажыратылып жатыр. Тункуруз құламасы солтүстігінде Текелі тауларымен (800-1200м) шектеседі. Шығыста солтүстік жотаның соңы Арпабиік тауы оның биіктігі 2000 метрге дейін. Оның оңтүстік шығыс етегінде Шолақ құламасы және оның оңтүстік батысындағы жалғасы Пограничная ойысы Ақтоғыл тауларымен бөлінген. Барлық ойыстар тектоникалық болып табылады.
Осыған байланысты Жетісу Алатауының солтүстіктегі рельефінің баспалдақ тәріздес екені аңғарылады. Әрбір тау жүйесі Солтүстік суайрық жотасынан бастап тау жүйелері солтүстігінде, ал шығыс массив жүйесі батысында биігірек. Солтүстікке қарай құламалардың биіктігі және беті төмендеп отырады. 1400-2000 м. Ақшық, ал 600 метрдей Гункуруз. Әрбір солтүстіктегі құлама оңтүстіктен 200-300 метр төмендейді.
Солтүстік жотаның батысы-Үшқоңыр тауы, Бурақай, Лаба, Қызылжар, Түйемойнақ жоталары солтүстік батысқа бағытталған. Оларды бөліп тұрған ойыстар бір-бірімен бірігеді, таулар бөлшектелген массивке ұқсайды. Оңтүстік Жоңғарда доға тәрізді бірнеше жүйе ерекшеленеді. Оңтүстік жотадан оңтүстік батысқа жылжытып және тауаралық ойыстармен бөлінеді. Ең соңғы оңтүстік шығыстық төменгі жүйе Қатутау, Долантау, Дувантау таулары, және бөлшектелген массив Қалқан тауы биіктігі солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 1100-1900 метр төмендейді. Бұл жүйе солтүстікте орналасқан солтүстік батыстағы Алтынемел жотасынан Қоңыраген ойысынан оңтүстік батыстағы Іле өзені маңынан шығыстағы Өсек өзені маңынан алшақ орналасқан.
Алтынемел жотасы Қояндытау және Суаттау ( биіктігі 3200метр) тауларынан басталады да, ақырындап ол оңтүстік батысқа қарай төмендей береді. Оңтүстік шығыста қиылысатын солтүстік батыстық иіні бар. Оңтүстік батыс жотаға Матай тауы (2800м), Шолақ (1600м) массивтері кіреді. Алтынемел жотасының солтүстік батысында Кулагин ойысы Архарлы және Майтөбе таулары, солтүстігінде Сарыөзек және оңтүстік Қояндық болып екіге бөлінеді. Оңтүстік жотаның батыс тау сілемі Ешкіөлмес, Қотырқайың, Алабасы, Жалғызағаш, Жуантөбе, Алтуайт, Ашудас, Көкшел, Малайсары таулары батысқа қарай төмендеп, 2000-800 метрге жетеді. Олар үлкен ойыстармен бөлінген (Жоламан, Алғабас, Буденый, Айнабұлақ, Шенгелді, Жаршопқан т. б. ) . Ол таулар үлкен массивтерді құрап жатыр, 2000-3000метр биіктікте орналасқан. Көксу өтпелімен (3376м) шегімен шектеседі. Батысында ол Талдықорған ойысы және 1100 метр биіктіктегі иінімен бөлінеді. Талдықорған ойысы батысқа қарай оңтүстік Балқаш маңына кетеді.
Жотаның және ойыстардың төбелерінің әртүрлі биіктікте болуына қарамастан, Жетісу Алатауының төбесінің тегістелуі көп. Олар палеогенге дейінгі денудациялық жазықтар, биік таулы және аласа таулы аудандар болып келеді. Тегістелудің ежелгі аудандары, рельефтері бар. Олардың толық иілуі Балқаш, Алакөл суайрық жоталардың Іле ойысының кері құлауының іздері, ол альпі тектоникалық қозғалысы кезінде түзілген иілім болып табылатынын дәлелдейді. Негізгі жоталардың тегістелуі мәңгі қар қапасында 3500-4000 метр биіктікте сақталған. Жоңғардың солтүстік бөлігінің жоталарының бәрінде полеогенге дейінгі денудациялық жазықтар бар. Көптеген жерлерде 3000 метр биіктікте (Тастау жотасы) палеоген-неогенің қалдықтары жатыр. Солтүстік жотаның суайрығының қасында мұздармен бұзылған немесе шайылған және төбесі жартылай мұзданған мореналар орналасқан. Іле ойысының солтүстігіндегі Қарашоқы тауларында 6-7км жерде флювиальді қойтасты-малтатасты жыныстар жатыр. Константиновск ойысынан солтүстік шығысқа қарай Бесбақан тауларында қойтасты - малтатасты қалдықтардың астында 15 метрге дейін жерде палеоген-неоген жыныстары сақталған.
Альпі биік таулы рельефі Солтүстік және Оңтүстік жоталардың арасында 3000метр биіктікте көлемді жерді алып жатыр. Рельеф интенсивті эрозияланған үшкір опырмалы ойыста пайда болған күрделі тайғақ жарлары бар. Мұзды формалардың рельефі дамыған, яғни қарлы, соңғы мұзбасулардың мореналары, мұзды өзендер көптеген жазықтар, мұздықты иілген жазықтар кездеседі. Бірақ осы мұздар арасында да денудациялық жазықтардың фрагменттері көрінеді.
Орташа таулы аймақ - негізгі жоталардың тау сілемі немесе 2000-3000 м биіктікте негізгі жоталар орналасқан. Орташа таулы рельеф ауданының дамуы қатты эрозияланудың әсерінен бөлшектелген.
Таулардың тектоникалық бұзылған жерлеріндегі жарлар жарықталған. Орташа тауларда ежелгі мұзбасулардың іздері аз.
Аласа таулар тау жүйесінің батысында ежелгі денудациялық жазықтар бөлшегі көлемді ауданды алып жатыр. Тау массивтері тілімделген. Аласа тауларда көп жерлерде қойтасты-малтатасты және ормантипті саздақтар сақталған. Тауалды негізінен оңтүстікте Оңтүстік жотаның етегінде палеоген, неоген жыныстарынан адырлар түзген. Өсек, Тышқан, Чыжы, Хоргос өзен арасында тау алдында қатарларға бөлініп, суайырықтар түзілген. Қатутау, Долантау етегінде кайназой қалдықтары бар. Жел әсерінен бұзылған таулар көп. Тауаралық ойыстарда толқынды рельеф түзілген, ол неоген-төменгі антропогендік қалдықтар дамыған.
Жетісу Алатауының қоршап жатқан жоталар жазық рельефті. Жазықтар Алакөл, Балқаш көлдеріне, ал Іле жазығы Іле өзеніне қарай иілген.
Өзен торлары Жетісу Алатауының жауын-шашын мөлшеріне байланысты жақсы дамыған. Өзенде Алакөл, Балқаш көлдерінің алабы болып табылады, өзендердің көбі оларға жетпейді (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Іле т. б. ) . Кейбір өзендер Борохудзир, Өсек, Тышқан таудан басталып суын өзінің сағаларында жоғалтады. Таулы аудандарда жоғары ағысты көп жазықтар бар. Көксу өзені мен оның Қазан және Қарасарын сағалары мұндай емес. Орташа ағыста олар иіндері бар көлемді тауаралық ойыстардың түйіскен жерінде олардың жазығы субсеквентті болады. Кейбір өзендер (Тастау, Айдаусай, Теректі) тауаралық құламалардан ағады, солтүстік ойыстардың тектоникалық тігістерін пайдаланады. Жазықтардың өзен тоғаларында түйіскен жерлерде 400 метрге дейінгі терең каньондар түзілген, оның жоғарғы жағындағы жарларда терассалар, терассалық жазықтар бөлшегі сақталған.
Палеозой жынысының жергілікті көтерілулерімен коньон қалыптасты. Аккумулятивті циклдар эрозиялық циклдармен үзіледі, аккумулятивті, кей жерлерде мүсінді терассалар қалыптасқан. Терассалардың биіктігі бірнеше метрден 180 метрге дейін тауаралық жоталарда, ал тауалдында 300 метрге дейін жетеді. Терассалар оңтүстік жорлардың өзен аңғарларында жақсы дамыған. Өсек, Бурхан т. б., ал солтүстігінде Ақсу, Басқан, Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері аңғарында орналасқан.
Таудан тауалды жазықтарына шыққанда өзендер жақсы шырынды қалыптастырады, өзендердің шеткі аймақтары аяқталмаған күрделі және сатылы болып келеді. Таудан шыққанда өзеннің құлауы ұлғаяды, сарқырама және жайылмасы пайда болған. Тауда өзендердің құламасы орташа 100 м, ағыны қатты өзендерде - 115 м, Жамантыда -130, Тентекте- 109 м.
Тауаралық жоталардың түйісуінен құлау 30-8 м/км-ге дейін азаяды, өзеннің тауалды жотасына шыққанда оларда теңескен күйде болады, ол жерде құлау 6-1, 6 м/км болады. Өзендердің көбі биік таулардан бастау алады мұздық және қар суымен қоректенеді, көктемгі - жазғы тасқыны бар. Ұсақ өзендер Біже - Көктерек атмосфералық жауын- шашын және жер асты суымен қоректенеді. Су құламасының ауданы көптеген өзендерде 3000 км² жетеді (Тентек 3300 км²) . Тасу кезінде су шығыны 10-20 есе өседі. Тентек өзенінің орташа айлық су шығыны қаңтарда 9-15 м³/с, тасқын кезінде 200-360м³/с өседі.
Тауарлық жоталарда Колпаковскда ғана көл бар. Таулы ауданда көлдер өзен аңғарларында кездеседі. Олар мұздықтық Хоргос, ағыны қатты Қызылтас және Көксуат өзендерін атауға болады.
Аймақтың бөлшектелуі биіктік климат зонасының әртүрлі ландшафтысының қалыптасуы нәтижесінде мәңгі қар зонасына ауысады. Жалаңашталу интенсивті эрозия аймағында байқалады.
Алакөл ауданының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы. XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына бастады.
Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. [1]
Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды. Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.
1841-1842 жылдары аралығында Г. С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты зерттеп, түр құрамын анықтады.
1855-1858 жылдар аралығында Ш. Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар, жаңбыр суымен толығып, аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.
Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның жетістіктеріне сай үш белдеуге бөлді. Олар: Таулы, жартылай таулы және жазық белдеу.
1866 жылы А. Голубев Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл жағалауына саяхат жасады. Ол өз еңбегінде Алакөл жүйесіндегі көлдерге физикалық-географиялық сипаттама берді.
1871 жылы Матусовский Жоңғарияның шекаралас ауданы арқылы Зайсаннан Манасқа дейін Бағыттық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Ол өзен бөліктеріне Тарбағатайдың оңтүстік беткейі мен Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзенінің салалары жөнінде қысқаша деректер берген.
Тентек Жаманты, Ырғайты өзендері бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының шығыс бөлігін алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында И. В. Мушкетов (1874), Г. Д. Романов (1879) және Р. Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И. В. Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. /6/
1874-1890 жылдар аралығында Түркістанға белгілі геолог И. В. Мушкетов саяхат жасады. Алты жылға созылған ғылыми экспедицияның нәтижесінде жинақталған нақты заттай дерек көздері Орта Азияның табиғаты жөніндегі маңызды деректер „Түркістан” атты іргелі еңбегіне негіз болды. Түркістан түсінігіне И. В. Мушкетов „Түркістан” немесе „Түркістан алабы“ Солтүстігінде Шыңғыстау мен Арал Ертіс суайрығының, батысында Мұғалжар мен Үстірттің шығысында Тарбағатайдың, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауының аралығындағы Азия құрлығының ірі бөлігін алып жатқан аймақ” деген анықтама береді. [2] 1878-1879 жылдар аралығында И. В. Мушкетовтың экспедициясының құрамында болған Т. Р. Романовский Түркістанның геологиялық картасын құруға қажетті материал жинаумен айналысты.
Сол жылдар арлығында 1886 және 1893 жылдары Закржевский топограф Богданов пен бірге Еміл өзенінің аңғары мен Барлық жотасының таулы бөлігінің көзмөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізген бақылауларының нәтижелеріне сүйеніп “Барлық таулы өлкесінің қысқаша очерктері” еңбегін жазды. 1892 жылы Р. Заваржевский Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігін тағы зерттеді. Зерттеу нәтижесінде аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан аса көрнекті ғалым В. А. Обручев зерттеді. Ол аталған ойыстағы лесстің түзілуінің эолдық ғылыми болжамын ұсынды. Ғалым өзінің шекаралық „Жоңғария“ атты еңбегінде тұрақты түрде түзілген шаң-тозаңның негізгі көзі Алакөл мен Балқаш, Жалаңашкөлдің аралықтарындағы Қарақұм, Сарықұм, сияқты сусымалы, төбелі құм шағылдар екенін атап көрсетті. Солтүстік-батыс желдері құм шағылдардан көтерілген ұсақ шаң-тозаңдардың оңтүстік-шығысындағы Барлық тауының етегіне шөктіріп лесс түзілген деген ой қорытындысын шығарады. Ол Барлық пен Шолақ тауларының аралығын бөліп тұрған Жіңішке көнтағай қолатын, Жоңғар қақпасы деп атауды ұсынды. [3]
В. А. Обручевтің 1907, 1914, 1940 жылдар аралығында жүргізген экспедициялық зерттеулері нәтижесінде Алакөл ойысы мен оған шектесетін Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауының геологиялық-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады. Ол ойыстың жербедерінің қалыптасуында мезозой құрылымдарының дамуы мен кайназой эрасындағы жаңа ( Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Алматы: Рауан 2004. 55-57б) тектоникалық қозғалыстарының нәтижесінде жүрген тік бағыттағы көтерілулер мен үзілмелі бұзылыстардың ерекше рөл атқарғаны жөнінде жан-жақты түсінік береді. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысын зерттеу нәтижесінде мезозой мен кайназойдағы тектоникалық үрдістерді сағылулар мен созылулардың күресінің барысында алғашқысы басым болатынын айғақтайтын пульсациялық теориясын ұсынды. Бағыттық сипат алғанына қарамастан В. А. Обручевтің көптеген ой қорытындылары әлікүнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz