Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 5-8
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерістерінің пси психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері . . .
3: 9-26
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерісін ойын арқылы дамытудың негіздері . . .
3: 26-37
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
3:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктері . . .
3: 38-46
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектеп жасына дейінгі баланы танымдық әрекетін ойын арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері . . .
3: 47-62
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 65-66
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 67-69
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 70-79

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Атана, 2007 жылдың 27 шілдесі.

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы. Астана, 2014 жылдың 17 қаңтары.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Ойын - балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі.

Ойын іс-әрекеті - негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балаларіс-әрекетінің басты түрі.

Дидактикалық ойын - оқитын жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді имитациялық модельдеудегі белсенді оқу іс-әрекеті. Дидактикалық ойын кезеңдері: дербес сабаққа даярлану; басты міндетті қою; объектінің имитациялык моделін таңдау; оның негізінде міндетті шешу, тексеру, коррекция; қабылданған шешімді іске асыру; оның нәтижесін талдау; алған нәтижені талдау және бар тәжірибемен синтездеу; тұйық технологиялық циклмен кері байланыс.

Танымдық ойындар /дидактикалық/ - шындықты моделдейтін арнайы құрылған жағдайлар, оқушыларға олардан шығу жолын табу ұсынылады. Бұған артылған негізгі міндет - танымдық үдерісті ынталандыру. Ондай ситмулдарды оқушылар ойында алады, себебі онда ол шындықты белсенді өзгертуші ролінде болады. Ойынның түрлері - математикалық, лингвистикалық, ойын-саяхат, электрондық викторина түріндегі ойындар т. б.

Танымдық ойындар мәні - балалардың өзара шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ституациялардың құрылуында.

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.

Егеменді елдің жас ұрпақты тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасында [1] .

Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр.

Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы әр жақтылығымен және қарқындылығымен ерекшеленеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала дамуының түрлі бағыттарында маңызды өзгерістер орын алады - іс-әрекет түрлері жетіледі, тұлға дамуында өзгерістер байқалып, танымдық іс-әрекет мазмұны тереңдей түседі.

Танымдық қызығушылықтарды қалыптастыруда балалардың жалпы эмоционалдық көңіл-күйіне және олардың белсенділігіне сүйенеді, алайда түрлі әрекетте белсенділік танымдық қызығушылыққа, бала тұлғасының таным үрдісіне және білім мазмұнына деген бағыттылығына айналады. Баланың алғашқы танымдық қызығушылықтары ойын және практикалық іс-әрекетпен байланысты. Әдетте, ойын және практикалық іс-әрекет барысындағы танымдық қызығушылық танып-білуге итермелеуші күш ретінде саналы сезілмейді. Бала не нәрсені танып-білу үшін емес, практикалық іс-әрекетті жасау үшін ойнайды, әрекет жасайды. Оқыту кезінде біртіндеп қызығушылықтар қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі жастың соңында қызығушылықтар саналы сипатқа ие болып, танымдық қызығушылық кейіннен оқу іс-әрекетінің ынталандырушы күшіне айналады [2] .

Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, бала-бақша бөлмелерін ойынға қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі - жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.

М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесімен шұғылданушы адамдарға: «Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару . . . Бұл - бір. Екінші, әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар». Дегенмен, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ұлт тәрбиесін тұтасымен дұрыс деп алға ұстамай, оның ұнамсыз, зиянды жақтарына сын көзбен қарап, жақсысын қолдана білу қажет екенін ескерте келіп, «тәрбие майданында шынығып, ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы тәрбие туралы дұрыс жолға түсу үшін тәрбие пәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек», - деп ескертеді [3, 19-б] .

Ал, А. Байтұрсынов тәрбиешіге: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп, жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» - деп түйіндейді [4, 57-б] .

Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің құралы деп білді. «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, - деп жазды ол, - ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін - оқу, ойын олар үшін - еңбек, ойын олар үшін - тәрбиенің мықты формасы» [5, 240-б] .

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады» [5, 240-б] .

Республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесіне А. К. Меңжанова [6], М. С. Сәтімбекова [7], Ә. С. Әмірова [8], Ф. Н. Жұмабекова [9], Д. Р. Муталиева [10] т. б., ал балалардың даму ерекшеліктеріне Қ. Т. Шериазданова [11], Г. М. Қасымова [12], Ү. И. Ауталипова [13] т. б. ғылыми жүмыстары арналды. Мәселен, педагогтар А. К. Меңжанова мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік тәрбиесін, Ә. С. Әмірова көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, Ф. Жұмабекова бейнелеу өнері және эстетикалық тәрбие беру, М. С. Сәтімбекова балалардың математикалық білімдерін дамыту тұрғысында, Д. Р. Муталиева мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ықпалын қарастырса, психологтар Қ. Т. Шериазданова қарым-қатынас мәселелерін, Г. М. Қасымова мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дамытушы ойындар рөлін қарастырған.

Жалпы психология мен мектепке дейінгі балалар психологиясын зерттеуде психология саласында жұмыс жасаған көптеген авторлар: Абрамова Г. С. [14], Абрамова Г. А. [15], Алдамұратов А. [16], Андреева Г. М. [17], Батаршев А. В. [18], Бадмаев Б. С. [19], Бектенғалиева С. Х. [20], Битянова М. [21], Мухина В. С. [22], Выготский Л. С. [23], т. б.

Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісін талдау балалардың ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру мақсатында мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс мазмұнында балалардың танымдық ерекшеліктеріне сай қолданылмайтынын көрсетті.

Осыған сәйкес жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың ойын әрекетін қалыптастыру әдістемесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың танымдық ерекшеліктері мен балалрдың ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру ерекшеліктерінің практикада аз зерттелгендігі арасында қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамытуды ойын іс-әрекеті барысында қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Балалардың танымдық әрекетін ойын арқылы дамыту» деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекеттерін ойын арқылы дамытуды жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалар.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекеті.

Зерттеудің міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерістерінің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктеріне талдау жасау;

- мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерістерін ойын арқылы дамытудың негіздерін талдау;

- мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктерін айқындау;

- мектеп жасына дейінгі баланы танымдық әрекетін ойын арқылы дамытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу.

Анықталған міндеттерді орындау үшін келесі ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдерісі мен ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырудың жолдары зерттелінді.

Зерттеу жұмысының дерек көздері: философтар, психологтар, педагогтар, әдіскерлердің мектепке дейінгі балалар мәселелері бойынша жарық көрген еңбектер, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасы, «Ойнайық та, ойлайық». Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту бағдарламасы, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.

Зерттеудің эксперименталдық базасы: Түркістан қаласындағы «Әлия» балабақшасы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысының кіріспесінде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми зерттеу әдістері, зерттеу жұмысының дерек көздері баяндалады.

Диплом жұмысының «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде - Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерісінің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктеріне терең талдау жасалған. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерісін ойын арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері сараланған.

Диплом жұмысының «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетін ойын арқылы дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстар» атты екінші бөлімінде - Мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктері жүйеленген. Мектеп жасына дейінгі баланы танымдық әрекетін ойын арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері берілген.

Диплом жұмысының қорытындысында мектепке жасына дейінгі баланы дамытуда ойынды дұрыс ұйымдастыруды жүзеге асыру мақсатында қойылған міндеттердің нәтижелері мен келешекте орындалуға тиісті жұмыстар туралы ұсыныстар берілген.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үдерісінің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері Ж. Пиаже [24], Л. С. Выготский [25], Л. И. Божович [26], В. В. Давыдов [27], Д. Б. Эльконин [28], А. А. Осипова [29] т. б. көптеген психологтар еңбектерінде жан-жақты талданған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы - соңғы кезде балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы нормативтердің өзгеруі.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің карқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ұлпалар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Қаңқаның сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Бала өмірінің бесінші-алтыншы жылдарында үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Осы өзгерістер баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту үдерісінде коғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту үдерісінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескек іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготский қайтып көрсеткеніндей, бұл бағдарламаның жүзеге асуы оның оншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді [25, 156-б] .

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар коғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады [18, 98-б] .

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінің алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының үштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгіленген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің, көбінесе материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тиіс. Мысалы, олар текшелерден үй кұрастырғанда, олардың іс-әрекеттері алдарында қандай (түрі -түсі) текшелер жатқанына тәуелді болады да, алдын ала ойланған жоспарға байланыстылығы сирек кездеседі. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл барлық балалада бірдей бола бермейді [19, 46-б] .

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Онық жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойыының пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыңыра құқық беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп атқаруға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекетгерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының баска мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар ұжымдық сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын қалыптастырып құрдастарына, туа бастаған коллектив пікір қарап бағдар алу әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.

Сонымен егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекет және өзара қарым-катынасымен таныстыруға мүмкіндік немесе шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында пайдалатын түрлі жағдайларда өзін үстап білуге үйретеді. Мұның негізінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалар - осы тобының талаптарына және өзнің жеке-дара қабілет-түріне сай ұхтауға үйренеді. Мінез-құлықты тандау балаларды жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұлататын сондай-ақ тасада қалып койғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды [20, 78-б] .

Мектепке дейінгі шақта балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет үдерісінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz