Экологиялық сараптаманың түсінігі


МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Экологиялық сараптаманың түсінігі4

1. 1 Экологиялық сараптамының түсігіні, мақсаты, міндеті4

1. 2 Экологиялық сараптаманың қағидалары10

1. 3 Экологиялық сараптаманың объектілері17

2. Сараптама комиссиясы21

Қорытынды33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі44


Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т. б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы - экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.

Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.

Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.

1. Экологиялық сараптаманың түсінігі 1. 1 Экологиялық сараптамының түсігіні, мақсаты, міндеті

Қазақстан Республикасының “Экологиялық сараптама туралы заңы экологиялық сараптаманы жүзеге асырушы органдардың қызметін реттеуші заңи негіз болып табылады. Сонымен қатар бұл заң Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралың заңның он бірінші тарауын толықтырушы және түсіндіруші құқықтың құжат ретінде қарастырылады.

“Экологиялық сараптама туралың заңның негізгі басты қызметі - экологиялық сараптаманы жүзеге асыру қатынастарын реттеу. Бұл заң экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың және экологиялық жағдайдың нашарлауының алдын алудың, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Экологиялық сараптама туралың заңы 18 наурыз 1997 жылы қабылданды. Бұл заң күшіне енгенге дейін 25 қазан 1991 жылы қабылданған, Қазақстан Респубикасының үкіметі бекіткен “Мемлекеттік экологиялық сараптама туралың ереже қолданылып келді. Жаңа заң 9 тарауға бөлінген 41 баптан тұрады. Бұл заңда экологиялық сараптаманың, мемлекеттік экологиялық сараптаманың, қоғамдық экологиялық сараптаманың нақты түсінігі, экологиялық сараптаманы жүргізудегі қаржыландыру мәселелері, сараптама комиссиясының қорытындысының мазмұны, экологиялық сараптама органы мен тапсырушы арасындағы келіспеушілікті қарау тәртібі, экологиялық сараптамаға байланысты құқық бұзушылардың түрлері және халықаралық ынтымақтастық жайлы мәселелер қарастырылған.

Сонымен, экологиялық сараптама дегеніміз шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметінің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс әсерлерінің және оларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы1.

Экологиялық сараптама өз алдына жеке экологиялық бақылаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі басты айырмашылығы бұл алдын ала сақтындыру ретінде қолданылады, яғни экологиялық зиянды қызмет жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады. Мұндағы алдын ала сақтандыру - шаруашылық қызмет нәтижесінің қоршаған ортаны қорғау талатарына сәйкестігін алдын ала тексерумен көрініс табады. Бірақ кез келген алдын ала тексеріс экологиялық сараптамаға жатпайды. Экологиялық сараптама арнайы тапсырыстарды жүзеге асыру арқылы, алдына қойылған мақсаттарға жетеді2.

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады.

Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді.

Қазақстанда, әдетте, ТМД-ң басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттіке экологиялық сараптама жүргізіледі.

Қазіргі кезде экологиялық сараптама өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Экологиялық сараптаманың атқаратын бірнеше қызметтері бар. Оларға:

  • біріншіден табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік басқаруда көмегін тигізеді.
  • екіншіден, экологиялық сараптама қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, экологиялық талаптардың сақталуына және де керекті табиғатты қорғау шараларын жүргізудің белгілі бір механизмі ретінде қарастырылады.
  • үшіншіден, экологиялық сараптама мемлекет пен азаматтардың экологиялық мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етеді.

Жалпы экологиялық сараптамаға байланысты берілген экологиясы мамандарының әртүрлі анықтамалары бар. Украинаның экологиялық маманы В. Н. Андейцевтің берген анықтамасы бойынша “экологиялық жүйеде іске асырылуға жобаланып отырған объектінің қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелеріне, экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін және де оның жағымсыз салдарының алдын алуға бағытталған мемелекеттік органдардың және арнайы құрылған экологиялық сараптама комиссиясын заңға сәйкес қызметің3.

Экологиялық сараптамаға байланысты Қазақстандық экология маманы Н. С. Байымбетовтың берген анықтамасы бойынша “экологиялық сараптамаң дегеніміз - қармаған ортаны қорғау саласындағы мемелекеттің басқару құқық механизмі және экологиялық бақылаудың сақтандырушылық нысаны4.

Экологиялық сараптаманы кейбір ғалымдар экологиялық сараптаманы экологиялық бақылаудың бір бөлігі ретінде емес, бір түрі ретінде қарастырады себебі, екеуінің манадай ұқсас функциялары табиғатты қорғау, болжау, құқықпен қамтамасыз етілуі және т. б. Қазіргі кезде экологиялық сараптаманың өзектілігіне байланысты оның маңыздылығы арта түсуде. Экологиялық сараптама институтының дамуына байланысты, көптеген дамыған елдерде экологиялық сараптаманы экологиялық бақылаудың бір түрі ретінде қарастыруға үлкен мән беріп отыр. Осыған байланысты А. К. Голиченковтың көзқарасы бойынша экологиялық сараптама бұл сақтандырушылық бақылаудың ұйымдастырушылық құқықтық нысаны деген. Екеуінің арақатынасын айқындайтын болсақ, екеуін бір бүтінге біріктіретін маңызды дұрыстықтары көп болады, сонымен қатар бір-бірі басқару функциясына байланысты бір-бірінен ажырататын өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалады5.

Экологиялық сараптама түсінігі оның негізгі бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін және мұндағы қызметтің мазмұннын айқындайды.

Заңда белгіленген экологиялық сараптаманың түсінігі оның алдына қойған негізгі өзіндік арнайы мақсаттарын айқындайды. Бұл мақсаттарға мыналар жатады: жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау; жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды салу және іске асыру процессінде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау; өңдіргіщ күштерді орналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету6.

Бұл жерде заң шығарушы экологиялық сараптаманың өзіндік арнайы мақсаттарын нақты көрсеткен. Осы арнайы мақсаттарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: теріс зардаптарды болдырмау; экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау; экологиялық жай-күйінің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету. Заңда белгіленген мақсаттар экологиялық сараптаманың мазмұнын толық көлемде ашып көрсетеді. Заңда берілген анықтамаға қарағанда, экологиялық - заңгер ғалымдары экологиялық сараптаманың мақсаттарын қысқа әрі нұсқа етіп көрсеткен. Мысалы, В. В. Петровтың берген анықтамасы бойынша экологиялық сараптаманың мақсаты - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға, адамзаттың денсаулығына, қоғамның экономикалық қауіпсіздігіне деген зиянды әсердің алдын алуды қамтамасыз ету7 деген.

Б. В. Ерофеев мемелкеттік реттеуде табылады табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау үшін экологиялық сараптамаға негізгі орын бере отырып, экологиялық сараптаманың мақсатына мынадай анықтама берген. Экологиялық сараптама мақсаты дегеніміз - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы сақтандырушылық бақылауды жүргізу8.

Украинаның ғалым В. Н. Анрейцевтің берген анқытамасы бойынша бірнеше топқа бөліп қарастырылған:

  • құзіретті мемлекеттік органның бекітуіне дейін жобаның экологиялық талаптарға сәкестігін қамтамасыз ету;
  • жоспарланып отырған қызметтің қоршаған табиғи ортаға және халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал теріс әсердің алдын алу;
  • экологиялық қауіп-қатерді бодырмау және де мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Экологиялық сараптаманың міндеттері мыналар: ықтимал, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектілерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық инвестициялық және өзге де қызметтің әсер етуін анықтау жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтық денсаулығына әсерін жан-жақты, ғылыми негізделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңдарындағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттар мен ережелердегі экологиялық талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамаларда сақталуын тексеру; экологиялық сарптама қортындыларын әзірлеу, оларды сарптама объектісін іске асыру толышешім қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделі органдармен халыққа қажетті ақпарат беру болып табылады9.

Сонымен экологиялық сарапаманың міндеттері оның мақсатына жету мен қатар, экологиялық сараптаманы жүргізуші органдардың да қызметін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.

В. И. Андрейцев экалогиялық сараптаманың міндеттерін өте кең көлемде қарастырған: Яғни көзқарасы бойынша

- Жобаланып отырған объектлерді бағалау мен тексеру нормативтік құқықтық акттілердің талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет;

- Нақты табиғи жағдайда іске қосылатын объектінің қоршаған ортаға және адам өміңріне келтіретін зиянның алдын алуы қамтамасыз ету;

- Экологиялық сараптама қортындыларын, негізгі табылған жобаларды тиісті мемлекттік органдарға дер кезінде ұсыну;

- Жобаланылған шешімдердің сапалы дәрежеде болуын қамтамасыз ету;

Андрейцевтің берген экологиялық сараптама міндеттерінің тізімі, Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқытқтарын және де табиғи ортаның қолайлы жағдайда болуы мен экологиялық қауісіздікті қамтамасыз етудің алғы шартты ретінде көрініс табады. Тәжербиеде экологиялық сараптама экологиялық мәселелерді шешуші мемлектеттік басқарудың нысаны ретінде қарастырылады. Жобаланып отырған объектілердің іске қосылғанға дейін оны дұрыс тексеріп, қоршаған ортаға келтіретін теріс әсерлерін бағалап алу маңызды болып табылады. Себебі бұл онсыз да өте қиын жағдайда тұрған экологиямызға келетін зиянды алдын алады.

Экологиялық сараптамаларды жүргізу барысында жоспарланған және жобаланған шешімдер қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, сарапшылар ол шешімдерге өзгерістер енгізуі қажет. Өйткені бастапқы сатыда енгізген өзгерістер, іске қосылған объектінің қызметін басқаша құруға жол бермейді және бұған шығында көп кетпейді. Міне осындай жолдармен экологиялық сапаптаманың міндеттері жүзеге асырылуы тиіс.

Н. С. Байметовтың көзқарасы бойынша экологиялық сараптаманың негізгі міндеті, бұл экологиялық сараптауға жататын объектінің іске қосылуына дейін, оның экологиялық номативтерге және талаптарға сәйкестігін анықтау.

1. 2 Экологиялық сараптаманың қағидалары

Экологиялық сараптама институт ретінде және қызмет түрі ретінде өзінің арнайы және жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Негізінен қағидалар құқықтық жүйеде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін басшылыққа алынатын ережелер болып табылады.

Экологиялық сараптаманың жалпы қағидалары қорғаушы сипатта болады. бұл көзқарасты Колбасов О. С. өз еңбегінде анық көрсетіп кеткен. Ол былай деген: табиғатты қорғауды үзіліссіз жүргізу және халықтың жағдайын көтеру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; адамның өміріне қолайлы жағдай жасау үшін табиғи жағдайды жақсарту; табиғатты қорғауда ұлттық және халықаралық шараларды үйдестіру;

Заңи қағидаларды теориялық тұрғыда талдау, тәжірибеде көптеген мәселелерді шешуде және құқықтық реттеуді жетілдіруде маңызды орын алады. сондықтан заңгер-ғалымдар қағидаларды зертеу барысында оның күрделі құбылыс екендігіне аса үлкен мән береді10.

Сонымен экологиялық сараптаманың қағидасы -қазіргі заңда бекітілген, құқықтық нормалардың маңызын көрсететін және де экологиялық сараптаманы жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін бағытталған алғы ережелер.

  1. мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі
  2. министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқару органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс қимылы;
  3. экологиялық сараптама тұжырымдарының объектілігі мен ғылыми негізділігі;
  4. сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігін жүзеге тасырған кезде тәуелсіз болуы;
  5. жариялылық;
  6. экологиялық сараптаманың кешенділігі мен алуан түрлі болуы;
  7. экологиялық және медициналық биологияның мүдделерінің басымдылығы; 11

Мемлекеттік экологиялық сараптама міндеттілік қағида-қоршаған ортаны қорғаудың, шаруашылық шешімді қабылдауға бастама болуы мен қаржыландырылуы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ғана міндетті шара болып табылады.

Бұл қағида мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүргізілуі алдында сарапталатын объектілерінің қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестігін есепке алу және оған қызметін босату үшін экологиялық сараптама шешімінің қаулысы берілмей мемлекеттік экологиялық сараптама міндетілігі туралы хабарландырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама шешімінің дұрыс болуы іске асырылатын объектінің қаржыландырылуының шарттарының бірі бола алады, сонымен бірге сараптама шешімінің дұрыс болмау қаржыландырылмайтын объект екенін көрсетеді. Бұл қағида халықаралық құққықтық қызметке де қатысты, яғни халықаралық келісім бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарының міндеттілігін орындамау - келісімнің орындала алмауына негіз бола алады. Экологиялық сараптаманың міндеттілігі қоршаған ортаға зиянды әсер ете алатын жобалар мен бағдарламаларға қатысты болады.

Міндеттілік қағидасы бойынша біріншіден экологиялық сараптаманы заң талап еткен жағдайда жүргізіледі. Экологиялық сараптама қоршаған ортаға өзінің зиянды және де теріс әсерін тигізетін объектілерге қатысты жүргізіледі. Екіншіден міндетті экологиялық сараптаманың қорытындысы, оның міндетті орындалуына да әкеп соғады. Сонымен міндетті экологиялық сараптама 2 мағынада қарастырылады; міндетті жүргізілу мен талаптардың міндетті түрде орындалуымен.

Министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс-қимылы қағидасы экологиялық мүдделердің барлық мемлекеттік органдардың міндеті екендігін көрсетеді.

Елімізде табиғаттың жекелеген объектілерін қорғайтын арнайы органдардан басқа, барлық нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде табиғаты қорғау заңдарының сақталуын қадағалайтын органдар бар. 12

Экологиялық сараптама туралы заңға сәйкес қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге қолайлы, басқа министрліктерден, мемлекеттік комитеттермен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан керекті анықтамалар мен құжаттар алуға, сондай-ақ мемлекеттік экономикалық сараптаманың орындалуына бақылау жасайтын орталық атқарушы орган болып табылады. Бұдан басқа орталық атқарушы орган жоспарлау алдыңдағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде табиғат қорғау нормалары мен ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде министрліктердің ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады.

Экологиялық мүддені қорғау барлық мемлекеттік органдармен жүзеге асуы тиіс. Бұл туралы С. Б. Байсалов былай деген: табиғатты қорғау барлық министрліктермен ведомстволардың міндеті болып табылады.

Сондай-ақ орталық атқарушы орган кансультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, ол осындай жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттерді экологиялық сараптама органдары мен өзара іс қимыл жасайды.

Экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтілігімен ғылыми негізділігі қағидасы - бұл мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау ғылыми зерттеу процесі екені және оның бүгінгі күнгі ғылыми техникалық жетістіктерді, жаңа әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, экологиялық сараптаманың қортындылары мен шешімдері объективті сипатта және экологиялық мүдделерді қорғаушы, сонымен қатар ғылыми деректерге негізделген, қорытындылары ғылыми тұрғыда дәлелденген болып, білікті сарапшы мамандардың жасауы тиіс. Сараптаманың міндеттерін қарастыратын болса, сарапшы экологиялық сараптаманың объективті, сараптаманы нормалар мен ережелер және стандарттарға сүйене отырып, экологиялық сараптаманың қорытындысын қажетті айғақтармен дайындауы қажет. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінде тек жіберілген қателіктер нақтылап қоймай, ол қажеттіліктердің зардаптары көрсетіліп, шешім қабылдайтын органдарға және жеке тұлғаларға ұсыныстар мен кемшіліктерді жою үшін не істеу керек қажеттігі көрсетіледі.

Бұл қағида қоршаған орта мен адам денсаулығын және өмірін қорғай отырып, экологиялық мүдделердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Өйткені объективтік пен ғылыми негізділік экологиялық зиянды әрекеттерден қорғану кепілдігі мен адамның салауатты өмірі мен бақытты тіршілігіне құқықтылығын қамтамасыз етеді. Сараптама органдары мен сараптамалардың өз өкілеттігін жасауда тәуелсіз болу қағидасы - мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиімді болуының негізгі шарттарының бірі экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы органдардың және сарапшының қызметі мен оның қаржы жағынан тәуелсіз болуында. Бұл экологиялық комиссия мен оның мүшелерінің өз ойларын еркін айтуға, фактілерді ғылыми негіздегі әдістермен белгілі құқықтық дәрежеде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізуде сарапшы органдардың меңгерушілеріне ҚР заңдары мен басқа да норма құқық актілері олардың еркіндігі мен қызметіне мемлекеттік органдармен лауазымды кісілердің араласуына тиым салынған мемлекеттік экологиялық сарапшының құқықтарына немесе басқа да материалдық зиян келтіретіндей жағдайға себепші болғандарға Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жаза қолданылады.

Сарапшы органдардың тәуелсіздігіне өз қызметтерінің атқарылуы кезінде заң жағынан кепілдік беріледі, бірақ экологиялық сараптама және оның органдары мен құрылымдары табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамында болып, ол министрліктің ішкі тәртіп ережелеріне қарай оның қарамағындағы меншік иесі бола отырып, қызметін атқарады. демек табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғи ресурстарының сол меншікке экологиялық норманы да өзі жүргізуші болып табылады. Яғни, бұл министрлік өзінің меншігіндегі қызметкерлерді тексереді және өздеріне экологиялық сараптама жүргізеді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бекітілген ережелерінде төменгі функциялар көрсетілген:

  1. Жұмыс тапсырысшы ретінде болу;
  2. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік -экологиялық сараптама жүргізеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық сараптама түрлері
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Экологиялық сараптама әдістері, түрлері
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты, міндеті, қағидалары
Экологиялық сараптама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz