Бухгалтерлік есеп шоттар


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бухгалтерлік есеп шоттар

Әрбір шаруашылықтар мен кәсіпорын күнделікті болып отыратын ағымдағы шаруашылық операцияларын балансқа (тепе-теңдікке) келтіріп, әрбір операциялардан соң баланс жасап, тексеру және бақылау жұмыстарын жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай жағдайда созылмалы орынсыз жұмыстардың көлемі көбейіп отырады.

Бухгалтерлік баланс тек қана шаруашылық активтерінің орналасуын, оның жағдайын, қорлану көздерінін қалыптасуын белгілі мерзімге қарай (айдың 1-не) ақшалай өлшеммен жасайды. Өнім өндіруге байланысты шаруашылық процесін басқарып, дер кезінде дұрыс шешімдер қабылдап, тіркеп отыру үшін күнделікті жиі-жиі баланс жасай беруге мүмкіндік болмайды. Бұлай істеу өте тиімсіз және нәтижесіз енбек болып есептелінеді.

Сондықтан да ағымдағы шаруашылық операцияларынын мазмұнын арнайы тәсілдерге қарай тіркеп, бағалап, жинақтап бір жүйеге келтіріп отыру үшін БЕ шоттары қолданылады.

Шаруашылық жұмыстары мен қызметтерінің нәтижесін бағалау, қолда бар қаржысын ескеру және баланстағы шаруашылық операцияларын туғызатын барлық өзгерістерді бакылау үшін, барлық құжаттарды бухгалтерлік баланста көрсетілген топтастыруға сәйкес жүйелеу қажет.

Мұндай топтастыру балансты дамыту үшін ашылатын БЕ шоттарында жасалынады.

БЕ - шоттар жүйесі деп шаруашылық активтері мен олардың көздерін күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгіленген шоттарға түсіруді айтамыз. Шаруашылық мүліктері мен қаражаттарының, сондай-ақ шаруашылық жұмыстарында болып тұратын өзгерістер шаруашылық операцияларын туғызады. Бұл ө згерістер БЕ шоттарында екі жақты жазу тәсілімен жүргізіледі. Сондықтан да әрбір шаруашылық операциялары өзара тығыз байланысты екі шотта тіркеледі. Мұнын нәтижесінде БЕ объектілерінің арасында да байланыс болып, субъектілер қызметінің дұрыс орындалуын бақылауға мүмкіндік туады.

Шаруашылық операцияларының екі жақты көрсетілуі мен екі жақты жазудың негізінде шаруашылық қорларының айналысы арқылы құн заңдылығының экономикалық табиғаты ауысып отырады. Мәселен. құн тұрақтылығы - жабдықтау, өнім өндіру, өнімдерді сату процесінде бірдей дәрежеде бола бермейді. Мысалға, жабдықтау операцияларындағы ақшалай жүргізілетін кұн тұрақтылығы өнім өндіру процесі үшін өндірістік қажеттілікті өтеу формасына айналады. Ал, өндіріс процесіне қатынасқан өндірістік қажеттілер (запастар) өнім өндіру үшін толық жұмыссалып барып, еңбек өнімдеріне, дайын өнімге ауысып отырады. Осылайша өндірілген дайын өнімдерді сатудың нәтижесінде өндірілген өнімді қайтадан ақшалай түрге айналдырып отырады.

Отыру қажет БЕ шоттарына шаруашылық операцияларына маңызын түсірген кезде екі жақты жазу арқылы бір шоттың дебетіне екінші шоттың кредитіне бірдей сома жазылады. Яғни, шаруашылық операцияларының шоттарда көрініс табуын, олардың бірінің дебетте жазылуының, екіншісінің кредитте бірдей сомаға жазылуын екі жақты жазу деп атайды. Екі жақты жазу ісін қолдану баланстың активі мен міндеттемесінің (пассивінің) істеңдігін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық операцияларының екі жақты жазу көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайды немесе бухгалтерлік жазу (проводка) .

Шоттар корреспонденциясы қарапайым және күрделі жазу болып екіге бөлінеді. Мысалы: бір шот дебет екінші кредит болса, ол қарапайым корреспонденциясы Д-441 К-451. Егер бір шот дебет, бірнеше шот кредит болса, ол күрделі корреспонденция Д-204-208 К-671.

Екі жақты жазу әдісін дұрыс қолдану арқылы кәсіпорындағы шаруашылық мүліктері мен қорлану көздерінің жағдайы және де шаруашылық операциялар негізінде орын алған қозғалыс дәрежесін біліп, арнайы шешімдер қабылдауға болады. Мұның өзі шаруашылық мүліктері мен қорлану көздері көрсеткіштерін байланыстыра отырып балансқа жинақтап, шаруашылық операцияларының дұрыстығын тексеріп отыру үшін қажет.

БЕ шаруашылық операцияларын шоттарда бейнелеудін басқадай да тәсілдері бар. Ол теріс сандармен жазу әдісі. Шотта жазылған теріс сандарды айналымдарды есептеу кезінде алып тастайды. Теріс сандарды көзге түсерлік ету үшін оларды қызыл сиямен жазады, немесе шеңбермен қоршайды. Осы келтірілген операцияларға бухгалтерлік жазу жазылып, оларды әрбір шоттарға жазамыз.

Бірінші операцияда: "Кассадағы ұлттық валюталық ақша" шоты дебеттеледі де есеп айырысу шоты кредиттеледі.

Екінші операцияда: дебет "Шикізаттар мен материалдар" шоты, кредит "Жабдықтаушылар мен мердігерлер" есеп айырысты - 2 тг.

Үшінші операцияда дебет "ЕА" шоты, кредит "Алуға тиісті борыштар" шоты - 8 тг.

Төртінші операцияда дебет "Жабдықтаушылар мен мердігерлермен" есеп айырысу шоты -2 тг.

Бесінші операцияда дебет "Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен ЕА" шоты, кредит "Кассадағы ұлттық валюталық ақша - 6 тг.

Осыдан соң, жоғарыдағы келтірілген баланс бойынша төмендегідей шоттарды ашып, оларға қалдықтарын жазып, операцияларды да жазамыз.

Жоғарыдағы келтірілген шоттардың ай соңындағы қалдықтарын анықтап, сол сомаларды баланстың жыл (ай) соңындағы графасына жазып, ай соңындағы сомасын анықтаймыз. Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстың жылдың (айдың) аяғындағы сомасы 1463 мың т тең болды, яғни жыл соңында жалпы шаруашылық жұмысының нәтижесінде баланстық сома - 77 теңгеге өскендігі байқалады.

Бухгалтерлік шоттар мен баланс арасында тығыз байланыс болады. Байланыстың мазмұны төмендегіше болып келеді. Баланстың бастапқы көрсеткіштері негізінде шоттар ашылады. Шоттар ашу дегеніміз баланстағы баптардың көрсеткіштерін шоттардың дебеті мен кредитіне көшіріп түсіру. Бұл ережені іске асыруда мүліктердің орналасуы мен пайдалану процесін көрсететін баланстың актив жағындағы көрсеткіштерді шоттың дебетіне, міндеттемелер жағындағы көрсеткіші шоттардың кредитіне жазу керек. Сонымен баланстың әрбір баптарына сай шоттар ашылады. Мысалы, баланстағы "Негізгі құралдар" бабына қарай "НҚ" ашылады. Осы келтірілген операцияларға бухгалтерлік жазу жазылып, оларды әрбір шоттарға жазамыз.

Бірінші операцияда: "Кассадағы ұлттық валюталық ақша" шоты дебеттеледі де есеп айырысу шоты кредиттеледі.

Екінші операцияда: дебет "Шикізаттар мен материалдар" шоты, кредит "Жабдықтаушылар мен мердігерлер" есеп айырысты - 2 тг.

Үшінші операцияда дебет "ЕА" шоты, кредит "Алуға тиісті борыштар" шоты - 8 тг.

Тертінші операцияда дебет "Жабдықтаушылар мен мердігерлермен" есеп айырысу шоты -2 тг.

Бесінші операцияда дебет "Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен ЕА" шоты, кредит "Кассадағы ұлттық валюталық ақша" - 6 тг.

Осыдан соң, жоғарыдағы келтірілген баланс бойынша темендегідей шоттарды ашып, оларға қалдықтарын жазып, операцияларды да жазамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік баланс пен шоттар және олардың байланысы
Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есеп
Аналитикалық шот
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz