Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы


Қазақстан облыстарының шетелдермен байланысы
Халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңі xx-ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Әлеуметтік құрылымы әр түрлі елдер арасында әсіресе экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстар кең сипат ала бастады.
Халықаралық экономикалық қатынастар (ХЭҚ) - халықаралық еңбек бөлінісінің негізінде құрылатын, жеке елдердің ұлттық экономикасындағы шаруашылық жүйелері арасындағы қатынас.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы табиғи (технологиялық) факторларға, сонымен қатар әлеуметтік, ұлттық, этникалық, саяси және адамгершілік-құқықтық жағдайларға тәуелді.
ХЭҚ-ң жұмыс механизмі құқықтық нормалар мен оны жүзеге асыратын құралдар (шарттар, келісімдер, кодекстер т. б. ) арқылы орындалады. Халықаралық экономикалық қатынастар алуан түрлі. Оның құрамына халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық сауда, қаражат және несие, шетелдікинвестиция, ғылыми-техникалық байланыстар, халықаралық туризм және ғаламдық мәселелерді шешудегі халықаралық қатынастар т. б. кіреді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрамындағы мыңыздысы халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының негізгі көзі халықаралық сауда. Оның негізгі қызметі-экспортқа тауарларды өндірудегі ұйымдастыру, оларды өткізудің жолдарын іздестіру.
Халықаралық саудада елдің географиялық орналасқан орны үлкен рөл атқарады. Еліміздің солтустіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа созылып жатқан кеңдігі, құрылық ортасында орналасуы, әлемдік мұхитқа шығатын дербес жолдың болмауы, өндірілетін өнімнің алысқа тасуды керек етуі (көмір, темір кені, мұнай өнімдері, металлургия өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері) транзиттік жүктердің қуатты тасқыны өтетін Қазақстанның географиялық жағдайына байланысты. Мемлекетаралық тауар алмасу ара қашықтыққа, кедендік баж салығына, көлікпен тасымалдау түріне т. б. тәуелді. Сондықтан халықаралық сауда қатынастарын орнатуда екі мемлекет арасында:
а) сауда және төлем қатынастары;
ә) шетке шығару жәнешеттен әкелу сауда құрылымы;
б) ұлтаралық және халықаралық сауда келісімі;
в) едендік баж салығы т. б. болуы аса маңызды.
Қаражат және несие - халықаралық экономикалық байланыстардың ең жаңа түрі (формасы) . негізгі қызметі- заем және несие беру. Оның негізін Ұлттық банк пен коммерциялық банктерден тұратын қос деңгейлі банк жүйесін құрайды. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып, мемелекеттің ақша-несие саясатын анықтайды.
Шетелдік инвестиция - ішкі иевестициялық ресурстар өте тапшы экономикалық жағдайда, экономиканы тұрақтандыруда, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру бағытталған. Біздің елімізде шет инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталды. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі және Инвестициялар жөніндегі комитеттер құрылды.
Шетел инвестицияларын таратудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен сыртқа шығару бағдарындағы өндірістерге мұнай-газ және мұнай-химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені жатады.
Ғылыми-техникалық байланыстар- халықаралық эконормикалық қатынастардың бір түрі. Өндірістегі және ғылыми зерттеу саласындағы мемелекетаралық мамандандырудың дамуымен сипатталады. Ол халықаралық айырбаста ғылыми-техникалық ғылым, білім және алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асады (патенттер, лицензиялар, техникалық құжаттарды мемелекеттік деңгейде шешу) .
1950 жылдан бастап халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар негізінде дами бастады. Халықаралық туризм өндіргіш күштерінің дамуына әсер етеді, екіншіден халықтың әлеуметтік деңгейін жоғарылатады.
Халықаралық туризмнің негізгі аймағы Еуропа елдері болып саналады. Сонымен қатар туризм көптеген дамушы елдердің халықаралық мамандану саласына айналып отыр. Мысалы, Оңтүстік, Оңтүстік Батыс Азия елдері. Қазақстандағы туризмнің пайда болуы XX ғасырдың 30-жылдарына сәйкес келеді. Осы жылдары алғашқы туристік базалар ашыла бастады.
Қазақстан жері - табиғи қарама-қайшылық аймағы. Мәңгі қар басқан биік таулы аймақтар қапырықты құмды шөлдермен орман алқаптары алмасады. Бұл жерлерде табиғаттың әсем бейнесі сақталған табиғи бұрыштар көптеп саналады. Мысалы, бір ғана Көкшетау облысындағы табиғи естеліктерді айтуға боладыф. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы дүние жүзіне әйгілі орта ғасыр ескенрткіштері Қазақстан тарижын түсіеуге мүмкіндік береді.
Еліміздің осындай табиғи байлығы мен тарихи ескерткіштерін болашақта туризм мақсатында пайдаланып, халықаралық мамандану саласына айналдыруға толық мүмкіндіктер бар.
Ғаламдық мәселелерді шешеудегі халықаралық қатынастардың ең маңыздысы - қаруңсыздандыру, соғысты болдырмау. Мемлекетіміздің 1992 жылымамыр айында АҚШ, НАТО, Батыс Еуропалық Одақ және басқа халықаралық институттар тарапынан тиісті қауіпсіздік кепілдігін алып, Қазақстан стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу жөніндегі шарттың (ОСНВ-1) мүшесі болды. Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстан1993 жылдың 13 желтоқсанында ядролық емес мемелекет ретінде "Ядролық қаруды таратпау туралы" шартқа қосылды.
XX ғасырда адамның табиғатқа әсерінің нәтижесінде экологиялық табиғатты тиімді пайдалану және тірі организмдерді қорғаудың ғылыми негіздемесі маңызына ие болды. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ы қабылдаған "Табиғатты қорғаудың дүние жүзілік стратегиясы" маңызды құжаты негізінде көптеген елдермен халықаралық қатынастар орнатады.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтегі саяси Қазақстанның өкршілері мен әлемнің басқа мемелекеттері арасындағы өзара тиімді сауда және қаржы қатынастары үшін қолайлы жағдай туғызды. Республикан, ың сыртқа сауда айналымы 1996 жылдың аяғына 13, 4 млрд. және сырттан әкелу 7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстанның сыртқы саясатында Ресеймен қарым-қатынасқа маңызды мән берәліп отыр. 1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылған. Сондықтан Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі Ресей Федерациясы 1996 жылдың соңында Ресеймен сыртқы сауда айналымы 5, 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Мысалы, Қазақстан мұнай мен газын Ресей мұнай құбырлары арқылы сыртқа шығарады. Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі Ресейдің Магнитогор металлургия комбинатымен тікелей экономикалық байланыс орнатқан. 1996 жылы 26 наурызда Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан мемлекеттерімен экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдету туралы және кедендік одақ құру жайлы келісімге қол қойды. Кеден одағына кірген мемлекеттер арасында кедендік баж салығының төмендеуі бұл елдер арасындағы тауар айналымын жоғарлатты. Мысалы, Қазақстанда осы мерзімде сауда қатынасы 31 пайызға артты.
Қазақстаның Белорусь мемлекетінен өзіне қажетті транспорт құралдарын, машина құрал-жабдық, минералдық тыңайтұыш, химия өнеркәсібі бұйымдарын, тоқыма өнімдерін алуға мүмкіндік туды.
Украин мен Қазақстан арасында Экономикалық байланыстар жақсы дамуда. Қазақстан Украина еліне мұнай, химия өнімдерін, қара және түсті металл, автомобиль аккумуляторларын, мал терісін және жүн шикізаттарын берсе, өз кезегінде ол елден ауыл шаруашылық, транспорт техникаларын, жолаушы автобустарын, тамақ және жеңіл өнеркәсібі шикізаттарын алады. Сондай-ақ жеке аумақ арасында да тікелей қатынастар қалыптасуда. Мысалы, днепропетровск, Харьков, Луганск, Донецк облыстары республикамыздың Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа облыстарымен қатынас орнатуда. Екі ел арасындағы сауда айналымының дәрежесі артып отыр.
1993 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан мен Грузия арасында тәуелсіз елдер ретінде экономикалық қарым-қатынас орнады. Онда инвестицияны өзара қорғау, жүк тасуға кең жол ашқан транзит тәртібі туралы т. б. маңызды келісімдер жасады.
Қазақстан және Қырғызстан республикалары арасындағы экономикалық және қорғаныс саласындағы қарым-қатынастың маңызы өте зор. Екі еларасындағы тауар айналымы 1995 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп отыр. Қазақстан Қырғыз мемлекетінің Электро-энергиясын тұтынушы бірден-бір ел, сондықтан да 360мвт күші бар жаңа басталған гидроэлектростанцияны екі ел бірігіп аяқтайды. Бұл энергияны негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы пайдаланады. 1998 жылы ұзындығы 70км-лік Алматы-Ычтықкөл автомобиль жолын салу басталды. Қазақстанның уран рудасы Қырғыз Республикасының Қарабалта зауытында өнделеді. Ал Қазақстан Қырғыз еліне өз аумағы арқылы жүк тасымалдауға жағдай жасап отыр. Өзара шарт бойынша екі елдің табиғи газ, көмір, мұнай өнімдерін, жер суаруға қажеттіліктері орындалуда. Мысалы, Нарым-Сырдария су қоймасының су энергетикалық қорын пайдалану келісім шарты жасалынды. Екі ел жалпы газ құбырын бірігіп пайдалануда. Бұқара газын бертін Бішкек-Алматы магистральдық газ құбырын салу арқылы Қырғызстаның солтүстік, Қазақстанның оңтүстік аудандары газбен қамтамассыз етілді.
Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы
Қазіргі таңда Англия, германия, АҚШ, Қытай, Швейцария, Оңтүстік Корея сияқты елдер қазақстанның ірі сауда әріптестері болып отыр. Қазақстанға 1996-1998 жылдар аралығында келген 6, 5 миллиард доллар шетелдік инвестициялардың 44, 2 пайызы (1525, 5 млн. доллар) Америка Құрама Штаттарының, 16, 4 пайызы (564, 1 млн. доллар) Оңтүстік Кореяның үлесінде.
Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынасқа үлкен мән береді. 1992 жылдың 23 желтоқсанында екі ел арасында "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда қарым-қатынасы туралы келісім" бекітілді. Америка Құрама Штаттарынан келген инвестицияларды Үкіметіміз өндіріске тікелей пайдалануға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижеінде көптеген кәсіпорындарға америка инвестициялары тікелей немесебірлесіп басқаруға беріледі. "Рахат-Банфайнама" (РБФ) атты мекеме құрды. Жұмысының негізгі бағыты-Қазақстан экономикасын әлемдік банк, финанс ұйымдарымен байланыстыру. Мысалы "РБФ"- ның Қазақстан шаруашылығына қосқан үлесі Малайзия мемлекетінің көмегімен Семей қаласында (құны 1млрд. 300млн. доллар, күші 1300 мгвт) жылу электростанциясын салу туралы келісім-шартқа қол қойылды.
Алматы темекі комбиеаты Американың 1993 жылы "Филип Моррис" компаниясымен басқаруына берілді. Компания Алматы облысының, шелек ауданында темекі өсіру бағдарламасын жасады. 1996 жылы Алматы темекі комбинаты мемлекет бюджетіне 50млн. доллар құйды, павлодар облысындағы "Екібастұзжылуэнерго" акционерлік қоғамын, Павлодар қаласындағы ТЭЦ-2-і, ТЭЦ-3-ті "эксесе Индертриз" компаниясына сатудың нәтижесінде жылу орталықтарының үкіметке қарызы төленді.
"Алюминий Қазақстан" акционерлік қоғамы Американың "Уайтсвен ЛТД" компаниясымен бірігіп басқаруға берілді.
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының экономикалық байланыстағы ең маңыздысы Теңіз кені, Каспий қайраны мен қарашығанақ мұнай көздерін игеру туралы келісім шарты.
Қазақстан Республикасы экономикалық стратегиясын іске асыру мақсатында Еуропа Одағына енетін елдермен экономикалық қатанас туралы келісім шарттар жасасты. Германия 1993 жылы Қазақстанға 1млрд. 150 млн. неміс маркасы кредитін берді. Екі ел арасындағы тауар айналымы ұлғая түсті. Қазақстандағы "Думан" фирмасы мен немістің "Шиллер" фирмасы арасында жақсы қатынас орнаған. Негізгі қызметі елімізді дайын тамақ өнімдерімен қамтамассыз ету.
Қазақстан үкіметі Германияның "Эрдель-Эрдгаз Гоммерн ГИХБ" компаниясына Батыс Қазақстандағы мұнай және газ кеніштерін барлауға және игеруге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ екі ел арасында халықаралық жолаушы және жүк тасымалы туралы экология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер орнады.
Франция мен Қазақстан арасында қатынастардың нәтижесінде инвестицияны көтермелеу және оны өзара қорғауға қол жеткізілді. Қазір Республикамызда 20-дан аса Қазақстан-Франция мекмелері жұмыс істейді.
1992 жылдан бастап Қазақстан-Италия мемлекеттері арасында экономикалық қатынастар орнады. Екі ел арасындағы сауда айналымы 1997 жылы 239, 3 млн. долларға көбейді. Қазіргі таңда біздің елімізде Италияның 18 фирмасы және 40-тан аса біріккен компаниялары жұмыс істеуде. мысалы, Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның жаңа жабдықтары, технологиясымен қамтамассыз тілген.
Бельгиямен экономикалық қатынасты жүзеге асыру мақсатында Үкіметіміз көптеген келісім шарттарға қол қойды. 1997 жылдан бастап "Алматыэнерго", "Батыстрансгаз", "Қазақтелеком" т. б. акционерлік қоғамдар Бельгияның "Трактабель СА" компаниясына берілді. Республика халқын жылу және жарықпен қамтамассыз ету, табиғи газды ұтымды пайдалану, тасымалдау және сақтау бельгиялықтардың көмегімен іске асырылуда.
Республика Үкіметі әлемдегі қара және түсті металды шығару және өңдеумен айналысатын ағылшынның "Транс уорлд Групп" компаниясымен келісім-шарт жасасты. Бұл компанияның басқаруымен "соколов-Сарыбай тау-кен өндіріс бірлестігі" жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Шығыс Еуропа және балтық жағалауындағы елдермен қарым-қатынас орнатуда.
1993 жылы Қазақстан мен Венгрия арасында үкімет аралық сауда қатынасы туралы шартқа қол қойылды. Венгрия мен Қазақстанның сауда айналымы 1996 жылы 44млн. долларға жетті. Қазақстан Венгрия мемлекетіне мақта, мұнай өнімі, фосфор, химия өнеркәсібі тауарларын берсе, өз кезегінде ол елден дәрі-дірмек, медтехника, металлургиялық трубалар, тамақ өнімдерін алады.
Қазақстан мен Испания арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы 5, 3 млн. доллар. Өзара келісім шарттың нәтижесінде Қазақстан аумағы арқылы Испания мемлекті Орталық Азия елдерімен қатынас жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар ірі "Аструна", "Репсол" компаниялары еліміздің мұнай, газ кен орындарын зерттеуге, бірігіп пайдалануға, мырыш зауаттарын, ауыл шаруашылығы салаарын бірігіп дамытуға көмек беруде.
Қазақстан облыстарының Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынастары
Қзақстан Республикасы Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасқы үлкен мән беруде. Азия бағытында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Үндістан, Израиль, Индонезия т. б елдермен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық қатынастар орнаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz