Адам туралы қысқаша мәліметтер


Адам туралы қысқаша мәліметтер
Адамның жалпы сипаттамасы
Қазіргі заманға анағұрлым тән қасиеттердің бірі - костюмді өз тұлғасына сайма-сай келтіруге талпынысы. Адам бейнесін оның биологиялық және әлеуметтік белгілері қалыптастырады.
Биологиялық белгілер дегеніміз - адамның дене және материалдық қасиеттерінің жиынтығы. әлеуметтік белгілер адамның жеке басына сипаттама. Олар адамның әуестігін, ынтасын, мақсаттарын, бейімділігін, мұраттарын, сенімдерін анықтайды. Бұл белгілерді білу өте қажет. өйткені ол адам денесіне қонымды да лайықты, жұртшылық талғамына сай әдемі, ыңғайлы да сенімді киім тігуге мүмкіндік береді.
Адамдарға орасан зор бтолгиялық ортақтық тән болып келеді. Оған адамдардың кісі ретінде тіршілік етуінің биологиялық негізін қамтамасыз ететтін генетикалық информация себеп болады. Сонымен бірге сырттай қарағанда адам тұлғасы әр түрлі (дене -тұлғасы, бет пішіні, шаш пен көзінің түстері және басқалары бойынша), оған адамның анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық және психологиялық сипаттардың сан алуандығы әсер етеді.
Адамның анатомо-физикалық ерекшеліктері клеткалардың құрылымына байланысты. Барлық клеткалар өздерінің ат қаратын қызметтеріне сәйкес морфологиялық жағынан теңестіріліп, ткань түріндегі бұлшық еттің, сүйектің, нервтің және басқалардың жиынтығын құрайды. Тканьнан органдар мен жүйелер құралады.
Адамның сүйек қаңқасы мен бұлшық еттері тірек-қозғалмады аппаратқа біріктіріледі. Сонымен бірге олар адам денесінің сыртқы өлшемдері мен сымбатын анықтайды.
Адам қаңқасы бас сүйектен, кеуде сүйегінен, қолдар мен аяқ сүйектерінен тұрады (22-сурет а) . ал омыртқа жотасы қаңқаның тірегі болады. (22-сурет б) . Оның өзі бес бөлімнен тұрады: мойын 0-1, омыртқа 1-2, белдеме 2-3, жамбас 3-4, құймышақ 4-5.
Омыртқа жотасының неғұрлым шығыңқы тұратын мойын тұсы ең соңғысы, былайша айтқанда жетінші бөлім. Ол адам тұлғасының бірқатар өлшемдерін алуға қызмет етеді.
Омыртқа жотасының иілген түрі бар. Кеуде мен құймышақ бөлімдері омыртқаларының кері бағытталған (кифоздар) мойын мен бел омыртқалар - ілгері (лордоздар) бағытталған жүктері болады.
Омыртқа жүктері адамның бүкіл өмір бойына өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестенің омыртқасы түп-түзу болады. Баланың буыны бекіп, басын ұстай білген кезінде мойын моыртқа жүйесі құралады, құйрығынан отырған кезінде кеуде омыртқасы жетіле түседі, ал бала тәй-тәй басып аяғынан жүре бастаған кезінде бел омыртқасы қалыптасады. Қартайған кезде кеуде омыртқасы бөлігінің бүгілуі ұлғая түседі. Ал әйелдер омыртқасы әсіресе бел омыртқасы ер адамдар омыртқасынан гөрі сиректеу бүгіледі. Омытқа бүгілісінің сипаты мен аумағы адамның тұлға бойын, былайша айтқанда тік тұрған кездегі бұлшық еттердің емін-еркін жағдайындағы дағдылы дене бітімін айқындайды.
Кеуде клеткасы (22-сурет а) (1-2) бел омыртқаның төс тұсынан, қос он екі қабырғадан (6) және төс сүйектен (7) тұрады. Кеуде клеткасы сүйектердің барлығы да тұтас қозғалып тұрады, сондықтан едм алған кезде кеуде клеткасы жұмыртқа бейнесіне ұқсайды. Кеуде клеткасының түрі мен аумағы адамның жасы мен жынысына байланысты болады. Ерлерге қарағанда әйелдердің кеуде клеткасы жіңішке және қысқалау келеді.
Төс сүйектің жоғарғы ұшынан орта тұсында (8) шұқанақ болады, оны мойынтұрық деп атайды. Ол дененеің бірқатар өлшемдерін орындау кезінде бағдарлау қызметін атқарады. Денесінің жоғарғы қаңқасы жота иық белдеуі мен екі қолдан тұрады. Иық сүйегіне қос жауырын (9) мен қос бұғана жатады. Жауырындар иықты біршама топтамайтын, оның формасына елеулі түрде әсер етеді. Жауырынның жоғарғы ұшында (22-сурет, в) бұғана сүйегі (11) орналасқан. Ол адам тұлғасының бірқатар өлшемдерін алатын бастапқы нүкте қызметін атқарады.
Иық қаңқасының еркін қозғалатын қол сүйектері үш бөліктен тұрады. (22-сурет, а) ; ортан жілік, білек және саусақ сүйектері.
Белден төмен қаңқа сүйек бөксе мен екі аяқтан тұрады. Бел тұтаса біткен қаусармалы сүйектен тұрады, ол алдыңғы және бүйір жақтарынан бел сүйектерімен (15) , ал артқы жағынан белдемелермен (3-5) жалғасады. әйел адамның белі өзінің формасы мен өлшемі жөнінен ер адамның белінен елеулі айырмашылығы бар; төһмендеу және жалпақтау келеді. Бел сүйектерінен төменірек (бұт) (16) орналасып, оған бел сүйектерінің (17) ұштары келіп тіреледі.
Ал еркін қозғалатын екі аяқ: жақ жіліктен (18), жіліншектен (сирақтан) (18), башайдан (20) тұрады.
Бұлшық еттер елеулі дәрежеде дене бітімін анықтайды. Олардың үлкен бөлігі қос-қостан келеді. Ересек адам бұлшық етінің массасы 36-40 процентін, ал жаңа түскен жас нәрестенің бұлшық етінің массасы дене массасының 22 процентін құрайды. Бұлшық ет бұлшық ет тканьдерінен тұрады. әр бұлшық ет жалғастырылған жұқа қабыршақпен қаптаулы болады. Бұлшық ет құрғақ сіңірлерден басталып, солармен аяқталады да, сол арқылы қаңқа сүйекке, тамыр жүйелеріне немесе теріге барып жалғасады.
Бұлшық еттер қан тамырлармен және қабыршақтан бастың ми қабыршағына нерв тамырлары бағыттарлған нерв жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Организмның қоректенуі ас қорыту органдары жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қан айналымы жүйесі мен лимфатикалық жүйелер қоректік заттарды, газдардды, алмасу қоректерін тасымалдау қызметін атқарады. Дербес тіршілікті жаңғырту жыныс органдары жүйесі, ал тыныс алу, тыныс органдары арқылы жүзеге асады. Қорытылып біткен заттарды сыртқа арналған сыртқы шығару жүйесі бар, оның құрамына бүйректер, екі өкпе, тері және басқалар енеді.
Организмге әсер ететін тітіркеністің бәрін сезім органдары (талдағыштар) қабылдайды. Сезімталдығы жөнінен белгілі бір тітіркендіргіштерге көру және есту талдағыштары, механорецепторлар (идактильді, сырқатты, қозғалмалы), қысым қабылдайтын барорецепторлар, хеморецепторлар, (дәмдә, сүйкісділікті сезінетін және тамырлар), т емператураның ауытқуын қабылдайтын терморецепторлар жатады.
Тері қабыршағы (тері) адамның тіршілік етуіне үлкен роль атқарады. Тері адамның бүкіл денесін қаптап, сыртқа шығару жүйесінің жұмысы мен тыныс алуға қатысады. Оған механо және терморецепторлар түйіскен. Тері организмді сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарып, адамның сыртқы бейнесінің қалыптасуына қатысады.
Тері үш қабаттан: сыртқы (эпидермис), ортаңғы (дерма) және ішкі (тері астындағы нәзік клеткалардан) қабаттардан тұрады. Сыртқы қабат қорғаушы болып есептеледі. Ортаңғы қабатта нерв талшықтары ұштары, май және тері бездері, одан өтетін көптеген қан тасымалдайтын және лимфитикалық тамырлар орналасады.
Адам терісі тері бездеріне бай келеді. Олардың саны 2-3 миллионға жуықтайды. әсіресе олар буындардың бүгілер тұстарында, қолтықтарда және алақандарда көп болады. Тері бездері арқылы адам организмінен бөлінетін ылғалдың 50-70 проценті сыртқа шығарылады. Бөлініп шығатын тердің мөлшері денсаулық жағдайына, қоршаған ортаның температурасына, орындалатын жұмысқа және басқаларға байланысты. Орта есеппен тәулігіне адам бірқаплыпты жағдайда 1 литрге жуық буланған су түріндегі ылғал бөліп шығарады.
Тері организмнің тыныс алуында да маңызды роль атқарады. Оның беткі қабатында болатын саңылаулар арқылы адам организмі жұтатын оттегінің 0, 7 процентіне жуығын сіңіреді. Осыған шамасы көмір-қышқыл газын да бөліп шығарады.
Теріге орналасқан сезімтал нерв түйсікутерінің орасан зор көп мөлшері механо және терморецепторлардың жұмыс істелуіне мүмкіндік береді. Олар қозғалысты, жанасуды, қысымды, сырқатты, жылу мен суықты сезуді қамтамасыз етеді. Тері бетінің 1 сантиметріндегі сыздау нүктелерінің саны 100-ден 200-ге дейінгі аралық ауытқиды, тактильді сезім (жанасу сезіну) нүктелері 25-ке дейін, салқынды сезінетін нүкте 6-23-ке және жылуды сезінетін нүкте 1-3-не дейін болады.
Салқынды сезінетін рецепторларының орналасуы әр түрлі. Олардың көпшілік бөлігі иық пен қарында болады. Сондықтан иық пен қарын салқынды анағұрлым сезгіш келеді. Бет суықты кемшіндеу сезінеді. Тері түрі ондағы ерекше пигменттердің мөлшеріне, қан тамырларының өсіп-жетілу дәрежесін және оларға қанның жиналуына байланысты. Ақ түсті түр негізінен төрт түрге бөлінеді. : қызыл шырайлы, сары өңді, сұр және қара торы. Осы белгілердің әрқайсысы түсі жағынан тым жақыннан қара торыға дейін ерекше көзге түседі.
Тері астындағы клетка май бөккен қуыс дәнекер тканьдерден тұрады. Майдың мөлшері мен орналасу жағдайын дербес өзгермелі және адамның жынысы мен жас шамасына байланысты болады.
әйелдердің май бөгетін негізгі жерлері кеуде бездері, емшектерімен белден жоғары бөлігі болып табылдады. Жас өскен сайын бөккен май мөлшері әдетте арта түседі. Сезім адамдардың (былайша майдың қасіретіне ұшырағанда) дене бітімі елеулі түрде өзгереді, белі байқалмай кетеді, кеудесі мен қарны қампиып, шартиып тұрады.
Тері асты май қабаты дененің қалыптасып, оның сыртқы сымбатының жарасымдылығына үлкен әсер етеді. Қан жүретін және лимфактикалық тамырлар біздің денеміздің барлық тканьдары мен органдарына өтеді.
Ірі қан тамырлдарының көпшілігін әдетте жақсы қорғанышта болады. Қалың бұлшық еттері мен дененің тері қабыршықтарынан өтетін нәзік тамырлар елеулі дәрежеде қорғанбаған, сондықтан оңай зақымдануы мүмкін. Сонымен бірге тар киім әсер ететін күшті қысымның салдарынан ондағы қан айналымның бұзылуы немесе енжарлығымен сипатталады. Адамның осы қасиеттерінің бәрі туа бітетіндер қатарына жатады.
И. П. Павлов нерв жүйесінің негізгі қасиеттерінің үйлесімдері болуы мүмкін қатарынан адам темпераментін анықтайтын төрт комбинацияны бөліп алады. Ол - сангвиникалық, холерикалық, меланхоликтік және флегматик комбинациялар (23-сурет) .
Адам қызметінің мазмұны мен сапасы оның жаратылысының бар және әлеуметтік жағдайы тудырған мінез-құлқымен айқындалады. Адам тума мінез-құлқы темперамент болып табылады. Адамның әлеуметтік сапалары қоғамдық қатынастар жүйесімен және қоғам мәдениетімен анықталады. Сонымен бірге әр түрлі қоғамдық - экономикалық формациялар мен әр түрлі таптар адамдардың алуан түрін тудырады. Олардың әрқайсысына сарындар мен құндылықтар тән болады. Адамның жекелеген антропологиялық, физиологиялық және психологиялық сипаттарына ол туралы бірегей бейнелі түсінік жасауға әрекеттер де жасалады. Мұның өзі ттынушының костюм эстетикасына қойып отырған өскелең талабына туындайды.
шалбардың типі чертежінің есеп-қисабы мен құрылымы
Ш албар - жастардың неғұрлым ұнататын киім түрлерінің бірі. Олар костюмнің бөлігі немесе киімнің дербес түрі болуы да ықтимал.
Шалбардың формасы мен пішімдері мейлінше алуан түрі болуы ықтимал. Алдыңғы және артқы бөліктерден тұратын тігінен пішілген шалбарлар жиі кездеседі. Олардың варианттары ұзындығы бойынша гольф (ұзындығы балтырға дейін), бермудтар (ұзындығы тізенге дейін), шорттар (ұзындығы бөксе тұсына дейін) және басқа түрлерін туғызады (88-сурет) .
Шалбардың детальдары жекелеген учаскелерінде де, балақтардың ұзына бойына да кеңейтілуі мүмкін. Шалбар кең балақ, балақтың тізе тұсы кең («банан») және балақтары бүкіл ұзына бойыа біркелкі кеңейтілген- шалбар және юбка-шалбар түрлеріне бөлінеді. Шалбарлардың бел жүйесіндегі артық ені мен шалбар балақтарының ұшы реаннамен жиырылады, ал юбка-шалбарларда балақтың артқы жағы және алдыңғы бөліктеріндегі ортаңғы түтіктерді бойлай қатарма салады. Юбка-шалбарлардың ұзындығы да мейлінше алуан түрлі болады.
Шалбарларпдың типтік конструкцияларында ені бүйір және екі қарыс кесінді жобаланады. Бірегей конструкциялы шалбарларда кесінділер саны өзгеруі мүмкін. Бір қарыс кесінділері бар модельдер де болуы ықтимал (бүйір кесіндісі), кейде шалбардың алдыңғы немесе артқы бөліктеріндегі бүктесіндерді бойдай қосымша мүшелер бөлулер сондай-ақ жоғарырақ, тізеден жоғары және төмен жүйелерде горизонталь мүшелеп бөлулер енгізіледі. Горизонталь мүшелеп бөлінетін жүйелердің конфигурациясы мейлінше алуан түрлі.
Тігін өнеркәсібі Орталық ғылыми-зерттеу институтының методикасы бойынша чертеж құрудың бастапқы деректері - олар шалбардың ені мен ұзындығын анықтапйтын өлшемдері мен еркін қонымға арналған қосымшалар. Белдің жартылай орамы С т бөксенің жартылай орамы С б тізе орамы О, бел жүйесінен бүйір етекке дейінгі қашықтық Д сб бел жүйесінен алдыңғы етекке дейінгі қашықтық, бөксе қатармасының биіктігі В бел жүйесінен тізеге дейінгі қашықтық. Д бел жүйесінен борбайға дейінгі қашықтық Д с және екінші белдік теңдігі Г негізгі өлшемдер болып табылады.
Шалбар чертеждерін құрған кезде алдын- ала есептеу жұргізілмейді.
Тігін өнеркәсібі Орталық ғылыми- зерттеу институтының методикасы бойынша тігіннен пішілген шалбарлар чертежінің есеп-қисабы мен құрылымының схемасы шалбардың барлық түрлеріне тұрақты болады.
Чертеж торын горизонталь жүйелер (бел, бөксе, тізе мен шалбар балағы) және вертикаль жүйелердің қатары (қарыс, бүйір кесінділер мен шалбар балағының орта тұсы) түрінде құралады.
Т нүктесінде түйіскен өзара перпендикуляр екі сызық жүргізіледі (89сурет) . Одан төмен қалай айыру биіктігі жүйесі жағдайын (ТЯ), бөксе жүйесін (ЯБ), тізе жүйесін (ТК) және етігін (ТН) анықтайтын ТЯ, ЯБ, ТК және ТН кесінділер орналасады. ТЯ=Д С (1 . . . 2) см; ЯБ=6 см; ТК =Д тк - 0, 3 см; ТН=Д н -0, 3 см.
Б, Я, К және Н нүктелері арқылы солға да, оңға да горизонталь жүйелер жүргізіледі.
Ортаңғы алдыңғы жүйенің жағдайы ББ 1 кесіндісімен анықталады.
ББ 1 = 0, 15 С б + 0, 25П б +1, 4
Б 1 нүктесі арқылы жоғары вертикаль жүргізіліп, Т нүктесінен тартылған горизонтальмен қиылысу нүктесіне Т 1 -ді, Я нүктесінен тартылған горизонталмен қиылысында Я 1 нүктесін қойды.
Шалбардың алдыңғы жартысын қарыс енін Б 1 нүктесінің
3. 4. Ересек адамдар мен балалардың өлшемдік түрлері
Киімдерді жаппай өндірген кезде дене құрылысының дербес ерекшеліктерін еске алу тіпті мүмкін емес. Солай бола тұрса да, тігін өнеркәсібінің қызметкерлері шығарылған өнімге халықтың риза болуына тырысады. Мұның өзі барлық алуан түрлі денелер антропологиялық* түрлердің қолайлы санымен ұсынылғанда ғана мүмкін болады.
Дене түрлерінің саны мынадай есеппен іріктелінеді: оларға арнайы дайындалған бұйымдар дене құрылысы әр түрлі адамдарды қанағаттандыратындай болуы керек.
әйелдердің әрбір дене түрі үш жетекші (ең басты) өлшем белгілерімен жас тәуелділік қатарымен сипатталады.
Жетекші өлшем белгілері әйел денесінің жалпы формасын лайықтайды. Оларға дененің ұзындығы, үшінші кеуде орамы және қарынның қомпаюының ескерген бүйір орамы жатады.
Жетекші өлшем белгілері киім өлшемдерін нөмірлеуге негіз болады.
Дене мен киім түрлерінің бойларына қарай нөмірлеу дененің ұзындығын - бойға - Р-ға байланысты жүргізіледі. Дененің ұзындығына байланысты бой бойнша дене түрлерінің сантиметр №№№ алғы варианты белгіленеді: 146-3, 152-3, 158-3, 164-3, 170-3, 176-3.
Антропологиялық түр-талмыш халыққа тән өлшем белгілерін№№№бір үйлесімі.
Шамалас бойлар арасындағы дене ұзындығы жөніндегі иін №№№ вал 6 см-ге тең деп қабылданған. Мұның өзі тұтынушының №№№ лық өлшемнің жоқтығын іштей сезіне қоймайтын аралық. №№№ тұста да және одан әрі де бұл интервал өлшем айырмасыздығының интервалы деп аталады.
Өлшемдер бойынша денелер мен киім түолерін номірлеу үшінші кеуденің - О гІІІ -нің орамына байланысты жүргізіледі. Өлшемдер бойынша (88-ден 134-ке дейін) дене мен киім нөмірлері 13 түрге бөлінеді. Шамалас өлшемдер арқасындағы айырмашылық интервалы О гІІІ өлшемі бойынша 4 сантиметрге тең.
Жуандығы бойынша дене мен киім түрлерін номірлеу қарынның О б -нің қампиюы ескерілген бел орамына байланысты жүргізіледі. О б -нің шамасы тек үшінші жерде орамының өзгеруімен ғана емес, сонымен бірге оның кез келген мәнінде де түрлене береді. Бел орамының аталмыш өзгергіштігі еккуде орамының әрбір бөлінген мәні үшін оның тек бір ғана вариантымен шектелуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты жуандығы бойынша денені сұрыптау белдің жартылай орамы мен жең арасындағы айырмашылық принципі бойынша жүргізіледі. Жуандықтың төрт тобы болады. Жуандықтың бірінші тобына О б мен О гІІІ аралығындағы айырмашылық 4 см-ге, екіншіге - 8 см-ге, үшіншіге - 12 см-ге, төртіншіге - 16 см-ге тең денелер кіреді.
О б бойынша шамалас өлшемдер арасындағы сәкессіздік интервалы толықтық топқа - 2 см-ге тең деп қабылданған.
ССРО-дағы ересек әйелдердің өлшемдік типологиясын ОСТ 17-326-81 белгілейді. Жоғарыда аталып өтілген жетекші үш белгі бойынша сұрыптау жасалды. Ол 2-таблицада көрсетілген. Сұрыптау негізінде толық бір топқа кіретін кеуде орамы бойынша өлшемдердің барлық тынысы үшін бір модельдің қолданыла бермейтіндігі ескерілді. Өйткені адамдардың дене құрылысы жөнінен өзара бір-біріне ұқсамайтын елеулі айырмашылықтары болады. Сондықтан да екінші және үшінші топтар тағы да қосымша топтарға бөлінеді. әрбір өосымша топ үшін типтік тұлға белгіленген (таблицада оның асты сызылған) . Ол арқылы киім үлгіге келтіріліп, конструкцияланады.
Балалар қауымының жаңа өлшемдік типологиясы ОСТ 17-66-74 сәйкес 1979 жылғы 1 қаңтарда іске өосылды: жетекші өлшемдік белгілер ретінде үшінші кеуденің орамы мен бой қабылданды. Киім өндірісі үшін салалық стандарт 6 жастан 18 жасқа дейінгі қыздарға арнап 58 типтік тұлға белгіледі.
Қыздар тұлғасын сұрыптау 3-кестеде келтірілді.
Еліміздегі ересек және балалар қауымының жаңа өлшемдік типологиясын енгізу киімнің өлшемдік ассортиментін күшейту мүмкіндігі арқасында дайын қнімнің сапасын жақсарту үшін алғы шарттар жасалды.
2. Кеуде орамы, бойы, толықтығы және жас топтары бойынша типтік әйел тұлғаларын сұрыптау (ОСТ 17-126-81 бойынша)
Толықтық тобының
номері мен тұлғаның
сипаттамасы
О б - О г Ш
айырмашыл
ығы см.
2-белі бірқалыпты
тұлға
Кіші, орташа
Орташа, үлкені
Орташа
88-96-104
108-112-120
124-128-136
146-158-176
152-164-170
158-164
Кіші, орташа
Үлкені, орташа
88-96-104
108-112-120
146-158-164
158-164
4-белі тым жалпақ
тұлға
Үлкені, кіші, орташа
үлкені
3. қыз балалардың типтік тұлғасын сұрыптау
Жетекші
өлшем
белгісі
Мектепке
дейін (3 - 7
жастар)
Оқушы
балалар(7 - 11 жастар )
Жеткіншектер
(14, 5 - 18 жасқа
дейін)
3. 5. Типтік тұлғалардың манекендері
манекен - ол ағаштан, қағаздан, гипстен, полистеролдан немесе басқа материалдардан жасалған адам денесі формасынндағы тұлға. Манекендер киімнің өнеркәсіптік өндірісі жағдайы немесе дербес тапсырыстар бойынша киімді дайындаған кезде адам тұлғасын ауыстырып, киімді өлшеп көруге, оның денеге қону сапасын бағалауға, зерттеуге және басқаларға қызмет етеді.
Өнеркәсіп өндірісінде манекендердің бірнеше түрлері пайдалынады.
Манекен - тұлға эталонының макеті - ол адам денесінің сыртқы формасы мен бедерін дәл беретін гипстен жасалады. Бұл манекен мойынның орта тұсынан жоғары үшінші қабырғаға дейінгі немесе адам бойын тұтас бойын орындайды. Макеттер типтік дене құрылымындағы тұлғаның көлемді паспорты болып, өнеркәсіптік манекендер жасуға негіз болады.
өнеккәсіптік манекен - ол қағаздан, шыны-пластикадан немесе пенополирстаннан дайындалған бет бедеріүтіктелген жалаңаш тұлғаның тұрпаты. Иқты киімдер мен корсетті бұйымдарды конструкциялауға арналған типтік тұлғалардың әр түрлі өнеркәсіптік манекендері бар.
Ол манекендерді киім сапасын бақылауға пайдалану қиынға соғады. Мұндай манекенге көйлекті кигізу ауыр, ал бақылау үшін, мысалы, манекенге пальтоны кигізу үшін оған ең алдымен көйлекті кигізу керек. Мұның өзі ыңғайсыз әрі үнемсіз. Сондықтан манекендердің тағы бір түрін - киім түрі бойынша бақылау түрін пайдалануды орынды деп есептейді. Әйел киімі үшін өнеркәсіпте пайдаланылып жүрген бақылау манекендерінің алып-салмалы немесе жылжымалы конструкциясы болады. Мұның өзі олардың жоғарғы бөлігінің көлденең өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік беріп, көйлектің киілуін жеңілдете түседі. (40 сурет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz