Есімше мен көсемше



1. Ескерткіштегі есімшелердің лексика . грамматикалық ерекшеліктері.
2. Есімшенің осы шақ түрі: .атын (.етін, .йтын, .йтін), шы, .ші.
2.1. Есімшенің келер шақ түрі. .ур, .үр, .йұр, .йүр, .р, .ар, .әр, .ыр, .ір
3. Келер шақ көсемше. .ғалы, .гелі, .қалы, .келі; .ғанша, .генше, .қанша, .кенше;
Көне түркі тілінде және қазіргі қазақ тілінде де етістіктің грамматикалық категорияларының ішінде ең көлемді және сыры көп, әр алуан күрделі түрі осы есімше формалары.
Есімше формалары етістікке және сын есімге тән қасиеттерді бойына сақтайды. Есімше – етістік негіздеріне арнайы форма тудырушы аффикстер жалғану арқылы жасалатын, етістікке тән грамматикалық категория. Есімше формаларының етістіктің басқа грамматикалық категорияларынан айырмасы бұлар (есіше) есім сөздер сияқты септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын қабылдайды. Сонымен қатар жіктік жалғауы арқылы жіктеліп, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Есімше формалары есім сөздкр мен ( септік, тәуелдік, көптік) өзгергенімен, етістікке тән қимылдың іс-әрекеттік ұғымды әрқашан бойында сақтайды. Сонымен қатар есімшелер етістіктен етіс күрделі етістік күшейткелі етістік негіздерінен жасалады да мағыналарын сақтайды.
Есімше формалар зат есімнің алдынан келіп сол заттың қимылдық сапасын, белгісін білдіреді. Яғни атрибут мағынасында жұмсалады. Осы атрибут қызметінде есімше формалары сып есімге ұқсайды. Ел жүрген жер, айтар ән,өркендейтін шаруа.
Сын есімге зат есімнің көптік, тәуелдік септік жалғаулары жалғанғанда, зат есім мағынасына ауысатындығы сияқты, есімше формалары да септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдап зат есім мағынасында жұмсалады. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра. Бермегенді беріп ұялт [ ].
Осы айтылған қасиеттеріне қарай, есімше фолмалары өткен шақ есімше, келер шақ есімше, осы шақ есімше болып үш салаға жіктеледі.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілінде сол күйінше қолданыс тапса ( кейбір фонетикалық айырмашылықты ескермесек ), бір тобы жеке сөздер құрамында “өлі” қосымша болып сақталып қалған [ ].

1. Есімшенің өткен шақ түрі: -қан // -кән // -ған // -гән, -мыш // -миш.

-ған, -қан, -ген, - кен есімше тұлғасы қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар тілдерінде сондай-ақ алтай, тува, шор, торалар, хакас, өзбек, қырғыз тілдерінде бұрынғы өткен шақ мәтінде қолданылады: қазақ; жазған; қырғыз: джазған; өзбек: ианған; татар: йазған; алтай: барған; шор: парған; ноғай: барған; хакас: чаткан т.б. Оғыз тілдерінде мұндай есімше тұлғасы айтылмайды.
Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. – тілдің “Сравнительно историческая грамматика тюркских языков” атты еңбегінде есімшенің –қан формасы етістікті сын есімді -қ және –ан екі аффиксінің қосындысынан тұрады деп көрсетеді. “Первоначально отглагольные прилагатеьные с этими аффиксами не имели какой – либо определенной временной и залоговой дифференциации и обозначали результат действия. Их реликты чаще всего представляют собой имена прелагательные, реже существительные: - тур чалышкан – работящий, от чалыш работать, курган – крепость, от кур – строить, азерб, чудурған, бешеный, от гудур – взбеситься, јарған – овраг, от јар – рассекать ” [ ].
-қан, -ған тұлғасы қорған түрікше чалшқан тәрізді сөздер құрамында кездеседі. Бұл тұлғаны солтүстік – батыс түркі тілдерінде қолданылатын –ған есімшесінің әлі мезгілдік мән алып есімше дәрежесіне жетпеген еүйін танытады. Кейін ол тілдердің даму барысында мезгілдік мән алып ( баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында етістіктің жақтық тұлғалары қатарына өтеді. Алғашқы сипатында етістік жеке сөздеп құрамында негізгі сын есім мәінде орнығып қалатын. Қазіргі якут тіліндегі етістік негізгі сын сын есімдердің үлкен тобын құрайды: наратычки (ауру), ырычан (жүдеу), умчуган (ұмытшақ) т.б. Түрік тілінде бұл тұлғалас сөздер істің нәтижесін білдіретін сын есім ретінде қолданылады. Башқұрт тілінің зерттеушілері - ған тұлғалы сын есімдерді ад ъективация процесінің нәтижесі деп қарайды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
І тарау

1. Ескерткіштегі есімшелердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері.

Көне түркі тілінде және қазіргі қазақ тілінде де етістіктің
грамматикалық категорияларының ішінде ең көлемді және сыры көп, әр алуан
күрделі түрі осы есімше формалары.
Есімше формалары етістікке және сын есімге тән қасиеттерді бойына
сақтайды. Есімше – етістік негіздеріне арнайы форма тудырушы аффикстер
жалғану арқылы жасалатын, етістікке тән грамматикалық категория. Есімше
формаларының етістіктің басқа грамматикалық категорияларынан айырмасы
бұлар (есіше) есім сөздер сияқты септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын
қабылдайды. Сонымен қатар жіктік жалғауы арқылы жіктеліп, баяндауыш
қызметінде жұмсалады. Есімше формалары есім сөздкр мен ( септік,
тәуелдік, көптік) өзгергенімен, етістікке тән қимылдың іс-әрекеттік
ұғымды әрқашан бойында сақтайды. Сонымен қатар есімшелер етістіктен етіс
күрделі етістік күшейткелі етістік негіздерінен жасалады да
мағыналарын сақтайды.
Есімше формалар зат есімнің алдынан келіп сол заттың қимылдық
сапасын, белгісін білдіреді. Яғни атрибут мағынасында жұмсалады. Осы
атрибут қызметінде есімше формалары сып есімге ұқсайды. Ел жүрген жер,
айтар ән,өркендейтін шаруа.
Сын есімге зат есімнің көптік, тәуелдік септік жалғаулары
жалғанғанда, зат есім мағынасына ауысатындығы сияқты, есімше формалары
да септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдап зат есім мағынасында
жұмсалады. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра. Бермегенді беріп
ұялт [ ].
Осы айтылған қасиеттеріне қарай, есімше фолмалары өткен шақ есімше,
келер шақ есімше, осы шақ есімше болып үш салаға жіктеледі.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар
қазіргі түркі тілінде сол күйінше қолданыс тапса ( кейбір фонетикалық
айырмашылықты ескермесек ), бір тобы жеке сөздер құрамында “өлі” қосымша
болып сақталып қалған [ ].

1. Есімшенің өткен шақ түрі: -қан -кән -ған -гән, -мыш
-миш.

-ған, -қан, -ген, - кен есімше тұлғасы қазақ, ноғай, қарақалпақ,
башқұрт, татар тілдерінде сондай-ақ алтай, тува, шор, торалар, хакас,
өзбек, қырғыз тілдерінде бұрынғы өткен шақ мәтінде қолданылады: қазақ;
жазған; қырғыз: джазған; өзбек: ианған; татар: йазған; алтай: барған; шор:
парған; ноғай: барған; хакас: чаткан т.б. Оғыз тілдерінде мұндай есімше
тұлғасы айтылмайды.
Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. – тілдің “Сравнительно
историческая грамматика тюркских языков” атты еңбегінде есімшенің –қан
формасы етістікті сын есімді -қ және –ан екі аффиксінің қосындысынан
тұрады деп көрсетеді. “Первоначально отглагольные прилагатеьные с этими
аффиксами не имели какой – либо определенной временной и залоговой
дифференциации и обозначали результат действия. Их реликты чаще всего
представляют собой имена прелагательные, реже существительные: - тур
чалышкан – работящий, от чалыш работать, курган – крепость, от кур –
строить, азерб, чудурған, бешеный, от гудур – взбеситься, јарған – овраг,
от јар – рассекать ” [ ].
-қан, -ған тұлғасы қорған түрікше чалшқан тәрізді сөздер
құрамында кездеседі. Бұл тұлғаны солтүстік – батыс түркі тілдерінде
қолданылатын –ған есімшесінің әлі мезгілдік мән алып есімше дәрежесіне
жетпеген еүйін танытады. Кейін ол тілдердің даму барысында мезгілдік мән
алып ( баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында етістіктің жақтық
тұлғалары қатарына өтеді. Алғашқы сипатында етістік жеке сөздеп
құрамында негізгі сын есім мәінде орнығып қалатын. Қазіргі якут
тіліндегі етістік негізгі сын сын есімдердің үлкен тобын құрайды:
наратычки (ауру), ырычан (жүдеу), умчуган (ұмытшақ) т.б. Түрік тілінде
бұл тұлғалас сөздер істің нәтижесін білдіретін сын есім ретінде
қолданылады. Башқұрт тілінің зерттеушілері - ған тұлғалы сын есімдерді
ад ъективация процесінің нәтижесі деп қарайды.
-қын, -ғын тұлғасы генцистік жағынан –ған тұлғасының, ал мағынасы
жағынан сол тұлғаның варианты. Қазіргі түркі тілдерінде көбінде сол
есімдер, сонымен қатар зат есімдер құрамында кездеседі. Қазақ: қашқын,
түрік: қасқын, чуваш: чулқын, түрікмен: учқып т.б. Аффикстың қысаң
дауыстымен айтылуы соның көнелілігінің белгісі. Ескерткіш тілдерінде осы
қосымшаның есімше мәнінде қалданылу фактісі кездеспейді.
-ған тұлғасы XI ғасырдағы “Қашғари сөздігінен бастап аса жиі
қолданыс тапқан формант. М.Қашғари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін
форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридің түсіндіруінше -ған
тұлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант: іс-
әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бұл сипат
барлық барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында
жасалады. Бұйрық рай қатаң қ-ға бітсе , -ған, жұмсақ сөздерге –ген
қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс - әрекетті білдіруші сипат
барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған” [ ].
Құтадғу билиг ескерткіш тілінде -ған (-гән, - ган, -кән)
тұлғалары көбіне семантикасында қалып уақыттық және өткен шақтық мағына
сақтайды. Мысалы, “йерні көкті йаратган – жерді көкті жаратқан” (QBN2);
“өзүңні йас өтгән сақын ай қадам - өзіңнің өткен жолыңды ойла туыс”
(QBN437); “есізлік кечгін йоқ өтүлгән болур – қастандық - өт ал өт
күйдірер болар, жолында өтер жер болмас” (QBN30).
Һибат-ул хақайиқ ескерткіш тілінде де -ған -гән тұлғалары
өткен шақ мағынасында кездеседі. Мысалы, “Сәниң бирлығыңға арқаған –
сенің дара екендігіңе дәләл іздеген” (h.h 7); “Китабымны көргән ешиткән
киши – кітабымды көрген, естіген кісі” (h.h 71) “Жумат жануар учған
йүгирганнәң-а – жанды – жансыз ұшқан – жүгірген нәрселер ” (h.h 6);
“Окуш созлагәнда окүнган ер сози сөз сағы – ойланып сөйлеген кісінің
сөзі сөздің асылы”(h.h 133) т.б.
Есімшенің өткен шақ мәнін беретін –ған аффиксі және –ган, - ген,
-кен варианттары Құтадғу билиг және Һибат-ул хақайиқ ескерткіш
тілдерінде кездесетін тұлға екенін байқадық.
-мыш (-міш, мұш, -мүш, -маш, -мәш) тұлғалары Орхон Енисей жазбалары
тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшелердің
өткен шағын жасаған, қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен); -Мыш тұлғасы
қазіргі тіліміздегі -ған аффиксінің семантикалық мағынасын береді.
Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (глагол) атты
А.И.Щербактың еңбегінде -қан аффиксі және -мыш, -міш аффикстері
арасындағы жақындық турасында сөз қозғайды. “Формы прошедшего
результативного на -қан и на -міш -муш очень близко по значкнию, и
различие между ними заключается главным образом в сфере
распространение... Употребления форм на -қан и на -міш -муш
очевидна, они не исключают полностью друг друга: с одной стороны, в
языках огузской группы обнаруживаются следы формы на -қан с другой –
в языках кыпчакской и карлукской – уйгурской групп выступай в виде
особившегося морфологического образования причастие на -міш -муш.
Имеются также случай использования форм на -қан и на -міш -муш
(міш - ан муш - ан, или міш – шан муш – шан ) с разными, но близкими
значениями в одном и том же языке, ср.: туь: алқан мән – я все еще
беру, я брал и продалжаю брать (прошедшее – настоящее)” [ ].
-ған аффиксі қапшақ және қарлұқ – ұйғыр тілдерінде, сонымен қатар
барлық сібір және Алтай тілдерінде өткен шақ мәнін білдіреді. Тек
түркі тілдерінің ішінде якут тілінде кездеспейді. Мысалы: алтай,
башқұрт,қазақ, қырыз: барған; өзбек. борган, хакас., шор., парған
(парғанмын), мен барғанмын, парқанзің – сен барғансың.
-міш аффиксі: түркмен тілдерінде, якут оғыз тілдерде кездеседі.
Мысалы: азербай, гагауз, алміш; азербай . гөрмәмішәм – мен көрген жоқпын,
гагауз. Коймуш – ол қойған; түркмен. Окумуш – ол оқыған. Түркімен
тілінде -мыш формасы көмекші “бөлу” етістігі арқылы да жасалады.
Мысалы: аларміш – ол әрқашан алған; аланміш – ол алған; алғанміш – ол
алады.
Құтадғу билиг ескерткішінде кездесетін -мыш тұлғасы былайша
сипатталады:
“евә бышмыш ашны йекә иг болур – егер піспеген асты жесе, ауру
болар” (QBN 56);
“негү тер ешитгил өлүгле кіши - өлетін кісі не дейді, соны есіт”
(QBN 75);
“улып и еркә чалмыш башы - өлетін кісі өлерде басын жерге ұрғанда
және ыңыранғанда не айтатынын, есіт” (QN 370);
“бүтүлміш кішикә айытғу сөзүг – сенген кісіңе сөзін айтқыз” (QB
402);
“аңар торқу ыддым тікән чекнміш – мен оған торқа жібердім, (ал ол
болса маған) тікен қадаған” (QBV 110);
“тілин емгіміш ер педү тег ешіттілінен – қиналған ер, не дейтіні
есіт” (QBW 17);
“бу күн біз ілінміш тутар біз туңар – бүгін біз бұған байланған
болдық” (QBW 130);
Һибат-ул хақайиқ ескерткішінде сирек кездеседі. Төратмышда йоқ
бил аңа түш – теңа. (Бүкіл) жаратылғандардың ішінде оған тең келетін
(ешкім жоқ): Мұндағы төратмыш яғни жаратылған , -Мыш формасы -ған
формасының варианты. Беретін мағыналары бір.
М.Қашғари -мыш аффиксінің қызметі жайлы былай деп жазады: “
–мыш, -міш қосымшасы да іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді.
Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар. Ол
бармыш – ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. Ол келміш –
ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын” Осымен байланысты,
қазақ тілінде ұшырысатын сөйлем баяндауышына тіркесе айтылып істің
болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын еске түсіру орынды:
айтыпты – мыс. Бұл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай
өзгермей тіркеседі [ ].
Э.Наджип Исследования по истории тюркских языков XI – XIV в
атты еңбегінде ортағасырлық Алтын Орда тілінде - мыш тұлғалы есімше
баяндауыш қызметінде жұмсалғанда тек қана III жақты білдіретінін,
өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады. Осы ескертпе қазақ
тіліндегі барыпты– мыс тұлғаларының қалыптасуына қалай да қатысты [
]. Қазақ тілінде –мыш формантына тән барлық мән – мағына -ған
формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда
қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда да, қазақ
тіліндегі -мыш тұлғасының осы қолданысы бір жағынан көне түркілік
қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз
ұштасып жатады. –Мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана
сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс тәрізді сөздер
құрамындағы осы тұлға.
Гаджиева Н.З. және Б.А. Серебренников еңбектерінде есімшенің
өткен шақтық мәнін білдіретін –мыш -міш тұлғаларының алғашқы формасы
-быш -біш болған.
“Это причастие типично для языков огузской группы а также для
якутского: тур., азерб. Жазмыш – написавшии; гаг. пишмиш – изжаренный;
якут.охтубут – упавший; уолбут – высохший; барбыт – ушедший и т.д.” [
].
Сонымен қатар, ескерткіш тілінде есімшенің өткен шақ мәнін
білдіретін -қан, -ған аффиксінің -гин, -гін, -гун, -гүн варианттары
кездеседі. Бұл формалар жайында “грамматика современного туретского
литературного языка” атты А.Н.Кононовтың Еңбегінде былай делінеді:
“Имена прилогательные на -дин, образованные от переходных глаголов,
имеют посивные значение, образованные же от непереходных глаголов как
правило получают и активное и поссивно результативное значение” [ ].
Ауыспалы етістікке: гергин – натянутый (гер – мек натягивать); иоргун –
утомленный (иор – мак утомлять); сешкин – отборный, избранный (сеш – мек
избирать, выбирать) т.с.с. Ал, тұрақты етістікке: далгин – задумчивый
(дал – так погружать ся); дургун – стоячий; долдун – полный, наполненный
(дол – мак нополняться, быть полным); олгун – спелый, зрелый (ол – мак
быть делаться) т.с.с.
-ган, -ген есімшенің өткен шақ мәнін білдіреді деп, өз
тұжырымын берушілердің бірі Н.К. Дмитриев. “Причастие прошедшего
времени: суффикс -ган -ген (после глухих), -ган -ген (после
звонких), как например, barдап – ушедший, тот, который пашел; деlдјεn –
пришедшии, тот который пришли; batдan – утонувший тот, который утонул;
деtrjεn тот который ушел. Причастие прошедшего времени встречается в
старых текстах также со значением настоящего времени” [ ].

Китабымны көрган ешитган киши
Кітабымды көрген, естіген кісі (һ.х,30).
Алып бермаган ел емег қутсузы
Алған, бірақ бепмеген қол қолдың құтсызы.

Мұндағы көрган – көрген, бермаган – бермеген өткен шақ мәнән
білдіреді. Яғни, іс - әрекеттің өтіп кеткендігі жайында айтады.
Құтадғу билиг ескерткішінде кездесетін есімшенің -ған, -ген
тұлғасы және осы тұлғаның грамматикалық ерекшелігі -мыш, -міш
тұлғасының қызметі бірдей. Ескерткіште көбінесе жалпыуақыттық мағына
беріп, кейде өткен шақтық мән береді. –Мыш, -міш тұлғалары
көптеледі кей жағдайларда септеледі аналитикалық құрылымында
субстантивтенеді.
“йерні көкні йаратган – жерді көкті жаратқан” (QBW23).
Бұл аффикстің шақтық қызметі - өткен шақ болып тұр. Предикативті
қатынаста байланысып, баяндауыштық қызмет атқарып тұр.
“өзүңні йол өтгән сақин ай қадаш - өзіңнің өткен жолыңды ойла,
туыс”.
Өткен шақтық мән беріп, анықтауыштық қызмет атқарады.
“есізлік от ол от көйүргән болур – йолында кечіг йоқ өтүлгән
болур – қастандық - өт, ол өт күдірер болар, жолында өтетін жер болмас”
(QBN 30).
Ескерткіштегі өтүлген сөзі “өтүл” етістігіне -гән есімшелік
аффиксі жалғану арқылы жасалынып, жалпы уақыттық мағына беріп,
анықтауыштық қызмет атқарып тұр.
-ған аффиксі Құтадғу билиг ескерткішінде -ған, -гән түрінде
жиі ұшырасады. Бірақ қолданылу аясы жағынан бұл аффиксі ескерткіште
-мыш, -міш тұлғасына қарағанда аз болып келеді.
Ал, “Һибат-ул хақайиқ” ескерткішінде -ған, -ген, -гән формасы
жиі кездесіп, оның -мыш, -міш варианты мүлдем жоқ деуге болады.
Ескерткіштердегі -ған тұлғасы мен қазіргі қазақ тіліндегі -ған
тұлғасының грамматикалық құрылымы мен синтаксистік қызметінде
айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Тек қазіргі қазақ тіліндегі -ған жұрнағы арқылы салған форма
қай орында, қалай жұмсалса да және құрылымы жалаң я еүрделі түрде
қолданылса да, дәйім өткен шақ мәнін береді.

2. Есімшенің осы шақ түрі: -атын (-етін, -йтын, -йтін), шы, -ші.

Б. Сағындықұлы Қазақ тілі лексикасының дамуының этимологиялық
негіздері деп аталатын еңбегінде -ур, -үр жұрнақтарына байланысты өзінің
ғылыми пікірін қосады.
Етістіктің -ур, -үр жұрнағы да дауыссыздан аяқталған түбірлерге
тікелей жалғанады да (бар +ур, бер +үр, т.б.), дауыстымен аяқталған
түбірлерге й эпентезасы арқылы қосылады.
Мысалы, Билиглиг кераглиг сөзин сөзлайур Кераксиз
сөзин көмүп кизлайур
Бұндай көріністі Қутадғу билиг ескерткішінен де көре аламыз. Түпі
йолтурур дуниа йағтур саны келир чағлайур өз очеэр терк үні-мұнда чағла
етістігіне ур жұрнағы й - эпентезасы арқылы байланысып тұр. Осы шақтық
мағына сөйлесіп отырған кезде дәл атамайды, дағдыға, әрекетке айналған
үйреншікті болған жалпы жүзеге асып отыратын я істеліп жататын әрекетті
білдіреді.
Есімшенің осы шақтық мәнін білдіретін аффикс турасында
Н.К.Дмитриев “Строи тюреских языков” еңбегінде сөз қозғайды. “Причастие
настоящего времени: суффикс – аган -еген, как, например, тур – аган,
стоящий, тот, который стоит; береген, тот который дает” [ ]
Яғни есімшінің осы шақтық мәнән білдіретін -аган және еген
тұлғасы етістікке жалғасып, осы шақ есімшесін жасайды деген тұжырымға
келеді.
Қазіргі қазақ тілінің зерттеушілері бұл форма жайында айтқан
ойлары құр алақан емес. Мәселен, И.Е.Маманов “Қазіргі қазақ тілі” (етістік)
оқулығында -атын, -етін формасын дағдылы есімше деп айтады. “Дағдылы
есімше етістік негіздеріне -атын -етін, -йтын, -йтін жұрнағы жалғану
арқылы жасалады”- деп анықтама берсе, тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы
“Ұлт тағлымы” атты еңбегінде -атын, -етін, -йтін фомаларын ұйғарынды
есімше деп көрсетеді. Ал, осы шақтық мән беретін есімшеге етістікке -шы,
-ші жұрнағы жалғану арқылы жасалады дейді де, “өлең айтушы, бие сауушы,
құдық қазушы” деген мысал арқылы дәлелдейді. Сонымен қатар бұл пікірге
И.Е.Маманоқосылып, “Осы шақ есімше тұйық етістікке -шы, -ші жұрнағы
жалғану арқылы жасалады: келуші, сөйлеуші, сыбырлаушы т.б. Осы шақ есімше
тұлғасындағы етістіктер тек адамға қатысты қимылды білдіреді. Яғни қимыл
иесі адам болып келеді де, көбінесе анықталушы мүше қызметінде жұмсалады.
Келуші адам, тойдан қайтушы әйелдер т.с.с. [ ]
И.Е.Маманов дағдылы есімше мен осы шақ есімшесін салыстырады.
Мүмкін бұл екі форма арасындағы жақындықты білдіргісі келген болар.
”Дағдылы есімшенің қолдану аясы кең. Ол жанды және жансыз ұғымдағы барлық
зат есімдердің алдынан келіп атрибут қызметін атқара береді. Киетін
шапан, киетін кісі. Сауатын сиыр. Шапан тігетін әйел. Келетін кісі.
Ал осы шақ есімше тек қана адам ұғымындағы зат зат есімдердің
атрибуты бола алады. Құрал – сайман атауларына тек дағдылы есімше ғана
атрибут боло алады [ ].
Түркі тілін зерттеуші ғалым А.И.Щербак осы шақ есімшесін жасайтын
көптеген формаларды көрсетеді. Дегенмен, бұл формалар осы шақ мәнін
білдірсе, кейде, ұзақ осы шақ мәнін білдіреді дейді. Мысалы, алт. Көргун
– зоркий, сәскір – чуткий, білгір – понятливый, тапкир – находчивый; башк.
Үткір – проницательный; казах. өткір – острый; туркм. Алғыр – цепкий,
гөргір – зокий, чапғыр – резвый, атғыр – меткий, дөшгөр – податливый
т.с.с.
Бұл жердегі есімшелер осы шақта, осы – келер және өткен
шақты білдіреді. Мысалдардың ішіндегі бардачы баржук тек көне ескерткіш
тілінде кездессе, өзгелері қазіргі түркі тілде кездеседі. Отан іштәңкә
(алтай тілінде), кісжәң (хакас және иор) және т.б.
Ал төмендегі есімшенің тұлғалары қимыл есімінен жасалған
және олар сын есім, зат есім мағыналарында келеді.
-(і) к ̃̃̃̃̃̃̃̃ -(у) к ~ -(а)к –алт. сінік – сломанный, бічак-нож,
тарак-гребень, сурак-вопрос, чағак-хало, конок-сутки; түр. парлак-
блестящий, жумук-закрытый (оглазах); хак. чаріх-свет; шуваш. пөзәк-
испорченный, қазақ-кусак;
-(і) м ~ -(у) м ~ -(а) м – еж.түрк. акім-течение, әгрім-
водоворот, жәжім-көрм, жарім-половина; азерб. бічім-покрой одежды, атім-
щепотка, тутум-емкость, вместимость; алт. төлум-плата, түжүм-урожай, тудам-
ручка;
-(і) н ~-(у) н ~ -(а) н – еж. түрк. әбрән-судьба, кішән-путы;
көне өзб. Жазғін-дождь, козғалан-волнение, беспокойство, жіғін-сборище,
чакін-молния, толун-полный; азерб. ахін-течение, бічін-жатв; алт. дун-
собрание, дадін-жизнь; гаг. жін-куча; қазақ. тіғін-пробка, шығын-расход;
түр. әкін-посев, талан-ограблене;
-(ін) ді ~ - (ін) -ті – көне түрк. акінді-текущий, әкінді-
посеянный; азерб. ғірінті-крошки, төкүнтү-отбросы; алт. казінті-колодец,
суралті-прошение, салінті-подать; башк. кідінті-вырезка, сығынты-выступ;
гаг. башланті-начало, бічінті-сжатый хлеб, жапінті-постройка; қазақ.
сыпырынды-сор; қырғ. жунду-помои; тув. өзөндө-отрывок; түр. өркөнтө-страх,
акінті-течение, сүпрүнтү-мусор, дәрінті-сбор;түркм. Тапінді-находка,
ғалінді-остаток, кәсінді-обрезок, полено, ғіркінді-лоскут;
-(і) т ~ - (у) т – көне түрк. сіғіт-печаль, жанут-ответ,
качут-бегство, өлүт-смерть; көне түр. кәчід-перевал, ущелье, өгүт-совет;
көне өзбек. оләт-мор; алт. базіт-походка, ходьба, чіғіт-выход; башк. Үмүт-
надежда, ұлат-мор; қазақ. бағыт-направление, богәт-плотина; түрк. гәчіт-
проход, конут-жилище, кәсіт-разрез, курут-высушенный сыр; өзб. Тұғұт-
рождение, күжүгөре, кожит-подношение;
-как ~ - ғак – көне түрк. туткас-захват, ажғак-доносчик,
качкак-беглец, авкак-ступа; еж. өзб. әшкәк-весло, таткак-топь, болото,
баскак-наместник, сборщик податей,ажғак-лестник; алт. курғак-сухой, кіжғак-
осока, түнғак-глухой, күжгәк-засуха; башк. Жомға-клубок, тыргәк-сверток;
қазақ. ілгек-застежка, крючок;
-кін ~ -күн ~ -ғін ~ -ғұн – көне түрк. туткун-пиенник,
баркін-путешественник; көне өзб. саткун-продажный, кувғун-преследователь,
чапғун-совершающий набег, өткүн-острый; азерб. басғін-нападение, ғізғін-
горячий, пламенный, кәскін-резкий, жорғун-усталый; алт. урғун-проливной;
қазақ. таскын-наводнение; түр. жанғін-пожар; өзб. турғун-постоянный,
устойчивый, учкун-искра, кувғін-разгон, озғін-худой; хак. тәскін-беглец;
башк. бадкынсі-захватчик, сапкынсы-посыльный;
-кіч ~ -куч ~ - кач ~ - ғіч ~ - ғуч ~ -ғач көне түрк. ачкін-
ключ, кісғач-щипцы, жонғач-рубанок, жулғуч-щипцы; көне өзб. тітрәгүч-
украшения, подвешиваемые к шее или руками, салінған-качели, колыбель,
жәлпігүч-веер, баскіч-ступенька; алт. аскіш-таган, сіғірткіш-свистулька,
отурғуш-табурет, тәпкіш-ступенька, сүрткүш-мазь, капкіш-ухват; башк.
һырткыс-тряпка, урғыс-жнейка;
-мач –көне өзб. кавурмач-жаркое, кіжмач-раскосый, буламач-
мужное блюда,тутмач-лапша; көне өзб. доламан-водоворот; гаг. Жаніятмач-
скороговорка, алдамач-магарыч, донәмәч-поворот, изгиб;
-чак ~ - жак – көне түрк. басінчак-несчастный, подавленный,
көне түрк. салінчак качели, колыбель, әмчәк-сосок грути, тажанчак-опора;
азерб. утанжағ-застенчивый, стыдливый; алт. урушчак-драчливый, корнінчак-
боязливый, ачінчак-обидчивый; өзб. мактанчәк-хвастливый, әрінчәк-ленивый,
чуваш. Мухтанжак-хвастун; шор. тартінчак-упрямый; сінчак-ломкий, ундутчак-
забывчивый;
-чік, ~ - жіу - өзб. сірғанчік-скользкий; хак. Махтанчік-
хвастун, хонжіх- сосед; шор. кунанчік-печальный, корғунчік-боязливый.

Қутадғу билиг ескерткішінде осы шақтық мағына беретін -ур,
-ір, афиксі және келер шақтық мән беретін -ар, -әр афиксі кездеседі.
Мысалы:
йарқуды ексүр йана йоқ болур-оньщ жарықтығы азаяр, және ол жоқ болар
(QBN63).
Б. Сағындықұлының айтуынша көне түркі тіліндегі -ур, (-үр) формасы,
қазіргі қазақ тіліндегі -ыр, -ір жұрнағьтның көне формасы. Ол нең
йашурды—ол затты жасырды.Осы сөйлемдегі йашур-қазіргі қазақ тілінде жасыр.
Сондай-ақ қандур-қандыр, йағдур-жаудыр, йатур-жатыр т.с.с. Бұдан еріндік у
дауыстысының езулік ы дауыстысына ауысқанын көреміз [3, 149].
-Ар, -ер, -ыр, -ір есімшесі сонымен қатар болжалды келер шақ
қызметінде атқарады.

Мысалы: теңізнә кірүр көрсә көңлүн түкә,
гүһәр йүн чү йақут чыкарур мәдә
егер сен жақсылап қарасаң,
теңізге батар тәрізді және гауһар,
маржан, жақұтты альш шығатындай (QBN316).

Бұл пікірді Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебренников еңбектерінен
кездестіре аламыз. Будущее предположительное время образуется последствам
аффикса причастия на -р, -ар, -ер, -ур спрягается аффиксами лица І-ой
группы: барармын. Варианты -ур, -үр более архайчны и встречаются
преимущественно в устно поэтических произведениях письменно материального
происхождения. Причастия будущих времени образуется с помощью аффикса -р,
-ур, -ар, -ер .
И.Е. Маманов Болжалды есімше етістік негіздеріне -ар, -ер, -р,
жұрнағы жалғану арқылы жасалады деп көрсетеді.
Ескерткіште есімшенің -р (-ур, -үр, -йүр, -йур, -ар, -әр, -ыр, -ір)
жұрнағы сөйлем мүшесі қызметінде анықтауыштық, баяндауыштық қызметте
көрінеді. Баяндауыш қызметін сөйлемнің соңына келгенде атқарады. Мысалы,
ажунуғ кезәр мен мәңә йоқ өрун - мен әлемді кезермін, маған орын жоқ (QBN
64).
Бұл форма жайында А.А.Кононов “Грамматика современного турецкого
литературного языка” атты ғылымн еңбегінде өз ойын қосады.
“Причастие на – (у) ан -(у) –ен которое обычно называют
причастием настоящего времени, на самом деле является формой,
выражающей как настоящее, так и прошедшее время: outran ve ayakta
insanlara garparak bir salonolan oburune kostum. Натыкаясь на сидевших
и стоявших (на ногах) людей, я перебежал из одного зала в другой.
Передикативное определение, каковым является причастие по связи
своей с глаголом, в сочетании с зависимыми от него членами предложения
превращается в развернутое определение:
Иашландикша дуз гупе мерак саран, сашларини асауып otnларла боиаиан,
касиларына шатма растик шекен... бу кадин хатта хиш еве гелмесе даха иуи
оласакти. Было бы лучше, если бы и совсем не приходила домой это
женщина с возрастом (“по мере того, как становилась старше”)
охваченная страстью к белилам, красящая (свои) волосы необычайными
травами, под водящая (свои) брови сурьмой... [ ].
Бұл сөйлемде қазір (осы шақ) келмесе дұрыс болар еді деп “saran”
----------------------------------- --------------
М.Томановтың пікірінше -атын есімшесі жаңа тұлға. Бұл пікірін
ескерткіш тілін зерттеу арқылы дәлелдейді. Яғни, орта ғасыр
жазбаларында: барчаның баратурган йуртыға кетеді. Қазақ фольклорында:
артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді. (Ер тарғын). Сондағы
-атын тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді қарауға болады дейді. “-а
(көсемше + - түр (көмекші етістік) + - ған -а – дур + ған (орта ғасыр
жазбаларында – адурған тұлғасы кездеседі) -а + тур + ған › а + ту(р) +
ған › а + ту + ғын › атын. Соңғы дауыстының қысаңдануы екпін түспеудің
салдары болу керек.Сонымен, -атын тұлғасы өзінің құрамындағы
морфологиялық тұлғалардың мән – мәнерін сақтаған (-а және -ған)” дейді.
Сонымен, Томановтың ойынша -атын тұлғасы -а көсемшесі мен +тур
көмекші етістік және -ған есімшесінен жасалған көне формасы -атурған,
-адурған.
“Һибат қл хақайиқ” ескерткішінде -адурған формасы кездеседі.
Мысалы.
Бимиглиг билигни адурган болур
Білімді кісі білімнің парқын айырады (һ.х.99).
Бұл жердегі адурган –айырадн осы шақ мағынасын беріп тұр.
–урган формасы -атын формасының көне варианты.
----------------------------------- ---------------------
Есімшенің -атын (-етін, - йтын, -йтін, фориасы қай мезгілді
білдіруі контекске байланысты, өйткені оның қай шақты білдіруі
айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Сондықтанда ғалымдардың
біршамасы осы шақ десе, енді бір шамасы келер шақ деп көрсетеді.
Бірақ бұл форма, әдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-
әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек
қолданылады да, осы шақ пен келер шақта болатын әрекетті білдіру үшін
сирек жұмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жұрнақтың күрделілігінен туған
сияқты. Мыслы, өткен шақтық мән жұрнақтың құрамындағы әуелгі –ған (тұр
+ ған) бөлшегінен тиген енші болса, осы шақтың мән әуелгі -а (-е,
-й) жұрнағы мен тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жұрнағының
келер шақтық мәні (баратын жұмысым бар; жөнелтетін жұмысшыларым бар) сөз
тіркестерінің ауқымынан пайда болатын ерекшелік тәрізді.
Ескі көне жазуларында қолданылған келмек,бармақ тұлғалы сөздер
қазіргі мектеп грамматикасында тұйық етістік деп, келу, бару, алу
түрінде беріліп жүрсе, мұның көне түріне -шы, -ші қосымшасын қосу арқылы
есімшенің келер шағы жасалатынын ескеруіміз керек дейді Ә.Төлеуов “Сөз
таптары атты” еңбегінде. Бұл қосымшалардан есімшенің осы шақтық мәні
жасалатынын И.Е. Маманов және А.Байтұрсынұлының айтқан пікірін жоғарыда
көрсеткен болатынбыз.
Ескерткіш тілінде кездесетін -ғучы (гүчі) тұлғалы есімшесі -шы,
-ші есімшелі аффикстерге сәйкес келуі мүмкін, яғни -ғу + чы түрінде
күрделенуі мүмкін деген ой туғызады.
“бар ічмаәс керәк һәм өзін тұтғучы өзін тұтғұчы ер құтұғ тарғұчы –
(қазынашы) шарап ішпейтін және өзін ұстайтын болу керек, өзін ұстайтын
ер бақытқа жетеді” (QBN329);
“Негү тер ешітгіл... біліксізні бардын сокүп тыдғучы - шараптан
өзін аулақ ұстайтын не айтар екен, тыңда” (QBN109).
----------------------------------- ------------------
--
“Құтадғу билиг” ескерткішіедегі бұл тұлғалар грамматикалық
құрылымы етістік түбірге -ғучы ( -гүчі) аффикстерінің тікелей
жалғануы арқылы жасалады. Сөйлемдерде көбіне жалпы уақыттық мағына
береді. Мысалы, алғашқы сөйлемдегі -ғұчы аффиксті тұлғалар бірде
атрибутты болып, сөйлемнің соңында предикативті болып көрінген.
Анықтауыш қызметін атқарып, контексте келер шақтық мән алып тұр, жалпы
қимылды білдіріп, ІІІ жақтағы субъектінің қимылын білдіреді. Келесі
сөйлемдегі “ тыдғұчы” есімшелі тұлға жалпы уақыттық мән береді, ІІІ
жақтағы субъектінің қимылы арқылы іске асуы көрінеді.
Сонымен қатар “Құтадғу билиг” ескерткішінде осы шақтық мәнді
беретін -тачы ( тәчі, -дөчі) аффикстері өзге есімшелердей жиі
қолданысқа түспесе де, мәтінде кездеседі: “сөзгү сөзләдәчі азар һәм
йазар – сөз сөйлеуші адасар және қателесер” (QBW27);
Бұл тұлғаның негізгі грамматикалық мағынасы:
1) жалпы қимылдық қатынаста көрініп тұр;
2) ауыспалы осы шақ мәнін береді;
3) ІІІ жақтағы субъектінің қимылы айтылады.
Жалпы ескерткіштегі беретін грамматикалық тұлғасы – қимылдың жалпы
уақыттық сипаты, міндеттеу, мүмкіншілік беру иодальды мәндерімен
ауыспалы осы шақтық мәнде көрінеді. Синтаесистік қызметі – анықтауыштық
және баяндауыштық, бастауыштық болып табылады.
Қазіргі қазақ тілінде бұл тұлға қолданыста жоқ. Тек -шы (-ші)
осы шақ есімшелі тұлғалардың грамматикалық ерекшелігіне сәйкес келетінін
атап айту керек. Мысалы, осы шақ -шы (-ші) сөйлеуші, тыңдаушы, келуші
т.с.с. Осы шақ есімше мәні осы уақытта істеліп жатқан я істеліп тұратын
істің белгілі затқа сапа етіп көрсетілуімен байланысты болады.
Осы шақ есімшенің көпшілігі қазір не сын есі, не зат есім болып
қолданылады: жазушы, оқушы, оқытушы т.б.
-шы (-ші) жұрнағы қазақ тілінде өте өнімді, көп қолданылатын
актив жұрнақ. Ол көбінесе зат есімге,етістіктің тұйық рай формасына
жалғанады. Мысалы, етікші, сыншы, әнші т.б. ал оның етістіктің тұйық
рай түріне жалғануында мынадай ерекшелік болу керек:
-шы жұрнағы жалғанған тұйық райдың бірқатары зат есімге айналады.
Мысалы, келуші, үйренуші, барушы. Бұл заттар есімге айналған түрін
контекске байланысты екі түрлі ұғуға болады:
1) зат мағынасында (үйренуші сабақ оқыды)
2) есімше мағынасында (тапсырманы үйренуші – Айнұр)
----------------------------------- ---------------
---
Мұның себебі -шы, -ші жұрнағы етістіктің тұйық рай түріне
жалғанғанда, есімшелік мағына береді. Яғни заттың осы уақыттағы ісін,
әрекетін, қимылын өзіне сапа етіп көрсетеді.
Міне, осындай қызметіне сай барлық етістіктің тұйық рай түріне
-шы, -ші жұрнағы жалғана береді: алушы, беруші, қалушы, бағушы, күтуші
т.б. Мұндайда -шы түріндегі тұйық райдың барлығы сияқты зат есімге
айналмайды: алушы, беруші формасының мағынасы есімше болғанымен, басқа
есімшелерден шақтық айырмасы бар: -ған формалы есімше өткен істің
сапаға айналуын білдіреді, -тын, -тін формалы есімше кейде келер шақты,
кейде тіпті өткен шақты білдіреді.
Ескерткіштегі -тачы (-дәчі) тұлғасының -шы (-ші) осы шақ
есімшелі тұлғасымен лексика – грамматикалық ерекшелігі тұрғысынан
сәйкес келетін кездерде, жоғарыда -шы (-ші) есімшелі формантқа
байланысты айтылған ескертпені есте ұстау қажет. –тачы (-дәчі)
есімшелік формасының -дәчі варианты -тачы, -дачы варианттарына
қарағанда жиі қолжанылады.
----------------------------------- -------------------
-
Сонымен қатар,есімшенің осы шақ мәнін беретін -ар, -р және
көне формасы немесе - ар, -р тұлғасының варианты -үр, -ыр, -ір
тұлғасы ескерткіш тілінде кездеседі Дегенмен, -ар, -р тұлғасы көбіне
келер шақ мәнінде келеді. Ал осы шақ мәнін білдіретін тұлғасы
контекст арқылы байқаймыз.
----------------------------------- ------------------------------
----------

М. Томановтың “Қазақ тілінің грамматикасы” атты еңбегінде
-ар, -р тұлғасының осы шақ мәнде тұрғандығы турасында сөз қозғайды.
“V-VIII ғасыр ескерткіштері тілінде негізінен, мына
төмендегідей қызметте қолданылған: есімше, яғни, өзінің тура мәнінде:
берүр, барыр. Сонымен қатар, ежелгі жазбалар тілінде де -р
тұлғасының нақ осындай ерекше қолданысы (бірде щсы шақ, бірде келер шақ
мәндерін білдіруі) бар” [ ].
Көне дәуірлерде, түркі тілдерінің қалыптасу кезеңінде қимыл
есім тұлғаларының біразы таза есімшелер мәніне ауысқан, не грамматикалық
мәнге ие болған. Онда процестің бірден-бір көрінісі сол, олар шақтық мән
алып, оған қимыл мәнін қосып алған. Осы шақ, келер шақ мәнін беретін
есімшелер -ар, -ыр қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік
қолданылады. Қазақ тілінде -ыр тұлғасы үнемі болып тұратын істі, яғни
осы шақты білдірсе, башқұрт тілін зерттеушілер бұл тұлғаны келер шақ деп
айқындайды.
-ар тұлғасы қазақ тілінде келер шақ немесе ауыспалы осы шақ
мәнін береді. Әзірбайжан тілінде -ар көбінесе келер шақты білдірсе, -ыр
осы шақты білдіреді. ----------------------------------- -----------------
--------
-ыр қазақ тілінде осы шақты білдірудің еркін қолданылатын тәсілі
емес, тек отыр, тұр, жатыр,жүр етістіктерінің құрамында ғана нақ осы шақ
мәнін жасайды. Якут тілінде -ар –ыыр тұлғалары семантикалық тұрғыдан
мәндес, бір-бірінен ажырамайды. Айырмашылық: -ар қосымшасы дауыссыз
дыбысқа біткен түбірлерге жалғанады. Бірақ бұлар якут тәләнде осы шақ,
келер шақ және аяқталмаған өткен шақ нсімдерін тудырады.
-ыр, -ір тұлғаларының лексика – семантикалық қызметі қазіргі қазақ
тіліндегі -ер аффиксімен, -атын (-етін) тұлғаларының беретін мағынасымен
ұқсас болып келеді. Ескерткіш тіліндегі -р тұлғасының бұндай
варианттылығына қарап, бір ғана аффикстің көп варианттылығына әртүрлі
тайпа тілдерінің тоғысуынан болған деген пікір айтуға болады.
Бұл тұлғаның болымсыз түрі -мас з. Соңғы элемент р емес, -з
с (бұл жерде рз сәйкестігін еске алу керек). Қазақ тілінде бұл
тұлғалардың тек -ар, -ер түрі ғана сақталған және семантикалық жағынан
бір-бірінен ерекшеленбейді.
-ыр варианты қазақ тілінде және сөздер құрамынан ғана ұшырайды.
А.М.Баскаков тұр, жүр етістіктерінің о бастығы аорист формасы турыр,
жүрір түрінде болған деп қарайды. Кейін соңғы -ыр буыны түсіп қалған,
бірақ аффикстің мәні қысқарған түбірде сақталып қалған. Бүл етістіктердің
қазіргі тілде осы шақ жасайтын арнаулы тәсіл есебінде қолданылуы да
соған байланысты болса керек.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде, осы шақ есімше етістік
мәнінен ажырап, бірте-бірте кәсіптік мәнді бідіретін зат есімге айналып
бара жатқандығы турасында жоғарыда айтылды. Осының салдарынан болу керек,
түркі тілдерінде осы тұлғаны есімше категориясына жатқызуға қарсы
пікірлер де жоқ емес.
Осы шақ есімше етіс, күшейтпелі етістік және күрделі етістік
негіздерінен жасалып, солардың мағыналық қасиеттерін толығымен бойында
сақтайды. Осы шақ есімше зат ксімнің алдынан келіп анықтауыш қызметін
атқарады да, анықталатын сөздің әр түрлі қатысын білдіреді. Мұнда
анықталатын зат есім мен анықтауышы қызметіндегі осы шақ есімшенің ара
қатынасына, мағыналық ерекшелігіне байланысты, анықтауышы зат есімдер
актив және пассив түрде, яғни қимыл субъектісі немесе қимыл объектісі
мағынасын білдіреді. Мұндай мағыналық айырма логикалық жағынан ғана
аңғарылады.
Қазақ тілінде әрбір есімше формасы белгілі шақтық мағына береді.
Осы шақ есімше формаларының басқа есімшелерден айырмасы мұның шақтық
мағынасы тұрақты емес. Сондықтан да қазақ тілі оқулықтарында осы шақ
есімшені бірде ауыспалы өткен шақ есімше, бірде келер шақ есімше деп
атап жүр. Осы шақ есімше сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда,
оның І,ІІ жақтарына жіктік жалғауы жалғанады да, қимылдың өткен кезде
белгілі бір ұзақ мерзім ішінде өткен процессекенін, немесе қимылдың
бірнеше рет қайталанғанын және осы қайталану нәтижесінде әдетке, дағдыға
айналғандығын аңғартады.

1. Есімшенің келер шақ түрі. –ур, -үр, -йұр, -йүр, -р, -ар, -әр, -ыр,
-ір

Қазақ тілнде сирек кездесетін әрі диалектикаық сипаты бар кейбір
көне тұлғалар басқа түркі тілдерінде сирек қолданылады. Келер шақ есімшенің
әдеби тілдегі ар, -ер қосымшасыньщ варианты -ур, -үр қазақ тілінің батыс
говорларында аздаган сөздерде сақталып қалган. Мысалы: Білгенін айтып
болұр, Бүгін бармаса, басқа күн барүр.(1,360)
Қарақалпақ осы қосымшаның, шығуы туралы Н.А.Баскаков
былай дейді: "Қазіргі тілде есімшенщ келер шагы -ар, -ер, -р
варианттрының көмегімен жасалады. Ал қысаң, дауысты -ыр, -үр,
-ир, -юр варианттары кейбір қатып (джатупур, идорур) қалган
формаларга, негізінен күйді бІлдіретін турур, отурур, джатурур,
ждор-ур етістіктеріне тін кейде олар басқа негізде де кездеседі.
Мысалы: Сендей қызғызлар балагча ана болур келинмен" (13,203 )
-ар жұрнағы арқылы жасалатын есімше сөйлемде қай орында мүше
болып қолданылса да, семантика жағынан үнемі келер шақ мағынасын
білдіреді. Бірақ бұл форманың қолданылу өрісі, есімшенің өзге формаларына
қарағанда тар. Мысалы, -ар формалы есімше анықтауыш қызметінде аз
жұмсалады да көбінесе баяндауыш ретінде қолданылады [ ].
Ескерткіштер тілінде керісінше -ар формасы өнімді жұрнақ деуге
болады. “Құтадғу билиг” ескерткішінде де “Һибат-ул хақайиқ” ескерткішінде
де көп кездеседі. Бірақ -ар формасы үнемі келер шақ мәнінде емес, осы
шақ мәнінде де жұмсалады. Оларды контекске қарап ажыратамыз. Қазіргі
қазақ тіліндегі -ар, -ер, -р формасының ескерткіш тілінде -ур, -йұр,
-йүр, -әр, -ыр, -ір варианттары кезднседі.
-ар, -әр, -ыр, -ір біраз тілдерде сын есім мен зат есімдер
құрамында айтылады: чуваш: хәзэр (тығу), әзірбайжан: ахар (ағатын су),
йашар (жасайтын, жасалған); башқұрт: исәр, қазақ: ожар (кісі) т.б. Мәні
жағынан келер шақ есімшесі -ар жұрнағына жақын, орайлас мән береді.
-ар, -ыр осы шақ, келер шақ мәнін беретін есімшені қазіргі түркі
тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Қазақ тілінде -ыр тұлғасы
үнемі болып тұратын істі, яғни осы шақты білдірсе, башқұрт тілінде келер
шақты білдіреді. Әзірбайжан тілінде -ар келер шақты, -ар осы шақты
білдіреді.
“Құтадғу билиг”жазба ескерткішінің тіліндегі -р бірнеше
вариантта кездеседі: ашық дауыстылармен -ар, -әр, қысаң дауыстылармен
-ыр, -ір сол сияқты ерін дауыстылармен де -ур, -иүр, -иур. Бірақ осы
жазба тілінде -ар мен -ыр арасында айқын айырма әрқашан болды деу де
қиын. Өйткені бір ғана сөздің бірде -ар аффиксімен, бірде -ыр, кейде
-ураффикстерімен ұшырасып жатады: алур – алар – алыр т.б. Бұлардың қай
шақтық мәнде жұмсалатыны тек контекстік қоршауда ғана ажаратылады:
-аур, -иүр аффикстерінен басқалары ескерткіште жиі ұшырасады.
Есімшенің -ур, -үр, -йүр, -йүр, -р, -ар, -әр, -ыр, -ір жұрнақтары
туралы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде түрлі пікірлер айтылады.
Мәселен, А.М. Щербак Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков (глагол) атты еңбегінде келер шақты білдіретін -ур, -үр, -йур,
-йүр, -р, -ар, -әр, ыр, -ір аффикстерінің бірнеше өзгешелігін көрсетеді.
Бірінші түрі, еғер түбір сөз дауысты дыбыспен аяқталса: башлар
(башла-р) - бастар (баста-р); карар (қара-р), т.б.
Екінші түрі, етістік түбірі дауыссыздыға аяқталса: таб-ар, түр-ар,
кел-ер, өл-ер, бар-ар, т.б.
Үшінші түрі, бір буынды және көп буынды түбір барлық дауысты
дыбыстан басталатын жұрнақты тіркестіре алады.
“Құтадғу билиг” –ур, -үр, -йур, -р, -ар, -әр, -ыр, -ір, -ер
есімшелік аффикстерінің семантикасы былай болып келеді:
-ур аффиксі келер шақтық мән береді (кейде жалпы уақытты білдірсе,
кейде өткен шақ мәнін береді);
-үр аффиксі көбінесе жалпы уақытты білдіреді (кейде келер шақты
және өткен шақ мәнінде көрінеді);
-йыр, -йір аффиксі ескерткіште аз кездеседі, өткен шақтық мағына
береді.
-ар аффиксі келнр шақ мән береді )өткен шақ және осы шақ мәнінде де
жиі ұшырасады);
-әр аффиксі жиі ұшырасады, өткен шақтық мәнде кездеседі (осы шақ,
кейде келер шақ мәнінде) келеді.
-ар формасы арқылы жасалган есімшені осы және келер шағы көне түркі
тілдерінде де болган және қазіргі түркі тілдерінде де көп таралған.
А.Б.Поцелуевский түркімен тілдеріндегі -өр форманты -ар формасына
ауысқан деген пікір айтады (24,151). Бұл болжам Ю.К. Дмитриев,
А.Н.Кононовтардың, пікірімен де дүрыс келеді. Түркі тілдері мен азербайжан
тілдерінің диалектілерінде өр көрсеткіші жиі қолданылады. Бұл - өр формасы
қазақ, тіліндегі -ар, -ер формасымен сәйкес келеді.
Түркі тілдерінің, грамматистері -р, -ар формаларын есімшенің нақ, осы
шақ, тұлғасы ретінде де сипаттайды. Бұл форма якут тілінен басқа түркі
тілдерінде есімшенің осы шағында қолданылады. Бірақ, белсенді форма емес.
Ә.Төлеуов еңбегінде -ар, -ер, -ыр, -ір жалғауын сын есімге жалғанатын
тұлға ретінде қарастырады. Мысалы: жасар, қысар, көгер сияқты сөздерді
туғызып етістік жасайды деген пікірді айтады (30, 130).
-Ар, -ер, -ыр, -ір түркі тілдерінде болжамды келер қызметін де
атқарады. Етістік түбіріне есімшенің -ар, -ер, -ыр, -ір жұрнағы жалғанып
болжамдық қасиетті білдіргең. Мысалы: қошқар болар қозының маңдай жағы дақ
келер, кісі болар жігіттін, арқа басы кең келер. Бұл мақалада келер
етістігі арқылы болжамды келер шақ мағынасы жіктеліп тұр. Біз осындай
пікірді Н.З. Гаджиева мен Б.А. Серебренников еңбектерінен кездестіре
аламыз: “Будущие предположительное время образуется посредствам аффикса
причастия на -р, -ар, -ер, -ур спрягается аффиксами лица І-ой группы:
барармын. Вариаты -ур, -үр, более архаичны и встречаются преимущественно в
устно поэтических произеедениях письменно литературного происхождения.
Причастия будущего времени образуется с помощью аффикса -р, -ур, -ар, -ер
(11,245). Яғни, -ар, -ер, -ыр, -ір формалары келер шақтық
мағынада көбінесе ауызекі поэтикалық тілде, халық ауыз әдебиетінде жиі
кездесетіндігі көрсетілген.
Н.К.Дмитриев азербайжан, құмық және түркімен тілдерінің матриалдарына
сүйене отырып, -р, -үр аффикстерін бір-бірімен фонетикалык, варианттар
ретінде қарастырады. -ар аффиксін бұлардың әуелгі формасы ретінде оның әр
түрлі мағына бергенін көрсетед. Автордың көрсетуінше, аталған тілдерде
ір, -ур осы шақтық мағынаны білдірген де, -ар аффиксін келер шақтық
мағынаны білдірген. Мысалы: азербайжан тілінде: гәдір - келе жатыр, -иәзір
-жазу, гәдәр -барады, йазар-жазар мағынасы келеді. Мұндай ойды Б.М.
Мелиоранский айтқан.
В.Г. Исхаков пен А.А. Балымбах грамматика тувинского языка. Фонетика и
морфология атты еңбегінде тува тілндегі -ар, -ер, -ыр, -ip формасы тұр.
Мынадай пікір білдірген: образует глаголы главным образом от основ
качественных прилагательных: акар-белить, сесэр-синять, тазар-чиститься,
қайғұр- горевать, суғар-поливать (25,264).
Т.И. Груниннің айтуы бойынша азербайжан тіліндег1 осы шақты білдіретін:
-up, -ыр, -ур, -үр түркі тіліндегі осы шақты
білдіретін: -ijar аффиксі мен тек к,ызметі жағынан байланысты
болады. Азербайжан тілінде бұл форма кейін дифференцияланған.
Жуан дауыстымен берілген формасы болжамды келер шақ,
мағынасына ие болған. Ал жіңішке дауыстымен берілген
вариантты өзінің алғашқы мағынасында қалған. Т.И.Грунин өзінің
позициясын дәлелді көрсету үшін өзге түркі тілдеріндегі жуан
және жіңішке дауыстылармен берілген симантикалық
шектеуліктерд1 мысалға келтіредг. А.М.Щербак өз ең6егіде -ар, -ыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өткен шақ есімше
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Етісті оқыту
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Модификациялық етістіктер
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Пәндер