Технологиялық машиналар құрылысын жобалаудың жалпы принциптері


2 лекция. Технологиялық машиналар құрылысын жобалаудың жалпы принциптері. Технологиялық процестерді механизациялау құралдарын жүйелендіру. Жобалау, САПР, ғұмырлық ұғымдары. ГТМ ұзақ уақыттылығын арттыру құралдары. Машиналарды құру әдістерін жіктеу.
Лекцияның конспектісі. Технологиялық процестерді механизациялау құралдарын жүйелендіру . Кен өнеркәсібі жұмысының тиімділігі көбінесе оның қазіргі заманғы технологиялық кен машиналарымен және стационарлық құрылғылармен жабдықталуына байланысты. Кен орындарының кен техникалық жағдайларының әр түрлілігі және пайдалы қазбалардың физикалық-математикалық қасиеттерінің едәуір ерекшелігі, пайдалы қазбаларды шығарудың технологиялық процесінің көп операциялығы кен кәсіпорындарын механизациялаудың сұлбалары мен құралдарының әр түрлі болуына себепші болды.
Пайдалы қазбаларды шығарудың технологиялық процесін механизациялаудың құрылымдары әртүрлі құралдарын жүйелендірудің дұрыстығын қамтамасыз ететін ең негізгі жіктеу белгісі функциялық белгісі болып табылады.
Технологиялық процесті механизациялаудың кез-келген жобасындағы әрбір машина, тиісті технологиялық машинадағы кез-келген элемент сияқты олардың мақсатына сәйкес белгілі-бір функцияларды орындайды.
Машиналар және олардың құрылымы әртүрлі элементтері бірдей функцияны жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан, механизациялау құралдарын жүйелендіру негізіне жатқызылған функциялық белгісінің қажетті жинақтама қасиеттері бар және ол дұрыс және негізгі болып табылады.
Қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды механизациялық әдіспен шығарудың технологиялық процесіне үш негізгі процесс жатады: кен массасын қазып алу (бөліп алу және тиеу), массивтен бөліп алынған кен массасын жеткізу; кен массасын оны жоғарыға шығару жеріне дейін тиеу және тасымалдау; кен массасын тік немесе көлбеу оқпаны арқылы көтеру болмаса оны көлбеу құламалардың бойымен өзі жүретін көлікпен тасымалдау.
Аталған процестерді механизациялау құралдарының атқаратын функцияларының әртүрлі болғандықтан, бірі-бірінен айырмашылықтары бар. Алайда пайдалы қазбаларды шығарудың технологиялық процесін механизациялаудың жалпы жобасында бұл құралдар бірлесіп жұмыс істеу үшін оларға технологиялық, кинематикалық және құрылымдық байланыстарды жіктеу жолымен біріктірілуі мүмкін.
Технологиялық байланыс технологиялық процеспен оқшау машиналарды оларды мақсатқа сәйкес үйлестіру үшін келісу арқылы жүзеге асырылады.
Кинематикалық байланыс технологиясы келісілген және өздерінің қасиеттерін жоғалтпаған функциялық машиналарды мүшелеу арқылы жүзеге асырылады. («+» арқылы белгіленеді)
Құрылымдық байланыс технологиясы келісілген және ккинематикалық үйлестірілген функциялық машиналардың базалық элементтерін мүшелеу арқылы жүзеге асырылады. Ол әрдайым дербес машиналар құрылымының өзгеруіне және оғаштығынан айырылуна әкеліп соғады («•» символымен белгіленеді) .
Жоғарыда айтылғандардың барлығы пайдалы қазбаларды шығару процесін механизациялау жобалары мен құралдарын жүйелендіру машиналардың функциялық қасиеттері және байланысының түрі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін деп пайымдауға мүмкіндік береді.
Белгілі-бір функция атқаратын кен машиналарына тиісті символдарын берейік: К - кен машинасы, Ж - жеткізу машинасы, Т - тасымалдау машинасы, С - стационарлық құрылғы.
Қабылданған символдар мен байланыстардың шартты белгілерін пайдаланып, механизацияның барлық функциялық элементтері бар классикалық сұлбасын келесі формулалар арқылы суреттеуге болады:
- элементтерінің байланысы технологиялық болған жағдайда
-Г -Д,
- элементтерінің байланысы кинематикалық болған жағдайда
+Г+Д+Т,
- элементтерінің байланысы құрылымдық болған жағдайда
Г * Д.
Тәжірибеде механизацияның кейбір функциялық элементтері жоқ сұлбалары да белгілі. Мысалы, кен массасын тасымалдаудың технологиялық процесі (ТП) үш негізгі функциялық процестерден құралады: кен массасын көлік құралдарына тиеу (3) ; көлік құралдарын жылжыту немесе тасымалдау (Т) және жүктен босату (Б) . Процестің аталған элементтерінің арасында электровоздық көліктерде электровоз арқылы анық білінетін әртүрлі функциялық байланыстар бар.
Электровоздық көліктің технологиялық процесінің негізгі формуласы төмендегідей болуы мүмкін:
(=) белгісі технологиялық процестің функциялық байланыстары бар екендігін көрсетеді. Егер электровоз оқпан маңы ауласына дейін ғана тасымалдаса, тиеу пунктінде вагоншалар құрамынан ажыратылмаса және жүктен босату кезінде құрамды итеру үшін қолданбаса, онда құрылымдық формула былай өзгереді:
Электровоз тиеу және жүктен босату процесіне тікелей қатысып, жүктерді вагоншалардың ажыратылмас құрамдарымен тасымалдаған жағдайда
Процестің элементтерінің бірі жоқ болған жағдайда құрылымдық сұлбалардың түрі мынадай болады:
Пайдалы қазбаларды шығарудың технологиялық процесінің құрылым құру және жіктеудің келтірілген сұлбаларына жүргізілген талдау әрбір байланыс топтарының жүктерді тасымалдау әдісі өзгеше екенін көрсетеді. Бұл өзгешелік пайдалы қазбаларды шығару технологиясының принциптерін, механизациялау ерекшеліктерін, сондай-ақ жобалау кезінде механизациялаудың оңтайлы құралдарын таңдап алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін механизациялау жүйелерінің есебін жүргізу және құрылымдау принциптерін алдын ала анықтайды.
Келтірілген жүйелендіру технологиялық сұлбаларды және олардың құрамдас буындарын, сондай-ақ технологиялық процестерді механизациялау құралдарын жіктеу және оңтайландыру үшін ғылыми негіз болып табылады.
Жобалау ұғымы. Регламенттейтін нұсқамаларды, бастапқы мәліметтерді және ғылыми-өндірістік білімдерді пайдалану негізінде технологиялық машиналардың мақсатқа сәйкес нұсқаларын нақты жағдайларда құрылымдау, барлық қарастырылып жатқан және жүзеге асыруға тиісті шешімдерді толық суреттеу және графикалық бейнелеу бойынша жан-жақты іс-әрекетті жобалау деп атайды .
Құрылымдау - бұл технологиялық машинаның (элементтің, бұйымның) технологиялық түпкі ойын шығармашылық іске асыру, оның функциялық құрылымын және жасау технологиясын анықтау. Құрылымдауға ойластыру және кейіптеу процедуралары, материалдар мен жасау технологияларын таңдау жатады; ол техникалық идеяны экономикалық мақсатқа сәйкес материалдық іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Құрылымдау жаңа құрылымдау, аналогтар негізінде құрылымдау және нұсқалық құрылымдау болып бөлінеді.
Технологиялық кен машиналарын автоматты түрде жобалау жүйесі туралы ұғым (АТЖЖ - ТКМ) . Жасалып жатқан ТКМ номенклатурасының өсуі және олардың күрделенуі құрылымдау ұйымдарынан жобалау қарқынын арттыруды талап етеді.
Бұл мәселе кен машиналарын және стационарлы құрылғыларды автоматты түрде жобалау жүйелерін жасау және жүзеге асыру кезінде шешілуі мүмкін. Бұл жүйелер міндеттерді, математикалық әдістер мен ЭЕМ белгілеу кезінде жүйелі тәсілді кеңінен қолдануды алдын ала ескереді.
АТЖЖ ұғымы ағылшынша CAD ұғымының мағыналық эквиваленті болып табылады және ЭВМ арқылы жобалауды білдіреді. Бұл процесте адам белсенді рөл атқарады, ол жобалау мәселелерінің белгілі-бір бөлігін өз бетінше және ЭЕМ арқылы шешеді. АТЖЖ ұғымы мазмұнды мағынада автоматтандыру мүмкіндіктері есептеу құралдарын қолданумен қамтамасыз етілетін құрылымдауды білдіреді. АТЖЖ-ды ақпаратты ЭЕМ арқылы құру және қайта жаңарту дер түсінуге де болады.
Сәйкесінше, өндірісті ЭЕМ қолдана отырып технологиялық дайындау - технологиялық ақпаратты қайта жаңарту болып табылады. Осыдан жобалаудың ЭЕМ-да автоматты түрде немесе «адам-ЭЕМ» диалогы режимінде ЭЕМ-да жасалатын процесс ретіндегі ұғымы пайда болады.
Жүйе ретінде АТЖЖ -ға жобалаушының өзінің техникалық құралдары, жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етуі, қолданбалы (немесе пайдаланушылық) бағдарламалық қамтамасыз ету жатады. АТЖЖ өнімділігі шешуші дәрежеде қолдану мүмкіндіктері тиімділігінің жоғары болғанына және қолдану қарапайымдылығына қарамастан құрылымдық мәселелерді алгоритмдеу қиындықтарынан тоқтатылатын қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге байланысты. Сондықтан да диалогтық жүйелерді құруға ерекше мән берілуі тиіс.
Бұл жағдайда жобалау және өндірісті технологиялық дайындау мәселелерін шешу нақты техникалық нысаннан оның есептеуіш машина жадысындағы кодталған суреттемесіне көшуді білдіреді.
Сенімділіктің негізгі ережелері. . Қазіргі уақытта жобалау, технологиялық кен машиналарын жасау және пайдалану мәселелерін сенімділік теориясының негізгі ережелері мен ұсынымдарын пайдалану және ескерусіз сапалы түрде шешу мүмкін емес.
Шекті уақыттылық - нысанның техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі белгіленген жағдайда жұмысқа қабілеттілігін ең шекті мерзімге дейін сақтау қасиеті.
Шекті уақыттылық критерийлері. Машинаның қалыпты пайдаланған жағдайда негізгі есептеу параметрлерін едәуір өзгертпей, жөндеулердің жиынтық құны экономикалық қолайлы болған жағдайда, номиналды режімде жұмыс істей алатын жалпы уақытты шекті уақыт деп түсінеді. Кейде машина ресурсы ұғымы қолданылады (машинаның алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс істеу уақыты сағатпен алынғанда) .
Көптеген жағдайларда, әсіресе мерзімнен тыс жұмыс істейтін агрегаттардың шекті уақыттылығын агрегаттың бүкіл жұмыс істеген уақыты ішіндегі жиынтық өнім көрсеткіштерімен өлшейді. Осындай әдіспен анықталған шекті уақыттылық машина немесе агрегат шекті тозуына дейін жасай алатын операциялардың немесе жұмыс бірліктердің жалпы санын білдіреді.
ТКМ шекті уақыттылығын арттыру құралдары . Машиналардың ұзық уақыттылығы мен сенімділігін лимиттейтін негізгі факторлар мыналар: бөлшектерінің бұзылуы; бір-біріне үйкеленетін бөлшектердің тозуы; түйіспелі кернеулердің, тойтарманың және тоттың әсер етуі нәтижесінде бөлшектердің бұзылуы; кернеулердің аққыштық немесе (температура көтерілген жағдайда) жайылушылық шегіне жергілікті болмаса жалпы көшу нәтижесінде пайда болатын бөлшектердің пластикалық өзгеруі.
Басым жағдайларда төзімділігі еңсерілмейтін шек болып саналмайды. Жалпы қолданылатын машиналардың ақауларын толық жоюға болады. Қазіргі уақытта машина жасау материалдарының қолда бар ассортиментін, қолданылып жатқан жасау әдістерін пайдаланып, төзімділік туралы ғылымның қазіргі жағдайында машиналардың бұл табында шексіз уақыт бойы пайдалануға жарамды етуге жағдай жасауға болмайтын бөлшектер жоқ.
Машиналарды жасау әдістерін жіктеу . Бүгінгі таңда технологиялық машиналарды жасаудың бірнеше әдістері бар. Өндірістік бірыңғайланған машиналарды жасау әдістерінің төменде келтірілген жіктемесі шартты болып табылады. Бұл әдістердің кейбіреулері бір-бірімен тығыз байланысты; олардың арасында нақты шекара өткізу қиынға соғады. Бір немесе бірнеше әдістерді қатар қолдану мүмкін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz