Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері



Кіріспе
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Инвестицияның мәні,формалары мен
1.2. Түрлері
1.3. Тікелей инвестиция

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Инвестиция есебі туралы түсінік және оның түрлері
2.2. Қаржылық инвестициялар есебі

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯСНЫҢ ОРНЫ.
3.1. Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.
Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым.
Негізгі әдебиеттер
1 Международная экономика, А. Киреев- М.: «Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
2 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
3 Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
4 Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.
5 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, Н.Қ.Мамыров, - А.: «Санат», 1998 жыл, 39-52 беттер.
6 Халықаралық экономикалық қатынастар, Р.Е.Елемесов, - А.: «Қазақ университеті», 2002 жыл, 100-107 беттер.

Қосымша әдебиеттер
1 Инвест Казакстан, 2005 жыл, 1-2 басылым, 70-72 беттер.
2 Инвестиции, Н.Л. Маренков, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г, 5-67 стр.
3 Инвестиционная стратегия, В.А. Чернов, М.: «ЮНИТИ», 2003г, 10-11 стр.
4 Интернет, www.goggle.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. Инвестицияның мәні,формалары мен
1.2. Түрлері

1.3. Тікелей инвестиция

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ

2.1. Инвестиция есебі туралы түсінік және оның түрлері

2.2. Қаржылық инвестициялар есебі

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯСНЫҢ ОРНЫ.
1. Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орналасуы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы
тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда
жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан
қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне
сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен
кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға
тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің
өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын
ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті
ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.

Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды
орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік
кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы
тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік
инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны
шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы
ретінде көрініп отыр.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал
қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден
капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік
берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз
елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен
шикізат өндірісін дамытады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін
дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне
жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей
жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан
да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс
орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал-
жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.

Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне
және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал,
екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы
тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар
негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі
ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін
қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы
бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған
инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда
болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым.

1. Инвестиция туралы түсінік

1.1. Инвестицияның мәні, формалары мен түрлері.

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны
тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс,
ақша және тауар формасындағы барлық жиналған құралдардың запасын білдіреді.
Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және
өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде
инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның
қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол
да инвестициялық қызметпен байланысты.

Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық
жүйе категорияларының бірі.

"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық
анықтамасы бар:

Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс
жүзеге асырылады.

Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі
қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай
ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа
түсінік.

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық
түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді
жұмсалымы.

Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатындағы
капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.

Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам
өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін
қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс
тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты
шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын
түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.

Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.

Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып
алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т.б.

Қаржылық емес инвестиция – ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық
жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және
материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және
т.б.) салу.

Тікелей инвестиция – шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына,
акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында
да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие
болу мақсатында, ақшалай салымдар.

Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі
бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде
технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл
ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға
коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ
құнды қағаздар ретінде келеді.

Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми
зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін
жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та,
Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын
салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей
жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.

Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады,
сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола
алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі – материалдық
өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар -
өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай
айырмашылығы жоқ.

Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде
инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай
құралардың салымымен байланысты операциялар.

Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:

• Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
• Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
• Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар
кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан
жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.

Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша
сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер,
облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т.б.

Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту
бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік
құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.

Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға
және ары қарай дамуына маңызы өте зор.

1.2 Тікелей инвестиция

Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін,
басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде
қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар
түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей
меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор
компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын
орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік
компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және
қарыз бен несие түріндегі ішкі фималық аударулар кіреді.

Шетелдік инвестициялар халықаралық капитал қозғалысының формаларының
ішінде ерекше роль атқарады. Тауар өндірісінің әлемдік нарықтан әлемдік
шаруашылыққа өту барысында тек қана тауар қозғалысы ғана емес, сонымен
бірге өндіріс факторларынын да, әсіресе капиталдың тікелей инвестиция
түріндегі халықаралық қозғалысы пайда болады.

Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті
тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды
орнықтыру да кіреді.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция
дегеніміз – инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның
қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.

Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кенею
кезіндегі капитал қажеттегі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол
экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады.
Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне,
жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы
экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді.
Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына
технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін.

Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық
бизнеске әсер етеді.

Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс
факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар
шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоңарырақ пайда алу
мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында
тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.

Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

• өзі үшін қалыпты нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына
шығудың бастамасы;
• әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты
құру;
• аймақтық және халыаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің
мүддесін қосу;
Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері
болып:

• шет елдегі кәсіпорын, оның ішінде филиалдар мен тәуелді кәсіпорындарды
құру;
• контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
• табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
• елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу болып табылады;
Тікелей инвестициялар әлемдік нарықта халықаралық корпорациялардың
үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық
иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық
бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. П. Х.
Линдерт пікірі бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы
айырмашылық ... ең алдымен бақылау мәселесінде.

Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан
көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы тиімді
дауысын түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік
капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға
болады:

1. шет елде акциялар сатып алу;
2. пайданы қайта инвестициялау;
3. ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану;
Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған:
субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім -
шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей
инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, глобальды
мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді
қажет ететінін мойындауымыз қажет.

Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық
жәйтке көңәл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі
дамыған елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде.
Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге
капитал экспорьына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы
елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен
экономикалық байланысын нығайтады.

Бірақ бастапқы кезеңде капитал экспорты негізінен индустриалды
елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы елдерге бағытталған еді. Мысалға, Англия
мен Франция өз қаржыларын Үндістан, Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да
отарларына салған, АҚШ өз капиталын Латын Америкасына, ал Германия-
Оңтүстік- Батыс Африкаға бағытталды.

ІІ. Инвестициялар есебі

2.1. Инвестиция есебі туралы түсінік және оның түрлері

Инвестициялар есебі деп – өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл
шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық
субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни
капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін
жұмсалынытын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар
ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір
өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта
пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып
келеді.Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік (тәуекелге
бару).Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып,
елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.Осы айтылғандармен қатар инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың
маңызды факторы болып саналады.

Инвестиция есебі көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни
таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі- жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция есебі дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі
белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер,
жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып
табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі
бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген
дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды
қарастырайық.

Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржыны керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа
біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған
салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны
қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай
түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті
дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын
барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы
рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен
технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік- иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші
субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі
уақыттары барысында экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық
экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік
инвесторлардың рөлі мен маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің
еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел
инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп
көрсетуге болады:

1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне
түсетін түсімдерді көбейтеді;

2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол
халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін
арттырады;

3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны
елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;

4. Сырттан келген капитал – елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестіктің
қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.

2.2. Қаржылық инвестициялар есебі

Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық
инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін
қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан
Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе
жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі
нарықтардан пайда болады:

• валюталық нарық;

• құнды қағаздар нарығы;

• несие- капиталы нарығы (ақша нарығы);

• асыл металдар нарығы (алтын нарығы).

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша
осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен
осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты елімізде мыңдаған акционерлік
қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілер, жүздеген сақтандыру
компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығы
потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент,
яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор
ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу,
өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымын
керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал
бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер
мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын
шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын
шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп
аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында
белгілі бір жағдайда борышты болып табылады. Эмитент ретінде кім болғанына
байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік
болып үш түрге бөлінеді.

Мемлекеттік құнды қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және
ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл
түрі Қ.Р. Ұлттық банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып
табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып,
Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға
тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша
қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың
мынадай түрлері бар:

• Ұлттық жинақ облигациялары.

• Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме.

• Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.

Муниципалды құнды қағаздар – бағалы қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады.бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс,
яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер,
жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және
тағы басқалар болып табылады.

Корпоративтік құнды қағаздар - шаруашылық субъектілерінің заң
күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы
қағаздар деп санайды.Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда
акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге
болады:

а) ақшалай;

ә )капиталды.

Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарызға алғандығын
білдіреді.Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады.Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір
рет қана алынады.Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып
келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды құнды қағаздар - шаруашылық субъектісінің қорын құруға
немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.

Қарыздық құнды қағаздар бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт
барысында процентімен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті.Қарыздық бағалы
қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы
қағаздар жатады.

Инвестициялық құнды қағаздар - иемденушіге активтің бір бөлігін
иемденуге құқық береді .Құнды қағаздардың бүл түріне акцияны жатқызуға
болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық
болып екіге бөлінеді.

Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп
мөлшерде эмиссияланады.Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және
облигациялар жатады.

Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда
операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар
нарықты және нарықты емес болып екі түрге бөлінеді.

Нарықты құнды қағаздар – айналыста еркін сатылып немесе сатып
алынады.

Нарықты емес құнды қағаздар – қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни
олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар:

• негізгі (акция,облигация);

• көмекші(чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);

• туынды( варанттар, опциондар, бондар, т.б.) болып үш топқа бөлінеді.

Акция дегеніміз – акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субъектісін
дамытуға қаржы салғаны туралы күәләндыратын және иесіне акционерлік
қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды
қағаз болып табылады.Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла
береді.Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар,
жәй және артықшылығы бар деп аталатын түрлерге бөлінеді.

Жәй акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді.Бір акция
осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты
мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады.Жәй акциялар үшін
дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан
кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін
ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе
де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни
белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады.Сонымен қатар артықшылығы бар
акциялар шаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу
немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа
ие болып табылады.

Атаулы акциялар дагеніміз – олардың иелері міндетті түрде шаруашылық
субъектісінің реестірінде тіркеуге тиісті акциялар болып табылады.Бұл
ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған
уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана
акционерлер болып саналады.атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып
алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз
иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат
алады.Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында
екі тараптың да қолдары қойылған табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы
қажет.Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер
енгізу үшін шаруашылық субъектісіне жөнелтіледі.Осыдан кейін барып акцияның
жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен
мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді.Шаруашылық субъектісі,
әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді.Акциялардың
бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық
субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола
алады.Ұсынбалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
Жергілікті инвестиция есебі
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын бағалау
Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу
Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау
Пәндер