Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы


Кіріспе
Жоспары:
- Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылыми және оқу пәні ретінде қалыптасуы дамуы
- Тарихи үрдіс - историософия методологиясының негізі
Мақсаты: Жалпы қазіргі замандағы даму үрдісіне байланысты дүниежүзілік тарих ғылымында да үлкен модернизациялар бар. Осы үрдістің ғылыми пән ретінде оқытылуының жалпылама әдістемелерін жан-жақты түсіндіру.
Жалпы ғылымда методологияның қалыптасуы мен дамуы, негізгі беталыстары, кезеңдері болады. Тарих ғылымының методологиясында қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі зерттеуі мынадай жалпы үш деңгейде жүзеге асырылады. Арнаулы жеке ғылыми, жалпы ғылыми және әмбебап философиялық деңгейлермен анықталады. Олардың басты міндеті осы деңгейлерді бір-бірімен шатастырмай, бөлек зерттеу гнессологияның негізгі міндеті. Жалпы тарихи дамуда тарих ғылымы негізгі пән ретінде философияның ойлау жүйесінің объектісі болған. Сондықтан, ғылымға тарих философиясы деген жаңа термин енген. Оны енгізген 1694-1778 жылдары өмір сүрген Вольтер болды. Кейіннен бұл термин историософия деген атқа ие болды. Оны ғылыми айналымда бірінші рет қолданған неміс философы Гегель болған. Осылайша жеке пән ретінде Вольтердің тарих философиясы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сонымен бірге тарихи оқиғаны тарихи процесс ретінде талдауды ұсынды. Гегель өзінің “Тарих философиясына лекциялар” деген еңбегінде тарих ғылымының тарихнамасын үш топқа бөледі:
1. Алғашқы тарих. Бұл жерде алғашқы тарихты жазушы авторлардың болған оқиғаларға өздері қатыса отырып, көрген білгендерін қағазға түсіргендігін дәлелдейді. (Геродот, Тацит, Фукидит т. б. )
2. Рефлективті тарих. Бұл салада уақыт пен санаспай, керісінше, рух күшіне көбірек көңіл бөлді. Ол жалпы тарих, прагматикалық тарих және сыни тарих талқыланып, тарихи еңбектерді талдауға әрекет жасалды. Яғни, халықтың тарихы, мемлекеттің тарихы және әлемнің тарихы тұтастана бастады. Бірақ бұл топқа көбінесе, діни ағымдар үстемдік етті. (Католицизм)
3. Тарих философиясы. Бұл топта уақыт өтуіне байланысты тарихи болған оқиғалар тек құбылыс, оқиға, дата ғана емес, сонымен бірге олар философияның заңдылықтары мен категорияларына салына бастады.
Зерттеудің әдістері өзгерді. Ғылыми әдістер жан-жақты жіктелді. Гноссиологияның, эпистемологияның, логиканың ғылыми методологиясы мен жеке зерттейтін салалар пайда болды. Оған негіз болған объектілер тарих методологиясының негізін қалап берді. Ғылыми танымның методологиясы мен әдістері туралы ғылыми танымның жаңа теорияға көтерілуі қайшылықты, күрделі әлеуметтік процестерді шешуге әрекет жасады. Сондықтан, бұрынғы асбтрактылы саладан, нақтылы салаға ауыса бастады. Тарих философиясы тарих методологиясының негізгі дерек көзі болып табылады. Себебі, тарих философиясында тарихтың проблемалары, заңдылықтары, бағыттары бір жекелеген ұлттың тарихынан шығып, жалпы адамзаттық тарихқа айналады. Тарих философиясының негізгі қарастыратын мәселелері мынадай:
- тарихи процестердің ішкі логикалық заңдылықтар мәселесі;
- детерминизм және тарихты кезеңдеудің өзекті мәселелері;
- тарихтың мақсаты мен мәні мәселелері;
- мәдениет және өркениет мәселелері;
- әлеуметтік даму мәселелері;
- тарихи процестердің көп түрлілігі мен бірлігі мәселелері.
Бұл пәнді оқытудағы негізгі мақсат, адамзат тарихы философиясынан, тарихи таным мен тарихи білім теориясына дейінгі мәселелер қамтылады. Олардың ара-қатынасы нақты деректермен және тарихнамалық негізде сипатталады. Тарихнаманың типологиясы.
Ф-ӘД-001/026
Тарихнаманы дамытудың беталыстары - “алғашқы” тарихтан “философиялық” тарихқа дейін. Тарихнаманың негізгі даму кезеңдері. Тарихи ғылымның генезисі. Көне мифология мен батырлар жыры. Тарихи сана мифологиялық түрлерінің алғашқы әрекеттері. Антикалық әлеуметтану: табиғат және тарих. Ғалам және ондағы Адам, қоғам мен жеке тұлға (индивидум) . Прагматикалық тарих. Ортағасырлық тарихнама: антикалық прагматизмнен ортағасырлық провиденциализмге дейін. Антикалық дәстүрлердің қайта өрлеуі мен дамуы. Провинденциализмнен өткеннің тиімді көрінісіне дейін. Жаңа кезең тарихнамасы. Өткенді зерттеудегі ғылыми тәсілдің қалыптасуы. Тарихтың діни-мистикалық философиясы. (Неокантианство, Модернизм) Тарих методологриясы дамуының қазіргі беталыстары: тарихнамадағы сциентикалық және мәдени тәсілдер. Антикалық пәнаралық тарих үшін қозғалыс: тарихты зерттеудегі квантификация. Тарихнамадағы және тарих методологиясындағы нарративтік қайта өрлеуі. Ғылыми білімнің жеке тұрғыдан қарастыруы және кірігуі беталысының ара-қатынасы мен олардың тарих ғылымы пәніне әсері. Тарихтың жаңа салаларының пайда болуы. Күнделіктілік тарих, ауызша тарих, микротарих, гендерлік тарих, маентальдқк тарих.
Тақырыпты қарастыратын сұрақтар
- Жалпы ғылымдардағы методология әдістері.
- Тарих ғылымының методологиясындағы жалпы үш деңгей.
- Үш деңгейдің жүзеге асырылуындағы ғылыми деңгей
- Үш деңгейдің жүзеге асырылуындағы жалпы ғылыми деңгей
- Үш деңгейдің жүзеге асырылуындағы әмбебап философиялық деңгей
- Вольтердің Историософия, тарих философиясы терминін ғылыми айналымға ендіруі
- Тарих философиясының негізгі қарастыратын мәселелері
- Тарихи процестердің ішкі логикалық заңдылықтар мәселесі
- Тарихи процестердің көп түрлілігі мен бірлігі мәселелері
- Тарихнаманы дамытудың беталыстары - “алғашқы” тарихтан “философиялық” тарихқа дейін методологиялық әдәстер.
ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Пәнді оқытудың объектісі және зерттеу әдістері жүйесі
Жоспары
2. 1. Тарих философиясындағы немістік мектеп
2. 2. Гегель мектебі және тарихи үрдіс концепциясы
2. 3. Француз ағартушыларының тарихи философиясы
2. 4. Тарихи үрдістің марксистік теориясы
Мақсаты: Тарих ғылымының методологиясы пәнін оқытудағы негігі Еуропадағы мектептер, аң алдымен ХІХ ғ. Қоғамдық дамуға үлкен әсер еткен несітік мектеп, соның ішінде Гегельдің қоғамдық ғылымдардың дамуына әсері. Француз ағартушылары мен марксистік ғылымдардың әсерін жан-жақты түсіндіру.
Тарих ғылымында қазіргі постмодернистік бағытты ғылыми тарихи танымның ауқымы кеңейе түскенін көруге болады. Соның ішінде тарихилық принципі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап үлкен дамудың айқын жолына түсті.
Ф-ӘД-001/026
Тарихшылдық ХХ ғасырда пайда болған жаңа ұғым. Дегенмен бұл термин өткен ғасырларда Кант, Гердер, Гегель шығармаларында кездіп отырған. Оны көбіне £Тотальды тарих” деп атап жүрді. Гегель өлгеннен кейін ғылыми ортада ішінара қолданылып жүрді. Тарихшылдықты тарихи термин ретінде ендірген Л. Ранке мен Т. Дройзен болған. Олар терминнің негіздемесін гегельдік теориядан алған. Тарих философиясы әмбебап философиялық деңгейлермен анықталады. Олардың басты міндеті осы деңгейлерді бір-бірімен шатастырмай, бөлек зерттеу гнессологияның негізгі міндеті. Жалпы тарихи дамуда тарих ғылымы негізгі пән ретінде философияның ойлау жүйесінің объектісі болған. Сондықтан, ғылымға тарих философиясы деген жаңа термин енген. Оны енгізген 1694-1778 жылдары өмір сүрген Вольтер болды. Кейіннен бұл термин историософия деген атқа ие болды. Оны ғылыми айналымда бірінші рет қолданған неміс философы Гегель болған. Осылайша жеке пән ретінде Вольтердің тарих философиясы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сонымен бірге тарихи оқиғаны тарихи процесс ретінде талдауды ұсынды. Гегель өзінің “Тарих философиясына лекциялар” деген еңбегінде тарих ғылымының тарихнамасын үш топқа бөледі:
Алғашқы тарих. Бұл жерде алғашқы тарихты жазушы авторлардың болған оқиғаларға өздері қатыса отырып, көрген білгендерін қағазға түсіргендігін дәлелдейді. (Геродот, Тацит, Фукидит т. б. )
Рефлективті тарих. Бұл салада уақыт пен санаспай, керісінше, рух күшіне көбірек көңіл бөлді. Ол жалпы тарих, прагматикалық тарих және сыни тарих талқыланып, тарихи еңбектерді талдауға әрекет жасалды. Яғни, халықтың тарихы, мемлекеттің тарихы және әлемнің тарихы тұтастана бастады. Бірақ бұл топқа көбінесе, діни ағымдар үстемдік етті. (Католицизм)
Тарих философиясы . Бұл топта уақыт өтуіне байланысты тарихи болған оқиғалар тек құбылыс, оқиға, дата ғана емес, сонымен бірге олар философияның заңдылықтары мен категорияларына салына бастады.
Оның мәселелері бүкіл кешеніне байланысты. Әлеуметтік және жекеленген болмысқа тарих та, мәдениетт те, адам болмысы да кіреді. Бұл мәселеде әлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дұрыс жол. Оның мәліметі бойынша адамдардың әлеуметтік және индивидуалды болмысының әртүрлі қырларын бүкіл жеке философиялар тарихи тұрғыда әлеуметтік философия деп аталатын қоғам туралы дүниетанымнан келіп шығады. Пайда болу, қалыптасуы және дамуы философиядан алда тұрған бір ғана аймақ бар. Ол философиялық білім аймағы ТАРИХ ФИЛОСОФИЯсы.
Гегель бойынша сыншыл тарихнамасы жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде қалыптасқан. Бұл философия мен гуманитарлық ой тарихының ғұлама білгірі негіздеген ескертпе болды. Бұл тұрғыда Вольтердің тарихи ғылымға көзқарасын атап өтуге болады. Философиялық білім тарихында ол алғаш рет тарих философиясы, мәдениет және көбінесе прогресс ұғымын айналымға енгізгендігімен белгілі.
Вольтердің пікірінше тарих философиясы ең алдымен Жалпыәлемдік тарихты құру ұмтылысы. Екіншіден, ғалым тарихшылар ойларын сыни тұрғыдан пайымдау. Үшіншіден, заңдар мәселесін, тарихи үрдіс локикасын оның дамуында әсіресе оның болашағында ашу.
Ең алдымен, бұл бағыт дүниетанымдық қвзмет атқаратынын тиянақтайды. Кейінгі атқаратын міндеті, методологиялық функция атқаруында. Диалектика приципі мен синергетика принципі жатады. Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герменевтиканың да ұғыну мен түсіндіру философиясы ретінде маңызы зор.
Төртінші функциясы ол танымдық және эвристикалық қвзметі болып табылады. Бір нәрсені ашуға деген қабілеті бар белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Бесінші функциясы, аксиологиялық атқаратын қызметі мен тәрбиелеуші міндеттері жатады.
Алтыншыдан, болжамдық қызмет те атқарады. Жалпы айтқанда адамдардың әлеуметтік болмысының онтологиясы болып табылады.
Ф-ӘД-001/026
Батыстық тарих фолософиясы қоғамдық өмірдегі жалпы заңдылықтарды адамзат өркениетінің сабақтастығын жоққа шығаруға тырысатын теориялық ілім. Өзінің дамуы барысында ол бірнеше бағытқа бөлінеді. Солардың бірі - биологиялық бағыт. Оған адамзат қоғамының дамуын биологиядан несиеленген ұғымдар арқылы түсіндіруге тырысатын социологиялық ілімдер жатады. Олар негізінен мынандай мектептерден тұрады: 1) органикалық мектеп. Негізін қалаушы ағылшын оқымыстысы Спенсер (1820-1903) . Бұл ілім қоғамды биологиялық организм ретінде қарастырады. 2) Әлеуметтік дарвинизм. Бұл мектептің өкілдері Дарвин ашқан заңдылықтарды олардың биологиялық дамуға тән екендігіне қарамастан, қоғамға әкеліп телитіндер. 3) Нәсілшілдік. Бұл - тарих философиясындағы биологиялық бағытқа жататын ең жексұрын ілімдердің бірі. Өйткені, ол отарлау саясатын, бір нәсілді бір нәсілдің қанауын биологиялық заңдылық ретінде көрсетуге тырысады.
Тарих философиясындағы екінші бағыт - географиялық бағыт. Оның негізін қалаушы француз ойшылы Монтескье (1689-1755) әр елдің ескін-келбетін, психологиялық ерекшеліктерін, салт-сана дәстүрлерін географиялық факторлардан тікелей әкеліп шығарады. Мысалы, ауа райына, жер бедеріне, территория көлеміне қарай әр халықтың мінез-құлқы әрқалай болады. Айталық, оңтүстікті мекендеген халықтар жалқау, марғау әрі жатыпатар қу болып келсе, солтүстік немесе орта белдеуде мекендеген халықтар іскер, адал және әділетті болып келеді, - дейді Монтескье. Өз заманында бұл теория өзінің аңғалдық сипатына қарамастан, алпауыттық идеологияға қарсы бағытталған болатын. Кейіннен геополитика (жер саясаты) оны өз қарауына айналдырып, отарлау саясатын ақтауға пайдаланады. Буржуазиялық тарих философиясындағы үшінші бағыт - психологиялық бағыт. Қазіргі буржуазиялық социология қоғамдық өмірде психикалық құбылыстарға шешуші мән береді. Әлеуметтік мәселелер жеке адамдар мен топтардың психикасын зерттеу ісінің көлеңкесінде қалып қояды. Тарих философиясының психологиялық бағыты өзінің ашықтан ашық идеалистік сипатын жасырмайды, қайта материализмге белсене қарсы шығады.
Қорыта айтқанда, тарих философиясы қазіргі кездегі буржуазиялық әлеуметтанудың жалпы негізі болып табылады. Ол тарихи материализмнің оппоненті іспетті. Буржуазиялық социологияның екінші тобына жататын капиталистік қоғамды зерттеу және оның даму заңдылықтарын ашуға тырысатын ілімдердің түпкі мақсаты капитализмнің, жеке меншіктің мәңгілік екендігін дәріптеу, олардың “өміршеңдігі мен табиғилығын” дәлелдеу болып табылады.
Бұл орайда олар зерттеудің құрылымдық-функционалдық тәсілін кеңінен пайдалануға көшті. Буржуазиялық қоғамда “біркелкі өндірістік қоғам”, “өндірістік сатыдан кейінгі қоғам” екі әлеуметтік жүйенің өзара кірігуі (конвергенция), стратификация теориясы т. б. ілімдер “технологиялық детерминизм” деген жалпы атауға ие болған-ды. Бұл ілімдердің барлығы да өндіргіш күштердің, техниканың маңызын әсірелей дәріптеп, ал өндірістік қатынастарды есепке мүлде алмайды. Аталмыш көзқарас, әсіресе, американдық экономист әрі социолог У. Ростоудың ілімінен айқын көрінеді. Өзінің “Экономикалық өсудің сатылары. Антикоммунистік манифест” деген кітабында ол ғылыми-техникалық революцияның рөлін әсірелей дәріптеп, оның қазіргі тарихтың қозғаушы күші ретінде қарастырады. Ал өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің ара-қатынасын әдейі бұрмалап, өңін айналдыру Ростоуға “меншіктің түрін”, “тап күресі”, “қоғамдық-экономикалық формация” ұғымдарын көпе-көрнеу тәрк етуге мүмкіндік жасалды.
Көптеген философия тарихшылары К. Марксті де (1818-1883) гегельдік философияны жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диалектикалық үдеріс ретіндегі әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды. Егер Гегель тарихта мәдени-тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Ф-ӘД-001/026
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынасы жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау механизмін ашуында ғана емес, бөлектенудің экономикалық формаларын да айқындауында еді. Л. Фейербахтың діни бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып, Маркс оны капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады. Маркстің пікірінше, капитализм жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық бөлектену болып табылады. Бөлектенудің бұл формасын тек революциялар мен онан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар арқылы ғана алып тастауға болады. Нәтижесінде, заттану мен бөлектену алынып тасталған соң, әрбір адам өзін еркін, саналы және шығармашылық қалыпқа айналдырады. Адам өзін өз өмірқамының субъектісі ретінде саналы түрде сезініп, белсенділігі артады, өзін толық көрсетуге қабілеті ұлғаяды. Жаңа әлеуметтік және экономикалық жағдайларда социум және адам “рационалды білімді және рационалды басқарылатын адамға” айналады.
Маркстік философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғым ретінде негіздеуінде. Еңбек арқасында және нәтижесінде адамдар ойлауға, тануға қабілетті болады, ал таным үдерісінің өзі белсенді шығармашылыққа айналады.
Маркстің еңбек адам санасы қалыптасуы мен дамуының материалдық негізі деген, сондай-ақ адамзат қоғамы дамуындағы экономиканың басымдылығы туралы идеялары Ф. Энгельстің (1820-1895) “Маймылдың адамға айналу үдерісіндегі еңбектің рөлі”, “Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі” (1884) деген еңбектерінде жалғасын тапты. Энгельс өзінің осы соңғы еңбегінде қоғамдағы отбасы мен әйел статусының меншік формалары мен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Энгельс отбасы мен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргиналдануының күшейгенін жан-жақты ашып береді. Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рөлдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікірталас қалыптасуына ықпал етіп, әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісі мен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтереді.
Энгельстің ойы бойынша диалектика оның қандай екендігіне (онтология), қалай ол танылатындығына және санада бейнелену формасына (таным теориясы мен диалектикалық логика) қарай даму туралы ілім болып табылады. Диалектика философияның үш бөлімінің тұтастығы болып табылады: онтология, гносеология және диалектикалық логика. Диалектикалық логиканың өзі дамушы теориялық ойлау заңдары туралы ілім. Ал теориялық ойлау адамның практикалық әрекетін идеалды шығармашылық және сыни тұрғыда қайта қалпына келтіру болып табылады. Осылай адам практика жүзінде “нені” және “қалай” өндіретінін білуге қабілетті. Қозғаушы күштерге, негіздерге, шарттарға теориялық талдау жасау негізінде және практикалық әрекет арқылы әлемді түбірлі өзгертуге болады. Осылайша табиғатты, қоғам мен ойлауды теориялық философиялық талдау Энгельсті адамзат қауымдастығы өміріндегі экономика басым рөл атқарады деген ойға әкеледі, ал сана мен оның мазмұнына талдау жасау алғаш рет адамзат әрекетінің заттанған формаларын игеру арқылы жүргізіледі.
Егер Маркс қоғамда әлеуметтік қайта құру жолымен адам санасын өзгертіп, “әлеуметтік психоаналитик” (Э. Формм) ретінде көрінсе, ал Энгельс табиғат пен қоғам философиясын белсенді-шығармашылық және теориялық ойлаудың материалдық негізі ретінде дәлелдеуге тырысты. Бұл теориялық ойлау өзінің материалдық-табиғи негіздерін ішкі логикамен ұғынған жағдайда әлеуметтік қайта құрылымдар жасауға қабілетті. Сонымен, К. Маркс пен Ф. Энгельстің қоғам, табиғат және теориялық оайлау заңдылықтарын ашуы, қоғамдық даму барысында экономика басымдылығын түсіндіру, индивид санасының заттай практикалық әрекетке тікелей бағыныштылығын дәлелдеуі және тағы басқа идеялары батыстық әлемнің көптеген ойшылдарына жақтаушылық жағынан болсын, даттаушылық жағынан болсын, өзінің теориялық-идеялық ықпалын тигізді.
Тақырыпты қарастыратын сұрақтар
- Гегельдің тотальды тарих мәселесін талдауы туралы
- Тарих философиясының терминге енуі
- Гегель тарихнамасындағы үш негізгі бағыт туралы.
- Ағашқы тарих ұғымының мәні
- Рефлективті тарих ұғымының мәні
- Тарих философиясындағы биологиялық бағыт
- Тарих философиясындағы - географиялық бағыт.
- Маркстік түниетанымның қалыптасуы
- Ф. Энгельс диалектикалық логикасы.
3. Тарихи үрдістің категориялары және оның сипаты
Жоспары
3. 1. Тарихи теория - тарихи үрдіс теориясы
3. 2. Категориялары: қоғамдық-экономикалық формация, өркениет категорияларының тарих пен
әлеуметтану ғылымында атқаратын міндеттері
3. 3. Тарихи заңдылық. Альтернативалық көзқарастар
3. 4. Тарихи білімдерді жинақтаудың сабақтастығы.
Тарихи оқиға, тарихи құбылыс
Мақсаты: Сабақтың негізгі мақсаты студенттерге тарих ғылымының методологиясында тарихи теориясына және тарихи үрдісі туралы түсінік беру. Тарих ғылымындағы ұғымдық категорияларына жаңаша көзқарастық негізде ұғындыру.
Тарих ғылымының методологиясында барлық аспектіде негізгі категориялық аппарат ретінде категориялар маңызды мәселе ретінде талқыланады. Олардың даму эволюциясы өте зор маңызға ие Себебі категориялар көптеген методологиялық бағдарламаларда көзқарастық және құндылықтық мазмұндарға ие.
Тарихи категориялардың табиғаты мен болмысы ұзақ тарихи уақыт пен процестер негізінде дамып отырды. Олардың қатарында тарих ғылымында дәстүрлі негізде үнемі кездесіп отыратын мәні, құбылыс, кездейсоқтық, қажеттілік деген сияқты категориялар қолданылады.
Тарих ғылымының методологиясында ұзақ уақытты қамтитын француздық £Анналдар” мектебі де ұзақ уақытта қалыптасқан тарихи мектеп. Іздену барысында мәселенің күнделікті адам өміріне қатысты тұстары да қамтыла бастады. Яғни, дүниежүзідік тарихтағы сызықтық зерттеуге қарама-қарсы тотальдық тарих қалыптасты. Мұны тарихқа енгізген М. Вебер болған Ол идеальды тип терминін қалыптастырды.
Жалпы алғанда ХХ ғасырдың соңынан бастап тарихта методологиялық негізделген жаңа категориялар пайда болды: Ең алдымен МЕНТАЛЬДЫЛЫҚ ұғымы. Ментальдылық Анналдар мектебінде ресми ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап енгізілген категория. Негізінен құрылымдық әдістерде (Леви-Стросс), этнология мен антропологияда (К. Гиртц) және иконграфия салаларында пайданылды. Ментальдылық адамның әлеуметтік өмірімен тікелей байланысты. Ментальдылық тарих ғылымының жаңа бағыты тарихи антропологияның базистік категориясы болып қалыптасты. Антропологизм аптропологияның негізгі мазмұнын ашушы катергория. Осы негізде зерттеушілер методологиялық негізде адамды-£тарихтың агенті” деп атай бастады. Тарих ғылымын антропологизациялау зерттеу ауқымын адамдардың сыртқы түрлеріне ғана емес сонымен бірге ішкі рухани дүниесіне үңілуден де іздей бастады (көріпкелділік, орта ғасырлардағы түрлі діни ұстанымдар т. б. ) .
Тарихты жан-жақты зерттеу барысы негізгі категория болып келген уақыт пен кеңістік категориясына да жаңа құндылықтық негіздер берді. Күнделікті өмірге жаңа көзқарастармен
Ф-ӘД-001/026
жақындаса түсті. Жеке адамның объективті өмірін сыртқы детерминациямен толықтыруға әрекеттер жасалуда.
Жекелеген адамдарды жан-жақты зерттеу әлеуметтік қоғамдағы орындарына ерекше көңіл бөліп бірте-бірте ерлер мен әйел адамдардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты тарихқа гендерлік категориясы келді. Бұл терминді тарихтағы ғылыми категория ретінде тап, топтармен қатар қоюды ұсынған Дж. Скотт болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz