Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету туралы


Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 336:316. 334. 22 (574) Қолжазба құқығында
ИСАХОВА ПАРИДА БАКИРОВНА
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
08. 00. 10 - «Қаржы, ақша айналысы және несие»
Экономика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін
Ғылыми кеңесші
э. ғ. д., профессор Интыкбаева С. Ж.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҮРДІСТЕРІ . . . 11
- Халықты әлеуметтік қорғау -қаржы категориясы ретінде . . . 11
- Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы . . . 27
- Әлеуметттік жеңілдік берудің қаржылық аспектілері . . . 40
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАРЖЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ . . . 51
2. 1 Қазақстандағы қазіргі жағдайдағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету ерекшеліктері . . . 51
2. 2 Халықты әлеуметтік қорғауға арналған бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен қолдануы . . . 63
2. 3 Өңірлердің халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етуіндегі кеңістік дифференцияларын телитін бюджет тұтқаларын жетілдіру . . . 78
2. 4 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі шет ел тәжірибесі . . . 93
3 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС КӨЗДЕРІ . . . 109
3. 1 Әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі мен ұйымдастыру нысандары - халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі негізгі элемент ретінде . . . 109
3. 2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры: қалыптастыру мәселелері мен даму перспективалары . . . 129
3. 3 Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орны . . . 142
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 159
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 162
ҚЫСҚАРТУЛАР
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖІӨ -жалпы ішкі өнім
АӘК - атаулы әлеуметтік көмек
ЕТКД -ең төменгі күнкөріс деңгейі
ЗТМО -зейнетақы төлемдерін меңгеру орталығы
ӘТК - халық табысындағы әлеуметтік төлемдердің үлес салмағы
ӘЖА - Әлеуметтік жәрдемақылар алушылар саны
МҚО - Микроқаржыландыру орталығы
МНҰ - Микрокредиттеу ұйымдары
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БҰҰДБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
ТҰК - Трансұлттық корпорация
АҚҚҚ - Ауыл шаруашылық қаржылық қоры
ШОБ - Шағын орта бизнес
ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы
ӘКК - Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация
МҚҰ - Микроқаржыландыру ұйымдары
ОҚАД - Отбасы қаржыларының автономиялық деңгейі
ОАЖД - Отбасыларының қаржылық жағдайының абсолюттік деңгейі
ШКДҚ -Шағын кәсіпорындарды дамыту қоры
ӘТҚ - Әлеуметтік төлемдер қоры
ӘҚЖТ - Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі
БАҚ - Бұқаралық ақпараттар құралдары
МЗТО - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
ЭДК - Экономикалық даму корпорациясы
АДА - Аймақтық даму агенттіктері
ҚБҚ - Корпорациялық басқару құрылымы
ТШЕ - Тікелей шет ел инвестициялары
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ҚҚС - Қосылған құн салығы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген.
Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.
Жаңадан қалыптасқан үш сатылы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді халықтың еңбекке ынталылығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін әлеуметтік сектордың нәтижелілігін бағалайтын арнаулы критерийлер жеткілікті зерттелінбеген.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға, диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындауға жағдай жасады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, қаржылық институттардың тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы көптеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды пайдалануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың С. Бриттан, Д. Норта, Л. Столерю, Ф. Хайек, И. Шумпетер Л. Эрхард сынды ғалымдарын жатқызуға болады.
ТМД елдерінде әлеуметтік қорғаудың қаржылық аспектілерін әр түрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Әлеуметтік мемлекет құру, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі пікірлерді А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.
Әлеуметтік саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі-экономист ғалымдар О. Баймұратов, А. Зейнельгабдин, Ө. Есқараев, Қ. Ильясов, Ж. Ихданов, С. Интыкбаева, Ұ. Искаков, В. Мельников., Н. Нурланова, Қ. Оқаев, Г. Осипова, Г. Сансызбаева, Н. Хамитов, Б. Чумаченко және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденістері мен зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әр түрлі тұстарын қарастырып, олардың практикада қолданыс табуына өз үлестерін қосты. Соған қарамастан, рынок талаптарына сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын кемелдендіруді және әлеуметтік тәуекелдердің залалдарын жабудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жаңа институттар мен құрылымдарды дамыту аясында әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің кейбір аспектілері одан әрі зерттеулерді талап етеді.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тиімділігін ғылыми тұрғыдан, оны реформалауда жүргізілетін шараларды зерттеген ғылыми жұмыстар жеткіліксіз.
Сондықтан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуын теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;
- әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеу;
- халықты әлеуметтік қорғау шығындарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау;
- мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;
- әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру;
-микроқаржыландыру мен микронесиелеудің халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орнын анықтау;
-корпоративтік деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;
- әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдалану бағыттарын зерттеу;
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттары мен қаржы ресурстары.
Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен оларды пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастар жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік шығындарды қаржыландыру мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Зерттеудің әдістемелік негізіне халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді зерттеу мәселелерін ашып көрсету мүмкіндігі, өзара байланыстары мен өзара шарттасу диалектикалық қағидаттары алынды.
Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, интернеттің Web- сайтында орналасқан кәсіпорындардың, ірі ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық көрсеткіштері мен іскерлік ақпараттары пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыста статистикалық топтау, салыстыру, сараптаушылық бағалау, талдау және синтез, экономикалық талдау, болжау сияқты экономикалық - статистикалық әдістер қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығына Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негізін зерттеу, қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеу жатады.
Диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы жөніндегі автордың жеке ұстанымы берілді;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет қаражаттарын пайдаланудың нәтижелілігін бағалайтын критерийлер ұсынылды;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қалыптасуы мен қаржыларын басқарудың әдістемелігі, сақтандыру жарналары тарифтерінің саясаты зерттелініп, міндетті сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалайтын интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштерді енгізу ұсынылды;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының өсу серпініне, әлеуметтік төлемақылардың көлеміне әсер ететін факторларды анықтайтын экономикалық-математикалық модель ұсынылды;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының рөлі талданып, олардың табыстылығын жоғарылататын әдістемеліктер ұсынылды, ерікті зейнетақыны сақтандыруды дамыту жөніндегі автордың жекеше ұстанымы берілді;
- әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ететін ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесін қолдану туралы автордың жеке ұсыныстары әзірленді;
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті нығайту жолдары қарастырылды;
- әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны анықталып, өңірлік даму институттарының елімізде енгізілген моделіне талдау жасалынды, соның негізінде артықшылықтары мен осал тұстары сарапталып, баға берілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың тиімділігін анықтайтын критерийлер;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалау және тарифтік саясатын жетілдіру әдістемесі;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын жоғарылату тетігі;
- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тиімділігін анықтайтын қаржылық-экономикалық индикаторлар;
- ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың автор ұсынған жаңа әдістемесі;
- әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржылық ресурстарының тиімділігі.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы :
Жүргізілген зерттеу нәтижелері:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қосымша көздерін тартуға;
- интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштер арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалауға;
- әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру институттарын дамытудың басым бағыттарын анықтауға;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын арттыруға;
- азаматтарды әлеуметтік қорғаудың барлық әдістері мен түрлерін есепке алатын, ай сайынғы ақша төлемінің мөлшерін көрсететін әлеуметтік төлемдердің біртұтас реестрін енгізу туралы ұсыныс жасауға;
-корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға;
- әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржы ресурстарының тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Осы нәтижелердің практикада жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айналуына, әлеуметтік саланың дамуына, халықты әлеуметтік қорғау қаржы институттарының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін іске асыру. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды және мерзімді басылымдарда жалпы көлемі 44, 59б. т. 40 ғылыми мақала жарияланды.
Автор «Сорос-Қазақстан» қорының «Жергілікті өзін-өзі басқару»бағдарламасының қаржылық қолдауымен «Алматы қаласы бюджетінің әлеуметтік сферадағы мөлдірлігіне қол жеткізу» деп аталатын жобасында сарапшы-кеңесші ретінде Алматы қаласы бюджетінің әлеуметтік сфераға арналған шығындарының нәтижелігіне талдау жасап, талдамалық құжаттар әзірледі.
Зерттеу жұмысының нәтижелері ғылыми- практикалық конференцияларда баяндалып, мақалалар жарияланды. Автордың жеке ұсыныстары мен маңызды пікірлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және әлеуметтік департаментінде, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінде, Павлодар облысы бойынша салық комитетінің жұмыстарында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының «Қазақстандағы кедейлік деңгейін төмендету: нәтижелері мен келешектегі сабақтары» жобасына енгізіліп, практикалық қолдау тапты.
Ізденушінің ғылыми ұсыныстарын халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын дайындауда, оларды жүзеге асыруда назарға алынып, тәжірибелік сипатта қолданылуына негіз бар.
Жұмыстың негізгі ережелерін сынақтан өткізу . Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық, жоғары оқу орындарында өткізілген ғылыми конференцияларда, соның ішінде «Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизации» халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда (Алматы, 2005), «Рыночные отношения и интеграция в мировое пространство» (Алматы, 2002), «Екінші Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (2007), «Национальная экономика в условиях глобализации» халықаралық ғылыми симпозиумда (Алматы, 2005) баяндалды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы.
Диссертацияның тақырыбы бойынша 1 жеке монография, 2 оқу құралы, 38 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі- 44, 59 баспа табақты құрады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 50 кесте, 26 суреттен тұрады
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҮРДІСТЕРІ
1. 1 Халықты әлеуметтік қорғау - қаржы категориясы ретінде
“Әлеуметтік қорғау“ түсінігі отандық әдебиетте 90 жылдардың басында пайда болды. Бастапқыда бұл түсініктің мағынасы халықтың кейбір санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету деп танылды. “Әлеуметтік қорғау“ түсінігі көбінесе саясаттық мақсатта қолданылып, қоғамдағы нақты мемлекеттің қабылдаған әлеуметтік-экономикалық шешімдеріне сай келмеді. Шет ел сөзінің “social security” аударымы әлеуметтік қорғау емес, әлеуметтік қауіпсіздік деп анықталады.
1980-1990 жылдар аралығында “әлеуметтік қорғау“ түсінігі “әлеуметтік сақтандыру” мен “әлеуметтік қамсыздандыру“ түсінігі ретіне қарастырылып, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің зиянды зардабынан қорғау шаралары деп анықталған. Дегенмен, 90-жылдары бұл түсініктің мағынасы одан әрі қарай дамытылып, оның маңызы өмір деңгейі мен сапасын бір қалыпты ұстау саясатының әдістері мен түрлері деп танылды.
Ресей профессоры М. Г. Назаров «әлеуметтік қорғау әлеуметтік топтарға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік кепілдіктердің заң жүзінде бекітілген тәртібі, әдістері, нысандары деген анықтама берген[2] .
Қазіргі жағдайда “әлеуметтік қорғау“ категориясының мазмұны әлі де түсініксіз болып тұр. Бұл мәселеге арналған әдебиеттерде кейбір авторлар әлеуметтік қорғау деп мұқтаж топтарды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет деп қарастырса, басқалары адамның арнайы өмір деңгейін қамтамасыз ететін кепілдік жүйесі деп атайды. Үшіншілері-өз азаматтарына материалдық көмек ретінде қоғамның қолданатын нысандары мен әдістерінің жиынтығы деп қарастырады. Өте жиі кездесетін түсінікің бірі “әлеуметтік қорғау“ категория ретінде халықты әлеуметтік қорғаудың нысандарын, мазмұнын, жиынтығын топтастырады.
Әлеуметтік саясатпен айналысатын көптеген авторлар “әлеуметтік қорғау“ категориясына түсінік бермей “әлеуметтік қамсыздандыру” мен “әлеуметтік сақтандыру» төңірегінде ізденістер жасаған. Басқа кейбір авторлар “әлеуметтік қорғау“ категориясының орнына жаңа “әлеуметтік амортизаторлар” деген ұғымды енгізіп, “әлеуметтік амортизаторлар” экономикалық және тиімділік қағидаттарының қайшылықтарын шешу механизмі деп қарастырады.
“Әлеуметтік қорғау“ категориясының мазмұнынының әр-қилылығы оны зерттеу тарихының ойдағыдай дамымымағанымен және әлеуметтік қиыншылықтардың үдерістеріне де байланысты болып отыр.
Әлеуметтік қорғау категориясының мазмұнын айқындауда көптеген ғылыми көзқарастар бар.
Қазіргі жағдайда мүгедектерді, жетімдерді қорғайтын секторалдық, аймақтық бағдарламалардың әртүрлі нысандары жүзеге асырылады. Қаржыландыру көздері әлеуметтік трансферттердің түріне, бюджет көлеміне және жұмыс берушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы жүйесін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, әлеуметтік сақтандыру қаржылары, кәсіпорынның қаржылары қолданылады .
Әлеуметтік қорғаудың құқықтық - нұсқаулық жағынан қамтамасыз етілмеуі де қосымша қиындықтарды туғызады. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қорғаудың кейбір элементтерінің ресми мәртебесі анықталып келе жатыр. 2003 жылдан бастап қабылданған “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру туралы” Заң бірінші рет биліктің “әлеуметік сақтандыруды” айқындаудағы көзқарасын білдіре бастады.
Ерікті әлеуметтік сақтандыру сияқты әлеуметтік қорғаудың түрлері мемлекеттік заңдық құжаттарда тек қана арнайы сұрақтарды шешуде қолданылады, мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары бойынша немесе зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында.
Шет елдерде “әлеуметтік қорғау“ категориясын зерттеудің ұзақ тарихы бар. Бірінші рет “social security” (әлеуметтік қауіпсіздік) деген термин 1935 жылы АҚШ-та Ф. Д. Рузвельттің “жаңа курс” саясаты ауқымында әлеуметтік бағдарламаларды дайындау барысында енгізілді. 1940 жылдары оны Халықаралық еңбек ұйымы конвенциялардың негізіне, әлеуметтік қорғаудың мәселелерін талқылауда қолданды. Халықаралық еңбек ұйымының зерттеулерінің арқасында “social security” (әлеуметтік қауіпсіздік) кең ауқымда қолданыла бастады және бұл ұйымның зерттеген әлеуметтік стандарттары осы күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. 1939 жылғы № 67 конвенцияның деректеріне сүйенсек, “social security” (әлеуметтік қауіпсіздік) термині қолданылмай тұрғанда ”income maintenance” (“табысты қолдау”), деген ұғым барлық құжаттарда қолданылды.
”Income maintenance” (“табысты қолдау”), деген ұғымды қолдану сол кездегі халықты әлеуметтік қорғаудың мақсаттарына сай келді, өйткені, өмір сүрудегі ең қажетті қаржылар тек қана жеке табыстар арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық еңбек ұйымының 1920-1930 жылдары қабылдаған тұжырымдамасына бұл түсінік сай келетін, өйткені “әлеуметтік сақтандыру” деп, халықтың қоғамдық еңбек процесіне қатыспаған топтарын қорғау шараларын жатқызатын.
Дегенмен, соғыстан кейінгі демократиялық өзгерістер, экономиканың өсуі, халықтың өмір сүру деңгейі өскен сайын қоғамдық өмірде гуманизациялық процестер күшейді. Осы факторлар әлеуметтік қорғаудың нысандары мен әдістерінің дамуына жағдай жасады, сондықтан жаңа “social security” (әлеуметтік қауіпсіздік) тұжырымдама дайындалды.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша “social security” (әлеуметтік қауіпсіздік) -қоғамның өз мүшелеріне мүгедектіктен аурудың салдарынан, жұмыссыздықтан айлықтың төмендеуіне байланысты пайда болатын экономикалық және әлеуметтік апаттардан қорғаудың шаралар жиынтығы. Осыдан көріп отырғанымыздай, бұл терминнің негізгі мазмұны “security” (қауіпсіздік) емес “қорғау”(protection) болып отыр[3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz