Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері



1. Халық педагогишсындағы ақыл.ой тәрбиесі
2. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі.
3. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
4. Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесі.
5. Халық педагогикасындағы имандылық тәрбиесі.
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде — ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы алға шығады. "Арманы жоқ жас-қанатсыз қарлығаш" — дейді халық.
Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар", "Кітап-білім бұлағы", "Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні көріп" деп халық мақал-мәтелдер арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл-ойдың негізі-пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.
Білімнің білігіне шығу үшін еңбек сүйгіштік, аса төзімділіктің қажеттігін мақал-мәтелдер арқылы топшылау жасаған.
"Оқу-инемен құдық қазғандай"-дей отырып білімнің өздігінен келмейтіндігін, көп ізденудің қажет екендігін осы мақал-мәтелдер арқылы көрсеткен.
"Ғалыммен жақын болсаң қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер" десе, "Ер төстік", "Аяз би ертегілері арқылы ақыл-парасаты мол ақыл иелерін жастарға үлгі-өнеге ретінде пайдаланған.
Сондай-ақ Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы мынадай тұжырымдар жасаған.
Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл-таразысына салып, әбден өлшеу керек, - дейді.
"Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз...
Ақыл-мизам, өлшем қыл? — дейді.
"Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет"- деп сипаттайды Абай. Данышпан ақын дүние құбылыстарын ұғыну мәселесінде ғылымға мән берген толық адам болу үшін "ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керек" - дейді. "Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек" дейтін өлеңінде ақылға, қайратқа, жүрекке сипаттама бере келіп; "Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің тілін білмек" — дейді.
1. Х.Арғынбаев Қазақ халқының қол өнері. А, 1987.
2. З.Әбілова. Окушыларға эстетикалық тәрбие беру. А.,1972.
3. С.Ұзақова Оқушыларға музыкалық, эстетикалық тәрбие беру. А, 1990.
4. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А, 1994.
5. М.Ысқақов. Халық календары. А, 1959.
6. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі-ақылдың көзі. А, 1980.
7. Қ.Оразбекова Иман және инабат А.1995.
8. Оразақов, Нарбаев Б. Ата дәстүрі - әдеті, болашақ игілігі. А, 1991.
9. Имандылық туралы мың сұрақ. А, 1991.
10. Ы.Алтынсарин. Мұсылмандықтың тұтқасы. А, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері.
Жоспары
1. Халық педагогишсындағы ақыл-ой тәрбиесі
2. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі.
3. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
4. Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесі.
5. Халық педагогикасындағы имандылық тәрбиесі.

I. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-
ойын дамытудың бастау көзі ретінде — ең алдымен оның қоғамға, қоршаған
дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы
алға шығады. "Арманы жоқ жас-қанатсыз қарлығаш" — дейді халық.
Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау
жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін
кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-
мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді
пайдаланады.
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар", "Кітап-білім бұлағы",
"Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні көріп" деп халық мақал-мәтелдер
арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл-ойдың негізі-пайымдауда екендігін
ұрпаққа ұғындырып отырады.
Білімнің білігіне шығу үшін еңбек сүйгіштік, аса төзімділіктің
қажеттігін мақал-мәтелдер арқылы топшылау жасаған.
"Оқу-инемен құдық қазғандай"-дей отырып білімнің өздігінен
келмейтіндігін, көп ізденудің қажет екендігін осы мақал-мәтелдер арқылы
көрсеткен.
"Ғалыммен жақын болсаң қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер"
десе, "Ер төстік", "Аяз би ертегілері арқылы ақыл-парасаты мол ақыл иелерін
жастарға үлгі-өнеге ретінде пайдаланған.
Сондай-ақ Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы мынадай тұжырымдар жасаған.
Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін
дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл-таразысына салып, әбден өлшеу керек, -
дейді.
"Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз...
Ақыл-мизам, өлшем қыл? — дейді.
"Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет"- деп сипаттайды Абай. Данышпан
ақын дүние құбылыстарын ұғыну мәселесінде ғылымға мән берген толық адам
болу үшін "ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керек" - дейді. "Әуелде бір
суық мұз-ақыл зерек" дейтін өлеңінде ақылға, қайратқа, жүрекке сипаттама
бере келіп; "Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің тілін
білмек" — дейді.
Халқымыз: "Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келер", "Саналы адам
сағыңды сындырмас", "Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде",
"Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ" деп баға берген.
Ақыл-ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу
керек. Білім мен ақыл егіз.
"Алтын шірімейді, ақыл арымайды", "Ақыл-дария, алсаң да таусылмас",
Есті ірілік көрсетпес" деп ақылды, есті адамдарды халық үлгі етіп көрсетіп
отырған.
Халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды
пайдаланады, түрлі аңыз әңгімелер мен ертегілерді үлгі-өнеге етеді, өсиет
сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Халық ақыл-ой тәрбиесіне, әсіресе даналық сөздер мен шешендік сөздерді
жиі пайдаланады.
Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық жүйесінің мәнділігі олардың кешенді
міндеттерді шешуге қызмет ететіндігінде.
Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін
егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық
астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге:
1. Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс-деректер мен
құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру;
2. Балалардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білу процесін
дамыту (түйсіну, қабылдау, ес, қиял, сөйлеу мен ойлауын);
3. Балалардың ақыл-ой қабілеті мен ынталықтарын арттыру;
4. Балаларды интеллектуальдық дағдылар мен икемділіктерге баулу екенін
көрсетеді. Мұның өзі халықтың балаларға өмірге қажет білімдер жиынтығын
игертудегі дидактикалық талаптары ғылыми педагогикаға жақындығының
белгілері.
ІІ. Халық педагогикасындағы адамгершыік тәрбиесі.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметгік заңдылықтарына
сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға
негіз болып табылатын, қауымдық, әлеуметтік, халықтық игі іс-әрекеттер,
мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын
көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ
педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық
қалыптар жиынтығы құрайды.
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-
қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу
барысында қалыптасады.
Адамгершшікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға
болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер,
аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызметті халық әндері сезім мен санаға ықпалды
әсер ету құралдары болып табылады.
Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары
белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге
болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант
беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Адамгершілік қасиетінің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық, адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай салыстыра суреттелген. Елге
қайырымды, бойындағы бар қасиетін халықка жақсылық жасауға бар қасиетін
халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды "Ел қамын жеген ер" деп дәріптеген
"Жақсының жаттығы жоқ", "Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей", "Жақсы туса
елдің ырысы", "Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңдші" деген мақал-
мәтелдер жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін
дәлелдейді.
Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның құрбы
құрдастың, тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз
ежелден бағалай білген. Оған "жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа", "жақсының жақсы болмағы-
жолдасынан", "Жаман дос жолдасын жауға қалдырады" деген халық мақалдары
дәлел.
Үлкенді сыйлау - адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік
өмірізде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балалар
бақшасында, мектепте қоғамдық орындарда үлкенді сыйлай білу дәстүрін бұзбау
және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік жоғары бағаланады.
Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам, адамгершіліктен шыққан болып
есептелінеді. Ертеде адамгерпшіік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі
адамдар, билер жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған.
ІІІ. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
Еңбек-халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекке тәрбиелеу — бүкіл тәрбие
қызметі мазмұнын анықтайтын тәрбиенің халықтық жүйесінің негізгі өзегі
болып табылады.
Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады.
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1. Балаларды кішкентайынан үй болуға және еңбексүйгіиітікке үйрету;
2. Әлеуметтік тағылымдар мен дәстүрлерді құрметтеуге және ата-ананың
еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп
санауға үйрету;
3. Балаларды еңбек тәрбиесінің барлық салаларына үйрету, жаттықтыру,
дағдыландыруға үйрету және өмірге бейім болуға тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы — баланы кәсіпке үйрету болып
табылады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік,
тоқымашылық, құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.
Мал бағу - қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан,
балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның
борышы деп есептейді.
"Қой бақсаң, өрісін тап", "Доп ойнаған тозар, асық ойнаған озар" деп
халық қой бағу өнерін жоғары бағалайды.
Киіз үй - қазақтың сәулет өнерінің тарихи табысы. Киіз үйдің жолым үй,
төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегем) түрлері бар. Оның
жабдықтарын (кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жабық. үзік, уық бау,
кереге бау, басқұр, ортаң құр, есік, ергенек, т.б.) жасау үшін қыруар
еңбек, асқан шеберлік керек. Бұл-еңбек тәрбиесінің бір негізі.
Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап,
олардың өнерлерін (ою-өрнек, алқа сырға, білезік жасау т.б.) уағыздап,
жастарға үйретіп отырған. Зергерлердің ғасырлар бойы еңбек етуінің
нәтижесінде халықтың өзіне тән ұлттық ою-өрнектері (мысалы: "Алтын адам
өрнектері) бар.
Кілем, алаша шекпен тоқу өнерін жастарға үйрету ісі өз жалғасын тауып
келеді. "Ұшқыш кілем" өрнектерін қиялдаған халық өз шеберліктерімен қалы
кілем, түкті кілем, алаша кілем, жібек, т.б. кілем түрлерін тоқуды жастарға
үйретіп келеді.
Алуан түрлі ұсталық кәсіптер (үй-ағашын, киізін даярлау, кесте тігу)
көбінесе, әлеуметтік кәсіп ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Әлеуметтік кәсіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Қазақ отбасы
Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Пәндер