Қазақстан Республикасының ақша жүйесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I. Ақшаның теориялық негіздері
1.1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2Ақшаның сандық, номиналдық, металдық теориясы ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Ақша айналыс заңы және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

II.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесіндегі реформалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Қазақстан Республикасында ұлттық валютан тұрақтандыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Кіріспе

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші , ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құнды эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквиваленті ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында.Өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" "мал") сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үңділердің ақша бірлігінің атауы "рупия" негізінде жатыр.
Қолданылған әдебиеттер

1.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже-Актілер жинағы, 2002, 18 құжат.
2.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.
3."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004 жж -Ақиқат, 1999, N5.
4.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001.
5.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.
6..«ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
7.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.
30.03. 1995.
8.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының
№ 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арнал-
ған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
9.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N6.
10.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N6.
11. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жарғы”, 2000г.
12. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
13. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
14. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.
15. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
I. Ақшаның теориялық негіздері
1. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2Ақшаның сандық, номиналдық, металдық
теориясы ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Ақша айналыс заңы және ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .22
II.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесіндегі
реформалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Қазақстан Республикасында ұлттық валютан тұрақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..38
Кіріспе

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі
(зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра
отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның
пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат
тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны
дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық
формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір
тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне
қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың
өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол
ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз —
тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік
формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар
өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше
тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент)
рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы
мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын
да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан
айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал
екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар
- барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы
құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға
нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи
эволюциялық процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша
формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз
эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр
түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен,
бірінші , ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың шығуымен мал
(ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-
климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды.
Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда -
түйе; тундрада - бұғы жалпы құнды эквивалент қызметін атқарады. Малды
жалпы эквиваленті ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы
поэмасында.Өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы
уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып
өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" "мал")
сөзінен шыққан. "Рупа" ("мал") сөзі үңділердің ақша бірлігінің атауы
"рупия" негізінде жатыр.
I. Ақшаның теориялық негізі
1.1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні және атқаратын
қызметтері

Ақшаның айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік
емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа
банктерге сатуы және т.б.
Әлемде әр түрлі "экзотикалық" ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін фея ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта,
Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі
ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий, Сиракуз және орта ғасырдағы
ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс
ақша ретінде пайдаланылды. ХҮІІ ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусец
штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру зан тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл
жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді".
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша
өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысының болуы мүмкін емес".
XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың
жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне
тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз
аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -тредаларды, ал
ағылшын экономисі Смит Фальтнер энерг-етикалық бірліктерді - энедаларды
пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
- Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар
ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарша түрде алтынға бекітілген. Алтынның
басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес.
К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен
берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар
болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай,
әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек,қана "патша арағында" (23 тұзды және
13 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие.
Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек
шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-
жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап
зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған
құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль
курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату
қалындығы 3 мк. Жуық. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның
ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін
өндірілген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды.
Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі
40%-ды құрады.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын
алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта
өңдеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден
жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-
да әлемдік алтын өндірісінің 23-і өндірілсе, ал қазір 13-і ғана
өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп
тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге
электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық
аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұныменен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған
алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар
жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%,
индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа
құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын
алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін
көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын
атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл
процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл
жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына
байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын
өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады,
бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша -
зат емес, ол - қоғамдық қатынас".
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл
дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді.
Робинзон Крузога олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып
алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар
болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
жалпыға тікелей айырбасталу;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған
еңбектің,олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы
көрінеді. Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі
ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның
демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша
қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның
ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді.
Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның
классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал,
енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және
ол жалпыға бірдей экривалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің
қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгілері -қағаздай белгілері) қағаз және несие
ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр
десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қыз-мет
атқарады: қүн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орньтна ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масшта-бы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі -мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың қүнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ. Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық кұнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым са-лынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар- ақша
белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Акша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет
ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың
қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем
ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты мін-
деттемелер;
еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойын-
ша борыштық міндеттеме;
сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқа-
лары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу
үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы
айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен
берішек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды
жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады.
Ақша-несие саясатының вариантын тандау көп жағдайда ақшаға сұраныспен
байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық
үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң
саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде
бейнелейді. Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты
деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы
горизонталды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға
сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (2-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (1-
сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз
мелшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты
пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны
сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін
жасайды (Бұл құбылыс Lr қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде
өзгереді).

Мұндағы R — пайыз мөлшерлемесі М — ақша жиыны
Сурет1.Салыстырмалы түрде
Сурет 2 Салыстырмалы түрде қарағанда икемді ақша саясаты
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет,
валюта саясаттарымен байланысы. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау
механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына
тәуелді.
Ақшаның айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу,
мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік
емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа
банктерге сатуы және т.б.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың қүнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ. Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық кұнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келді.
1.2 Ақшаның сандық, номиналдық, металдық теориясы
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық кұнды ақшалар
және толық құнсыз акшалар. Толық кұнды ақшалар — номиналдық құны оны
дайындауга кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған.
Монета түріндегі формасы — бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы —
аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы
Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген акшалай
қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.)
жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша mоnео — кеңес
беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
— Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай
белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай,нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
жоғары қүнды алтын ақшалар ұсаң құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауарайналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құннын белгілері) — номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардын өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшалар.Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалган белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және
несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардын өкілдері.Қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға
ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналыбар құнның
белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем күрс қызметін
атқарады.
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінін дамуын яғни тауарларды сатып алу
және сатудын уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель,
банкнота және чек.
Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордын қарыздық міндеттемесі.
Қазакстанда жоғарыда аталған заң ңабылданға дейін және онан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.
Банкнота (ағыл. сөзінде Ваnk-nоtе аударғанда банк билеті) — орталық
банктін айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар — компыотер торабының ақпараттарды автоматты түрде
өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардын клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жынтығы.Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады.
Олар екі түрлі болып келеді: Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы
карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы
қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы колма-қол ақша алуға, сондай-ақ
тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.Кредиттік
карточка — онын эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартка сәйкес,
несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-
қол ақша алуға арналған карточка.
Ежелгі Русьта да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал" атауға
ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген дің жинаған малдарымыз:
ерлерден 4 күн, старостылардан гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады".
Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын
орын" деп аталынды.
"Капитал" сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, андардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
ҚР ақша жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының Президенті валютаны өзгертуге құқылы
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Төлем жіберуші банк
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Пәндер