Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

I.БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ
1.1. Шығындар есебінің мәні мен жіктеудің табиғаты
1.2. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

ІІ.БӨЛІМ. МАҚТА ӨНДІРІСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1. Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының мәні
2.2. Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар мен өндірістер өнімінің өзіндік құнының қалыптасыуын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесі күрт өзгерістерге иеленуде. Салық салынатын табыс анықтамасы - өзіндік құнды құрайтын шығындардың құрамын анықтау да және оны есептеудің біртекті әдістермен байланыстыруды қажет етеді. Шығындардың құрылымына байланысты негізгі оларды заң және нормативтік актілер бойынша бекітеді. Өндірістік салаларының көп болуына байланысты бұл нұсқауларды нақты салаға оның ерекшеліктеріне байланыстырып анықтау қажет .
Кәсіпорынға толық жұмыс еркіндігін беру, ішкі шаруашылық жоспарының негізгісін құрайтын баға өзіндік құнды және табысты жоғарлатудың ролін арттырады . Осының барлығы өндірістегі шығын есебі мен жоспарлау тәртібі туралы қолданып жатқан ережелерді қайта қарауды қажеттілік етеді.
Мен жазған бұл курстық жұмыстың мақсаты: негізгі өндіріс ұғымының түсінігін ашып, оны бағалау, түгендеу ерекшеліктерін талқылау болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Друри К., «Введение в управленческий и производственный учет»,
ЮНИТИ 1997г
2. Скоун Т., «Управленческий учет», ЮНИТИ 1997
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И.
“Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” – Алматы 2002 жыл
4. Ә.Әбдіманапов,
«Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» Алматы 2001ж 5. В.К.Радостовец, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт,
«Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы 2002ж
6. Т.Әбдіхалықов ,«Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж
7. К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы «Экономика» 2001ж
8. Ю.А.Бабаев, «Теория бухгалтерского учета» Москва 2001г
9. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003ж
10. Г.В.Савицкая
«Анализ хозяйственной деятельности» Минск 2000г
11. Н.Г.Волков
«Руководства по бухгалтерскому учету на предприятиях»,Москва 1995г
12. А.Д.Шеремет, М.И.Баканов
«Теория анализа хозяйственной деятельности» ,Москва 1987г
13. И.Т.Балабанов
«Анализ и планирование финансов хозяйствующего
субъекта» Москва 1994г

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
I-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ
1.1. Шығындар есебінің мәні мен жіктеудің табиғаты
1.2. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

ІІ-БӨЛІМ. МАҚТА ӨНДІРІСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1. Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының мәні
2.2. Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар мен
өндірістер өнімінің өзіндік құнының қалыптасыуын айқындайтын экономикалық
қатынастар жүйесі күрт өзгерістерге иеленуде. Салық салынатын табыс
анықтамасы - өзіндік құнды құрайтын шығындардың құрамын анықтау да және оны
есептеудің біртекті әдістермен байланыстыруды қажет етеді. Шығындардың
құрылымына байланысты негізгі оларды заң және нормативтік актілер бойынша
бекітеді. Өндірістік салаларының көп болуына байланысты бұл нұсқауларды
нақты салаға оның ерекшеліктеріне байланыстырып анықтау қажет .
Кәсіпорынға толық жұмыс еркіндігін беру, ішкі шаруашылық жоспарының
негізгісін құрайтын баға өзіндік құнды және табысты жоғарлатудың ролін
арттырады . Осының барлығы өндірістегі шығын есебі мен жоспарлау тәртібі
туралы қолданып жатқан ережелерді қайта қарауды қажеттілік етеді.
Мен жазған бұл курстық жұмыстың мақсаты: негізгі өндіріс
ұғымының түсінігін ашып, оны бағалау, түгендеу ерекшеліктерін талқылау
болып табылады.

I-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ
1.1. Шығындар есебінің мәні мен жіктеудің табиғаты

Біз негізгі өндіріс шығындарын қарастырмас бұрын, ең алдымен шығындардың
өзінің түсінігін анықтап, оларды дұрыстап жіктеп алғанымыз жөн.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды ақтару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз ету керек:
жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу
(калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жоспарлау
үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
• шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар,
учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал
олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
• қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім
топтарын енеді;
• шығындар өнімінің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей - өнімнің
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін
өндірумен байланысты болып; жанама - өнімінің өзіндік құнынан
таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты
болып бөлінеді;
• өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы –
шығарылған өнім көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен
отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің
шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс
ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі
құралдардың амортизациясы);
• шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық
элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы
шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі құралдардың
амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
• өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
• коммерциялық (сатумен байланысты);
• әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал
олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың
сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады (Сызба 1).
Өндірістің өзіндік құны.

Сызба 1

Материалдар Жалақы Жалақыдан аударылған Үстеме шығысы
аудармалар


Өндірістік ктивтер(дайын Өндірістік
Сатылатын Салынатын
өзіндік құнға өнім, аяқтал- өзіндік құнға
өнімнің жұмыстардың,
қосылатын, маған өндіріс қосылатын,
өзіндік қызметтердің
шығындар және т.б.) шығындар
құны өзіндік құны
Өнімді өндірген кезінде Жұмыстарды атқарған, қызметтерді
көрсеткен кезде

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін
шығындар (материалдар, ақша қаражатын және т.б.) немесе міндеттемелердің
өсуіне (көбінесе кредитордық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді
жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі
ретінде одан болашықта табыс алынатынын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі
пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 -
"Үстеме шығындар", 95 - "Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95
бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95
шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм
қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге
асырады. "Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар
негіз болып табылады:
• "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда
шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің
басқа да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар"
бөлімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек
ақы шығыстары (681 - "Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айрысу"
шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа
да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті);
• "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-
жабдықтар амотизациясының сомасы көрсетіледі (13 - "Негізгі құрал-
жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
• "Материалдық емес активтер амортизациясының есебің" кестесін әзірлеу,
онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизациясының сомасы
көрсетіледі (11- "Материалдық емес активтердің амортизациясы"
бөлімшесі шоттарының кредиті);
• "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен
қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен
шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген
қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (920 -"Көмекші өндірістер"
және 940 - "Әлеуметтік сала" шоттарының кредиті).

1.2. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру сызба 2
келтірілген.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькулияция
(есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының
белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық)
карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Сызба 2
Материалдар мен жалақы шығындарын
тарату кестесін әзірлеу,
амортизациясын есептеу (есептеп
шығару), көмекші өндірісінің
көрсеткен қызметін тарату

Өндіріске жұмсалған
шығындарын
көрсететін,
құжаттар

"Цехтар бойынша шығындар" ведомостары (90, 92, 93, 95-
шоттар бөлімшесінің дебеті)

Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы

Экономикалық
элементтер бойынша
өндіріс
шығындарының жинағы
Өндіріске жұмсалған
шығындары туралы есеп беру

Бас кітап Бухгалтерлік баланс және басқа
да есеп берудің нысандары

Карточкала, тандамалық есеп ведомостары (тапсырыс, қайта
жасау, өндіріс сатылары, т.б. бойынша)

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы
құрамына, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және
басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10 – 80 -
бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның
балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90- бөлімшесіне
енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты
қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары
мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі
шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да
болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының
сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның
қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-
қатынастар төмендегі 3 сызбада көрсетілген.

Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясыны арасындағы
өзара қарым-қатынастары

Сызба 3
Кәсіпорының орталық бухгалтериясы

Қаржылық Есепті кезең басында аяқталмаған
Өндірістік
бухгалтериясы өндірістің қалдықтары
(басқарушылық)
(10-80 бөлімше 211-214 – шоттарында есепке
бухгалтериясы
шоттарында аланады
(90 бөлімшесінің
жүргізіледі)
шоттарында
Есепті кезеңде өнімге,
жұмыстарға, жүргізіледі)
көрсетілген қызметтерге
жұмсалған
барлық шығындарды беріледі

Есепті кезеңде
өндірістік өнімді,
атқарылған жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді
береді

Есепті кезеңде өзі өндірген
шалафабрикаттарды өткізу
үшін
береді

Есепті кезеңде өндірісте
пайдаланбаған
материалдарды,
өндініс қалдықтарын,
ақауларды
қайтарады

Есепті кезеңнің соңында 900,
910,
920, 950 – шоттары бойынша
аяқталмаған өндірістің
өзіндікұны
беріледі

Жаңа есепті кезеңнің
басында
211-214 шоттарындағы есепке

алынған аяқталмаған
өндірістің
қалдықтары беріледі

Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті
есептеу үшін 211 - "Негізгі өндіріс", 212 - "Өз өндірісінің
щалафабрикаттары", 213 - "Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа да" шоттары
пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда
бір-екі күндік аяқталмаған өндіріс қалдығы есептелініп, яғни есептік
кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі
(демек, 211-214 шоттары дебеттеліп, 900, 910, 920, 950 шоттары
кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық
бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 900, 910, 920, 950
шоттары дебеттеліп, 211-214 шоттары кредиттеледі).
Сонымен 211-214 шоттары "бір күндік шоттар" болып табалады және оның
қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу
үшін арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі
бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың
мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар
топтастырылады.
"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар
туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген
қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты
өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім
бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға
бөлінеді:
• шығындарға кеткен тікелей материалдар;
• шынғындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
• үстеме шығыстар.
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни,
оның құнына) басқа да шығындармен қатар қосылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді әзірлеуге
тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан
аударылатын аударысдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы
болып табылмайды, ал олар үстеме шығыстарға жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей
шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек
ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі,
жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша
тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:
• өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъектінің есепті
кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу
жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша);
• "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъектінің үстеме шығыстары
жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
• үстеме шығыстарын белгілеген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің
есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші
өндірістерге таратады;
• "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады,
сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі
саласына жатқызылады.

ІІ-БӨЛІМ. МАҚТА ӨНДІРІСІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1. Мақта өндірісдегі негізгі өндіріс шығындарының мәні

ЖШС "Еңбек LTD" мақта зауытында негізгі өндіріс шығындарын есептеу
үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі
мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қортындылау (шолу) үшін 900 -
"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901 - "Материалдар", 902 -
"Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 903- "Еңбек ақыдан аударылатын
аударымдар", 904 - "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында
900 "Негізгі өндіріс" шотына қортындыланады.
Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру төмендегі сызба 4
берілген.

Өндіріске жұмсалған шығындардың есебін ұйымдастыру

Сызба 4

дебет кредит дебет кредит
дебет кредит

Есепті кезеңнің
басындағы аяқталмаған
өндіріс қалдығы

Қоймаға тапсырылған дайын өнім

901 шоты

201-206, 208 Өндіріске өндірістік
950 "Өндірістегі ақау"
шоттарының сипатындағы жұм-
шоты
кредиті салған материалдар,
жұмыстар және Жөнделмейтін ақау
есептен
қызметтер шығарылды

201-206 "Материалдар"
902 шоты
шоты

681 шотының Негізгі өндіріс жұ- Пайдаланбайтын қалдықтар мен
кредиті мысшыларының материалдар қайтарылды
жалақысы

903 шоты

643 шотының Негізгі өндіріс жұ-
кредиті мысшыларының
910 "Өндірістің өзінде

("Әлеуметтік жалақысынан
өзінде өндірілген шала
салық" аударылған әлеу-
шала фабрикаттар" шоты
субшоты) меттік салықтар

904 шоты

Өндірістің өзінде шығарылған
930шотының Негізгі өндіріске шалафабрикаттар
кредиті тиесілі, үстеме
шығыстары

"Транзиттік шоттары" бойынша
шығындардың жиыны

211 "Негізгі өндіріс" шоты
910 шоты- Өндірістің өзінде шы-
ның кредиті ғарылған шалафаб-
рикаттар, өндіріс қа- Есептік кезеңнің
аяғында
жеттілігіне босатылды аяқталмаған өндіріс
қалдығы

920 шоты- Көмекші өндірістің
ның кредиті көрсеткен қызметі

950шоты- Ақаудан болған
ның кредиті жоғалтулар

Өндіріске жұмсалған Есептен шығарылған
шығындардың
шығындардың барлығы барлығы

900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі
төмендегі номеклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар
элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикізаттар мен материалдар - өнімді әзірлеу негізінде
пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер
болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы
жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің
жинайтын, су үшін төлемі және табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге,
барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған
мамандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы
мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары
көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және таплап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сонда-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
өндірістер, калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындардың" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп
регистрларына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процесстерді
қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған
көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған
көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс
нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне
есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы
өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына,
тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі, көмекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар,
шалафабрикаттар, жылудың сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстар-
саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты
тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін
толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа
жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі
шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
• егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-
ақ кеңінен тұтынатын тауарлардың бастапқы құнының төмендетілген
бағасы бойынша;
• қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқы сатуға кетсе, олардың жинау
мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға
белгіленген бағасы бойынша;
• егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды
материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар
немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланбайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды.
Қалдықтарлы пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше
бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қамдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат
пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206 – шоттың дебеті және 900-шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар
мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп
жинақтауға (комплектация жасауға) пайдалынатын шалафабрикаттар мен сатып
алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша
өңдеуге түскендерге кеткен шығындар басқа жақтың кәсіпорындарының
көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметкерлеріне ақы төлеуге жұмсалатын
шығындар сол өнімнің жекешеленген операцияларды орындауға және белгіленген
технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға
дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне
жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен
жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар
және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілілі
элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын
аудармаларға және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынының келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны
үшін қосымша кіре ақысы; субъектінің қоймасына материалдарды жеткізіп беру
мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттік және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс
процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың
шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың сияқты
көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген
отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да
енгізіледі: мартен, домен пештерінде агригаттарды балқыту үшін, металл-
прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін,
бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын
жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да
өндірістік және шаруашылық мұқтаждықтарына жұмсалатын сатып алынған
энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның
электірлік және басқа да түрлерін өңдеуге, сондай-ақ сатып алынған
энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын
шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары
шегіне материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар.
Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты
шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті
элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясында
жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материалдар
ресурстардың құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық
ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда
жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен
бумаларын сатып алуға жұмсалған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп
өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстардың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және
соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып) пайдалынатын
немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіне меншікті өндіріс шалафабрикатының есебі
Үстеме шығыстардың есебі
Түрлер бойынша шығын есебі
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Натрий үшполифосфат
Мақта тазалау кәсіпорындарының басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды жетілдіру
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру (ААҚ «Ақ Алтын» мысалында)
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Пәндер