Трансплантация жайында


ТРАНСПЛАНТАЦИЯ (ортағасырлық лат. transplantatіo - ауыстырып салу), Медицинада - адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу.
Тарихы[өңдеу]Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б. з. б. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т. б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі - қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган - бүйрек болып саналады.
- 1902 жылы австриялық хирург Е. Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады.
- Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б. Петровский жасады (1965) . Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К. Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.
- Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж. Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.
- Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М. Әлиев жасады.
Қазіргі кезде Трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тіндітрансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.
Өсімдіктерде - өсімдіктер бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша өсіру мен эксперименттік зерттеулерде қолданылады. [1] [2]
Сілтеме[өңдеу]- Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Жоғарыға көтеріліңіз↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша - латынша - қазақша түсініктеме сөздігі. - Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ МАМАНДАНҒАН ТРАНСПЛАНТАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ
Естеріңізде болса, 2012 жылғы 12 қыркүйекте Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада тұңғыш рет бір уақытта бүйрек пен ұйқы безін ауыстыру операциясы жасалып, Қазақстан бүйрек пен ұйқы безіне трансплантация жасайтын әлемдегі төртінші ел атанған еді. Бұған дейін медицинадағы мұндай үлкен жетістікке АҚШ, Оңтүстік Корея, Италия елдері ғана қол жеткізгенін ескерсек, аталмыш трансплантация өткізу - елімізде медицина саласының даму жағдайының интегралды көрсеткіші екенін атап айтуымыз керек. Міне, осындай күрделі операция жасалған қалалық ауруханада, кеше елімізде тұңғыш маманданған трансплантация бөлімшесі салтанатты түрде ашылды. Айтулы оқиғаға отандық медицина саласының корифейлері, республикалық ғылыми орталықтар, емдеу мекемелерінің басшылары, сондай-ақ медицина қауымдастығының өкілдері қатысып, ортақ қуанышымызды бөлісті.
- Бүгін біз тек Алматы қалалық денсаулық сақтау саласында ғана емес, республика өміріндегі өте маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз, - деді тұсау кесер рәсімінде Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова. - Елбасымыз өзінің Жолдауында «Бізге елге қажетті технологиялар трансферті және оларды пайдалану үшін білімді де білікті мамандар қажет» делінген болатын. Иә, қазіргі заманғы медицинаны трансплантациясыз елестету мүмкін емес. Бүгінде мүшелерді ауыстыру адам өмірін сақтап қалудың бірден бір жолы болып табылады. Әрі медицина қауымдастығы мүшелерді трансплантациялау ғасырдың бағыт-бағдары екенін мойындап отыр.
Сондай-ақ қаланың бас дәрігері Қазақстанда ең алғашқы донорлық бүйректі ауыстыру 1979 жылы 17 сәуірде, қазіргі А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында табысты өтіп, 1978 жылдан 500-ден астам донорлық бүйрек және гетеротопикалық бауыр трансплантациясы жасалғанын, ал Қазақстанда 2009, 2010 жылдары жалпы саны 12, 2012 жылы 13 бүйрек, 2011 жылы алғаш рет бауыр, ал 2012 жылы жүрек алмастырылғанын тілге тиек ете кетті. Әрине, мүшелерді трансплантациялау - бұл өте жоғары маманданған операция болғандықтан, бұғанға дейін ол республикалық клиникалар деңгейінде жасалды. «Егер Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қалалық клиникалар арасынан тек №7 аурухана емдеу мекемелерінің арасындағы тізімге еніп, 2012 жылдан бүгінге дейін 28 бүйрекке туыстық трансплантация, оның бірі аралас - бүйрек пен ұйқы безіне жасалуы - оңтүстік астанадағы денсаулық сақтау саласының деңгейін көрсетсе керек» деп атап өтті Жанат Кәкімсейітқызы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы трансплантацияға қажеттілік жылдан жылға артып келеді. Мәселен, статистикаға сүйенсек, бүйрек алмастыруға 3000, жүрекке - 1146, бауырға - 1000, өкпеге -235, ұйқы безі - 233, жүрек пен өкпеге кешенді алмастыруға - 314 пациент мұқтаж екен. Былтырғы жылы шетелге мүшелер мен тіндерді ауыстыруға 34 пациентке (оның 13-і бала) жолдама берілсе, бүгінгі ашылып отырған мамандандырылған бөлімше жыл өткен сайын операция санын арттырып, мүше ауыстыруға мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік тумақ. Өйткені, шетелге барып мұндай күрделі операция жасатуға әркімнің жағдайы көтере бермейді.
Жалпы трансплантация бұл - күрделі ұйымдастыруды қажет ететін «ашық» медицина. Мүшені ауыстыру отасын білікті мамандардың көмегінсіз өткізу мүмкін еместігін ескерсек, ауруханадағы үлкен де табысты жұмыстың басы қасында жүріп, бастамашысы, әрі ұйымдастырушы болған көрнекті хирург, ғалым дәрігер №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Баймахановтың жанкешті еңбегін атап өткеніміз абзал.
- Бүгінгі №7 клиникалық ауруханада болып отырған оқиға - еліміздің медицина саласындағы үлкен жаңалығымыз, әрі қол жеткізген жетістігіміз, - деді отандық медицинаның аса көрнекті өкілі, академик Төрегелді Шарманов. - Сондықтан да бұл жетістікке бүкіл медицина қауымы мақтаныш сезіммен қараймыз. Зады, медицинада мүшелерді ауыстыру жоғары технологияны, өте жоғары кәсіби біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да мұндай аса күрделі де, жауапты еңбек оңайлықпен, әрі ол әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл ретте Болат Бимендіұлының көрегендігін, еңбекқорлығын, ұстаздық, әрі ұйымдастырушылық қабілетін, кәсіби біліктілігін, сондай-ақ азаматтығын баса айтар едім. Болат қашан, қайда болмасын ізденісте жүреді, әрі ол нәтижесіз болмайды. Бүгінгі жасап отырған шаруа-сы соның бір парасы. Олай дейтінім, қалалық аурухана деңгейінде бұрын-соңды болмаған жаңалықты өзі басқарған бір жарым жылға жетпей әкеліп отыр. Бұл - керемет көрсеткіш. Осылайша, бүкіл ғылыми жетістіктері, атақтары бар ғылыми орталықтардың алдына шығып отыр. Ал мұндай жетістікпен тек мақтану керек.
Шынында да, 15 төсекке арналған бөлімшеге күрделі еуро жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтанған. Ең бастысы, науқастарға барлық қажетті жағдай жасалған. Бас дәрігердің айтуынша, жыл аяғына дейін 40 операция жасау жоспарланып отыр. Жақсылық хабар жатпайды ғой, қазір жұртшылық трансплантация туралы хабардар. Алдағы бір ай көлемінде шетелдік азаматтардың да мүшелерін ауыстырмақ. Өйткені, Беларусь, көрші Қырғызстан мен Тәжікстаннан өтініш келіп түскен. Әрине, бұл ем қазақстандықтар үшін жүз пайыз тегін, ал шетел азаматтарына ақылы болмақ. Мысалы, Беларусьте 55 мың, шетелде 200 мың, Ресейде 150 мың долллар көлемінде болса, бізде шамамен 30 мың долларды құрамақ. Ал донор - тек туыстары мен жақындары.
- Мұндай бөлімшенің қажеттілігі, маңыз-дылығын айтып жатудың қажеті жоқ. Бүгінде мүше ауыстыру күрделі мәселесі болып отыр. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, өте көп көлемде қаржы бөлінуде. Бірақ, мұндай бөлімшелер әлі де жеткіліксіз. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде бауыр ауыстыру операциясын жасау-ды жоспарлап отырмыз. Оған дайынбыз. Өйткені, жақсы команда жасақталған. Өзімнің тәрбиелеген шәкірттерім, әрқайсысы өз жұмысын жақсы біледі. Ең бастысы, одан нәтиже шығып, мемлекетімізге де, науқастарға да көмек болуы керек, - дейді бас дәрігер Болат Бимендіұлы.
Бір айта кетерлігі, бөлімшеде кез келген уақытта операциядан кейінгі болатын асқынулармен ауруханаға қайта жатқызылып, емделеді, әрі бақылауда ұстайды. Өйткені, қазіргі кезде шетелге барып мүшелерін ауыстырып келген пациенттер елге келгеннен кейін қандай да бір асқынулар болса, өзімен өзі қалады. Оларға ота жасаған мемлекетке бару - тағы да қыруар ақша. Қазір бөлімше жағдайында оларға да көмек көрсете алатын мүмкіндік туып отыр. Өйткені, біздің мамандардың барлығы дерлік шетелде оқып келген және бөлімше заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Жалпы, Қазақстанда ағза ауыстыру оталары отыз жылдан бері жасалып келеді. Оның ішінде бір бүйрегін, бауырының шамалы бір бөлігін беріп, өзгеге ғұмыр сыйлаған жандар арамызда жүр. Сол сияқты сырқаттарға аса қажет органдарды қайтыс болған адамдардан да алуға болады. Алайда, осы донор жетіспеушілігі отандық трансплантология саласын өрге бастырмай отыр. Елімізде жыл сайын 50 адам донорлық ағзаға қолы жетпегендіктен көз жұмады. Қазірдің өзінде 4 мыңға жуық жан донор ағзасына зәру. Оның 3 мыңы бүйрек, 1100-дейі жүрек, мыңнан астамы бауыр, ал өзгесі өт, өкпесін ауыстыруға мұқтаж. Бірақ, өз еркімен донор болуға ниеттілер аз. Жыл басынан бері 77 ағза ауыстыру операциясы жасалса, оның 72-сіне туысқандары донор болыпты. Бар-жоғы 5 науқастың ғана ғұмырын өмірден өткен жандардың ағзасы сақтап қалған. «6 мыңдай адамның өмірін осы мәйіттік донорлар көбейсе ғана сақтап қалуға болады» дейді дәрігерлер.
Мамандар бір «донор» кем дегенде төрт адамның өмірін ұзартуға көмектесетінін айтады. Алайда, кез келген жанның донор бола алмайтынын да ескерген жөн. Мәселен, 60 жастан асқан кісілер донор бола алмайды. Өйткені, олардың ағзалары қартаяды. Тіпті, 40-тан асар-аспас жасында ішкі органдары жарамсыз болып қалатын кісілер болады екен. Яғни, донор болатын жанның салмағы, қан тобы, өзге де медициналық көрсеткіштері реципиентке сәйкес келуі тиіс. Қазіргі кезде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта тез арада жүрек трансплантациясын қажет ететін бірнеше науқас, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының диализ бөлімшесінде бүйрек трансплантациясын қажет ететін балалар тіркеуде тұр. Олардың барлығы ауруханада айлар, жылдар бойы жасанды бүйрек аппараттарына байланып өмір сүруге мәжбүр. Өкпе, ұйқы безі, ішек, жілік майы, көздің қасаң қабықшасы, бұлшық ет трансплантациясына тағдыры байланғандардың қатары да аз емес. Бәріне, донор тапшылығы қолбайлау болып отыр. Халықты бұл мәселеге діннің қалай қарайтындығы алаңдатады. Демек, бізге әлі де түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Әйтпесе, қазір Қазақстанда донорлықты дамыту үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Медицина мамандарын шетелде оқыту, әлем дәрігерлерімен тәжірибе бөлісу жолға қойылған. Трансплантация бойынша қажетті нормативтік құқықтық база дайындалған. Клиникалық орталықтар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ, біздің қоғам бұл мәселеге әлі дайын емес. Біз донор болу арқылы қаншама адамдарды құтқаруға болатынын әлі де түсіне алмай келеміз. Трансплантация адам өмірін ұзартады, сырқатқа дертінен айығып, толыққанды өмір сүру қуанышын сыйлайды. Енді донор болу мәселесі арнаулы заңмен бекітілетін болады. Қазір заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Сондықтан қай кезде де әрқайсымыз «Донор болуға дайынсың ба?» деген сауалға жауап беруге дайын болуымыз қажет шығар.
Трансплантация: Донорды қайдан табамыз?Әсияның жылай-жылай бет-аузы ісіп кетті. Әр нәрсені бір сандырақтап, бір кезде меңіреу адамдай сұлқ түсіп жатып қалды. Бұғана тамырларында тұрған катетерлер жанына батып, солқылдатып ауыртып барады. Басқа балалар сияқты емін-еркін құлдыраңдап ойнамаған, айлап-жылдап ауруханада жататын ол биыл он беске ілігіпті. Бірнеше жыл созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен зардап шегуші қыз күнара «жасанды бүйрек» аппаратына тәуелді. Жасөспірімнің сырт келбеті жеті-сегіз жас шамасындағы баланыкіндей. Көбінде әлсіздік басып, беті-қолы, аяқтары ісіп, басы ауырып, ештеңеге зауқы соқпай тұрады. Сосын, меңіреу адамдай сұлқ түсіп жатысы осы. Жансызданып қалған қос бүйрегін ота арқылы жаңа бүйрекке ауыстырсам, дені сау адамдар сияқты өмір сүрсем деп армандайды…
Бүгіннің бір уайымы - адам ағзасын алмастыру мәселесі екені даусыз. Диагностиканың дамыған кезеңінде әр науқастың ағзасына қатысты шындық дәл анықталып, оған қоса емі де айтылуда. Соңғы жылдары «созылмалы бүйрек жетіспеушілігі», «жүрек жетіспеушілігі», т. б. сырқат түрлері ешқайсымызға да таңсық емес. Осы жағдайда ауру ағзаның алмастырылуы тиіс екендігінен де хабарымыз бар. Ресми дерек көздері елімізде 3 мың адамның бүйрегі, 1 мың 146 адамның жүрегі, 1 мың адамның бауыры, 233 жанның ұйқы безі, 235 жанның өкпесі ауыстырылуы қажет дегенді алға тартады. Бұл денсаулық сақтау мекемелерінде кезекке тұрған сырқаттардың саны. Кезектің сыртында қаншама науқастың тағдыры қыл үстінде екенін ешкім де нақты айта алмайды. Бір анығы - бұлардың бәріне органдар трансплантациясы қажет. Оны кімдерден алады, енді, бұл мәселенің екінші жағы.
Өткен жылы елімізде алпыстан аса трансплантация жасалды. Көбі бүйрекке жасалғаны да белгілі. Балаларына, ет жақынына бір бүйрегін берген донорлардың саны елуден асып жығылды. Ал, жүрегін ауыстырған Жәнібек қазақ медицина тарихындағы алғашқы адам. Ол туралы кезінде бүкіл ақпарат құралдары жан-жақты мәлімет берген болатын. Бүгінде Жәнібек ағзалар мен тіндер трансплантациясына мұқтаж пациенттер құрған «Нұрлы қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі. Біз трансплантация, яғни ағзаны ауыстыру мәселесі бойынша жан-жақты ақпарат алу үшін Ұлттық медициналық холдингке қарасты Трансплантация бойынша үйлестіру бюросының бастығы Қарашаш Абауова мен «Нұрлы қоғам» бірлестігінің төрайымы Сәуле Шайсұлтановамен әңгімелесіп, көп жайға қанық болдық.
Трансплантация дегеніміз - бір адамның ағзасын (оның ішінде бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, т. б. ) немесе денесінің бір бөлігінің тіндерін келесі бір адамға салу. Медицинада беруші адамды донор дейді де, алушыны, яғни науқасты реципиент деп атайды. Жалпы, Қазақстанда ағза ауыстыру оталары 30 жылдан астам мерзім бойы жасалып жатқанын айтуымыз керек. Оның ішінде бір бүйрегін, бауырының шамалы бір бөлігін беріп, өзгеге ғұмыр сыйлаған жандар арамызда жүр. Сол сияқты, сырқаттарға аса қажет органдарды қайтыс болған адамдардан да алуға болады. Бұл жайында Трансплантация бойынша үйлестіру бюросының бастығы Қарашаш Абауова: «Қазақстанда ағзалар донорлығын және трансплантологияны дамыту мақсатында Ұлттық медициналық холдинг орталықтарында бірталай күрделі шаралар атқарылуда. Халыққа жоғары мамандандырылған трансплантациялық көмек республикалық бюджет қаржысы есебінен тегін көрсетілуде. Сонымен қатар, трансплантология медицинаның ешбір жүйесіне ұқсамайды, себебі, ағза ауыстыру операциялары азаматтардың медициналық қызметкерлермен бірігіп, шараға белсенді қатысуына байланысты халыққа қолжетімді болады. Біздің елімізде «әлеуетті донордың» туыстары транспланттау үшін марқұмның дене мүшелерін алуға көп жағдайда әлі де түрлі себептермен келісім бермейді. Тіпті, оған дайын емес. Сондықтан, шетелдік тәжірибеге сүйеніп, адам ағзасының трансплантациясына қатысты әңгіме айтылғанда (қайтыс болғаннан кейінгі), әр адам өз пікірін тірі кезінде білдіру керек», дейді.
Елімізде 2009 жылы қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте трансплантация туралы нормалар бар екенін екінің бірі білмеуі мүмкін. Кодекстің 169-бабында «Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін және ағзаларын транспланттау үшін алуға келіспейтінін мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және ағзаларды алуға жол берілмейді», деп жазылған. Адам тірі кезінде ағзасын алу-алмау туралы «үндемеген» болса, яки туған-туыстары да ешнәрсе айтпаған жағдайда, онда «келісім беру презумпциясына» негізделген осы бап бойынша мәйіттен ағзаларды алуға болады. Бұл заңға қайшы емес. Осы орайда Қ. Абауова өткен жылдың соңында Үкіметтің «Ағзалық трансплантологияны дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру» туралы өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылып, қазіргі кезде бұл шаруаның қарқынды жүріп жатқанын айтты. Амандық болса, осы жылы заңдарға және нормативтік құқықтық актілеріне трансплантацияға және ағза донорлығына қатысты нормалар енгізілмек.
«Біздің денеміз тірі кезімізде өзімізге тиесілі болғандықтан, ағзаларымызды біреуге беру, не бермеу туралы мәселені өзіміз шешкеніміз дұрыс деп ойлаймын. Бұл мәлімет арнайы мемлекеттік ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс. Ол жүйеге арнайы мамандардың кіруіне рұқсат болуы керек. Сонымен қатар, ағзалар трансплантациясын қажет ететін науқастардың бірегей республикалық ақпараттық тізімін құрастыру қажет. Бұл да үлкен мәселе. Мысалы, қазіргі кезеңде елімізде трансплантация жеті клиникада жасалады. Әрбір клиника ағзалар трансплантациясын қажет ететін науқастардың тізімін жеке құрастырған. Науқастардың бәрін бір жерге, яғни бір жүйеге тіркеу, олардың жай-күйін әрдайым бақылап отыруға қол жеткізу үлкен жетістік болар еді. Ондай жағдайда донорлар мен реципиенттердің қан тобын, салмағын, тіндерін, т. б. сәйкестігін тез арада салыстырып отыру оңай жүзеге асырылады. Осы мәселелерді Ұлттық ғылыми медициналық орталық жанында құрылып жатқан трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы нақты шешеді деп сенеміз», дейді Қарашаш ханым.
Қоғам Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша донорлық ағзалармен өз-өзін қамтуы тиіс. «Нұрлы қоғам» бірлестігінің төрайымы Сәуле Талғатқызының айтуынша, донорлық органдар жетіспеушілігі қайда болмасын бар. Ол дамыған мемлекеттерге де тән. Ағза ауыстыру оталары ең алдымен мемлекет тұрғындарына, яғни өз науқастарына жасалады. Содан кейін барып өзгелердің жайы ойластырылады. Содан да шет мемлекеттерде трансплантация жасатуға кезекте тұрған біздің жерлестеріміз өз кезегін жылдап күтеді. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің шетелдерге жіберу тізімінде 100-ден астам науқастар кезекте тұр. Олардың ең кішкентайы екі жаста. Егер қоғамның әр мүшесі осы жандардың тағдырына бей-жай қарамаса әрі дәл осындай жағдай менің не туыстарымның басында болуы мүмкін-ау деп ойлай алатын болса, тірісінде донорлыққа келісім беруі мүмкін деп есептейді «Нұрлы қоғамның» төрайымы.
Медицинада «әлеуетті донор» деген түсінік бар. «Ми өлімі» жағдайындағы науқас қана «әлеуетті донор» саналады. Жүрек жұмыс істеп тұрғанда және өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық және біржола тоқтауы адам өлді дегенді білдіреді.
Мамандардың айтуынша, клиникалық белгілерге сәйкес ми өлімін растау туралы қорытындыны арнайы дәрігерлерден құралған комиссия зерттеулер (электроэнцефалография, ангиография) жүргізу арқылы қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz