Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері



1. Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, ат.қаратын қызметтері.
2. Мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері
3. Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық тәсілдерімен қызмет нысандары
Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италияндық ойшын Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «республика», «корольдық», «қалалық қауым», «княздық», «жер», «патшалық», «ел», «басқару», «өктемдік», «үстемдік», «ат төбеліндей билік» деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, механизмінің, атқаратын қызмет-терінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағаңда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәнідегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттеріңің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) жалпы әлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғам-ның экономикалық негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді. Өндірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіңдегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады деп түсіңдіреді.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, ат-қаратын
қызметтері. Құқықтық мемлекет. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет
италияндық ойшын Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін
мемлекет деген ұғымның орнына республика, корольдық, қалалық қауым,
княздық, жер, патшалық, ел, басқару, өктемдік, үстемдік, ат
төбеліндей билік деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің,
нысандарының, механизмінің, атқаратын қызмет-терінің мазмұны да сондай
болады. Демек, осы тұрғыдан қарағаңда мемлекетті оқып білуді оның мәнін
ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәнідегеніміз оның
табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын
барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттеріңің
жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық
(маркстік-лениндік) жалпы әлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғам-ның
экономикалық негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады
дейді. Өндірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын
таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-
ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіңдегі мәнін аша отырып, таптық
қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен
марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде
пайда болады деп түсіңдіреді. Адамзат қоғамыңдағы алғашқы таптық мемлекет
ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды.
Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға — құл иеленушілер мен
құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз бір
таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жургізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адам-зат қоғамына
ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол ха-лықтың барлық топтарының
мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамай бірдей қорғау керек деген
пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі танда мемлекет дегеніміз —
егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппа-раттың көмегімен елді
басқаруды іске асыратын, зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқығы
бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түрпішіні деп айтуға
болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгі-лерінің
жиынтығынан тұратын мозмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси
партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін
өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының
болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралык) билік,
мемлекеттің егемеңдігі (тәуелсіздік), құқық пен зандардың барлығы, салық
пен салықтық жүйенің болуы жатады.
а. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған
аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырлан-дырылады және осы
аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі та-ралып іске асырылады. Тек елшілік
аясыңда немесе басқа да ха-лықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде
болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
ә. Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің
болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан
оның аумағыңда тұратын еддің, адам-дардың барлығына бірдей таратылады.
Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету
аппарат-тары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер
бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен
мемлекеттік билікті іске асырады.
б. Халықаралық құқық теорияеына сәйкес мемлекеттің ең негізгі
белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын хал-қының болуы.
Мемлекеттік билік өзінің аумағыңда тұратын адам-дардың арасындағы қоғамдық
қатынастарды кұқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық
нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық ңормативтік актілер
халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға
және іске асырылуға тиіс.
в. Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі.
Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық
тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемеңдігін үш жақта қарастыруға болады:
біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтың бірде-бір
мемлекеттік билік болыл табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет
органдарының бірыңғай жүйесін кұрайтың мемлекеттік биліктің тұтастығы;
үшіншіден, мемле-кеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар
биліктің тәуелсіздігі.
г. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заң-дардың
болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байла-нысы. Кез қелген
мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді
қабыддау арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап
бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін зандастыруға
көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін қажет.
д. Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен
салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлем-ақылар — мемлекеттік
аппаратты, қызмекерлерді ұстауға, қоғам-ның басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жұмсалатын мем-лекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын,
халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік
аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Қазіргі замандағы мемлекеттер бір-бірінен мемлекеттік биліктің қалай
ұйымдастырылуына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттік биліктің қалыптасу,
бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп
аталады. Кез келген мемлекет өзінің басқару, әкімшілік-құрылымдық және
саяси тәртіптері белгілері бойынша үш нысанға бөлінеді.
Мемлекеттің негізгі міндеттерін тиімді орындау қабілеттілігі көп
жағдайда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы оргаңдарының ұйымдастырылуына,
құрылымына, қалыптасу тәсілдеріне бай-ланысты болады. Мемлекеттің жоғарғы
оргаңдарының жұмысын, қалыптасуын, өзара қызметтерін, міндеттерін,
құзырларын ұйымдастыру, бөлу теориялық қана емес, практикалық маңызға ие
болады. Себебі, мемлекеттік билік бір адамның не белгілі бір топтың қолына
шоғырлануы, керісінше әр түрлі мемлекеттік органдардың арасында бөлініп
атқарылуы мүмкін. Аталған жай-лардың барлығы мемлекетті басқару нысанына
байланысты бо-лады. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз — мемлекеттік
биліктің жоғарғы оргаңдарыңың құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік.
сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске
асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық және
республикалық болып екі түрге бөлінеді. Моңархия дегеніміз елдегі жоғарғы
мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін әмір бойғы, дара билеудің
нысаны. Монархиялың мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік,
конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Абсолюттік
монархияда мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі сияқты үш тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады
және соның тікелей араласуымен, қадағалауымен, бақылауымен, келісімімен,
рұқсатымен іске асырылады. Сонымен абсолюттік монархияның темендегідей
белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік
биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монархтың билігін
шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; ішкі және сыртқы саясатты
монарх өзі тағайындайтын министрлер арқылы іске асырады; мемлекетті
басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан
жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы.
Бүгінгі таңда абсолюттік монархт негізінен біршама Шығыс елдерінде
бар. Мысалы олардың қатарына Оман сұлтандығын, біршама өзгерген түрде
Бахрейн, Катар, Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары
мемлекеттерінде сақталған.
Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі
конституциямен не парламенттің іс-әрекетімен шектелген.
Республика монархиялық басқарумен қатар пайда болып да-мыған.
Республиканың алғашқы белгілері б.з.б. ІV-ІІІ мың жыл-дықтарда Ежелгі
Месопотамияның қала-мемлекеттерінде қалып-тасқан. Республика мемлекеттік
биліктің жоғарғы органдары ха-лықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір
мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару
нысанының негізгі белгілері төмендегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік
биліктің ең жоғарғы органдарын халықтың сайлай-тындығы; мемлекеттегі
органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге
сайлануы; мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың
атынан сөйлеу, әрекет жасау құқығына ие болады және осы тұрғыдан қарағанда
мемлекеттік биліктің көзі халық деп мойыңдалады; мемлекеттік биліктің заң
шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлініп іске
асырылуы.
Республиканың президенттік, парламенттік және аралас бас-қару сияқты
түрлері болады. Президенттік басқару тарихта бірінші рет 1787 жылғы
Конституция бойынша АҚШ-та енгізілді. Президенттік республиканың негізгі
белгілері: Мемлекеттің басшы-сы Презиленттін бүкіл халықтың дауыс беру
тәсілі арқылы сай-лануы; Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы
биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі,
атқару билігі және сот билігі сияқты үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі;
аталған мемлекеттік биліктің тармақтары және мемлеқеттік биліеті атқарушы
органдардың арасындағы қарым-қатынас тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мен
қағидасына негізделіп реттеледі; Үкіметті Парламенттің келісімімен
Президент қалыптастыратыңдықтан ол Президент алдында жауапты.
Парламенттік басқару барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Мемлекеттік органдардың жіктелуі. Мемлекеттік органдардың түсінігі
Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
Қаржы және қаржы жүйесі
Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері туралы
Биліктің бөлінуі қағидасы
Пәндер