Туризмді ақпараттық қамтамасыз ету


ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Туризмді ақпараттық қамтамасыз ету
- Туристік тасымалдаулар және ақпараттық технология
- Туризм бизнесындағы жаңа ақпараттық технологиялар
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Туризмді ақпараттық қамтамасыз ету
Бүгiнгi таңда жаhандану, қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу ғасырында аталған мәселенi шешуде жаңа қағидат қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану Шығыс Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерi туралы барлық қажеттi ақпаратты, оның iшiнде туризм объектiлерi, авиабилеттер мен қонақ үйлердегi орындарды брондау, клиенттiң тiлегi бойынша туристiк қызмет көрсетулер пакетiн қалыптастыру туралы барлық қажеттi ақпаратты тұрақты негiзде ұсынып отыруға мүмкiндiк бередi. Әлемдiк туризмде виртуалды туризм деп аталатын бағыт пайда болды. Толыққанды ақпарат алу мен оны әлемнiң кез келген нүктесiндегi әлеуеттi туристке дейiн жеткiзуде қазiргi заманғы технологиялар мүмкiндiгi бiрегей әрі теңдессiз.
Туристiк саланы ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:
қажеттi көлiк жолдарының, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердiң болуын ескере отырып, аудандар бойынша туристiк индустрия мониторингiнiң тетiгiн әзiрлеу;
ұқсас халықаралық желiлермен одан әрi оны кiрiктiру мақсатында облыс аумағында бiртұтас туристiк-ақпараттық желi құру;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның ресми тiлдерiнде облыстың туристiк әлеуетi, мәдениетi мен тарихы, туристiк ұйымдар мен қонақ үйлiк қызмет көрсетулер, көлiктiк коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртiбi, тiркеу және әкiмшiлiк рәсiмдерi туралы жаңартылып отыратын деректер банкi бар Шығыс Қазақстан облысының туризмі жөніндегі сайтты жаңарту.
Сонымен қатар, өңірдің тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру мақсатында шетелдiк, республикалық және өңiрлiк жетекшi бұқаралық ақпарат құралдарында кең ақпараттық-жарнамалық науқанды қамтамасыз ету.
Туристік тасымалдаулар және ақпараттық технология
Қатынас жолдары тораптарының ұзақтығы - көліктік қатынас жолдары учаскелерінің километрлік жалпы ұзақтығы. Торапты құрайтын жеке учаскелердіц ұзындықтарын жиынтықтау жолымен есепті күнге анықталады.
Жалпы пайдаланудағы темір жолдардың пайдалану ұзындығы - осы желіні шектейтін басты жолдың білігі бойынша өлшенетін теміржол желілерінің километрлік ұзақтығы.
Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары - Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын және мағынасы бойынша жергілікті және республикалық мәндегі жолдарға, сонымен қатар техникалық санатына қарай және жамылғы түрлеріне қарай бөлімшеленетін қаладан тыс автомобиль жолдары.
Автомобиль жолдарының ұзақтығы жол торабын қүраушы жеке учаскелердің ұзындықтарын жиынтықтау арқылы алғашқы елді мекеннен соңғысына дейін есептеледі.
Ішкі су жолдарына өзен, канал, көл шығанақ және кеме қатынасы үшін қажетті өзге су кеңістіктері (теңіздерден басқа) кіреді. Олар арқылы кеме, сал және басқа қалқығыш объектілердің қозғалысы мен тіркеп сүйретілуі жүзеге асырылады.
Автобус - жолаушыларды тасымалдау үшін арналған және сегізден артық (жүргізуші орнын есептемегенде) отыратын орындары бар жолаушылық механикалық жол көлік құралы.
Өзен көлігіндегі жолаушылар кемесі ішкі су жолдарында жолаушылар мен олардың жүктерін тасымалдау үшін, сонымен қатар демалу мен туристік саяхат үшін арналған.
Қатынас түрі - көлік торабы бөлімшесінің тасымалдауға қатысу сипатын керсететін белгі. Тасымалдау ТМД елдеріне халықаралық, алыс шет елге халықаралық, республика ішіне қалааралық, сонымен қатар қала маңындағы және қала ішіндегі болып бөлінеді.
Қонақ үй кәсіпорындары
Бөлімде қонақ үй кәсіпорындарының қызметі, олардың бір жолғы сиымдылығы, орналастырылған адамдар саны, бар орындарды пайдалану коэффиценті, сондай-ақ қонақ үй кәсіпорындары қызметінің қаржылық нәтижесінің көрсеткіштері туралы деректер ұсынылған.
Қонақ үй - уақытша тұру үшін арналған, әдетте, оқшауланған үй (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.
Мотель - автомобиль жолдарына жақын орналасқан қонақ үй.
Кемпингтер - шатыр, автофургон автотіркеме, доңғалақтағы үй және туристік лашық үшін арналған жабық алаңда орналастырылатын ұжымдық объектілер.
Сырттан келгендерге арналған жатақхана - қонақ үйдің алуан түрлілігі; ол, әдетте, ұйымның теңгерімінде тұрады және оның мамандарының, сондай-ақ осы ұйыммен іскерлік байланысты жүзеге асыратын коммерциялық қызметпен айналысатын адамдардың уақытша тұруы үшін арналған. 1998 жылдан бастап қонақ үй кәсіпорындарының санына ұйымдастырушылық-құқықтық үлгіге және меншік үлгісіне тәуелсіз дербес теңгерімде, сондай-ақ ұйым теңгерімінде тұратын қонақүй, мотель, кемпинг, шеттен келушілер жатақханасы кіреді.
Қонақ үй кәсіпорындарындағы жалпы орын саны жыл соңына түгендемелік деректер бойынша анықталады.
Қонақ үй кәсіпорындарының бір жолғы сиымдылығы барлық нөмірлердегі қойылған тұрақты керует саны бойынша анықталады.
Қонақ үй кәсіпорыдарының түнеуді (тәуліктік төсек орын) ұсынуы тұрақты және уақытша орындардың қолданылған санын, нөмірлер мен орындарды сақтап қоюмен қоса, көрсетеді және тұрушыларды тіркеу кітабы негізінде анықталады.
Қонақ үй қорын (бар орындарды) пайдалану коэффициенті бір жолғы сиымдылық пен жылдағы күндер саны көбейтіндісіне белінген түнеу санына тең.
Туризм бизнесындағы жаңа ақпараттық технологиялар
Үшінші мың жылдықтағы даму бағытын анықтайтын XIX ғасырдың соңында әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компьютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді.
Үшінші мың жылдықтағы даму бағытын анықтайтын XIX ғасырдың соңында әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компьютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді.
Туризм және интернет. Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.
Интернет ақпараттар сақтайтын ең ірі қойма секілді ол кең ауқымды қызықтырып, өзіне тартатын асазор электронды супермаркет. Оның әлемді өзіне бағындыру жылдамдығына таңданасың. 50млн адам аудиториясын жеңіп алу үшін радио 38 жыл қажет етті, ал Интернетке - барлығы 4-ақ жыл. Пайдаланушылар саны ай сайын 15% өсуде. Егер де автомобиль өндірісі осындай жылдамдықпен дамығанда, технология индустрисы ретінде, онда ең қымбат және сәнді автомобильдің құны 2 АҚШ доллары болар еді, ол дыбыстың жылдамдығындай жылдамдықпен жүрер еді және оның бір құйған жанармайы 600 мильге жетер еді.
Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі - туристік өнім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz