Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын дидактикалық ойындардың түрлерін саралау



Кіріспе
1 Іс.әрекет туралы жалпы ұғым.
2 Фонетика материалдарын өтуге пайдаланатын дидактикалық ойындар. Әліппе кезеңіндегі ойын сабақтары
3 Лексика материалдарын өтуде айдаланатын ойындар. «Көкпар» ойыны
4 Морфология материалдарын өту барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар.
Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің темір қазығы. Өйткені оқушылардағы ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды берейік, сауатты жазудырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге жеткіздіретін де осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет. Олай дейтініміз, сөз дарындылығының жетілуі ойлау процесімен тығыз байланысты. Өз заманында орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский: «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі ол логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы*** дамытуға тиіс.»,- деп көрсеткен болатын.
Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған істәжірибесі мен даналығы бар. Тілде оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
Мұнан адам өмірінде тілдің аса маңызды қызмет атқаратындығын көреміз. Ал жеткіншекке тілді меңгерту дегеніміздің өзі – халық жасаған мәдениетті, салт-дәстүрді меңгертудің ең бірінші алғы шарты. Балаға тіл үйрету отбасынан бастау алып, мектепке одан әрі ғылыми тұрғыда жалғастырылады.
Бастауыш сынып оқушылары қоршаған ортаны ойын арқылы танып біледі. Сондықтан қазақ тілі сабақтарының барысында дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар ақыл-ой тәрбиесі де жүзеге асырылады. Ұлы педагог А.С. Макаренко: «Балалр ойында қандай болса, өскенде де сондай болады»,- деп келіп, балалр ұжымын тәрбиелеуде ойынның ерекше орын алатынын айтқан болатын.
Балалр өздерінің ойындары арқылы негізінен айналасында көргенін бейнелейді. Ойын түрі балалрдың өмір сүрген кезеңіне сай болуы тиіс.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. «Қандай ойын болмасын, тапқырлыққа үйретеді, ең бастысы – балалы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің темір
қазығы. Өйткені оқушылардағы ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік
дағды берейік, сауатты жазудырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де
жатық жеткізуге жеткіздіретін де осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені
игеру ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса
қажет. Олай дейтініміз, сөз дарындылығының жетілуі ойлау процесімен тығыз
байланысты. Өз заманында орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский: Логикалық
ойлау – логикалық сөйлеудің негізі ол логикалық сөйлеуді отандық тіл
ұстазы*** дамытуға тиіс.,- деп көрсеткен болатын.
Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған істәжірибесі
мен даналығы бар. Тілде оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл
өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы,
күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
Мұнан адам өмірінде тілдің аса маңызды қызмет атқаратындығын көреміз. Ал
жеткіншекке тілді меңгерту дегеніміздің өзі – халық жасаған мәдениетті,
салт-дәстүрді меңгертудің ең бірінші алғы шарты. Балаға тіл үйрету
отбасынан бастау алып, мектепке одан әрі ғылыми тұрғыда жалғастырылады.
Бастауыш сынып оқушылары қоршаған ортаны ойын арқылы танып біледі.
Сондықтан қазақ тілі сабақтарының барысында дидактикалық ойындарды
пайдаланудың орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, еңбек
сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар ақыл-ой тәрбиесі де жүзеге асырылады.
Ұлы педагог А.С. Макаренко: Балалр ойында қандай болса, өскенде де сондай
болады,- деп келіп, балалр ұжымын тәрбиелеуде ойынның ерекше орын алатынын
айтқан болатын.
Балалр өздерінің ойындары арқылы негізінен айналасында көргенін
бейнелейді. Ойын түрі балалрдың өмір сүрген кезеңіне сай болуы тиіс.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі
маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, тапқырлыққа үйретеді, ең
бастысы – балалы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға
үйретеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ол – айналадағы дүниені танудың
тәсілі, балаларға өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп
қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады,- дегенді айтады.
Заманымыздың талантты педагогі В.А. Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашлық фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген
болмайды,- деп санайды.
Демек, жоғарғы пікірлерге сүйенсек, бастауышсынып оқушыларының білуге
деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде
үздіксіз дамыту отыру және сабақ барысында алған білімдерін іс-тәжірибеде
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың
орны бөлек.
Тиімді қолданылған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың зор ықыласпен тыңдап, терең меңгеруге көмектеседі.
Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі
саналы орындайтын болады.
Балалар өздерінің ойындары арқылы негізнен айналасында көргенін
бейнелейді. Қазіргі замандағы техниканың қарышты дамиды, өміріміздің басқа
салаларындағы жаңалықтар балалардың ой-өрісіне әсер етіп, осыған байланысты
олардың ойындарына да жаңа мазмұн ие бола бастайды.
Дидактикалық ойындар проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.М:
Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленко, З.
Төлековалардың айтуынша, балалардың өздігінен көріністік- рөлдік ойындар
ойнауы үшін білім – машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар
игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар
өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді
нақтылыбілуі тиіс. Ол кезеңде мыналар: жоспарлау, дайындау, іске асыру,
ойын шарттарын дұрыс орындауын бақылау, ойын кезіндегі қарым қатынасы.
Танымал әдіскер Зәуреш Төленова: Ойын балалрдың оқуға, еңбекке деген
белсенділігін арттырудағы басты құрал,- деуі бізді Қазақ тілі
сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану деген тақырыпты таңдауымызға
игі ықпал етті.
Диплом жұмысының алға қойған міндеті:
Ғалым әдіскерлердің еңбектеріне, және озат ұстаздардың іс-тәжірибелеріне
және өзіміздің облыс мектептерінде жүргізілген эксперимент жұмыстарының
нәтижесіне сүйене отырып бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында
пайдаланатын дидактикалық ойындардың түрлерін саралау.
- сабақ барысында дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімді әдіс –
тәсілдерін анықтау;
- дидактика ойындарға қойылатын талаптарды айқындау
Диплом жұмысын жазуда мынандай ғылыми- зерттеу әдістері пайдаланылды:
- дидактика ойындарға арналған ғылыми- әдістемесін еңбектерге шолу
жасау және қорытындылау.
- озат ұстаздардың іс-тәжірибелерін жинақтау;
- бақылау, әңгіме жүргізу, анкета, тест
- эксперимент жүргізу және жұмыс нәтижесін қорытындылау.
Диплом жұмысының мақұлдануы.
Қ.А. Яасауи атындағы атындағы, ХҚТУ Шымкент институтының студент
жастар ғылыми конференциясында талқыланып жылы қабылданды.
Диплом жұмысының құрамы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Еңбектің кіріспе бөлімінде диплом жұмысының тақырыбын таңдау себебін,
оны жазудағы мақсат –міндеттер, зерттеу әдістері, мақұлдануы туралы сөз
етіледі. Негізгі бөлімінде бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі
сабақтарында пайдаланатын дидактикалық ойындардың түрлері, оған қойылатын
талаптар, жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері сөз етіледі.
Қорытынды бөлімінде эксперимент жұмыстарының нәтижелері тұжырымдалады.

Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.
Бала психикасының жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына
байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен
жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын
ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін оқу не еңбек
процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі
қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Баланы іс-әрекетке итермелейтін әр түрлі қажеттіліктер. Ал іс- әрекеттің
белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде
байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады. Адамның сана-сезімі өскен
сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының
дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене
түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің
бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе
психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгі түрлері: ойын, оқу және еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет
белгілі қажетке байланысты жазып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің
әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі.
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені
меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында
да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта
жалғыз ойнамады, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын арқылы бір –
бірімен өзара қарым – қатынасқа түседі. Ал мұның өзі оның дамуы үшін
ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі
қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір
сыдырғы байқалатынын, А.С. Макаренко өте жақсы көрсетті. Үлкендер өмірі
үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп
жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала
қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан
келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады. І
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән
мотивтері болады, мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде.
Макаренко А.С. Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары. А., 1952, 37-бет
Өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет
етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да
айналасындағылдарды өзінше емдейді. Бірақ бұл оның жай қызығунынан
туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Ойын
арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілетті
бар екенін байқап көреді.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп
отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектің ойыны манипуляциялық
сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сэжеттік ойындармен
айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен
қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың
іиені мазмұнын белгісі келеді. Балалрдың қылмысы, ойлауын, сөйлеуін
дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық
мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі
талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңесте түседі. Олар
енді қоғамдық- саяси мәні бар, еңбек процесінің ойындарды ойнауға
ауысады.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық
сипатта болатындығы. әрине, жеті-сегіз жасар балалрдың ойын ұжымы әлі де
тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді
дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші,
төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі.
Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау,
жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу
сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық
ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің
басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітімгерінен (тартыншақтық,
менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді.
Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір
бала өзінің ұйымдастырушылығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі
екендігін аңғартады. Үшінші бала тапқырлығын танытады. Ұжымдық ойындар
баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді.
Мұғалім қазақ тілі сабақтарының барысында дидактикалық ойындарда
пайдалану арқылы оқушыларын тілге деген қызығушылығын арттырып, жақсы
психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Дидактикалық ойындарына қойылатын талаптар.
Баланың әдепті, көрегенді, қарапйым, қайырымды болып өсуі қоршаған
ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген-
білгендерін ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе біздердің яғни
үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегеміз қандай дәрежеде болса, балалрдың да
тәлімділігі соны айқын бейнелейді.
Балалрдың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкендердің өнегесіне,
мектептегі ұстазының олармен күнделікті қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын
ұтымды жүргізуіне байланысты қалыптасады. Бала жаны еліктегіш, ол
үлкендердің іс-әрекетіне үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде
айқын белгілеуге тырысады. Балалрдыңбір-бірімен достық қарым- қатынасының
дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын үлгісінің тәрбиелік
мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінде шыңдала түседі. Бала
табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Қай бала болмасын, жеке дара
ойыннан гөрі, біоігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты, мазмұнда болатынын
айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген
қызығушылығы артып, достықтары бекіп, нығая түседі. Кіші жастағы оқушылар
алған біліміне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене
отырып, тәртіптерін, мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады.
Балалрдың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды.
Мұғалім балалардың қарым-қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр
баланың мінез- құлқының қалай қалыптаса бастағанын анықтайды. Бала
бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жеке
жұмыс жүргізеді. Әсіресе қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін
дидактикалық ойындар арқылы әр баланы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тез
шешім қабылдаушылыққа баулиды.
Балалар бойында осынау тамаша қасиеттер сіңіру үшін сабақ барысында
соған қолайлы жағдайлар жасалуы қажет. Дидактикалық ойындарды
ұйымдастыруда мынандай талаптар қойылады.
- балаға арналған дидактикалық ойындарға арналған дидактикалық ойындарға
арналған материалдар, көрнекі құралдар эстетикалық талаптарға сай
болуы тиіс;
- бала талабы қанағаттануы қажет;
- әрбір ұйымдастырылатын ойындар баланың жол ерекшелігіне сай болуы
қажет;
- дидактикалық ойындар қызықты да, білімділік қажеттілікті
қанағаттандырылуы тиіс.
- әрбір ойын оқушының таным процестерін, логикалық
ойлауынқанағаттандырарлықтай ұйымдастырылуы қажет;
- ойындар бала өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы
талап етіледі;
- мұғалім сабақ барысында ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың
ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
- Ойындар бағдарламалық материалға сай болуы тиіс. Міне сабақ барысында
ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар осылар.

Фонетика материалдарын өтуге пайдаланатын дидактикалық ойындар.
Әліппе кезеңіндегі ойын сабақтары
Сауат ашу кезеңіндегі жұмыстарды жеделдетумен байланысты оқушылардан
өткен материалдар ұмытып немесе шала ұғып қалуы ықтимал. Сондықтан бірінші
сынып оқушылардың нені ұнататынын, неге қызығатынын білген жөн.
Бүлдіршіндерді көбіне қызықтыратын ойын. Ол жан-жақты тәрбие беруге көп
ықпал етеді. Бір жағынан оқушыларды материалды қызыға қабылдауға ықпал
етеді. Баланың өздігінен әрекеттендіреді, қиялын дамытады, сөздік қырын
молайтады, ұжымдық сезімін оятады.
Әліппе кезеңінде оқушыларды оқу мен жазуға үйретуде кеспе әліппе мен
кеспе буындардың пайдасы мол. Бірнеше дыбыстарды өткеннен кейін әліпби
әріптерін табуға ойындар ұйымдастыруға болады. Оқушылар өтілген әріптерден
сөздер құрастырады. Сөзді тез ойлан!- ойынын өткізуге болады. Балалр
қалтаға салынған әріптерден сөздер құрайды. Кім бұрын және көп құрайтын
болса, сол жеңімпаз атанады. Оқушылар ас, ау, аш, сау, ара, аша, шаш, ар,
асу т.б. сөздерді ойдан
Құрайды. Алғашқы кезде әріптерді ажырата алмай аламай, көп қиналғандары
болғанымен кейін бірте-бірте үйренеді. Оқушылар сөз құрай алатын қалге
жеткен соң, бір ойынды қайталай беруден жалығады.
Сондықтан кеспе әліппенің әр түрлі формасын қолданып, түрлендіріп отыру
керек.
Төменде сауат ашу кезеңіндегі бір сабақтың үлгісін келтірейік.
Сабақтың тақырыбы: Қ- дыбысымен таныстыру, буын, сөз, сөйлем құрастыру.
Керекті құралдар: плакат, қоянның, қарлығаштың суреттері.
Техникалық құралдар: магнитафон Қ әрпінің қолдан жасалған баспа түрі.
Кеспе буындар.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қала көрінісімен, көктемдегі табиғат
көрінісімен таныстырып, көктемдегі келетін құстар туралы айтып, оның ішінде
қарлығаш туралы толық түсінік беру.
Сабақтың барысы:
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен (әріппен) таныстық?
- Біз өткен сабақта Ы дыбысымен таныстық.
- Үйге оқуға не берілді?
- Үйге ыдыс деген тақырыпта оқып, мазмұнын айтып беру.
- Ы әрпін кім көрсетеді?
Оқушылар кеспе әріптерден Ы әрпін көрсетті.
- Жақсы, балалар, кәне кім оқиды?
Бірнеше балалар оқып болғаннан кейін, оқушыларға мазмұнын айтқызу.
Жалпы сыныпқа:
- Мынау –нелер?
- Бұл –ыдыстар
- Ыдысты кім алды?
- Ыдысты кісі алды.
- Жарайды, балалар. Үй тапсырмасын жаңа орындап келіпсіңдер. Енді
бәрің бері қараңдар. Біз өткен сабақта Ы дыбысымен таныстық, -деп мұғалім
тақтаға ақ қоянның суретін іледі.
- балалар, тақтада ненің суреті?
- Қоянның суреті.
- Суреттен қоянның түсі қандай?
- Қоянның түсі –ақ.
- Дұрыс, балалар, суреттегі қоянның түсі ақ, ал сендер ақ қоян туралы
айтылатын өлеңді естіген боларсыңдар. Қазір сол өлеңді бәріміз
магнитафоннан тыңдаймыз. Ақ қоян өлеңін 2 рет қайталатып тыңдату.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Қорқақ қоян, сақ қоян.
Қарай берсең жалтақтап,
Қорғағым деп ат қоям
Оқушыларға ақ деген сөзді бірнеше рет айтқызып, дыбыстарынан тұратынын
білдіру.
Мұғалім: -Ал, балалар, бүгін біз Қ дыбысын өтеміз. Мына суреттерге
қараңдаршы деп Көжек суреттерін іліп: мынадай суреттер ұсынылады: -
1. Қоян жолдан не тауып алды?
2. Ол сәбізді қалай суретті?
3. Қоян көмекке кімді шақырды?
4. Көжек жол бойында не істеді?
5. Көжек сәбіздің қай жағын көтерді?
6. Көжек сәбізді қайтті?
Оқушылар бұл сұрақтарға жауап бере отырып, сәбізді түгел жеп қойған
көжек туралы қызық әңгіме қарастырады.
Қонақтар ойны арқылы қ дыбысын терең меңгертуге мүмкіншілік мол.
Сонымен бірге, жан-жануарлардың өздеріне тән мінез ерекшеліктерін ажырата
білуге үйретіледі.
Мұғалім маңдайшасына қ әріпі жазылған үйшікті көрсетіп:
- Қане, балалар, мына үйшікке тек қ дыбысынан басталатын жан-жануарларға
қонақасы беріледі. Соған кімдерді шақырасыңдар? Балалар:
- Қасқыр, қоян, қозы, қой, қорқау, қошқар, қарсақ, қабылан, - деп қ
дыбысынан басталатын жан-жануарларды атайды. Мұғалім:
- Дұрыс, балалар, ойланыңыздаршы бұлардың барлығын бір бөлмеге кіргізуге
болады ма?
- Болмайды.
- Неге болмайды?
- Болмайтын себебі қасқыр, қоблан, қарсақ жыртқыш аңдар. Басқаларын жеп
қояды.
- Дұрыс. Келген қонақтарды екі бөлмеге бөліп отырғызады екенбіз.
Сауат ашу кезінде ұйымдастырылған ойындар оқушылардың ынтасын арттырып,
дүниетанымын арттырады. Тез ойланып, жылдам жауап беруге қалыптасады.
Мысалы: Қайда? ойыны 11 суреттен тұрады. Балық, ат, кит, көбелек, бақа,
гүл, қоян, торғай, тырна, түлкі, кірпі сияқтысуреттерді пайдалануға болады.
Мұғалім таяқшамен аталған аңдардың бірінің суретін көрсетіп Қайда? деп
нұсқағанда, оқушы тез жауап беруі қажет. Мұғалім балықты көрсетсе, оқушы
суда суда тіршілік етеді. Торғай- әуеде ұшады деп жауап береді. Бұл ойын
оқушыны ойлануға, әрі жылдам жауап беруге қалыптастырады.
Кім зерек ойыны 1- сыныпта барлық әріптерді меңгеріп болған кезде
ұйымдастыруға болады. 3 қатарға 12 заттың суреті салынады.
1-қатарға: үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, дөңгелек.
2-қатарға: жұлдыз, кітап, радио, мысық.
3-қатарға: ту, шортан, қоян, ұшақ.
Көрнекі құралдарды тақтаға іліп, әр бір қатарда берілген сөзді бір минут
ішінде еске сақтап, қалуды ескертеді. Зерек оқушы суреттегі заттардың орнын
ауыстырмай айтып шығуы тиіс.
Қазақ тілі сабақтарында суретші лото, Орфографиялық лото ойындар
арқылы жазылуы қиын сөздерді үйрету жолдарын ұйымдастыруға болады. Мысалы:
№4 картаны құрастырайық
Зау... И... ...абар
(т не д) (д не я) (қ не х)
Би...к ...әзір Ж... ік
(і не ы) (к не қ) (ә не а)
Т...атр ...азір Өр...к
(и не е) (к не қ) (і не е)
Кост...м А... Пара...
(ю не о) (йу не ю) (д не т)

Оқушылар берілген тапсырманы былайша орындайды. 1- таблица. Зауыт. Менің
әкем май зауытында істейді. Хабар. Роза соңғы хабарды радиодан тыңдады. Иә.
Иә, сіздің айтқаныңыз дұрыс.
Ойлан тап ойыны.
Ш дыбысынан басталып Ш дыбысына аяқталатын мал және ыдыс атын ата.
(шөміш, шыбыш)
Адасқан әріптер ойыны.
Ойынның шарты. Әріптері ауысқан сөздер ұсынылады. Оқушылар қандай сөздер
екенін табады.
а) нмәдиете- мәдениет
ә) тледиреда-
б) жрапықа-
в) баотаңқ-
Кім әрі тез, әрі дұрыс шешкен оқушы жеңімпаз аталады.
Дыбыс лақтырыспақ ойыны.
Үш қатардан үш оқушы шығады. Отырған оқушылартақтадағы бірінші оқушыға
белгілі бір дыбысты лақтырады (мысалы,- а), екінші оқушы сол дыбыстан
буын құрайды, ал үшінші оқушы буынның қай түріне жататынын айтып, сөз
түзеді (алма). Осылайша 4-5 сөз жазылады. Ал сөзде неше буын бар екені
сұралады. Түзілген сөздерден сөйлем құрау тапсырылады.
Адасқан атаулар ойыны
Тақтаға ілінген плакаттағы қате сөздерді түзеттіру.
Қолға алып қызықты,
Ашқарақ асқа асықты.
* * *
Көпен қатты ысқырды,
Кепсерлерді ұшырды.
* * *
Атап шапан байырғы,
Қойын кері қайырды.
* * *
Татты да сорпаны,
Мұз салды от ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Ойын элементтерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді пайдалану жолдары
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ – ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР – БАЛАНЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Пәндер