Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№8 Тақ : Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау

Жеке бастың тазалығы дегеніміз - күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралар. Бұл тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау. Тері алуан түрлі физиологиялық функцияларды орындайды. Терінің бетінде пайда болған кір қабаты тері бездерін бітеуі мүмкін. Осының салдарынан олардың қызметі бұзылуы мүмкін. Ал құлақты тазаламағаннан құлақ жолдарында құлық жиналып қалады. Ол естудің төмендетуіне алып келеді. Ауыз қуысында көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек.

Ауызша сұрау:

  1. Көзге күтім қалай жүргізіледі?
  2. Мұрын қуысына кутім жасау туралы не түсінесін?
  3. Науқастың құлақтарына күтім қалай жүргізіледі?
  4. Ауыр халдегі науқастың шаштарын жуу, тарау қалай жүргізіледі?
  1. Көздің күтімі

Жеңіл халдегі науқас күнделікті гигиеналық шараларды өзі жасайды. Ауыр халдегі науқастың көзіне күтімді мейірбике орындайды. Көзді жуудың бірнеше әдістері бар. Көзді жуу үшін дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан), астауша қажет. Науқасты ыңғайлы отырғызып, арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйылады. Науқас еңкейіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады. Ундинкаға жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраймыз. Мына тәртіппен де көзді жууға болады: пациентті ыңғайлы отырғызып залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығып сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуылады. Екінші көзді де сол тәртіппен жуу қажет. Әр бір көзді жуу үшін бір неше мақта тампондарыне ауыстыру қажет. Бір мақта тампонымен екі көзді жууға болмайды. Сол бағытта жуып болған соң стерильді мақтамен құрғату қажет.

2. Мұрын қуысына күтім жасау

Ауыр халдегі науқаста мұрынның шырышты қабығында көп мөлшерде шырыш және шаң жиналып тыныс алуды қиындатады. Бұл өз кезеңінде науқастың жағдайын нашарлатады. Әлсіз науқастар өзідігінен мұрын қуысын тазалай алмайды, сондықтан күнде науқастың мұрнына күтім жасауы қажет.

Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.

Көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысында бөлінділердің болуы.

3. Құлақтарға күтім жасау Сыртқы есту түтігінде сары-қоңыр түсті зат - құлық бөлінеді, оның жиналуы естуді нашарлатады. Сау құлаққа күтім жасау оларды жүйелі түрде жылы сумен сабындап жууға негізделеді. Құлақты үшкір заттармен тазалауға мүлдем болмайды. Құлық тығыны пайда болған жағдайда мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың құлағын тазалайды.

Мақсаты: құлықтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу.

Көрсеткіштері: төсек режиміндегі ауыр халдегі науқас.

Кері көрсеткіштері : құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігіндегі қабыну процестері.

4. Ауыр халдегі науқастың шаштарын жуу, тарау Қалыпты жағдайда адамдар шашын күніне бір неше рет тарап, аптасына бір неше рет жуады. Егер шашты тарамаса шаш шиеленіп, тез кірлеп қалады. Егер науқас өз күтімін жасай алмаса оған мейірбике жәрдем көрсетуі керек. Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды. Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды. Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса, онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.

№9 Тақ Науқасқа дәрет ыдысын беру. Еріксіз зәр және нәжіс бөлінуінде науқастарға күтім жасау.

Аурухана ішілік инфекциясын алдын алуда ЕПҰ-да микробты ластанудың алдын - алуға бағытталған іс-шаралар белгілі рөл атқарады. Кез-келген санитарлы-эпидемиологиялық тәртібінің маңызды компоненттердің бірі бөлмелерді санитарлық тазалау, төсеніштерді, іш киімдерді уақытылы ауыстыру, лас кимідерді дұрыс сақтау, тасымалдау, науқасқа күтім жасау заттарын дұрыс зарарсыздандыру және залалсыздандыру болып табылады.

Соңғы жылдары науқастардың арасында қарт жастағы науқастардың, балалардың басым болуы байқалады. Бұл санаттағы науқастарда иммунитеттің әлсіреуі, ұзақ төсек тартып жатқанда ойылу пайда болу қауіпін жоғарлатады. Ойылуға алып келетін факторлар ішінде терніні таза ұстау, төсектердің, іш киімдердің тазалығы маңызды орын алады. Сондықтан болашақ мейірбикелер науқастарға күтім жасау дағдыларын жақсы меңгеруі керек.

Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек.

Кейбір науқастар кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін тоқтата алмай, іш киімдерін, төсек орындарын ластап алатындары болады. Соның салдарынан науқастардың шаттары, терілері ойылып, жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді фурациллин және басқа ерітінділермен жуып, сүртіп, тазалап отыру керек. Дәрет ыдысын әр дефекация мен зәр бөлінуден кейін зарарсыздандырып отыру қажет.

Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды -шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

Ауыр жағдайдағы науқастар жуындырғанда, басқа да жәрдемдер көрсеткенде өте қысылады.

Науқас қатты қысылмау үшін, мейірбике міндетті :

- науқасқа мұндай жағдайда ұялмау қажеттігін абайлап түсіндіру қажет;

- пердемен жауып қоюды қамтамасыз ету керек;

- басқа науқастардың палатадан шығуын талап ету керек;

- дәрет алатын заттарды тапсырғаннан кейін науқасты жеке қалдыру керек;

Осы күту шараларын күнделікті өз уақытында іске асыру, әрбір мейірбикенің өз міндеті екенін білу керек

Ауызша сұрау:

  1. Ауыр халдегі науқастардың аяқтарын жуу туралы түсінік.
  2. Аяқ-қолдардың тырнақтарын мақсаты мен көрсетілімдері?
  3. Дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыштың түрлері мен мақсаты:
  4. Кіші дәрет ыдыстарын қолдану?
  5. Әйел және еркектердің жыныс мүшелерін жуу туралы?
  6. Зәр қабылдағышты қолдануда қандай көмек беру қажет?
  7. Несеп және нәжісті ұстамау кезінде науқасқа күтім жасау ерекшеліктері?

1. Ауыр халдегі науқастардың аяқтарын жуу туралы түсінік.

Өте ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрацын түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады. Егер, қант диабетімен ауыратын науқастардың аяғын күткенде міндетті түрде күн сайын, тым қатты терлесе күніне екі рет жуып тұру керек. Су температурасы 35-37 градустан артық емес, оны термометрмен өлшеген жөн. Аяқ булау 5-7 минуттан аспау керек. Сабын майлы болу керек. Жуған соң аяқты башпай араларын жақсылап құрғату керек. Одан соң табанды және және үстіңгі жағын креммен майлау керек.

2. Аяқ-қолдардың тырнақтарын алудың мақсаты мен көрсетілімдері. Тырнақ алу туралы түсінік.

Мақсаты: Науқастың тырнағын алу, жеке бас гигиенасын сақтау.

Көрсетілімдері: Өзіне өзі күтім жасай алмайтын науқастардың тырнағын алуға көмектесу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАУҚАСТЫҢ ҚҰЛАҚ КҮТІМІ
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Күтім
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Мейірбике ісі негіздері оқу әдістемелік құрал
Науқастың жеке басының тазалығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz