Тұрмыстық лексиканың қатысымдық мағынасына ықпал етуші тілдік және тілден тыс факторлар



Жер бетіндегі түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының, салт-санасының, дүниетанымының көрсеткіші болып табылатын тұрмыстық лексика - семантикалық, тақырыптық және семиотикалық тұрғыдан көп аспектілі мәселе. Тіл қазынасындағы халық тұрмысынан хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын алуан түрлі тұрмыстық атаулар мен тіркестер, олардың тілдік заңдылықтары, кұрылымдық ерекшеліктері әлем тілдерінің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бірізділікке түсіру, олардың мазмұн-межесіндегі кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау - қазіргі тіл мамандарының алдындағы маңызды зерттеу міндеттерінің бірі.
Қатысымдық семантиканың пайда болуына тілдік және тілден тыс факторлардың ықпалы мол. Сөз белгілі бір тілдік заңдылықтардың немесе тілдің тілдегі сөздердің қолданысына әсер етуші күштердің негізінде түрлі мағыналарда жұмсалып, қатысымдық мазмұнға ие болады. Сондықтан қатысымдық семантиканың ерекшеліктеріне бармас бұрын, оның туындауына әсер етуші тілдік және тілден тыс факторларға тоқталған жөн.
Тілдегі қатысымдық семантиканы тудырушы себептердің мынандай негізгі үш түрін жіктеп көрсетуге болады:
- сөйлеу актісі;
- қоғамдық-әлеуметтік фактор;
- жеке тілдік тұлға.
Тіл - адамдар қарым-қатынасының негізі. Сондай-ақ ол танымның, ойлаудың құралы. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас жеке адамның тілдік тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Бұл тұрғыда көрнекті лингвист A. Байтұрсынұлы тілдік қарым-қатынас сөйлеу және жазу әрекеттері арқылы жүзеге асатынын, тілді «адамдық белгінің зоры», «жұмсайтын қаруы» деп бағалап, тілсіз, сөйлеусіз адамдар арасындағы қарым-қатынас болмайтындығын айтады. «Біздің заманымыз - жазу заманы. Жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек» - деп ғұлама ғалым тілдік қатынастың түрлеріне, сөйлесім және жазылым әрекеттерінің маңызына дәл бағасын бере білген [1,41 б.]. Ғалымның бұл ойы Ф.Ш. Оразбаевада өз жалғасын былайша табады:
Қарым-қатынас - тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы - тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да тіл [2, 43 б.].
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 447 б.
2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 272 б.
3. Якобсон P.O. О разработке целевой модели языка в европейской лингвистике а период между двумя войнами // Новое в лингвистике. - М.: Прогресс, 1965. - Вып. 4. - 590 с.
4. Серль Дж. Р. Что такое речевой акт // Новое в зарубежной лингвистике. -Вып. 17. Теория речевых актов. - М.: Прогресс, 1986. -С. 151-169.
5. Медведева Л.М. О типах речевых актов // Вестник Харьковского университета. - Харьков, 1989. - Вып. 339. - 42-47 с.
6. Вежбицкая А. Речевые акты // Новое в зарубежной лингвистике. -Вып.16. Лингвистическая прагматика. -М., 1985. - С. 251-275.; Апресян Ю.Д. Перформативы в грамматике и словаре // Известия АН СССР. Серия лит. и языка. - М, 1986. - Т. 45. - №3. - С. 208-223.
7. Әміров Р.С. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері.
-Алматы, 1977. - 92 6.
8. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. 1-кітап. - 320 б.; 2-кітап. 352 б.; 3-кітап. 320 б.; 4-кітап. 336 б.
9. Қазақтың ақ нарын да, ақ боз атын да жетеледім // Жетісу. -№35 (16875). - 22 наурыз. - 2007.
10. «Қазақ газеті» / Бас редактор Ә. Нысанбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. - 560 б.
11. Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. - Алматы: Арыс, 2004. -616 б.
12. Бенвенист Э. Общая лингвистика. - М.: Прогресс, 1974. - 447 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тұрмыстық лексиканың қатысымдық мағынасына ықпал етуші тілдік және тілден тыс факторлар

Жер бетіндегі түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының, салт-санасының, дүниетанымының көрсеткіші болып табылатын тұрмыстық лексика - семантикалық, тақырыптық және семиотикалық тұрғыдан көп аспектілі мәселе. Тіл қазынасындағы халық тұрмысынан хабар беретін, шаруашылық әрекетін танытатын алуан түрлі тұрмыстық атаулар мен тіркестер, олардың тілдік заңдылықтары, кұрылымдық ерекшеліктері әлем тілдерінің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бірізділікке түсіру, олардың мазмұн-межесіндегі кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау - қазіргі тіл мамандарының алдындағы маңызды зерттеу міндеттерінің бірі.
Қатысымдық семантиканың пайда болуына тілдік және тілден тыс факторлардың ықпалы мол. Сөз белгілі бір тілдік заңдылықтардың немесе тілдің тілдегі сөздердің қолданысына әсер етуші күштердің негізінде түрлі мағыналарда жұмсалып, қатысымдық мазмұнға ие болады. Сондықтан қатысымдық семантиканың ерекшеліктеріне бармас бұрын, оның туындауына әсер етуші тілдік және тілден тыс факторларға тоқталған жөн.
Тілдегі қатысымдық семантиканы тудырушы себептердің мынандай негізгі үш түрін жіктеп көрсетуге болады:
- сөйлеу актісі;
- қоғамдық-әлеуметтік фактор;
- жеке тілдік тұлға.
Тіл - адамдар қарым-қатынасының негізі. Сондай-ақ ол танымның, ойлаудың құралы. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас жеке адамның тілдік тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Бұл тұрғыда көрнекті лингвист A. Байтұрсынұлы тілдік қарым-қатынас сөйлеу және жазу әрекеттері арқылы жүзеге асатынын, тілді адамдық белгінің зоры, жұмсайтын қаруы деп бағалап, тілсіз, сөйлеусіз адамдар арасындағы қарым-қатынас болмайтындығын айтады. Біздің заманымыз - жазу заманы. Жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек - деп ғұлама ғалым тілдік қатынастың түрлеріне, сөйлесім және жазылым әрекеттерінің маңызына дәл бағасын бере білген [1,41 б.]. Ғалымның бұл ойы Ф.Ш. Оразбаевада өз жалғасын былайша табады:
Қарым-қатынас - тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы - тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да тіл [2, 43 б.].
Қатысым мәселелесі сөз болғанда Р. Якобсонның алғашқы талпынысы -қатысымның модельдік зерттелуі ескеріледі. Бұл дегеніміз ғалымның қатысымды сараптауға арналған ұғымдық жүйені қалыптастырғандығы, яғни адресант, мәлімет, адресат, контекс, код түріндегі мәнбірлер. Бұл мәнбірлерге сөйлеудің нақты қызмет түрлері, атап айтқанда: экспрессивті (эмотивті), поэтикалық, коннативті, референті, металингвистикалық сияқты түрлері сәйкес келеді. Бұл модель сөйлеудің - қатысымның сыртқы мәнбірлеріне тәуелді екенін мойындатады [3, 45 6.].
Өткен ғасырдың 60-70 жылдарында тіл білімінде ауызша қатысымды зерттеу барысында прагматикалық өзгеріс болды. Ол Дж. Остин, X. Грайс, Дж. Серль еңбектерімен басталып, сөйлеу әрекеті теориясын дамытқан А.А. Леонтьев, Ю.А. Сорокин, Е.Ф. Тарасов, A.M. Шахнарович сынды кеңестік лингвистердің зерттеу жұмыстарында жалғасын тапты.
Шетел және орыс тіл білімінде сөйлеу актісі теориясы кең ауқымда зерттелуде. Бұған қатысты мәселелер Дж. Остин, Дж.Серль, П. Грайс, Л. Медведева, А. Вежбицкая, В.В. Богданов, Г.О. Почепцов, Ю.Д. Апресян және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Олар бұл күрделі процесті жүйелеуге, жіктеуге тырысып, коммуникативтік модель түрлерін ұсынады.
Дегенмен сөйлеу актілерінің теориясы сөз болғанда, бұл теорияның философиялық лингвистика арнасында туындап және оның алғаш рет ағылшындық логик Дж. Остиннің Гарвард университетінде 1955 жылы оқыған лекциясында сөз болғаны белгілі. Ғалымның идеясын американдық философ Дж. Серль өзінің Сөйлеу актілері деген монографиясы мен бірқатар мақалаларында дамытты. Тілдік қарым-қатынастың негізгі бірлігіне таңба, сөз, сөйлем емес, осы бірліктердің сөйлеу үстінде дүниеге келуі жатады - дейді Дж. Серль [4].
Бұлардан өзгеше Л.М.Медведева ұсынған жіктелімнің де ұтымды жақтары болды. Сөйлеу актісінің ықпал ету күші мен сөйлесімнің құрылымдық-семантикалық ерекшелігінің бір-біріне сәйкес келукелмеуіне қарай туражанама, идиомалықидиомалық емес, эксплициттіимплицитті деп бөледі [5].
Кейбір ғалымдар, мәселен, А. Вежбицкая, Ю. Апресян сөйлеу актісі түрін анықтауда, перформатив етістіктерді басшылыққа ала отырып жіктеді. Ю.Д. Апресян 15 түрін анықтады: 1) нақтылау; 2) мойындау; 3) уәде беру; 4) өтініш; 5) кеңес беру немесе ұсыну; 6) өтіну және кеңес беру; 7) талап ету; 8) рұқсат ету және тыйым салу; 9) келісу және қарсылық білдіру; 10) мақұлдау; 11) анықтау; 12) кешіру; 13) сөйлеу дәстүрлері; 14) бас тарту; 15) тағайындау және атау [6].
Қазақ тіл білімінде сөйлеу актісі, сөйлеу коммуникациясы, ауызекі сөйлеу ерекшеліктері Р.С. Әмірдің еңбектерінде қарастырылған [7].
Кез келген сөйлесімнің мазмұны (пропозициясы) коммуникативтік акт жүзеге асқанға дейін қалыптасады. Сөйлеушінің ниеті өзіне анық. Әрине, ол не туралы айтатынын алдын-ала жоспарлап қойған. Демек оның айтатын сөйлесімінің мақсаты өзіне белгілі. Мақсаттың қалыптасуына бірнеше мәнбірлер ықпал ететіні сөзсіз. Мәселен:
1. уәждеме (бұл жүйеде бір уәж жетекші сипатқа ие болады);
жағдаяттық афферентация (бұл нақты сөйлеу кезіндегі шарттармен қатар, оған дейін қалыптасқан әрекеттер нәтижесі де);
болжам (бұл адам санасындағы оның өмірге, қоршаған орта құбылыстарына байланысты жиған тәжірибесіне сүйенеді).
Осы тұжырымдарды негізге алсақ, қатысымдық жағдаяттағы баяндаушы интенциясы толық жүзеге асты деп қорытынды шығаруға болады. Сөйтіп, бұл мысалда баяндаушы тілегінің орындалғанын қабылдаушының үнсіз мақұлдауынан аңғаруға болады.
ә) бұйрық мәнінде:
Киімді қалың жамылып, тымақ киіп, мына ыстық шайдан бір-екі шынаяқ іиііп бүркеніп жата қал! - деп мәслихат берді [8, 217 б.].
Жеткізілмекші болып тұрған ойға негіз болып тұрған - киім атауы. Аңшылыққа шығып, сырқат күйде Тоғжан үйіне түскен Абайға айтылған қалың киім, тымақ сауығудың - бірден-бір жолы.
б)Тілек-өтініш мәнінде:
Енді тымақты баса киіп, қымтанып алыңыздар! [8, 208 б.].
Аталған сөйлеу актісінде коммуниканттарға баяндаушы алда болатын жайсыз aya райы жайлы хабар жеткізіп отыр. Осы ситуациядан шығар жол - тымақты баса киіп, қымтану.
Сөйлеу актісінің мазмұны диалогтарда ашық, айқын көрініс табады. Диалог зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативтік лингвистиканың негізгі нысанына айналып отыр. Күннен күнге тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді.
Сіз әдетте айтысқа ақ кимешек киіп немесе ақ жаулық тағынып шығып жүрдіңіз. Мұның сыры барма?
Айтысқа қатысқан кезде біршама жасқа келген әйелдердің бөрікпен жүруі маған ой салды. Негізінде қазақ халқында бөрікті қыз балалар киеді. Ал келіншектердің өзінің бөртпе шәлісі болған. Қазақтық келіндері басынан орамал тастамаған. Сондықтан мен өзіме ақ жол сияқты ырымдап, орамал тон болмайды, жол болады деген сөзді көкейіме сыйдырып және де Ханша деген атыма сай елден ерекше болып көрінейін деп аналардың ақ кимешегін басыма тағынып шықтым. Оның үстіне менің анамның басынан да ақ кимешек түспеген еді. Ақ кимешек, ақ орамал тағынып өз арыма да, ақ кимешекке де дақ түсірмей ұстауды серт еттім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліімінде
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Лексиканы оқытудың принциптері
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Пәндер