Лексикологаяның мақсаты мен зерттеу нысаны


Лексикологаяның мақсаты мен зерттеу нысаны
Лексикология (гр. Іехікоs сөз туралы және Іоgоs ілім сөздерінен) тіл білімінің сөздік құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін саласы. Сөздік кұрам дегеніміз тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, ол лексика деп те аталады. Сөздің құрамға байланысты лексикологияның қарастыратыны: тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі, лексикалық бірліктердің типтері, сөздік кұрамның кұрылымдық сипаты, лексикалық бірліктердің функциялық қызметі, сөздік құрамның толығу, даму жолдары, лексиканың тілден тыс шындық өмірге қатысы, тілдің баска салаларына сөздік құрамның қарым-қатысы.
Казақ тілінің л е к с и к о л о г и я сы - қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің катарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл тарихының, шаруа-шылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани казынасының айнасы, куәсі іспеттес, ол ғасырлар бойы даму нәтижесінде бірте-бірте калыптасқан. Лексикологияны жете түсініу үшін, оның нысаны болып табылатын сөздік кұрам тұтас бір бүгін жүйе ретіңде каралуға тиіс. Сөздік құрам тұтас жүйе ретінде көпсалалы болумен бірге, тілдің басқа салаларымен де тікелей байланысты.
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тек сөз атап білдірмейді, сонымен бірге тұрақты сөз тіркестері де білдіре алады. Осыған орай лексикология сөз мағынасымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологизмдерді де (гр. phrasis сөйлемше, logos ілім) нысан етіп қарастырады.
Тіл байлығы тек сөздің молдығынан көрінбейді, тіл байлығы дегенді тілдің мағыналық байлығынан тыс қарастыру бір жақтылық болады. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр. semasia мән, мағына, logos ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияда шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды атап білдіретін атауыш сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы (лексикалық семантика) жан-жақты карастырылады.
Қазақ лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы заманғы даму калпын, мағыналық және кұрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті стилистикалық мәнін, қолданылу аясын қарастырады. Сөйтіп, қазақ лексикологаясының қазіргі жайымен бірге (синхрониялық күйі: гр. syn бірге, chronos уақыт) оның тарихи қалыптасу жайынан да (диахрониялық күйімен: гр. dia арқылы, chronos уақыт) мәлімет беріледі.
Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары
Лексиксиогая мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін, тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен кандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың зор мәні бар.
Сөз дамуының басынан кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарын тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология(гр. еtyтоп шындық, Іоgos ілім) сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы түр-тұрпты мен мағынасын анықтайды. Сөз этимологаясын ашуға нысан болатын материалдар тілдің өзіңдегі көне формаларда, қос сөздерде, тұрақты сөз тіркестерінде, көне жазба нұсқаларда, туыс тілдердің сөздік құрамында аз емес. Соларды теріп жинап, этимологая заңдарына сәйкес зерттеу арқылы сөздің даму тарихының сырын ашуға болады.
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен лексикология тығыз байланысты. Ономастака (гр. опотаstikе ат беру өнері) іштей антропонимика және топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика (гр. anthrops адам, oпута ат, атау) кісі аттарын (есімдерін) зертеу нысаны етіп караса, топонимика (logos - орын, мекен опута - ат, атау) географиялық (жер-су) атауларын жеке нысан етіп зерттейді. Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі карым-қатынаста болады. Тілдегі сөздер номинативтік (атауыштық) қызмет атқара отырып, грамматикалық формалар арқылы өзгеріске түсіп отырады. Бұны әсіресе тілдің тарихи даму барысында лексикалық бірліктердің грамматикалану процесінен, сонымен бірге сөз тіркестерінің лексикалық бірлікке (сөзге) ауысу (лексикалану) процесінен айқын көрінеді. Мысалы, қүлап қала жаздады дегендегі жазда сөзінің лексикалық мағынасынан айрылып, көмекші етістікке айналуы грамматикалану нәтижесі. Осындай жағдай басқа да бірқатар көмекші етістік мәніндегі (сал, бол, бер, қал, кой, тұр) сездерден байқалады. Сондай-ақ, абайсызда, қапыда, тұтқылда, кенеттен, лажсыздан, жүресінен, етпетінен, шалқасынан қырынан, түнімен, қыстай, жаздай т. б. сөздер. бастапқы төркіңдерінен бөлініп, қимылдың ер түрлі кұя-жайын білдіретін туынды үстеулерге айналып кеткен. Лексикалық метафоралар лексикалануға жатады. Мысалы, қоғам мүшесі, ұжым мүшесі т. б. дегендей мүше; иненің көзі, бүлақтың көзі, күннің көзі т. б. дегендегі көз сөздеріңде нақты мағынадан метафораланған атауыштық мағына туып тұр. Осыңдай жағдайды еркін тіркестерден жасалған фразеологизмдерден де көруге болады. Мысалы: күтіс көмей, сиыр қүймышақ,, ат жақты, қоян жүрек, суық тер, сиыр сәске, бүйірі бұру, қызыл кеңірдек, ала қол, санын соғып калды, бармағын тістеді сияқгы фразеологизмдер еркін тіркестік мәнінен айрылып, жеке
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz