Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 атаулық тіркестердің лексикалану сипаты . . . 7

  1. Атаулық тіркес және оның зерттелуі . . . 7

1. 2 Сөз тіркестерінің лексикалануы . . . 11

2 СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ . . . 22

2. 1 Меңгеріле байланысқан тіркестерден пайда болған атаулар . . . 22

2. 2 Матаса байланысқан тіркестерден пайда болған атаулар . . . 26

2. 3 Қабыса байланысқан тіркестерден жасалған атаулық тіркестер . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Дүниенің болмысы мен рухани мазмұны өзгеріссіз қалғанымен, оның түсініктерінің, танымдық мәнінің адами формалары дамиды. Сондай-ақ, заманына қарай өркениет ұсынған жағалықтардың таңбалану жүйесі де дамитыны рас. ХХІ ғасырдың желкенімен алға қарай білдірмей жылжып бара жатқан уақыт тіл мен лебіздің кеңістігіндегі көкжиектерге де өз ізін жасырмай салып, танымдағы ағылған ойдың өзіндік жаңаша бір таңбаларын үсті-үстіне жазуда. Бұл тарихи даму үдерісінде ғаламдық ашықтық пен динамизм анық аңғарылады. Қазақ тілінде бұрыннан қалыптасып, алайда лебізде қоланыста белсенділігінен ажыраған көптеген тұлғалар қайта жаңаша мәнге ұласа дамып, халықпен қайта қауышып жатса, кей атаулар жаңа ерекше мағыналық құрылымға ие болып, өзгеше қырынан танылып, қоғамдағы қатынас құралы болу қызметіне ие болды. Өзге түркі тілдеріне белсенді қолданылып жүрген атаулардың қазақ тіліне де алмаса ойысып, заттар мен құбылыстарды атау мақсатында қолданыста белсенді жұмсалуы да көңіл қуантатындай. Мәселен, пайыз, ұшақ, үдеріс, үрдіс, әкім, өкім, әуежай т. б. сынды сөздердің қолданыстағы белсенділігін осылай түсіндіруге болар еді. Сөздік құрамның дамуы, атау мағынасы мен оның стилистикалық жағынан жіктелуі көркем сөздің қолданысын байытатыны анық. Екінші жағынан, осы кезеңдегі лебіздегі атаулардың даму сатысы көркемдік қолданыстағы кестелі оралымдардан гөрі, қасаңдау терминалогияның қоржынында көбірек жасалғаны да тілдік дерек арқылы нақтылана алады.

Бүгінгі таңдағы ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің даму сатылары тілімізде әртүрлі ұғымдар мен олардың атауларының пайда болуына ықпал етті. Жаңа қолданыстар, жаңа ғылыми терминдер мен терминдік атаулар санатына қосылып жүрген бұл атаулардың тілдік табиғаты мен жалпы жасалу болмысының өзіндік ерекшелігі бар.

Еркін сөз тіркесінің құрамынан шығып, атаулық тіркес ретінде танылып жүрген тұлғалардың тілдік табиғатын анықтап, олардың грамматикалық, қызметтік және семантикалық мәнін айқындаудың ғылыми маңызы зор. Осы ретте атаулық тіркестердің жасалу жолы мен олардың мағыналарының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі ретіндегі ондағы мағыналық тұтасу заңдылығын анықтап, олардың сөзжасамдық мәні мен мазмұнын айқындаудың ғылыми-теориялық маңызы ерекше деп есептейміз.

Мағыналық тұтастық арқылы шығып, өзіндік ерекшеліктерін орнықтырған қазіргі тіліміздегі атаулық тіркестердің негізгі сипатты белгілерін, өзге тіркестерден ерекшелігін айқындау, олардың жақындығы мен айырмашылығын көрсетіп, ғылымдағы орнын белгілеудің маңызы зор. Атаулық тіркестер көптеген салаларға ортақ мәселе болғандықтан, құбылыстардың негізін түсініп ұғынуға септігін тигізері даусыз.

Күні бүгінге дейін көптеген ғылыми еңбектерде атаулық тіркестер синтаксис саласында зерттеліп келгені аян. Дей тұрғанмен, екіншілік мағына иеленіп, синтаксистік тіркестен гөрі туынды сөзге айналған бұл лексикаланған композиттердің сөзжасамда зерттелуі әлі де болса тереңірек қарастыруды қажет етері даусыз. Терминология саласында да атаулық тіркестер арқылы жасалған атаулардың саны өте мол. Бұл туралы қазақ тіл білімінде біршама пікірлер айтылып келеді. Біз дипломдық жұмысымызда қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен тілімізде бұрыннан қалыптасқан атаулық тіркестердің жасалу жолы мен мағыналық сипатын салыстыра қарастырамыз. Өйткені жалпы атаулық тіркестердің жасалуының өзіндік ішкі заңдылықтары мен модельдері бар. Синтаксистік ортақ тұлғалық жақындық сөзжасамдық ортақ модельдердің тууының басты шарттарының бірі деп бағалаймыз.

Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Қазақ тіл білімінде атаулық тіркес туралы алғашқы ой-тұжырымдар Н. Т. Сауранбаев, С. Исаев т. б. ғалымдар еңбектерінен бастау алып, кейін әртүрлі деңгейде ғылыми ойлар айтылады. Әйтсе де атаулық тіркестердің мағыналық дамуы, өзге тіркестерден айырмашылығы, сөз жасаудағы маңызы, сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық тізбек құрудағы ерекшелігі туралы мәселені қарастырудың өзектілігі айқын.

Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, атаулық тіркестердің жасалуы көне жазбалардан-ақ байқалады. Бірақ көне жазбалар тілінде кездесетін атаулық тіркестер туралы мәселе әлі де болса толық зерттеле қоймаған. Ал қазіргі тілімізде аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған композиттер саны өзге сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздермен салыстырғанда саны жағынан өте көп. Біздің қарастыруымыздағы қазіргі кезде жасалып жатқан туынды сөздердің ең көбі осы атаулық тіркестер деуге толық болады. Тіпті синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздермен салыстырғанда аналитикалық тәсіл арқылы жасалған атаулардың, әсіресе терминдердің саны мол екені айқын аңғарылады.

Жалпы тіркестер туралы теориялық негіздер мен ғылыми жолбасшы пікірлерді біз А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов зерттеулерінен бастап,
Н. А. Баскаков, С. Аманжолов, Т. Сауранбаев, М. Балақаев, Э. В. Севортян,
А. Н. Кононов, A. M. Щербак, А. А. Юлдашев, М. А. Хабичев, Ф. А. Ганиев,
А. Исенгалиева, Н. Оралбаева еңбектерінен табамыз. Сондай-ақ атаулық тіркестер мен олардың қызметі, жасалу жолы туралы Э. В. Севортян,
Ә. Қайдаров, Т. М. Гарипов, С. Н. Муратов, Б. О. Орузбаева, М. А. Хабичев,
Н. А. Баскаков, А. А. Юлдашев, Ф. А. Ганиев, К. Аханов, С. Исаев, М. Томанов, Е. Ағманов, Н. Оралбаева, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Ж. Шакенов, А. Салқынбай, Б. Момынова, Б. Қасым еңбектерінен кездестіреміз.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге әртүрлі ғылым салалары бойынша көптеген сөздіктер жарық көріп, жаңа аталымдар жасалды. Бұл аталымдардың көпшілігі атаулық тіркестер арқылы жасалатыны анық. Матаса, қабыса, меңгеріле байланысқан еркін сөз тіркестерінің лексикалануынан туған атаулық тіркестер, олардың жасалу модельдері әртүрлі. Осыған орай, атаулық тіркестерді туғызатын модельдерді анықтап, олардағы сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық тізбекті анықтаудың маңызы ерекше. Осы арқылы біз туынды сөздің толық қалыптасқандығын, олардың сөзжасамдық ұяда жататынын, мағыналық негізділігі мен толыққанды туынды сөз ретінде орныққанын дәлелдей аламыз. Мұның өзі зерттеу жұмысының өзектілігін танытады.

Қазақ тіліндегі атаулық тіркестерді зерттеудің зәрулігі, ең алдымен, олардың тарихи тектестігін анықтап, кейінгі даму жолын саралау үшін де қажет.

Дипломның мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу - жұмыстың негізгі мақсаты саналады. Осы мақсаттың негізінде төмендегідей міндеттер туындайды:

- атаулық тіркестің грамматика-семантикалық табиғатын анықтап, қазіргі сөзжасам жүйесіндегі аналитикалық тәсілдің белсенділігін көрсету;

- атаулық тіркестердің лексикалану процесінің нәтижесінде жасалуы мен лексикалану құбылысының өзіндік ерекшеліктерін сөзжасамдық аспектіден саралау;

- сөз тіркестерінің дамуына семантикалық тұрғыдан талдау жасау;

- матаса байланысқан сөз тіркестерінің атау туғызу қабілетіне талдау жасау;

- меңгеріле байланысқан тіркестердің лексикалануы мен құрылымдық ерекшеліктерін анықтау;

- қабыса байланысқан тіркестерден пайда болған атаулық тіркестердің құрылымдық-семантикалық ерекшеліктеріне номинация теориясы тұрғысынан ғылыми талдау жасау.

Зерттелу объектісі. Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер және олардың жасалу жолдары мен сөзжасамдық сипаты.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Зерттеу жұмысының барысында жинақтау, талдау, салыстыру, семантикалық талдау, контекстік талдау, когнитивтік талдау әдістері пайдаланылды. Сөзжасам саласын зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Қазіргі қазақ тілінде, әсіресе ғылыми зерттеулер мен арнайы сөздіктерде атаулық тіркестер жиі кездеседі. Олардың семантикалық сипаты мен қолданыс қызметін зерттеудің, мағыналық және тұлғалық ерекшелігін талдаудың қазақ тіл білімінің кейбір теориялық мәселелерін шешуде өзіндік қосатын үлесі бар. Өйткені, әдеби тіліміздің дамуы, ең алдымен, жаңадан жасалатын тұлғалардың семантикалық құрылымының дамуымен байланысты десек, сол даму деңгейі мен бағыты, ең алдымен, тіліміздегі сөз қолданысын анықтаумен, жаңадан жасалып жатқан атаулық тіркестердің сипатын, қызметін, қолданысын, прагматикалық ерекшелігін, функционалдық мәнін, атаудың семантикалық жіктелісін көрсетуімен де тығыз байланысты болып есептеледі.

Атаулық тіркестердің семантикасын зерттеу тіліміздің лексикалық қабатында болып жатқан өзгерістерді байқауға, сөзжасамдық жүйедегі өзгерістер мен ерекшеліктерді саралауға, жаңа сөз қолданыстарының жасалу жолдары мен сөзжасамдық қалыбын, сөзжасамдық жұптардың ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Атаулық тіркестердің өзіндік ерекшелігін талдау арқылы аналитикалық сөзжасамдық тәсілдің қалай дамып келе жатқанын аңғаруға болады. Мұның өзі жұмыстың теориялық маңызын танытады.

Практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы оқу процесіне қатысты анықтала алады. Жоғары оқу орындарындағы филология және журналистика факультеттерінде Қазақ тілінің сөзжасамы, Қазақ тілінің семантикасы т. б. курстары бойынша лекция оқуда көмекші құрал ретінде, практикалық сабақтарында, сондай-ақ арнаулы курс ретінде оқуға пайдалануға болады.

Диплом жұмысының әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысында құрылымдық грамматикаға қатысты пікір айтқан, зерттеу жүргізген шетелдік ғалымдар еңбегі, ұлттық тіл біліміндегі атаулық тіркестер мен оның мағынасына қатысты айтылған ғалымдардың салмақты ойлары мен тұжырымдары диссертациямыздың әдіснамалық негізі болады. Ұлттық тіл білімі бойынша жалпы тіркестер туралы зерттеудің негізін қалаған ғалымдар санатында А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжоловтан бастап, атаулық тіркес туралы ғылыми пікірлер айтқан ғалымдар Н. Т. Сауранбаев, С. Исаев,
Ә. Аблақов, Е. Ағманов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Н. Оралбаева, А. Б. Салқынбай, Б. Қ. Момынова, Б. Қасым т. б. еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АТАУЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛАНУ СИПАТЫ

  1. Атаулық тіркес және оның зерттелуі

Атаулық тіркес туралы теориялық мәселелердің зерттелуі, шындап келгенде, сөз тіркесімен тығыз байланыста қарастырылады. Олай болуының өзіндік ішкі себептері бар. Атаулық тіркестің номинативтік мағынаға ие болып, жаңа сөз ретінде танылуы, ең алдымен, олардың сөз тіркесі ретінде қолданысынан бастау алады. Еркін сөз тіркесі сипатында қалыптасып, тілдік қолданыста жұмсала жүріп, даяр қалпында қолдану деңгейіне жеткенге дейінгі тұлға мағыналық құрылымында әртүрлі өзгерістер мен дамуға ұшырайды. Осы тұрғыдан алғанда атаулық тіркестер мәселесі басында синтаксисте көтерілген болатын.

Атаулық тіркестер туралы мәселе әуел басында синтаксисте көтерілген болатын. Жалпы тіл білімінде еркін сөз тіркестерінің атаулық тіркес ретінде дамуы “композитжасам” деп танылады. Алғаш бұл мәселені танып-біліп, көтерген Я. Гримм болатын. Я. Гримм лексикаланған, сөйтіп жаңа мағынада жұмсалатын тілдік бірліктерді “атаулық композиттер” деп атады. [1] Қазақ тілі білімінде күрделі сөздердің жасалуы туралы А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Т. Сауранбаев, М. Балақаев, К. Аханов, С. Исаев, М. Томанов, Е. Ағманов, Н. Оралбаева, Ғ. Қалиев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, А. Б. Салқынбай, Б. Қ. Момынова, Б. Қасым т. б. ғалымдар еңбектерінде жазылған.

Тіл біліміне қатысты «Жауропалықтар үшін оқу құралы» деп аталатын Қошке Кеменгеровтің еңбегі көңіл аударарлық. Автор екінші кітабында қазақ тілінің сөзжасамына терең мән береді де, қазақ тілін байытып отырған жұрнақ атаулыны оқушылардың жақсы білуі керектігін, ол үшін түбір сөздерге түрлі жұрнақтарды қостырып, жұрнақ қосылған сөздердің мәнісіне қарай етістікке, зат есімге, сын есімге жіктеу қажеттігін жазады [2] .

Қ. Қ. Жұбановтың «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты зерттеуінде грамматиканың алдындағы мақсатының қандай екенін айтады. Автор бұл ғылымды «құрастыру, құрылыс» деп түсінеді [3] . Ғалым сөз тіркесі мәселелерін, көбінесе, таза синтаксистік тұрғыдан ғана сипаттап қоймай, бұл жайларды лингвистикалық стилистикамен сабақтастырады.

С. Аманжоловтың «Синтаксис және ойлау мәселесі» деп аталатын мақаласындағы кеңес заманындағы көсемдердің айтқан сөздерінен алынған дәйек сөздерді ескермесек, Я. Марр теориясына негізделе жазылған автордың ғылыми байламдарын аңғарамыз. Тіл-форма, ой-мазмұн деп таныған ғалым көптеген атаулардың ішкі табиғатын айқындайды. «Таң атты, күн шықты» сияқты тіркестердің қазіргі қабылданатын мағынасы мен жеке мағыналарын бір-бірімен салыстыра отырып, адам санасындағы қабылдануының тарихилығына мән береді [4] .

Сөз тіркесінің теориялық даму бастауында тұрған М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахском языке» атты зерттеуі қазақ тіліндегі сөз тіркестерін негізгі теориялық мәселелері мен олардың жүйелі түрдегі жіктелісін көрсетті[5] . Ғалым зерттеулерінде сөз тіркестерін номинативті сөз тіркестері және номинативті емес сөз тіркесі деп бөледі. Осы тұжырымға байланысты қазақ тіл біліміне сөз тіркесі аясында негізіген ноиминативті емес сөз тіркестері зерттеледі. Ал номинативті сөз тіркестері, яғни жаңа туынды мағына беретін атаулық тіркестер сөзжасамдық сипатта осы уақытқа дейін толық зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Байқап отырғанымыздай, профессор М. Балақаев фразалық тіркестер мен біріккен сөздердің жасалуының әуелгі бастауы еркін сөз тіркестері екенін ескертіп отыр. Сонымен бірге қазіргі күрделі сөздердің барлығы да еркін сөз тіркесі арқылы жасалып, бірте-бірте туынды мағынаға ие болғанын сөзжасамдық теориялардың негізінде айқындалады.

Түркітанушы зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, күрделі сөздердің жасалуы көне замандарда-ақ басталған. Г. Алпаров зерттеулерінде күрделі етістіктерді де сөздердің лексикалануының нәтижесі ретінде қарастырады[6] . Мысалы, құмық тіліндегі геле-геле (келе-келе), охуй-охуй (оқи-оқи) деген тұлғалады лексикаланудың нәтижесінде келіп, күрделі сөздерге айналған деп қарастырады.

Қазақ тілі мамандарынан атаулық тіркес мәселесін алғаш сөз еткен профессор Н. Т. Сауранбаев. «Изафеттік тіркесте ілік жалғауы бірде жалғанып, бірде жалғанбайды. Мұның себебі ілік септіктің иелік мағынасының айқындалып я көмескіленіп айтылуынан . . . Жалғау түсірілмей айтылғанда, ілік септіктегі сөздің ие, субстантив, жетекші сөз екендігі айқындалады. Яғни таза синтаксистік тіркес болып табылады. Ал ілік жалғауы түсіріліп айтылғанда, алдыңғы сөздің иелік, субстантив мәні сезілмейді, көмескіленеді де екеуі бір сөз мағынасында айтылады, яғни атауға айналады. Сондықтан изафеттің ілік жалғаусыз түрі сөйлемде бір ғана мүше болады», деп оның сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл екенін, изафеттің бұл түрі қазірде тұтас, бір атау (лексема) болып ұғынылатынын сөз етеді. Гималай тауы, Шу өзені, Москва қаласы, қазақ халқы, драма театры, Киров шахтасы, Партия ұйымы, Оқу министрлігі, Алматы станциясы, министрлер Советі сияқты күрделі атауларды жасау кең өріс алғанын келтіреді [7, 86 б. ] .

Атаулық тіркестерге тән белгі қасиеттер біраз зерттеушілердің еңбектерінде жақсы көрсетіліп, анықталған. Мәселен, профессор К. Аханов атаулық тіркестерді күрделі сөз ретінде қарастырып, олардың еркін сөз тіркестері мен фразеологизмдермен салыстыру барысында осы аталған екі топты айырудың жолдарын көрсетіп, кәрі жілік, ащы шек, тоқ шек, асық жілік т. б. күрделі сөздер номинативті немесе атаушы қызмет атқарады, әрқайсысы бір-бір атау ретінде қолданылады дейді. Сонымен бірге, мұндай сөздердің термин сөздерге жақындығын, олардың бірте-бірте терминдік сипатты иеленетіндігін де сөз етеді [8, 20 б. ] .

С. Исаев “Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы” атты зерттеу жұмысында сол кезеңдегі тілдік ерекшеліктің бірі ретінде атаулық тіркестерді көрсетеді [9, 67 б. ] . Бұл пікір орынды да, өйткені кеңес заманында орыс тілі арқылы енген көптеген жаңа ұғым атаулық тіркес арқылы таңбаланғаны анық. Мәселен, Кеңес өкіметі, кеңес үкіметі, съезд депутаты, Коммунистік партия, Коммунизм жолы, ауылдық кеңес, қызыл әскер, күн тәртібі, Орталық Комитет, бөлім бастығы, аудан орталығы, аудандық депутаттар кеңесі, ауыл шаруашылығы бөлімі, ғылыми кеңес, мемлекеттік тексеру т. б. көптеген атаулар осы кезеңде жасалған тілдік тұлғалар болып саналады. Бұл атаулардың бәрі бірдей тарихи (историзм) тілдік тұлғаларға айналып кете қоймаған, көпшілігі қазіргі кезде де тілімізде қарым-қатынас жасау барысында белсенді жұмсалады.

Сөз тіркесінің лексикалану үдерісінің қалыптасуы мен дамуы барлық кезеңде де орындалып отырған. Мәселен, көне түркі кезеңінің өзінде лексикалану құбылысы арқылы атаулардың белсенді жасалғанын, көне түркі жазба ескерткіштер тілінде кездесетін есімді анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін талдай келе, ондай сөз тіркесінің сыңарларының, әсіресе бағыныңқы сыңарларының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелердің қатысуы арқылы орындалатынын Е. Ағманов көрсеткен. Ғалым «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» атты зерттеуінде Ұлұқ Еркен, Ұлық сү, ұлық еб сияқты тіркестерінің бірте-бірте алғашқы мағыналарының тарылып, жаңа туынды мағынаға ауысқанын дәлелді деректер келтіре отырып жазады. Сөз тіркестерінің дамуы туралы автор былай деп жазады:

1. Жаңа сөздердің пайда болуы жаңа сөз тіркестерінің жасалуына материал болады, сөз тіркестерінің көлемі кеңиді;

2. Жаңа сөздердің тууы осы мағынада бұрын жұмсалып келген көп мағыналы сөздердің мағыналарын тарылтады. Яғни көне түркі тілінде кездесетін еркін тіркес сипатындағы көптеген сөздер кейін тілімізде жеке атаулық сипат алып, дами келе туынды сөз ретінде қалыптасқанын аңғарамыз.

Е. Ағманов өз зерттеуінде былай дейді: «Әрине, соңғы тарихи кезең изафеттік құрылыстың бұл түрі лексикалық жағынан толықты, тіліміздің сөздік құрамының баюының нәтижесінде пайда болған жаңа сөздер осы үлгі бойынша жаңа сөз тіркесін жасауға қатысты»[10, 10 б. ] .

Одан әрі зерттеуші әке сөзі, шеше қарғысы, ай сәулесі, күн нұры, ата жолы, үлкендер ақылы, ақын өлеңі деген тіркестерді мысалға келтіре отырып, жаңа сөздер тілдегі бұрыннан бар үлгілер аналогы бойынша жаңа сөз тіркесін жасағандығын, яғни тіліміздегі бұрыннан бар тіркестер арқылы жаңа мағына туындағанын жеткізеді. Мұның себебі ретінде қоғамдық өмірдегі өзгерістер еліміздегі шаруашылық, мәдени, өнер-білім және ғылым саласындағы жетістіктері мен адам ойының кеңейіп жетілуі, дүниетанымының артуынан деп түсіндіреді.

Сөз тіркесінің лексикалануы мен атаулық тіркестердің жасалуы туралы ғылыми пікір Ә. Аблақов, С. Исаев, Е. Ағмановтың «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану үдерісі» атты ғылыми зерттеуінде қарастырылған [11] .

Атаулық тіркесті жеке зерттеу нысаны ретінде зерттеген еңбектің бірі - Н. Ә. Ильясованың «Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен даму үрдісі» атты кандидаттық диссертациясы. Мұнда автор көптеген ғылыми мәселелерді анықтап, атаулық тіркестерге жалпы сипаттама береді, атаулық тіркеске ұйтқы болатын есім сөздер екенін көрсетіп, олардың өзге тіркестердің айырмашылығын талдайды [12] .

М. Сәрсембаеваның «Матаса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы негізінде жасалған туынды сөздер семантикасы»[13] атты кандидаттық диссертациясының негізгі зерттеу нысаны ретінде изафеттік тіркестер арқылы жасалған атаулар мен олардың мағынасы алынса, қазақ тіл білімінде қабыса байланысқан сөз тіркесі арқылы жасалған атаулық тіркестерді зерттеуге арналған Ж. Әуелбекованың кандидаттық диссертациясы бар. Мұнда автор қабыса байланысуда сөз тіркесін құрайтын сөздердің орын тәртібі маңызды болатыны туралы жазылған [14] .

М. Балақаев, С. Исаев, Ә. Аблақов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаевтың еңбектеріне сүйене отырып, қабыса байланысатын сөз тіркестерінің негізінде жасалған терминдік атаулардың мағыналарын анықтап, уәжділігін көрсетеді. Ж. Әуелбекова жұмысында семантикалық белгілері бойынша қабыса байланысқан сөз тіркестерінен жасалған атаулық тіркестің бірігетін топтық түрлері әр алуан болуы мүмкін екендігіне ерекше назар аударады. Мағыналық құрамы бойынша және білдіретін ұғымдарының ұқсастығымен байланысты қабыса байланысқан сөз тіркестерінен лексикаланған салалық термин сөздерді жіктеп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің атау туғызуы туралы мәселенің зерттелуі
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Көркем шығарма атауларындағы сөздер тіркесімі
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмұны
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz