1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 2010 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен қатар Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2010 жылдың 7 мамырында сөйлеген сөзінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығымен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, «Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын-байрақ, намысын- найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Жасанған жауды біз жұмылған бірлігімізбен жеңдік. Қанқұйлы соғыс жылдарында бүгінгі Қазақстан халқының мызғымас бірлігі қалыптасты. Біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын жан-жүрегімізбен сезініп өстік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз» [1] деп айта келе, Елбасы соғыста қаза тапқандардың рухы мен Ұлы Отан соғысының қазірде көзі тірі майдан және тыл ардагерлеріне ерекше құрметпен қарауға шақырады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы мен мәселелерін зерттеудің қоғамдық-саяси маңыздылығымен қатар, диссертация тақырыбының өзектілігі өзіндік ғылыми білімнің жинақталу қажеттілігімен анықталады. М.В. Нечкинаның дәл анықтамасы бойынша, «ғылымдағы ең өзектісі оның одан әрі өсуі үшін аса қажеттісі» болады [2].
Бүгінде жалпыодақтық және қазақстандық ғылыми орталықтармен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша зерттеулердің көлемі орасан екендігін атап өту керек. Сондықтан, біздің ойымызша, жақын болашақта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеуде отандық дәстүрлерді жалғастыратын, жаңа әскери-тарихи және жалпы тарихи зерттеулерді жасау үшін тарихнамалық негізді дайындау аса қажет болып табылады. Біз тек 1941-1945 жылдардағы Қазақстан тарихының тарихнамасындағы отандық дәстүрлерді жалғастыру ғана Ұлы Отан соғысының қатаң жылдарындағы Қазақстан тарихын зерттеуде сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Сонымен қатар, кеңестік және қазіргі отандық тарих ғылымында танымдық жағдайдағы өзгерістерді ескеретін тарихнамалық өзіндік тану тәжірибесінің жоқтығына байланысты біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеп білу тарихына назар аударуды жөн көріп отырмыз. Берілген тарихнамалық мәселе деңгейінде зерттеу, біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының тарихын зерттеуде жаңаша нұсқалар мен көзқарастарды іздеуге қарапайым үлесімізді қосудың талпынысы болады.

1 Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды.// Егемен Қазақстан. 8 мамыр, 2010 ж. № 178-180.
2 История и историки. Историографический вестник. К 100 летию академика М.В. Нечкиной. М.,2001. с.7
3 Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков.-Алма-Ата, 1943.-325с. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней.-Алма-Ата: Наука, 1943.-485с.
4 Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.; Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).- Алма-Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970. 471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.
5 Нусупбеков А.Н. Могучий арсенал Великой Отечественной войны // Известия АН КазССР. Сер. историч. - 1947. - Вып.З.- С.73-84; Казахстанцы в битве под Москвой.- В кн.: Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки,- Алма-Ата, 1968, вып.1. Т.6.- С. 5-32; Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. А.-А., Казгосиздат,1955; Абишев Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцов-казахов в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). А.-А., Казгосиздат, 1950.
6 Герои Советского Союза-казахстанцы. Сб. Документов и материалов. Кн.1. А-А., Казгосиздат, 1945.
7 История Казахской ССР. Т.ІІ. ~ Алма-Ата: Наука, 1959. -736 с; Қазақ ССР тарихы . - Т.2. - Алматы: Ғылым, 1963.
8 Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Великой Отечественной войны//Актуальные проблемы истории советского Казахстана.-А-А.:Ғылым,1980. С.115.
9 БасинВ.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк).А.-А., Наука,1965.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. Исторический очерк. А.-А.: Наука, 1965. Шаукенбаев Т. Урало-Эмбинский нефтеносный район. Алма-Ата. Каз ГИС.1958. 231 с.; Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. Алма-Ата. Казахстан. 1974.-167 с. Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы Советской власти.-Алма-Ата: КазГИС 1951.-342с.
10 Михайлов Ф.К. Профессионально-техническое образование в Казахстане. М., Труд. Резервы, 1962.; Оразов К. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. А.-А. Наука, 1975.; Нурбекова Г. Женщины Казахстана-фронту(Трудовые подвиги женщин в промышленности Казахстана в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.)А.-А., Казахстан, изд. 2-е, перераб. И доп. 1988 г.
11 Балақаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны.-Алма-Ата: Казахстан, 1971.-351 с.; Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж.).- Алматы: Ғылым, 1985. - 320 б.
12 Шошенко А.В. Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны(по материалам Казахской ССР). -Алма-Ата: КазГИС, 1951. – 169 с. Каймолдин С. Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны. Алма-Ата. Казахстан. 1969. -176 с.; Спиридонов И. Комсомол Казахстана в дни Великой Отечественной войны.-Алма-Ата: КазОГИЗ, 1948.-325 с.
13 Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. А.-А., Казгосиздат, 1958; Чокин А.Р. Очерки развития санэпидслужб в Казахстане. А.-А., Казахстан,1975; Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. А.-А., Казахстан, 1985.
14 Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки. - Алма-Ата, 1968. - вып.1. ; Казахстан в Великой Отечественной войне: Очерки. -Алма-Ата,1974. - Вып.2.; Совет Одағының қазақстандық батырлары. Алматы:Қазақстан, 1969. Т.1-474б. Және Т.2.-439 б.
15 Аманжолов К. Национальные воинские формирования в составе советских вооруженных сил (1917-1945 гг.). Автореф. дис. докт. ист. наук.- Алма-Ата, 1987.- С 43.; Белан П.С. Казахстанцы на фронтах Великой Отечественной Войны 1941-1945 гг. -Алма-Ата, 1991. - 435с; Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1959. -631 с.
16 Алданазаров А. Участие казахстанцев в боях за освобождение Польши от немецко-фашистской оккупации (1944-1945гг.).- Автореф. дис. канд. ист. наук. Алма-Ата, 1972.-24 с; Қазақстан зиялыларының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек және жауынгерлік ерліктері (1941-1945 жж.). -Алматы, 1965. -340 б.; Маляр И.И. Участие казахстанцев в антифашисткой народно- освободительной борьбе в странах Европы (1941-1945 гг.). -Автореф. дис. канд. ист. наук.-Алма-Ата, 1990. -24 с; Мухамеджанов А. Участие казахстанских воинских соединений и частей в битве под Москвой (сентябрь 1941- март 1942 гг.). -Алма-Ата, 1968.-228с; Стамбеков К. Казахстанцы в боях за освобождение Украины в годы Великой Отечественной войны (1943-1944гг.). Автореф. дис. канд. ист. наук.-Алма-Ата: Казгосунив-т, 1966.-30 с.
17 Абдуллаев У. Местные Советы депутатов трудящихся Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1973.-174с; Акинжанов М.А. Трудовой подвиг колхозного крестъянства Западного Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.), -Алма-Ата, 1972.-213 с; Алдажуманов К.С. Роль МТС и трудовой подвиг сельских механизаторов Казахстана в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.). Алма-Ата, 1986. -168с; Ауельбаев А. Южно-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).-Алматы: Наука, 1967. -214 с; Балакаева Л. Укрепление союза рабочего класса и колхозного крестьянства Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1989. -217 с; Баширова Л.Ш. Культурно-просветительная работа в Казахстане в годы Великой Отечественной войны. - Алма-Ата, 1977. -167 с; Белан П.С. Северный Казахстан в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). - Алма-Ата, 1962, -308 с; Бисенбаев А.К. Деятельность научных учреждений и высших учебных заведений Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1984. -214 с; Букаткин П.Р. Западный Казахстан в годы Великой Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 гг.). -Алма- Ата, 1967. - 308 с; Бутин М.Е. Пищевая промышленность Казахской ССР период Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1960. -237 с; Городецкая В.С. Самоотверженный труд работников легкой промышленности Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1975. -197 с; Жумасултанов А. Братская помощь трудящихся Казахстана освобожденным от немецко-фашистской оккупации районам в годы Великой Отечественной войны. Автореф. дис. канд. ист. наук. -Алма-Ата, 1963.; Ибраев Е.Ш. Трудовые подвиги трудящихся Южного Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941 - 1945 гг.) На материалах Южно- Казахстанской, Джамбулской и Кзыл-Ординской областей. -Алма-Ата, 1982. - 178 с; Искакова Б. Казахстан в первый период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). -Алма-Ата, 1955. -237 с.
18 Аманжолов К. Ерліктің жарқын беттері (Ұлы Отан соғысында қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары 1941-1945). - Алматы: Қазақстан, 1987.; Жауынгерлік ту астында.- Алматы: Қазақстан, 1991.-176 б.
19 Белан П.С. Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики (1941-1945 гг.). -Алма-Ата: Наука, 1988; Казахстанцы в битве на Волге. -Алма-Ата: Ғылым, 1990.; На всех фронтах: Казахстанцы в сражениях Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.. - Алматы: Ғ Ғылым, 1995. -336 с.
20 Көпішев Қ. Қара бұлтты қақ жарған. -Алматы: Қазақстан, 1994; Халимульдина А., Халимульдин Ә. Мәншүктің жұлдызды сәті: Естеліктер. - Алматы: Балауса, 1992.- 445 б.; Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының 10 томдығы. -Алматы: Қазығвдрт, 2005. - Т. 2; Роман, майдан жазбалары: Т. 3; Роман, хикая, әсселер, Т. 4. Очерктер; Т.5. Тоғыз толғау; Т. 10. Менің замандастарым.
21 Боздақтар. Жинақтама том (Құраст.: П.С. Белан, Н.Едігенов). -Алматы: Қазақстан, 1995.-480 6.
22 Ким М.П. 40 лет советской культуры. М. 1957.; Очерки истории советского кино. 1939-1945. М. 1959; История русской советской культуры. 1941-1953. М. 1968; Максакова Л.В. В рядах воюющего народа: из истории советской культуры в годы Великой Отечественной войны. М. 1965.; Калшабеков А.Ж. Ратные и трудовые подвиги интеллигенции Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.): Автореф дис. к.и.н. Алма-Ата. 1965 (на каз. яз.).
23 Жумашев Р.М. Историография становления и развития культуры Казахстана. 1936-1991 гг. Автореферат на соискание ученой степени д.и.н. Москва 2004. ; Жумашев Р.М. Развитие социалистической культуры в Казахстане в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). Дис. к.и.н. - Москва, 1990. 245 с.
24 Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов.: Сборник докладов и выступлений на Международной научной . конференции, посвященной 60-л. Победы над фашисткой Германией.- Алматы, 2005.-160 с; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған студенттердің ХІV ғылыми конференцияларының баяндамаларының тезистері: I, П-бөлім.-Өскемен., 2005.; Кеңес Одағының Батырлары. Мағлұматнама.-Өскемен.-2005.; «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан» атты Жеңістің 60 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Өскемен.- 2005.; «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми -теориялық конференция материалдары.-Астана: ЕҰУ баспасы, 2005.- 262 б.; «Ұлы Жеңіс: жаңа көзқарастар мен қадамдар» Жеңістің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми -практикалық конференция материалдары. .-Астана: ЕҰУ баспасы, 2010.- 356 б.;
25 Могильницкий В. Звезды Гулага. Худ.-докум. книга. Караганда: ОАО «Карагандинская полиграфия», 2001.131 с.; его же. Люди Победы. Караганда, 2010.;Суворов В. Последняя республика. Почему Советский Союз проиграл Вторую мировую войну. М, 1999. ; Его же. Самоубийство. Зачем Гитлер напал на Советский Союз. М, 2004.; День «М». Когда началась Вторая мировая война. М,1994.; Очищение. Зачем Сталин обезглавил свою армию. М,2006.
26 Снегин Д. В те дни и всегда. А:Санат, 2005. 432 с.; Пока бьется сердце. А: Жібек жолы, 2005.184 с.; Исабай Қ. Алғы шепте. А.Санат, 2005. 240 б.Сквозь пламя войны.А: «Жибек жолы», 2005. -436 с.; Нурмагамбетов С. От огненных лет до суверенной армии. Сб. мемуарных произведении. –А: «Жибек жолы», 2005. -544с.; Абенов К. «Операция «Марс». Казахи в «Долине смерти».-Алматы: Жеті жарғы, 2010. - 440с.
27 Назарбаев М., Слиденко В. Великие битвы Великой отечественной войны. А, 2010. 376 с.; Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы: Оқу құралы. А:Білім, 2008. 320 б.
28 Бырбаева Г.Б. Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны.канд. диссертация. Алматы 1996 г. Карпыкова С.С. «Женщины Казахстана: проблемы историографии (20-80-е годы ХХ века). - Алма-Ата, 1997. -88с. Автореф. дис. канд. ист. наук. Қожабекова А.Д. Кеңес өкіметінің әйелдерді қоғамдық-саяси қызметке тарту тәжірибесі: нақтылы тарихи-зерттеу (Қазақстан мысалында 1917-1990 жж). -Алматы, 2007. -92б. –Тарих ғыл. канд. автореф.

ӘОЖ 930.1:94(574)19411945 Қолжазба құқығында
ҚАРСЫБАЕВА ЖҰЛДЫЗ АЛПЫСҚЫЗЫ
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының
тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері.
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2010
Жұмыс Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті археология,
этнология және Отан тарихы кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Жұмашев Р.М.
Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Кадысова Р.Ж.
тарих ғылымдарының докторы,
Смагулова С.О.
Жетекші ұйым: ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов
атындағы
Шығыстану институты
Диссертация 2010 жылдың 21 желтоқсанында сағат 14.00-де
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (100028,
Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 1 кеңейтілген
дәрісхана) жанындағы БД 14.50.12 Біріккен диссертациялық кеңесінде
қорғалады.
Автореферат 2010 жылғы __ ________________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, тарих
ғылымдарының докторы, профессор Т.Ә. Әлімбаев
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 2010 жылы Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы елдерімен қатар Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын
атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2010 жылдың
7 мамырында сөйлеген сөзінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығымен
және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, Екінші дүниежүзілік соғыста
біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты
жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние
жүзіне дәлелдеп берді. Арын-байрақ, намысын- найза еткен ерлердің
қаһармандығы аңызға айналды. Жасанған жауды біз жұмылған бірлігімізбен
жеңдік. Қанқұйлы соғыс жылдарында бүгінгі Қазақстан халқының мызғымас
бірлігі қалыптасты. Біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын
жан-жүрегімізбен сезініп өстік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас
қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз
[1] деп айта келе, Елбасы соғыста қаза тапқандардың рухы мен Ұлы Отан
соғысының қазірде көзі тірі майдан және тыл ардагерлеріне ерекше құрметпен
қарауға шақырады.

тарихнамасы мен мәселелерін зерттеудің қоғамдық-саяси маңыздылығымен қатар,
диссертация тақырыбының өзектілігі өзіндік ғылыми білімнің жинақталу
қажеттілігімен анықталады. М.В. Нечкинаның дәл анықтамасы бойынша,
ғылымдағы ең өзектісі оның одан әрі өсуі үшін аса қажеттісі болады [2].
Бүгінде жалпыодақтық және қазақстандық ғылыми орталықтармен 1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша
зерттеулердің көлемі орасан екендігін атап өту керек. Сондықтан, біздің
ойымызша, жақын болашақта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі
Қазақстан тарихын зерттеуде отандық дәстүрлерді жалғастыратын, жаңа әскери-
тарихи және жалпы тарихи зерттеулерді жасау үшін тарихнамалық негізді
дайындау аса қажет болып табылады. Біз тек 1941-1945 жылдардағы Қазақстан
тарихының тарихнамасындағы отандық дәстүрлерді жалғастыру ғана Ұлы Отан
соғысының қатаң жылдарындағы Қазақстан тарихын зерттеуде сабақтастықты
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Сонымен қатар, кеңестік
және қазіргі отандық тарих ғылымында танымдық жағдайдағы өзгерістерді
ескеретін тарихнамалық өзіндік тану тәжірибесінің жоқтығына байланысты біз
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеп
білу тарихына назар аударуды жөн көріп отырмыз. Берілген тарихнамалық
мәселе деңгейінде зерттеу, біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі
Қазақстан тарихын, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының тарихын
зерттеуде жаңаша нұсқалар мен көзқарастарды іздеуге қарапайым үлесімізді
қосудың талпынысы болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында отандық тарихнамадағы
методологиялық негіздерді жаңарту қажет. Ұлы Отан соғысы тарихының
тарихнамасындағы марксистік кезеңнің әлсіз және күшті жақтарын обьективті
талдау, казақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шайқастарына, партизандық
қозғалысқа қатысуын, Қазақстанның күшті майдан арсеналына және Кеңес
Одағының әскери-өндірістік базасына айналуын, әскери сынақ жылдарындағы
білім, ғылым, мәдениеттің жағдайын әділетті қарастыру ұлтаралық қатынастар
мәдениетін қалыптастыруда және жастарды әскери өнерге баулуда, патриоттық
тәрбие беруде ғылыми негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға
мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының обьектісі: кеңестік және тәуелсіздік жылдары жарық
көрген зерттеушілердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихы
тақырыбы аясындағы монографиялар, ғылыми мақалалар, тарихи еңбектерге
берілген сын пікірлер, диссертациялар, көркем әдеби шығармалар,
публицистика.
Зерттеу жұмысының пәні: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы, қазақстан-дықтардың соғыс
қимылдарына қатысуының тарихнамасы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
тарихнамасы кеңестік кезеңде жалпыодақтық тарихнаманың бір бөлігі болды
және сол себептен жалпы еңбектерде, сонымен қатар соғыс жылдарындағы
республиканың тарихы бойынша әдебиеттерді талдаған арнайы зерттеулерде де
қарастырылды.
Біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеуді негізгі үш кезеңге
бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең - соғыс жылдарынан бастап 1950 жылдар арасын қамтиды.
Екіншісі - 1956 жылдан КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Үшінші кезең – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең.
Бастапқы кезеңде Қазақстан тарихнамасында қазақстандықтардың Ұлы Отан
соғысына қатысуы, еңбек тылындағы кеңес адамдарының даңқты істері сол
кезеңнің өзінде мерзімді баспасөз беттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі
түрлі баспасөз және бұқаралық насихат құралдарының беттерінде жариялана
бастады. Сонымен қатар, Қазақстан КП ОК үгіт-насихат бөлімінің
қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер мен жазушылар бірігіп жазған 1943 жылы
басылып шыққан екі жинақта Қазақ КСР-нің соғысқа қатысуы және онда
республика экономикасының соғыс жағдайында қалыптасуы сондай-ақ, майдандағы
қазақстандықтардың ерлігі көрініс тапқан [3].
Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді
монографиялар жазған ғалымдар – Ғ.Әбішев пен М.Қ. Қозыбаевтар болды.
Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы,
қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты
баға беріліп [4], Қазақстан-майдан арсеналы деген қорытынды жасалды.
Алайда еңбектердің коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын
көрінеді. Сонымен қатар осы кезеңде А. Нүсіпбековтың еңбектері, О. Малыбаев
пен Ғ. Әбішевтің жұмыстары жаңаша ойларымен, пайымдауларымен көзге түседі
[5]. Олардың арасында соғыс жылдарындағы республика еңбекшілерінің еңбегі
мен қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуы академик А.Н.
Нүсіпбековтің ғылыми еңбектерінде орын алды. Тарихшы-ғалым бұл еңбектерінде
мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана
отырып, еліміздің майданға қосқан үлесі жөнінде пікірлер айтты.
Соғыстан кейінгі кезеңде атақты жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін
насихаттауда бірқатар еңбектер жарық көрді, олардың алғашқылары Кеңес
Одағының батырлары – қазақстандықтар жинағына өмірбаяндық мәліметтер,
марапат қағаздардың көшірмелері және соғыс жылдарының басқа да құжаттары
мен материалдары енгізілді [6].
Қазақстандықтардың ерлік істері жөнінде және тыл еңбеккерлерінің қажырлы
еңбегі жөнінде Қазақ ССР тарихының бірнеше рет жарық көрген
басылымдарында келтірілді [7].
И.В. Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген Кеңес Одағының
Коммунистік партиясының ХХ сьездінен кейін зерттеушілердің мұрағаттарда
жұмыс жасау мүмкіншілігі кеңейіп, жалпы тұжырымды еңбектер мен
монографияларды даярлау үрдісі біршама қарқынды дами бастады. 1950
жылдардың соңы-1960 жылдардың басында 6 томдық 1941-1945 жж. Кеңес
Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы және 12 томдық 1939-1945 жж. Екінші
дүниежүзілік соғыс тарихы жарық көрді.
Жалпы, тарихшылар Т. Балақаев пен Қ. Алдажұмановтың мәліметтері бойынша
Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы 1941 жылдан бастап 1979
жылға дейінгі аралықта 25 монография, 11 мақалалар жинағы, құжаттар мен
естеліктер, 200-ге жуық ғылыми мақалалар, 20-дан астам естеліктер мен шағын
кітапшалар жарық көрген [8].
Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің ішінен республика ауыр
өнеркәсібінің дамуы туралы жазған В.Я. Басиннің, Л.А. Пинегина мен
С.А.Федюкиннің, Г.Чулановтың, мұнай өндірісі туралы Т.Шаукенбаевтың
еңбектерін бөліп айтуға болады [9]. Ф. Михайлов пен К.Оразов өз еңбектерін
соғыс кезеңіндегі кадр мәселесіне, бірінші кезекте өнеркәсіп пен көлік
саласы үшін қажет кадрларды даярлау мәселесіне арнаса, соғыс жылдарындағы
әйелдер мәселесіне Г. Нұрбекова өз жұмысын арнады [10].
Соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхозшы шаруаларының Жеңіске қосқан
үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен
жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мәселеге де ерекше назар аударылды. Т.Б.
Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбектерінде эвакуацияланған тұрғындардың
ауылшаруашылық өндірісіндегі қосқан үлесі, малды эвакуациялау және
орналастыру, республика колхоздарының азат етілген аудандарға көрсеткен
көмегі кеңінен көрсетілген [11]. Ауыл мен қала арасындағы байланыс
түрлеріне, бақташылық мал шаруашылығы мәселелеріне, колхоз саудасына,
сонымен қатар, соғыс жылдарындағы колхозшылар арасындағы партиялық-саяси
жұмыстардың формалары мен әдістеріне көп көңіл бөлінген. Жергілікті партия
ұйымдарының жұмысы, комсомол ұйымдарының қызметі туралы А.В. Шошенко,
С.Каймолдин, И.Спиридоновтың еңбектерінде қарастырылды [12].
Жекелеген жұмыстар біздің республикамыздағы денсаулық сақтау ісінің хал-
жағдайына және госпитальдардың қызметіне арналды. Бұлар– Қазақстандағы
денсаулық сақтау ісі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тарихы
жөніндегі Р.И.Самарин мен А.Р.Чокиннің және госпитальдерді қабылдау,
орналастыру және емдеу қызметтері туралы М.А. Жақыпованың еңбектері [13].
1960-1980 жылдары соғыс кезінің құжаттарын жариялауға көп көңіл бөлінді.
1968 жылы Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және
этнография институты Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтымен,
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас Мұрағат басқармасымен және
журналист, жазушылармен бірігіп, Кеңес Одағының батырлары –
қазақстандықтар атты екі томдық еңбек шығарды. Онда алғашқы рет сол кезде
белгілі болған Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған
447 қазақстандық жауынгерлер туралы материалдар жинақталды. Отанды қорғауда
қазақстандықтардың әртүрлі операцияларға қатысқандығы жөнінде очерктік
еңбектерде кең түрде айтылды [14]. Сонымен бірге осы кезеңде екі томдық
Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза. 1941-1945
гг. көлемді құжаттар жинағы жарық көрді.
XX ғасырдың 50-90 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы тақырыбында тарих
саласынан көптеген докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалынды.
Бұл диссертацияларды екіге бөліп қарастыруға болады. Олардың
біріншісі–қазақстандықтардың соғысқа қатысуына байланысты жазылған болса,
ал екіншісі–тылдағы қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлесі турасында.
Бірінші тақырып бойынша тек Қ.Аманжолов пен П.С.Белан ғана докторлық
диссертациялар қорғаса, ал екінші тақырып бойынша Ғ.Әбішев, Т.Б.Балақаев
пен Т.С.Көлбаевтар қорғады [15]. Кандидаттық диссертациялардың ішінде соғыс
жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлік істері турасында А.
Алданазаров, Ә. Қалшабеков, И. Маляр, А. Мұхамеджанов, К.Стамбеков және
т.б. [16], ал тылдағы әскери экономика, өкімет органдары қазақстандық
жастардың еңбектегі ерлік істері У. Абдуллаев, М. Ақынжанов, Қ.
Алдажұманов, А. Әуелбаев, Л. Балақаева, Л. Баширова, П. Белан, А.
Бисенбаев, П. Букаткин, М. Бутин, В. Городецкая, А. Жұмасұлтанов, Е.
Ибраев, Б. Искакова және тағы басқа ғалымдардың кандидаттық диссертация
тақырыптарының арқауы болды [17].
1980-жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы оң өзгерістер мен
1991 жылғы Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы Отандық тарих ғылымына
да игі әсерін тигізді. Бұл жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысты
шынайы еңбектер мен мақалалар жарық көре бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдары жасақталған құрамалар мен бөлімдердің қалай
құрылғандығын, оның жеңіспен өткен жолдарын тарихшы-ғалым К.Аманжолов
ғылыми еңбектерінде фактілерге сүйене отырып жазды. Онда 105-ші, 106-шы
және 96-шы ұлттық атты әскер дивизиялары мен 100-ші және 101-ші ұлттық
дербес атқыштар бригадалары жайында қысқаша шолу жасалынды [18].
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар жөніндегі құжаттарды кеңінен
жинақтап, жариялауда зерттеуші-ғалым – П.С.Белан көп еңбек сіңірді. Ол
өзінің ғылыми зерттеулерінде қазақстандықтардың Белоруссия, Прибалтика,
Сталинград пен Волга түбіндегі шайқастарға қатысуы мен Москваны азат ету
барысында Қазақстанда жасақталған дивизия, бригадалардың соғыс қимылдарын
нақты түрде талдап, көрсете білді [19].
Соғыс ардагерлері Қ. Көпішев, Ә.Халимулдин, Ә.Нұршайықовтар соғыс
күнделігі мен мұрағат қорындағы құжаттарға сүйене отырып, Алматы мен Ақтөбе
қаласында жасақталған 100-ші және 101-ші ұлттық дербес атқыштар
бригадаларының жауынгерлік жолдары, қарулас достарының ерлігі хақында құнды
мәліметтер береді [20].
Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрамалар турасында қысқаша
болса да мәлімет беретін ғылыми еңбектің бірі – тарихшылар П.С.Белан мен
Н.Е. Едігеновтың құрастыруымен жарық көрген Боздақтар атты кітап аса
құнды. Бүл кітапта осы әскери жасақтардың құрамында болып, қаза
тапқандардың, хабар-ошарсыз кеткендердің жалпы саны берілген. Мұнда
соғыстың статистикалық бүкіл көрінісі алғаш рет ашылып, қазақстандық
дивизия, бригада, полк және басқа әскер түрлерінің тарихы туралы тарихи
анықтамалар ерекше сараланған [21].
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті тақырыбының зерттелуіне келсек,
М.П. Кимнің, А.Ж. Қалшабековтың және басқаларының еңбектерінде [22] соғыс
жылдарындағы мәдениеттің дамуы, интеллигенцияның жеңіске қосқан үлесі
туралы айтылды. Оларда идеологиялық тұрғыдан жазу басым болды.
Отандық тарихшы Р.М. Жұмашев Развитие социалистической культуры в
Казахстане в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.)
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында және Историография становления
и развития культуры Казахстана. 1936-1991 гг. атты докторлық
диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, жалпы кеңес дәуіріндегі
республика мәдениетінің дамуының басты бағыттарын, тарихнамалық
аспектілерін жан-жақты қарастырады [23].
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, әскери құрамалардың
шайқастарға қатысуы, республика халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы
дамуы, тылдағы еңбеккерлердің ерен еңбегі, соғыс тарихына қатысты
қазақстандық жеке тұлғаларға қатысты түрлі жаңаша ой пікірлер, тұжырымдар
соңғы жылдары шыққан Ұлы Жеңістің жыл сайынғы мерейтойларына орай өткізіліп
отырған республикандық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық және ғылыми-
практикалық конференциялардың материалдарының жинақтарын атап өтуге болады
[24].
Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден публицист қаламгерлер
В.Могильницкийдің, В.Суворовтың жалпы Ұлы Отан соғысына, екінші
дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты жаңаша көзқарастары, пайымдаулары
жазылған соны еңбектерін атап өтуге болады [25].
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстан тарихына қатысты қызықты, сан-салалы сипаттағы
мәліметтер береді. Олардың арасында ардагерлердің естеліктерінің жинағы,
жекелеген ардагерлердің естелік кітаптары, сонымен қатар мұрағат
құжаттарымен толықтырылып, мәліметтері салыстырылып, жазылған құнды
еңбектер де бар. Олардың арасында Қ.Исабай, Д.Снегин, С. Нұрмағамбетов, К.
Әбеновтың естеліктерін атап өтуге болады. Майдангер Кәкен Әбеновтың
кітабында 100 және 101 қазақ атқыштар бригадаларының майдангерлік
тағдырына, аталған бригадалардың шайқас жолдары, ондағы жалпы құрамының
соғыс кезіндегі адам шығыны соңғы мәліметтермен толықтырылып, жүйелі де
қызықты, тартымды тілмен баяндалған. Автордың еңбегінің құндылығы, аталған
ұлттық бригадалардың Тверь облысындағы бұрын көп уақыт айтылмай келген
Марс операциясына қатысуы туралы толық баяндайды, еңбектің соңында осы
жеке құрамалардың қайтымсыз шығыны туралы мәліметтер, жауынгерлер туралы
атаулар тізімін береді [26].
Соғыс тарихын әскери тарих тұрғысынан зерттегендер арасында К. Аманжолов
пен А. Тасболатовтың Қазақстанның әскери тарихы, М. Назарбаев пен В.
Слиденконың Великие битвы Великой Отечественной войны еңбектерінде Ұлы
Отан соғысына қатысты мол мағлұматтар берілген [27]. Алдыңғы еңбекте
қазақстандық әскери құрамаларға жеке бір тарау арналып, олардың әрқайсысына
жекеше тоқталып өтсе, соңғы көрсетілген еңбектің өкініштісі Ұлы Отан
соғысындағы маңызды шайқастарды қарастырып өткенмен, онда қазақстандықтар,
ұлттық әскери құрамалар туралы мәліметтер жалпылама қарастырылып өткен.
1990 жылдардан бері қарай қорғалған кандидаттық және докторлық
диссертациялардың арасында қазақстандық әскери құрамалардың тарихын
зерттеген Көшербаева Б., әйелдер мәселесі туралы Карпыкова С., Бырбаева Г.,
Қожабекова А. кандидаттық диссертацияларын атап өтуге болады [28].
Осылайша, байқағанымыздай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
тарихының тарихнамасын кешенді талдаған зерттеулер ғылымнан орын алмаған.
Сонымен қатар соғыс тарихының болашақта әлі де зерттеуге тиісті тұстары
бар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Зерттеу жұмысының басты мақсаты -1941-
1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының кеңестік
және қазақстандық тарихнамада қарастырылуын кешенді талдау, ондағы негізгі
қалыптасқан тұжырымдарды, көзқарастарды зерттеп, талдау және көрсету болып
табылады. Сонымен бірге, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі
Қазақстан тарихының мәселелерін зерттеуде жаңа көзқарастар ұсынуға талпыныс
жасау.
Белгіленген мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи
зерттеулердің дамуының негізгі кезеңдерін көрсету, әр кезеңнің
ерекшеліктері мен ондағы қарастырылған басты мәселелерді анықтау;
- кеңестік тарихнамадағы соғыс тарихына, республиканың соғыс
жылдарындағы майдан арсеналы ретінде дамуы, жалпы қазақстандықтардың
жеңіске қосқан үлесі туралы тұжырымдарды талдау, қорытындылар жасау;
- кеңестік тарихнамадағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
туралы қарастырылмаған мәселелерді анықтап, олардың қазіргі отандық
тарихнамада зерттелу деңгейін сараптау;
- қазіргі отандық тарихнамадағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
тарихы бойынша жарық көрген еңбектерді, арнайы зерттеулерді, мерзімдік
баспасөз материалдарын, соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктерін
тарихнамалық тұрғыдан қарастырып, алдағы уақытта зерттелуді қажет ететін
мәселелерді анықтау;
- тарихи ой-тұжырымы мол тәуелсіздік кезеңдегі зерттеушілердің Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының түрлі мәселелерін зерттеген
еңбектеріне бүгінгі тарих ғылымы талаптары деңгейінде баға беру. Белгілі
болған мәселелерге сүйене отырып, тарихнамалық нақты талдаулардың
нәтижесінде, қолданбалы қорытындылар мен ұсыныстар енгізу.
Зерттеу жұмысының деректік негізін 1941 жылдан бастап бүгінгі күнге
дейінгі кезеңде жарияланған, жазылған, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстанның тарихы қарастырылған, оның теориялық және методологиялық,
тарихи тұстарын зерттеген ғылыми мақалалар, іргелі еңбектер, монографиялар,
ұжымдық, қорытындылаушы зерттеулер құрайды.
Тарихнамалық дерек – бұл сол не басқа мәселенің ғылыми зерттелу тарихы
бойынша, тарих ғылымы бойынша ақпаратқа ие кез келген тарихи дерек. Негізгі
тарихнамалық дерек болып мәселенің тарихы бойынша жалпы және нақтылы
тұжырымдарды мазмұндаған тарихшы ғалымдардың еңбектері болып табылады. Бұл
топтағы деректерді 1941 жылдан бүгінгі таңға дейін кеңестік және отандық
тарихнамада жарық көрген Ұлы Отан соғысының тарихы және осы кезеңдегі
Қазақстан тарихына қатысты түрлі мәселелерді қамтыған Ғ.Әбішев,
А.Н.Нүсіпбеков, М.Қ.Қозыбаев, З.Ш.Кашкенбаев, Қ.С.Алдажұманов, В.Басин,
Т.Балақаев, Р.Б.Сүлейменов, П.С.Белан және басқаларының монографиялары,
жекелеген еңбектері, мақалалары мен П.А.Жилин, Г.А.Куманев,
А.В.Митрофанова, П.Р.Букаткиннің және басқа да кеңестік тарихшылардың
мақалалары құрайды. Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңде мерзімдік баспасөз
беттерінде жарық көрген М.Қ.Қозыбаев, Т.Балақаев, Д.Қыдырәлі, А.Кәкен,
Н.С.Аликулова, М.Рысдәулет, М.Төлепберген, Б.Қ.Көшербаева, М.Жақып және
басқа да зерттеушілердің, тарихшылардың, қаламгерлердің мақалалары
қарастырылды.
Екінші кезектегі деректер тобын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
республикадағы қоғам және мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың
естеліктері, майдан және тыл ардагерлерінБахрушин және басқа да соғыс
жылдары Қазақстанда эвакуацияда болған ғалымдардың естеліктері бар. Сонымен
қатар М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Х.Доспанова, Ф.Осадчий,
Д.Снегин, К.Әбенов, Д. А.Қонаев, С.Бекенов, Р.Қошқарбаев және басқаларының
естеліктері зерттеу аясына тартылды.
Үшінші кезектегі деректер тобын тарих ғылымының даму жағдайы туралы
ақпаратты көрсететін деректер (ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, мамандарды
дайындау туралы үкіметтің құжаттары) және басқалары құрайды. Мұнда Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың
жинақтары, Кеңес Одағы үкіметі жариялаған жарлықтардың топтамалары
қолданылды.
Бесінші топты Ұлы Отан соғысының тарихы, батырлар ерлігі, тылдағы
еңбекшілердің қажырлы еңбегі және басқа да тақырыптар туралы жазылған
көркем әдеби шығармалар, публицистикалық басылымдар құрайды.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізін бүгінгі уақытқа дейін
тарихнама ғылымында қалыптасқан ғылыми-методологиялық қағидалар мен
тұжырымдар құрайды. Олардың негізгілері ретінде тарихилық, ғылымилық,
шынайылық, нақтылық, жүйелілік сияқты қағидалар мен тұжырымдарды атап өтуге
болады. Зерттеу мақсатына жету үшін салыстырмалылық, сұрыптау, талдау,
әдістері кеңінен қолданылды.
Мәселенің хронологиялық шегі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынан
бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарих ғылымының тарихының кезеңін
қамтиды.
Зерттеудің территориялық аумағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстанның тарихына тарихнамалық талдау жүргізу мақсатына байланысты
Қазақстанның бүкіл аумағы, қазақстандықтардың және қазақстандық әскери
құрамалардың шайқастарға қатысқан жерлері (кеңес-герман майданы) енеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы кеңестік және қазақстандық
тарихнамадағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан
тарихына арналған тарихи әдебиеттер мен деректердің толық кешенін тұңғыш
рет арнайы тарихнамалық зерттеу болып табылады. Осыған орай, зерттеу
жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткізілді:
- қазіргі отандық тарихнамада алғаш рет 1941-1945 жылдардағы Қазақстан
тарихын зерттеуге арналған тарихи зерттеулерге кешенді талдау жүргізілді;
-кеңестік тарихнамада қазақстандықтардың соғысқа қатысуы, республиканың
майдан арсеналы ретінде дамуы, жеңіске қосқан үлесі идеологиялық тұрғыдан,
сол кезеңдегі басқарушы үкіметтің айтқан талаптарына сай жазылғандығы
дәлелденді;
- кеңестік тарихнаманың екінші кезеңінде (1956-1991 жылдар) соғыс
жылдарында Қазақстан тарихына қатысты зерттеулердің даму үрдісі анықталды;
- қазіргі отандық тарихнамада 1980 жылдардың соңынан бүгінгі күнге
дейін кәсіби тарихшылардың, публицист қаламгерлердің, соғыс тақырыбымен
айналысушы тілшілердің, ең бастысы соғыс және тыл ардагерлерінің кейінгі
жылдары жарық көрген естеліктеріндегі соғыстың ақтаңдақ беттерінің
зерттелуі жинақталып қарастырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысын жазу
барысында қолданылған мұрағаттық құжаттар, тарихи деректер және жасалған
тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша
жоғарғы, орта, арнаулы орта оқу орындарында арнайы курс ретінде, лекция,
семинар сабақтарында пайдалануға болады. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша тарихи білімдер әскери
қызметкерлер мен жастар арасында патриоттық және тәрбиелік жұмыс жүргізу
үшін ғылыми негіз, қатаң әскери сынақ жылдарындағы Қазақстан халқының
достығы мен бірлігінің жарқын үлгісі болып табылады
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- отандық тарих ғылымындағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша тарихи еңбектер мен деректерді
талдауға арналған тұңғыш тарихнамалық зерттеу болып табылады;
- Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық, саяси
әлеуметтік, мәдени дамуының тарихы бойынша жинақталған тарихи
білімдерге кешенді талдау жүргізілді;
- алғаш рет қазақстандық тарихнамада Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі
Қазақстан тарихы бойынша тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектер
талданады;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихын зертеуді ғылыми
кезеңдестіруге талпыныс жасалды;
- Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі республика тарихы бойынша ғылыми
айналымға жаңадан енгізілген тарихи деректер талданады;
- Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша жалпыұлттық
және аймақтық деңгейде мәселелерді жасау мен одан әрі зерттеу
жолдары көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері
бойынша тұжырымдалған ой-пікірлер әр түрлі ғылыми, әдістемелік, қоғамдық-
саяси басылымдарда жарық көрді. Барлығы – 8 мақала, оның 3– Жоғары Ғылыми
кадрларды аттестациялау комиссиясының ғылыми-әдістемелік басылымдарында, 5–
халықаралық және республикандық деңгейдегі ғылыми-практикалық
конференцияларда баяндама ретінде жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация белгілеулер мен қысқартулардан,
кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады және пайдаланған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалардан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу
деңгейі негізделеді, зерттеу жұмысының нысаны, пәні, хронологиялық және
территориялық шегі, теориялық-методологиялық негізі анықталады,
диссертацияның мақсат-міндеттері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, тәжірибелік
маңызы, сыннан өтуі, деректік базасы баяндалады.
Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы: қазақстандық
тарихнамадағы өзекті мәселелері деп аталатын бірінші тарауда
қазақстандықтардың ірі соғыс қимылдарына қатысуы, Қазақстан жерінде
құрылған әскери бөлімдердің, құрамалардың және бірлестіктердің тарихының
зерттелуі қарастырылады.
Бірінші бөлімінде Ұлы Отан соғысының тарихнамасын кезеңдестіру мәселесі
бойынша А.В.Карасев, А.П.Беляков, А.В. Митрофанова, В.Т. Анисков,
П.А.Жилиннің және отандық тарихшылардан М.К.Қозыбаев және басқа да
тарихшылардың көзқарастары қарастырылады.
Тарихнамалық деректерді талдау және алдыңғы тәжірибелерді есепке алу
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының мәселелерін жасаудағы
негізгі үш кезеңді бөліп көрсете отырып, келесідегі кезеңдестіруді ұсынуға
мүмкіндік береді. Біріншісі 1941 жылдан 1950 жылдардың ортасын қамтиды,
бұл берілген мәселенің кеңестік тарихнамасының туындаған уақыты. Ол өзіне
екі кезеңді енгізеді: бірінші кезеңде – 1941-1945 жылдар және соғыстан
кейінгі алғашқы онжылдығы, екінші кезеңде - хронологиялық шеңбері 1950
жылдардың екінші жартысы – 1991 ж., оның өзін екіге бөлуге болады: 1950
жылдардың екінші жартысынан–1960 жж. ортасы, 1960 жылдардың екінші
жартысынан – 1991 жылға дейін, үшінші, қазіргі кезеңі – 1991 жылдан
басталып бүгінге дейін жалғасуда. Ол қарастырылушы мәселенің тарихнамасының
дамуындағы маңызды өзгерістермен сипатталады.
Қорытындылай келе, Ұлы Отан соғысы тарихнамасын кезеңдестіруді жасаудың
қолдағы бар тәжірибесі соғыс жылдарындағы Қазақстанның дамуының мәселелері
бойынша ғылыми білімдердің қалыптасуындағы сәйкесінше кезеңдерді бөліп
көрсету үшін нақтылы негіз болып қызмет ете алады. Кезеңдестірудің
ұсынылған нұсқасы біріншіден, отандық тарихнаманы үш кезеңге дәстүрлі
бөлуді сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың хронологиялық
шеңберлері өзіндік ерекшеліктерге ие. Екіншіден, қарастырылушы
кезеңдестірудің жеткілікті толық сипаты бір жағынан, соғыс жылдарындағы
Қазақстанның тарихының тарихнамасын барынша негізді зерттеу үшін мүмкіндік
береді, басқа жағынан, әрбір кезең мен сатыларды бір біріне қарсы қоймай-
ақ, бірегей тарихнамалық үрдіс шеңберінде өзіндік қырларын қамтуға
мүмкіндік береді.
Тараудың екінші бөлімінде Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың
қатысуының тарихы, кеңестік және отандық тарихнамадағы қарастырылу
кезеңдері айқындалып, олардың ерекшеліктері мен басты зерттелу бағыттары
анықталды.
Ұлы Отан соғысы тарихының тұжырымдамасын қалыптастыруға елдің соғысқа
кіру жағдайын кеңестік ресми түсіндіру, соғыс жылдарындағы Қарулы Күштер
мен елді басқарудың әдістерін ресми бағалау да өз әсерін тигізді. Нақтылап
айтсақ, соғыстың бастапқы кезіндегі және 1942 жылғы Қызыл Әскердің көп
шығынға ұшырауын фашистік Германияның кеңес еліне кенеттен басып кіріп,
әділетсіз соғыс бастауымен, оның соғысқа ықтиятты дайындалуымен
түсіндірілді. Ал соғыс барысында кеңес әскерінің жеңіске жетуі армияны
басқарушылық құрамның ұйымдастырушылық қабілеті, тылдың мызғымастығы,
армияның моральдық рухы, қарулануы, дивизиялардың саны мен сапасы,
социалистік қүрылыстың жарқын қасиеттері мен тиімді тұстары, социализмнің
артықшылығымен түсіндірілді. Міне, осы тұжырымдаманың негізгі ойлары соғыс
жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің бәрінде,
қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы еңбектерде де сол
кездің идеологиялық тұрғыдан қойылған талаптарына сай осы тұжырымдар
көрініс тапты. Мысалы, В.М.Савельевтің, Б.С. Тельпуховский және басқа да
кеңестік тарихшылардың еңбектерінде көптеп кездесті. Соғыс уақытында
негізінен жазушылар мен тілшілер, партиялық, кеңестік және комсомол
қызметкерлерімен жазылған, орталық және мерзімдік басылымдардағы мақалалар
мен кітапшалар республиканың түрлі ұлт өкілдерінің батырлық істерін
көрсетті. Олардың арасында мазмұны мен жанры бойынша көбіне батырлар туралы
жазылған очерктер болды, алайда, берілген еңбектер түрлі себептермен
мәселенің мән-жайын толық ашып бере алмады, кейбірі тек баяндаушылық
сипатта болды.
Қазақстандықтардың соғысқа қатысуына арналған зерттеулердің дамуындағы
екінші кезең деректанулық базаның кеңеюімен, жанрлық әртүрлілік және
жұмыстардың ғылыми теориялық деңгейінің біртіндеп жоғарылауымен
сипатталды. Бұл біздің қоғамымыздың барлық өміріндегі хрущевтік жылымық
кезеңнің нәтижесі болды, Сталинның жеке басына табынушылықтың жойылуы мен
саяси қысымның басылуымен, ғылымға жаңа күштердің келуімен байланысты
болды. Алайда зерттеушілердің бәрі де сталинизмның догмалары мен
стереотиптері мен оның әдістемесінен бірден не болмаса толық ажыратыла
алған жоқ. 1980 жылдардың ортасында қайта құру, жариялылық пен демократия
басталғаннан кейін тарихтың ақтаңдақтарына ерекше назар аударылып, бұрын
жабық тақырып болып келген 1937-1938 жылдардағы репрессия мен Ұлы Отан
соғысы кезіндегі адам шығыны туралы мәселелерге ерекше мән беріліп, қайта
қарала бастады. Алайда барынша сенімді қорытынды берілгендерді бекіту
анықтау саяси өзгерістермен байланысты болды және әлі де болса сезіліп
тұрды.
Тәуелсіздік алумен басталған үшінші кезеңде берілген тақырып жаңаша
қырынан зерттеле бастады. Отандық тарихшылар М.Қ. Қозыбаев, Т.Балақаев,
П.Белан, Қ.Алдажұманов және басқа да тарихшылардың еңбектерінде, жекелеген
диссертацияларда қазақстандықтардың соғысқа қатысуының, ұлттық әскери
құрамалардың тарихының түрлі аспектілері жан-жақты зертелді. Ондағы
зерттеуді қажет ететін мәселелерді анықтауда М.Қ. Қозыбаев ерекше үлес
қосты.
Қорыта келгенде, отандық тарихнаманың дамуының әр кезеңінде
қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, республикада жасақталған
әскери құрамалардың, бірлестіктердің, бөлімшелердің тарихы тарихи
зерттеулерде жаңаша деңгейде, зерттелуші мәселелердің ауқымының кеңеюімен,
ғылыми зерттеулер деңгейінің жоғарылауымен кеңінен қарастырылды.
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың құрылу тарихын, олардың шайқас
жолын зерттеуде көлемді деректік және тарихи білімдердің базасы жасақталды.
Дегенмен, біздің ойымызша, әлі де болса зерттелуді қажет ететін бірқатар
мәселелер бар, атап айтқанда: 1) соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың
майдандағы ерліктері көп жағдайда әділетті бағаланбағаны белгілі, сондықтан
берілген тақырыптың ақтаңдақ тұстары әлі де толық зерттеуді қажет етеді. 2)
қазақстандық әрбір арнайы әскери құрамалардың тарихы кәсіби тұрғыдан, яғни
әскери тарих тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. 3) Қазақстанның соғыстағы
адам шығыны, хабарсыз кеткен жауынгерлер, неміс тұтқынында болып, хабарсыз
кеткендер, соғыс жылдары құрылған мұсылман легиондарының тарихы. Соғыста
хабарсыз кеткен қазақстандықтарға қатысты елмізде іздестіру жұмыстарының
бастамасы жасалынған, осы істі республика көлемінде, аймақтық деңгейде одан
әрі өрістету бүгінде өзекті болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстанның әскери тарихына қатысты тарихи зерттеулердің қазіргі кезеңдегі
тарих ғылымының талаптарына сай жазылуы өскелең ұрпақтың, жалпы
қоғамымыздың Ұлы Отан соғысы туралы обьективті білімдерінің жинақталуында,
патриоттық тәрбиелеуде ерекше орын алады.
Үшінші бөлімде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
партизандар қозғалысы мен шетелдегі қарсыласу қозғалысына қатысуының тарихи
зерттеулерде қарастырылуы тарихнамалық тұрғыдан талданып өтеді. Жалпы бұл
тақырыптың зерттелуі соғыс жылдарынан басталды, сол кезеңде жарық көрген
отандық тарихшылардың еңбектерінде барынша қамтылған. Тақырыптың тарихи
зерттеулерде қарастырылуына, дерек көздеріне тоқталсақ, партизандық
қозғалыстың мәнін, рөлін терең бағалау Коммунистік партияның құжаттарында,
КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің құжаттары, баяндамаларында берілген.
Партизандар туралы Кеңес Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік
басылымдарда айтылды. Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың
әскери әрекеттеріне қысқаша шолуларды Б.Волин, П.К. Пономаренко,
Р.Р.Сидельский жасаған. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы атты
көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының
ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі.
Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Советские партизаны,
Л.Н.Бычковтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы атты
еңбектерінде берілген. Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы
туралы Қазақ КСР кеңестік дәуірдегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дамуы
туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде қысқаша сипаттамалар беріледі.
Бұл бағытта маңызды жұмысты партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері
жасаған. Олар партизандар туралы естеліктер мен әңгімелер, күнделіктер,
деректік повестер жазған. Мәселен, Т.Жангелдиннің Партизан күнделігі,
Жолданбаған хаттар, Партизандық жорық, Қ.Қайсеновтың Партизан
соқпақтары, Жау тылында тағы басқаларын айтуға болады. Партизан
қозғалысына және Европа елдерін азат ету шайқастарына қатысқан
қазақстандықтар туралы көлемді мәліметтер Н.Е.Едігенов, П.С.Белан,
А.Алданазаров, И.И.Маляр және басқа да тарихшылардың еңбектерінде берілді.
Жалпы, берілген тақырып бойынша жазылған тарихи еңбектерде неміс-фашист
әскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының қаһармандық
күресі ауқымы, саяси және әскери нәтижесі бойынша фашизмді талқандаудың
маңызды әскери саяси факторы мағынасына ие болды деген тұжырым жасалынды.
Қорыта келе, партизандар қоғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы
кеңестік және отандық тарихнамада біршама жетістіктерге қол жеткізілді.
Қазақстандықтардың шетелдегі қарсыласу қозғалысына қатысуы мәселесі, біздің
ойымызша, бүгінгі күнге дейін жекелеген тарихи зерттеу нысанына айнала
қойған жоқ. Бұл олқылықты толтыру Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың
қатысуына қатысты бірқатар беймәлім тұстарын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстан–майдан арсеналы: мәселенің зерттелуі деп аталатын екінші
тарауда 1941-1945 жылдардағы Қазақстанның халық шаруашылығының дамуы туралы
жазылған еңбектер қарастырылады.
Бірінші бөлімінде кеңестік тарихнамада және қазіргі отандық
тарихнамадағы республиканың соғыс жылдарындағы дамуының зерттелуі
қарастырыла отырып, ондағы Қазақстан – майдан арсеналы болғандығы туралы
қорытындының орын алғаны көрсетіледі.
Тарихнаманың бірінші кезеңінде (1941-1945 жылдардағы) осынау маңызды
және көлемді ғылыми мәселені қарастыру бойынша тек алғашқы қадамдар
жасалды. Зерттеушілердің қолында әлі де деректердің мол қоры бола қоймады.
Құжаттарда берілген көптеген фактілер мен оқиғалар әскери уақыт жағдайында
жабық сипатта болды, қажетті құжаттық материалдардың жинақталуы үшін
біршама уақыт керек болды. Бұл кезеңде жалпылаушы сипаттағы бірқатар
зерттеулер жарық көрді, оның ішінде: Е.М.Грановский Советская
промышленность в Великой Отечественной войне (М, 1949), П.А.Белов Вопросы
экономики в современной войне (М, 1951), А.В.Шошенко Борьба партии
большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны (Алма-
Ата, 1952), Е.И.Солдатенко Трудовой подвиг советского народа в Великой
Отечественной войне (М, 1954) және тағы басқалары.
Кеңес тылының тарихнамасының түрлі мәселелері 50 жылдардың ортасынан
бастап кеңінен қарастырыла бастады. Бұл кезеңдегі көрнекті еңбектерден
Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тархы алты томдығын айтуға болады.
Сонымен қатар, кеңес тылы, КСРО әскери экономикасы, басқа да маңызды
мәселелер туралы жарық көрген В.С. Василенко, А.В. Митрофанова, Н.П.
Липатова, Ю.В. Арутюнян, Г.С. Кравченко, В.А. Ежов, Г.Г. Морехин, Г.А.
Куманев, Я.Е. Чадаева, Л.В. Максакова, М.К. Козыбаев және басқаларының
зерттеулері бар.
1970 жылдары жарық көрген еңбектерден соғыс жылдарындағы кеңес тылының
тарихы бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстың елде белсендене түскендігін
байқауға болады. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының жалпы
мәселелерін жасауда белгілі отандық тарихшы М.Қ. Қозыбаев елеулі үлес
қосты. Автор өз еңбектерінде кең деректік негізде республика еңбекшілерінің
жаумен күреске жұмылдырылуы, соғыс кезеңіндегі экономиканы әскери жағдайға
бейімдеп дамытудағы Қазақстан Компартиясының қызметін кешенді қарастырады.
М.Қозыбаев Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны(1941-
1945 гг.) еңбегінде Ұлы Отан соғысы кезеңінің бай фактілік материалдарымен
Қазақстан Компартиясының халық шаруашылығын әскери жағдайға қайта құру
бойынша, қала мен ауыл еңбекшілерін жұмылдыру, республиканы майдан
арсеналдарының біріне айналдырудағы жан-жақты қызметін дәлелді түрде
көрсетеді. Т.Шаукенбаевтың, В.Я.Басиннің еңбектерінде мұрағаттық және
жарияланған деректерді зерттеу негізінде республиканың ауыр өнеркәсібінің
Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі дамуы қарастырылады. Жұмысшы мамандар мәселесін
зерттеуге Ф.К.Михайлов, К.Ю.Оразов, Г.Шибанов өз еңбектерін арнаған.
Соғыс жылдарындағы Қазақстан әйелдерінің өнеркәсіп пен ауыл
шауашылығындағы ерлік еңбегі Г.Нұрбекова мен Е.Сегізбаеваның, республика
жергілікті кеңестерінің қызметі С.Қаймолдиннің, Ү.Абдоллаевтың, комсомолдар
мен жастардың ерлік еңбегі Т.Сарбақанов пен К.Майғарапова және басқаларының
зерттеулері мен мақалаларына негіз болды. Соғыс жылдарындағы әйелдер
мәселесі қазіргі тарихнамада А.Д. Қожабекованың кандидаттық
диссертациясымен толықты.
Қорыта келе, отандық тарихнамада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстанның экономикалық даму тарихын зерттеуде көлемді жұмыстар
атқарылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан экономикасының дамуының
көптеген аспектілері отандық тарихшылардың еңбектерінде қамтылған.
Дегенмен, біздің ойымызша, соғыс жылдары Қазақстанға қоныс аударған
халықтарды қабылдау мен орналастыру, қорғаныс өнеркәсібін жасау мен оның
қызметі, майданға қызмет еткен көлік мәселесі, республиканың балық
шаруашылығының дамуы сияқты тақырыптар әлі де зерттеуді қажет етеді.
Екінші бөлімде тарихнамадағы әр жылдары жарық көрген еңбектердегі
республиканың соғыс кезіндегі майданға барынша көмек көрсетуден туындаған
патриоттық қозғалыстың зерттелуі қарастырылады. 1943 жылы жарық көрген
Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко фашистских
захватчиков атты еңбекте [3, 238-245] және басқа да басылымдарда, Қазақ
КСР тарихының бірнеше рет басылып шыққан басылымдарында да, Ғ.Әбішевтің,
М.Қ.Қозыбаевтың соғыстан кейінгі кезеңдегі алғашқы көлемді еңбектерінде де
берілген тақырып жан-жақты баяндалады. Отандық зерттеушілер мұрағат
құжаттары мен соғыс жылдарында жарық көрген мерзімдік баспасөз құралдарының
материалдарын, үгіт-насихат жұмыстарының мәліметтерін кеңінен қолдана
отырып, қазақстандық еңбекшілердің Москва, Ленинград, Сталинград, жалпы
майдандағы отан қорғаушыларға көрсеткен рухани-материалдық көмегі туралы,
майдан мен тылдың бірлігі, ондағы жауынгерлер мен еңбекшілер арасындағы
хаттар арқылы байланыс, Отан қорына республика бойынша қаражат жинау туралы
қызықты мәліметтер бере алды. Олардың арасында Т.Балақаевтың Қазақстан
еңбекшілері майдан қызметінде деген еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Жалпы соғыс жылдарында республика 12 қала мен 45 ауданға көмек көрсеткен.
Республика халқының азат етілген аудандарға көмек көрсетуі туралы А.
Жұмасұлтанов, Қ. Алдажұманов, Т. Балақаевтың еңбектерінде жан-жақты
зерттелді.
Жалпы берілген тақырыпқа жазылған еңбектерде халық шаруашылығын қалпына
келтірудегі азат етілген аудандарға көмек бүкіл кеңес халқының монолиттік
бірлігінің куәсі, Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін және ұлт
мәселесінің маркстік-лениндік дұрыс шешілуінің нәтижесінде, біздің елімізде
бекінген халықтар достығы одан әрі дамып, нығайды. Отанға төнген қауіп
бүкіл кеңес қоғамының достық жібін одан әрі бекітіп, моральдық, саяси
бірлігін күшейтті деген тұжырым берік орнықты.
Қорытындылай келе, Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданға
барынша көмек көрсетуден туындаған патриоттық қозғалыстың зерттелуі отандық
тарихнамадағы нық орныққан тақырыптардың бірі болды. Тарихи еңбектерді
тарихнамалық тұрғыдан талдау көрсетеді, кеңестік тарихнамадағы жалпыодақтық
зерттеулерде және отандық тарихшылардың еңбектерінде Қазақстанның соғыс
жылдарындағы халық шаруашылығының дамуы, майдан мен тылдың бірлігі және
басқа да аспектілері қарастырылды. Ал кеңес үкіметінің халық шаруашылығын
дамытудағы еңбек армиясы, әскери тұтқындардың еңбегін пайдалану, еңбекпен
түзеу лагерлеріндегі тұтқындардың елдің экономикасын дамытудағы үлесі
туралы айтуға тыйым салынды. Тек тәуелсіздік алған кезеңде ғана бұл
мәселелерді зерттеуде біршама жетістіктерге отандық тарихшылармен қол
жеткізілді.
Үшінші бөлімде еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz