Ринолалияның түрлері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ринолалияның түрлері.

жоспары:

9. 1. Ринолалия ұғымы. Ринолалия түрлері (ашық және жабық ринолалия) .

9. 2. Дауыстың функционалды, органикалық дұзылуы. Дауыстың бұзылуын түзету жолдары

Ринолалия дегеніміз - сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әлсіздігімен дыбыстың дұрыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады . Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.

Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен тағдай мен жқтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылмен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңайдың артқы арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.

Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгері мүмкін.

Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6-мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады.

Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы с дыбысын айтқан кезде болады. /Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6 - 7-мәрте күштірек кетсе болады/. М, н, ң мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркін кіріп кетеді.

Ринолалиялардың түрлері.

Таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады.

Жабық ринолалия . Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде мұрыннан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м, н, ң, ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұтқыншақ ашық қалады да, ауа мұрын жолына кіріп кетеді .

Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса, онда бұл дыбыстар м, м-б, б; н, н-д, д, н, ң-ғ болып ауыздан айтылады

Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы да бұзылады. Бітеу ринолалияда даууысты дыбыстарды айтқан кезде өлімсіреп мыңқылдаған үн шығады.

Жабық ринолалия пайда болуының себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылуының салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып, тыныс алуының қиындап кетуі салдарынан болуы мүмкін. Алдыңғы жабық ринолалия мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп /гипертрофия/ тұрақтап ұзаққа созылуынан /хронический/ кеңсіріктің кілегей қабығының қабынуынан мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен пайда болады. артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін тамақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, мұрын жұтқыншақ қабынуынан, мұрын жұтқыншақтың фибромасы немесе басқадай ісіктерінен пайда болады.

Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек болуы мүмкін. Оның себебі , жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады .

Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының таылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дағдылы тұрғысынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылға жүргізілетін жаттығуды қолданады. Функционалды бітеу ринолалаияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифференциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі. Содан кейін дауыс жаттығулары арқылы тыныс жолын орнықтыру жаттығулары қиындатылады. Сондай ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбехегі дірілідейтіндей етіп, дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Онан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп, па, пе, пу, пе, пи буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады.

Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң енді ішінде мұрын жолды дыбыстары бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстары бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп, дауысын созып, қатты айтуға тырысу керек.

Жаттығу жұмысының қорытындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды әннің ырғағымен де орындайды.

Функционалды жабық ринофонияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі, функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай ақ ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктерде жиі байқалып қалады.

Ашық ринолалия

Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай, бір шеті ашық қалса, ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе, дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуені өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер-білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады.

Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық /свистящих/ және ызың /щипящих/ дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі . /ф, в, х/ сол сияқты ерін-тіс / п, б, д, т, к, қ, г, р/ және үнді /л, р/ дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағымының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.

Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.

Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайлардың жарылуы жатады.

Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сау болып қалуы жатады.

Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың балбырап босаңсуы мысал болады. функционалды ашық ринолалия талма ауруы /истерия/ ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді.

Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кетекен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады.

Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық риналалияның белгісі, бұнда әдеттегідей сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және оладың үндері шықпайды.

Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фониатриялық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстарды айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды.

Ринолалиядағы таңдай мен еріннің жырық болып тууының себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады /хирургиялық, стоматология, ортодондтия, отоларинология, медициналық генетика және т. б. /. Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамыған ауыр кесел.

Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалды бұзылу пайда болады.

Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреунің жарылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылаған бала сору қабілетінен мүлде айырылады.

Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ринололия
Ринолалиясы бар балаларды түзету жұмыстарының негіздерін талдау
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Тіл мүкістіктері бар балалардың сөйлеуі
Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Логопедия өзіндік ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz