Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Некені қию және бұзу.
  2. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
  3. Ата-аналардың балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері.
  4. Бала асырап алу.

Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері

Некені қию және бұзу.

Отбасылық құқықты заңгерлердің басым көпшілігі құқықтың дербес саласы деп таниды. Отбасылық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы » Заңы болып табылады. Отбасы құқығы - бұл Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болып табылады. Отбасы құқығы - неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді.

Неке-отбасы құқығымен реттелетін қатынастар: 1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді; 2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді; 3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды; 4) азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты : отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарда азаматтық заңдылықтар қолданылады.

Отбасылық құқық мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, неке, отбасы, қамқоршы және қорғаншылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары, азаматтық хал актілері, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға неке - отбасылық заңдылықтар нормаларын қолдану.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы құқығының принциптері: 1) еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Некеге отырған кезде отбасылық қатынастарда азаматтардың құқықтарын әлеуметтік, нәсілдік, қлттық, тілдік немесе діні наным белгілері бойынша кез келген шектеуге тыйым салынады. Неке құқықтық қатынастарда азаматтардың құқықтары тек заң негізінде және отбюасы мүшелері және басқа адамдардың денсаулығын, қадір - қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі.

Азаматтар неке - құқықтық қатынастардан шығатын өздеріне тиесілі құқықтарды қалауы бойынша, оның егер заң мен басқадай белдгіленбесе осы құқықтарды қорғау құқықтарын пайдаланады. Неке отбасылық құқықтарды жүзеге асмыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері және құқықтық басқа субъектілердің құқықтары, бостандықтары жіне заңды мүддделерін бұзуға тиісті емес. Неке отбасылық құқықтар, осы құқықтарды тағайындауға қайшы келетін жағдайлардан басқа жерлерде заңмен қорғалады.

Некеге отырудың шарттары:

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың) ;

3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді. Некеге отыратын тұлғалар медициналық, генетикалық және денсаулық сақтау мәселелері бойынша, кеңес алып, тексеруден өте алады. Мұндай тексерістер неекеге отыруға ниет білдірген тұлғалардың екі жақты келісімі бойынша ғана жүргізіледі. Некеге отырушыларды тексеру қорытындылары медисиналық құпия болып табылады. Тексерістен өтуші некеге отыруға ниет қылған қылған тқлғаға оның келісімімен хабарлануы мүмкін.

Неке ерлі - зайыптылардың бірінің өлімі немесе соттың ерлі- зайыптылардың біреуі қаза болуы немесехабарсыз жоғалып кетті деп жариялануы салдарынан тоқтатылады. Неке ерлі - зайыптылардың бірінің өтініші бойынша сондай - ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Әйелдің келісімінсіз оның аяғы ауыр кезінде және баланың бірінші жылғы кезеңінде некені бұзу мүмкін емес.

Ерлі - зайыптыларда кәмілетке толған толмаған балалардың болу - болмауына қарамай неке АХАЖ органдарында ерлді - зайыптылардың бірінің өтініші бойынша егер екінші адам:

  • Сотпен хабарсыз кеткен деп танылса
  • Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса
  • Қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан артық мерзімге сотталса бұзылады.

Басқа жағдайларда кәмілетке жасы толмаған балалар болған кезде, неке сот тәртібімен бұзылады, сондай - ақ сот тәртібі :

  • Ерлі - зайыптылардың бірінің келісімі болмаған жағдайда
  • Егер ерлі - зайыптылардың біреуі қарсылығы жоқтығына қарамастан, қзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған болады
  • Ерлі - зайыптылардың бір - біріне деген мүліктік арыз шағымдары болса қолданылады.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

Ерлі - зайыптылар мүлігінің заңды режимі, егер некелік шартпен басқадай белгіленбесе, олардың ортақ бірлескен меншігі режимі болып табылады. Неке кезінде жиналған мүліктер олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі - зайыптылардың ортақ мүлігін иелену, пайдалану жіне иелік ету ерлі - зайыптылардың екі жақты еклісімі бойынша жүзеге асырылады.

Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.

Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.

Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлізайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлізайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлізайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.

Әр бір ерлі зайыптың меншігі :

  • Әр бір ерлі - зайыптыға некеге отырғанға дейін тиесілі болңан мүлік
  • Неке кезінде ерлі - зайыптылар сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе басқа қайтарымсыз мәмілелер бойынша алған мүліктер
  • Неке кезінде ерлі - зайыптылардың ортақ қарғыларына алынған бағалы заттар және басқа байлықтық заттардан басқа, жеке қолданыстағы заттар болып табылады.

Ерлі - зайыптылардығ ортаұ мүлкін болу ерлі - зайыптылардығ кез келгенінің талап етуі бойынша неке кезінде де, ол бұзылғанннан кейінде ерлі - зайыптылардығң ортақ мүлкіндегі ерлі - зайыптылардың біреунің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу тұралы несие берушінің талабын мәлімдеуі жағдайындада жүргізілуі мүмкін

Ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкі олардың арасында келісім бойынша бөлінуі мүмкін. Дау туған жағдайда ерлі - зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, олардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.

Некеге отырушы тұлғалар немесе ерлі - зайыптылар некенің некенің кез келген уақытында немесе оған дейін неке шартына отыруы мүмкін

Ата-аналардың балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері.

Бала деп он сегіз жасқа толмаған тұлға айтылады. Әр бәр бала мүмкіндігінше отбасында өмір сүруге, тәрбие алуға, өз ата аналарын білуге, оларға қамқор болуға, егер оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, олармен біреге тұруға құқылы. Бала өз ата - аналарының тәрбиесін алуға, олардың мүдделерін қамтамасыз етуге, жан - жақты дамуға, оның адамдық қадір - қасиетін құртем тұтуға құқылы. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.

Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі атаанасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.

Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.

Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.

Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.

Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі. Ата - аналар өз құқықтарынан айрылуы мүмкін егер :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Отбасы құқығы пәні
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Мамандықтың пәндер каталогы
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz